Адам болам десеңіз...
Топтастыру
Адам қандай болуы керек?
Абайдың қара сөздері
- Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар.Содан қашпақ керек. Әуелі надандық , екіншісі еріншектік, үшіншісі залымдық деп білесің.
- Надандық білімнің , ғылымның жоқтығы, дүниеден еш нәрсені оларсыз біліп болмайсың.Білімсіздік хайуанда ғана болады.
- Еріншектік - күллі дүниедегі өнердің дұшпаны.Талапсыздық, жігерсіздік, ұятсыздық, кедейлік бәрі осыдан шығады.
- Залымдық - адам баласының дұшпаны. Адам баласымен дұшпан болса, адамнан бөлінуі, бір жыртқыш хайуанға қосылады.
“ Ой қозғау”
- Оқылған сөзден біз нені ұқтық?
- Адамның адам болып қалыптасуына не әсер етеді деп ойлайсыз ?
- Адам саналы, білімді болуы үшін қандай қасиеттерді жанына серік етуі керек ?
Адамды әділетті деуге бола ма ?
Егер.....
І топ. Сыныптағы балалардың бәрі балаға
жабылып , ызаландырып тиіссе , ..........
ІІ топ. Басқалар туралы ешқашан жаман пікір
айтпаса......
ІІІ топ..Ненің жаман , ненің жақсы екенін айыра
білетін болса......
ІҮ топ.Әлсізді біреу ренжітіп жатқанда , оған ара
түспесе......
Әлеуметтік тұрғыда өз тобыңызға мінездеме беріңіз.
- Біз ата-анамыздың баласымыз -----------
- Біз оқушымыз-----------------------------------
- Біз доспыз---------------------------------------
Біз азаматпыз-------------------------------------
ХХІ ғасыр адамы қандай болуы керек ?
- Оның түр-тұлғасын, сырт бейнесін суреттеп беріңіз. Ол болашақта немен шұғылданады деп ойлайсыңдар, қандай құндылықтарды мақтан тұтады?
Жадынама.
- Адамдардың бәрімен қай жерде , қай уақытта болсын амандасуды ұмытпа.
- Денсаулығым жақсы болсын десең, өзгелердің де саулығын ойла.
- Өзіңді, айнала қоршаған табиғатты сүй.
- Өз бойыңдағы жаман қасиеттерді жеңе біл.
- Адамға сен , өзгелерге мейірімділікпен қара.
- Ой мен істі бір –бірінен бөліп қарама.
- Қарапайым бол, түкке тұрмайтын нәрсеге ашуланба.
- Өзге адамдардың ой-пікірімен ,талап-тілегіне түсіністікпен қара.
- Үлкенді сыйла , кішіге қамқор бол.
- Мектеп мүліктерін ұқыптылықпен ұста.