Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Разное  /  Дошкольникам  /  Ұлттық ойындар және халықтық дәстүр.

Ұлттық ойындар және халықтық дәстүр.

В данной статье описана роль национальных игр, традиций и обычаев в развитии и воспитании детей дошкольного возраста.

08.12.2017

Содержимое разработки

Ұлттық ойындар және халықтық дәстүр.

Қай заманда болсын адамзаттың басты міндеттерінің бірі-ақылды жа саналы, тәртіпті де еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеу екені көпке мәлім. «Тәрбие – бала дүниеге келген сағаттан басталады» деген сөздің жаны бар. Бесік жырын, ана әлдиін естіп халық дәстүрінде тәрбиеленген баладан туған халқын сүйетін, дінін, тілін қастерлейтін мейрімді де тәрбиелі азамат өсіп шығары анық. Бұл жолда біздер педагог-тәрбиешілер, халықтың төл салт-дәстүрлерін терең білуге тиіспіз. Мысалы, балабақшаларда қимыл-қозғалыс ойыны ретінде бірнеше ұлттық ойындар өткізуге әбден болады. Соның бірі «асық» ойынының терең әлеуметтік маңызы бар деп ойлаймын. «Асық» ойыны ең алғаш ойналарда, тәрбиеші-педагог асықтың қалай алынатыны туралы, төрт түлік малдың қасиеті жөнінде жан-жақты түсінік беріп өтуі тиіс. Асықтардың түрлі түске боялуы бүлдіршіндердің эстетикалық талғамын арттырып, ойынға деген қызығушылықтарын туғызады. «Асық» ойыны балалардың дене тұрқының өсуіне, көздің өткірлігін дамытуда, көз қимылын жетілдіріп, бұлшық еттерінің ширап, қызыметінің күшеюінде маңызы зор. Бұл ойын арқылы балалардығң ұлттық ойындар туралы түсініктерін кеңейтіп төрт түлік мал, оның пайдасы, қазақ ауылының тұрмыс-тіршілігі жайлы білімдерін бекіте түсеміз. Сол сияқты бүлдіршіндердің дене тұрқының өсуін қадағалай отырып, қимылы мен дененің кеңістіктегі алар орнын ойша есептеуде балалардың логикалық ойлау жүйесін жнтілдіріп, олардың эстетикалық талғамдарын арттырамыз. Алғысқа толы, ұлағатты, баталы сөздерді балабақшаның әр тобының жас ерекшеліктеріне сай іріктеп алып мазмұнын балаларға түсіндіріп отырудың мәні ерекше. Ондай сөздер: - Бақытты бол! Өркенің өссін! Бауы берік болсын! Ақ көбейсін! Бағың ашылсын! Атаңның баласы болма, адамның баласы бол! Елге тыныштығын берсін! – деген баталы сөздерде қаншалықты мейірім, болашаққа сенім тұнып тұр, оның тәрбиелік маңызын айтсаңызшы. Сонымен бірге сабақтарда жаңылпаштар айтқызып, жұмбақтар шешкізу олардың білім қорларын кеңейтіп, сөйлеу мәдениеттерін артыруға септігін тигізеді. Қазақ ауыз әдебиетінің бай тәлім-тәрбиеге толы ертегі, аңыз, әңгімелері сол сынды Алдар көсе, Тазша бала, Қожанасыр секілді ұлттық әдеби кеіпкерлері олардың басынан өткен қилы-қилы хикаялардыңбалаларға тигізер әсері мол. Туған тіліміз, атадан балаға жетіп келе жатқан тағлымы мол әдет-ғұрып, салт-санамыздың жасай беруіне, бүлдіршіндерге игі ықпал етіп, тереңдеп тамыр жаюына бар күшімізді салуымыз керек. Ертеңгі жас ұрпақты рухани қазынамызбен сусындап, бойларына жақсылықты сіңіре алсақ еңбегіміздің ақталғаны деп білеміз.



Әсемгүл Жүнісова, «Колосок» ясли –бақшасының тәрбиешісі. Солтүстік қазақстан облысы, Айыртау ауданы, Саумалкөл селосы.

-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ұлттық ойындар және халықтық дәстүр. (29 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт