Сабақтың тақырыбы: Уақытты өлшеу. Минут. Секунд
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік: Оқушыларға “ Уақыт” түсінігін қалыптастыру, уақыттың өлшем бірліктері – сағат және минутпен, олардың арақатынасымен таныстыру, уақытты сағат бойынша анықтай алу;
2.Дамытушылық: Уақыт өлшемдері: сағат, минут туралы түсінік беру. Уақыт ғасырмен, жылмен, аймен және аптамен өлшенетінін айту. Уақыт өлшемдерін дұрыс айта білуге машықтандыру;
3.Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылығын арттыру. Уақытты үнемдей білуге, біреудің уақытымен санасуға баулу.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақ
Сабақтың формасы: Топтық, ұжымдық
Әдіс-тәсілдері: Проблемалық іздену, бақылау, бағалау.
Құрал-жабдықтар: Тапсырмалар жиынтығы, интербелсенді тақта.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық: Мейірімді жүрекпен,
Ақ пейілді тілекпен.
Амандасып алайық,
Сабақты біз бастайық.
Проблемалық сұрақ:
Нені өмірде қайтара алмайсың? ( Уақытты)
-Миға шабуыл:
Сағат бізге не үшін керек?
Сағаттың қоңырауы ше ?
Сағатта неше тіл болады?
Олар нені білдіреді ?
Сағат, минут, секунд ненің өлшем бірлігі ?
«Ортадағы қалам» әдісі
1 минут = 60 с
1 сағат = 60 минут
1 тәулік = 24 сағат
1 ғасыр = 100 жыл
1апта - 7күн
1жыл- 12 ай
Оқулықпен жұмыс:
1-топқа №2
Нүктелердің орнына сәйкес уақыт бірлігін қойып, сөйлемдерді оқы:
Біз – 21 ... өмір сүрудеміз.
Пойыз – 48 ... жолда болды.
Ұшақ – 3 ... ұшты
Сабақтың ұзақтығы – 45 ... .
Оқушы 60 м қашықтықты жүріп өтуге 38 ... уақыт жұмсады.
2-топқа №3
Мына сұрақтарға жауап бер:
Еліміздің Ата заңы күні қай айда атап өтіледі?
Жеңіс күні ше?
Наурыз мейрамы ше?
Халықаралық әйелдер күні ше?
Жаңа жыл қай айдан басталады?
Көктем, жаз, күз, қыс айларын ата.
3-топқа №5
Сергіту сәті
Сағаттың тіліндей иіліп оңға бұр,
Сағаттың тіліндей иіліп солға бұр.
Сағатқа қарап ап, оң аяқ, сол аяқ,
Оң аяқ, сол аяқ, жаттығу оңай – ақ
№4
І топ ІІ топ ІІІ топ
Үкі 68 жыл жасайды, ал Бүркіт 46 жыл тіршілік Үкі 68 жыл жасайды, ал
аққу одан 44 жыл қысқа етеді.Жапалақ одан 31 жылдай аққу одан 44 жыл қысқа
тіршілік етеді. Аққу не- қысқа, ал қарға жапалақтан тіршілік етеді. Аққу, үкі
ше жыл тіршілік етеді? 44 жылдай ұзақ жасайды. Қарға екеуі неше жыл тіршілік
неше жыл тіршілік етеді? етеді?
Күн режимін есімізге түсіреміз
«Елес жетелеу» әдісі
| І топ | ІІ топ | ІІІ топ |
| Түске дейінгі уақыт Сағат 7.30 Тұрамын Жаттығу жасаймын, Жуынамын. Тамақтанамын. Киінемін. Мектепке барамын. | Түстен кейінгі уақыт 12.25-13.10 сабақ аяқталады. Түскі асымды ішемін. Серуендеймін. Шахматқа қатысамын. Үй тапсырмасын орындаймын. | Кешкі уақыт Келіп шешінемін. Ойнаймын 1 сағат. Үй тапсырмасын қайталаймын. Кешкі ас ішемін. Қосымша кітап оқимын. Жуынып, сағат 10.00 –да ұйықтаймын. |
Кім жылдам?
| І топ | ІІ топ | ІІІ топ |
| Әбілхайыр тапсырманы сағат 10.00- де бастап, 10.40-та аяқтады. Ол тапсырманы қанша уақыт орындады? 10.40-10.00=40 мин. 40минут | Нұрберген 9.00-де бастап, 9.30-да аяқтады. Қанша уақыт орындады? 9.30-9.00 = 30 мин. | Даулет сағат 9.50-де бастап, 10.25-те аяқтады. Қанша уақыт орындады? 10.25-9.50=35 мин. |
Кім жылдам?
Минутпен өрнектеп жаз:
| І топ | ІІ топ | ІІІ топ |
| 1 сағ 20 мин = мин 90 мин = сағ мин 1 сағ 10 мин = мин | 1 сағ 40 мин = мин 1 сағ 30 мин = мин 70 мин = сағ мин | 2 сағ 40 мин = мин 2 сағ 30 мин = мин 80 мин = сағ мин |
Сабақты қорыту:
Кері байланыс: Стикер әдіс
Үй тапсырмасы: 10 өрнек құрастыру
С.Шәкіров атындағы орта мектебі
Отбасы құндылықтарының нәтнжелерінің тиімділігін зерделеу туралы
Анықтама
Мерзімі: наурыз айы
Мақсаты:сынып жетекшілерінің ата –аналармен отбасы тәрбиесіндегі ұлттық салт дәстүрді насихаттау
Бүгінгі таңда заман талабына сай тәрбие мен білім беру,оны ұлттық сананы қалыптастыру арқылы жүзеге асыру негізгі мәселелердің бірі болып отыр.
Ұлттық сананы қалыптасрыр,ұлттық құндылықтарды құрмет тұтып,тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастыру қай заманда болса да маңызды мұқтаждық ретінде күн тәртібінде тұрғаны анық.Әсіресе,бүгінгі жаһандануға бет бұрып,әлемдік бәсекелестікке,оның талаптарына жауап беру жағдайында бұл мәселенің өзектілігі айқындалып отыр.Елбасының бұл жайлы «толық өркениетт і ел болу үшін алдымен өз мәдениетімізді,өз тарихымызды бойымызға сіңіріп,содан кейін өзге дүниені игеруге ұмтылғанымыз жөн» деген сөзі баршамызға салмақты міндеттер жүктейді.Халық «Қисық біткен талды жастайынан түземесе,буыны қатқан соң оның көлеңкесі де қисық болып түседі»-деп бекер айтпаса керек.Сондықтан баланың бойына жастайынан ұлттық салт дәстүрді сіңіру маңызды мәселелердің бір. 2»а»сыныбында тәрбне сағаттарында үнемі ұлттық салт дәстүрді насихаттап отырамын.Ата-аналар жиналысында да ұлттық салт дәстүр туралы әңгіме жүргізіп,оны балаларына үйретіп, бойына сіңіріп отыру керек екенін айтып отырамын.
Қорытынды:Кез –келген халықтың ұрпақ тәрбиесі,өзінің ұлттық тәлім-тәрбиесінен нәр алса,сонда ғана ұлтымыздың білімі мен мәдениетін әлемдік деңгейге жеткізетін жас ұрпақ тәрбиелей аламыз
Ұсыныс:Оқушы күнделікті білім алу жүйесінде міндетті түрде айналасындағы өмірмен,ұлттық тәлім-тәрбиемен тығыз байланыста болу керек.
Дайындаған: 2 «а» сынып жетекшісі Балқыбекова Д.Т
С.Шәкіров атындағы орта мектебі
Оқушылардың сабаққа қатысуы туралы
Анықтама
Мерзімі: наурыз айы
Мақсаты:оқушылардың тәртібімен жеке қасиеттерінің дамуын анықтау
Жалпы 2 «а» сыныбында 17 оқушы бар.
Сыныпта сабақтан көп қалған оқушылар жоқ.
Денсаулығына байланысты Қамшыбай Санжар қаңтар айының 9-14 аралығында ауырып қалып сабаққа келе алмады.
Қаңтар айының 23-25 аралығында денсаулығына байланысты Тоқашева Айсу сабаққа келген жоқ.
Оқушылар себепсіз сабақтан қалмайды.
Дайындаған: 2 «а» сынып жетекшісі Балқыбекова Д.Т


Уақытты өлшеу. Минут. Секунд (24.81 KB)

