Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Технологическая карта

Технологическая карта

О?у іс- ?рекетіні? технологиялы? картасы

Білім беру саласы: Коммуникация, шы?армашылы?.

Б?лімі: С?йлеуді дамыту.

Та?ырыбы: Мені? мысы?ым.

Ма?саты:а ) Сурет бойынша ??гіме ??растыру?а ?йретуді жал?астыру.

?) Тілде сын есімдерді белсенді (кішкентай,тентек,ж?мса?,ойынпаз, т.б.) ?олдана білуге жатты?тыру. «М» дыбысын айту?а жатты?тыру.

б) ?й жануарларына деген ?ам?орлы? сезімін ояту

К?рнекіліктер: Мысы? ( доппен, жіппен ойнап ж?р, с?тті т?гіп таста?ан ) суреті.

?діс-т?сілдері: с?ра?-жауап, ??гімелеу, жапсыру, ойын,т?й-т?й технологиясы. синквейн ?дісі.

С?здік ж?мыс: мысы?, ж?мса?, ?лпілдек, тентек, ойынпаз.

?штілділік компонент: мысы?-кошка-cat, ж?мса?-мягкий-soft, ?лпілдек-воздушный-air.

04.03.2017

Содержимое разработки

Оқу іс- әрекетінің технологиялық картасы

Білім беру саласы: Коммуникация, шығармашылық.

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: Менің мысығым.

Мақсаты:а ) Сурет бойынша әңгіме құрастыруға үйретуді жалғастыру.

ә) Тілде сын есімдерді белсенді (кішкентай,тентек,жұмсақ,ойынпаз, т.б.) қолдана білуге жаттықтыру. «М» дыбысын айтуға жаттықтыру.

б) Үй жануарларына деген қамқорлық сезімін ояту

Көрнекіліктер: Мысық ( доппен, жіппен ойнап жүр, сүтті төгіп тастаған ) суреті.

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, әңгімелеу, жапсыру, ойын,тәй-тәй технологиясы. синквейн әдісі.

Сөздік жұмыс: мысық, жұмсақ, үлпілдек, тентек, ойынпаз.

Үштілділік компонент: мысық-кошка-cat, жұмсақ-мягкий-soft, үлпілдек-воздушный-air.

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Есеп беру

Мотивациялық- қозғаушылық

Шаттық шеңберіне тұрғызып ұйымдастыру.

Топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн!

Жаса , жаса жарқын күн!

Балалар, мен балабақшаға келе жатқанымда сиқырлы қалта тауып алдым. Онда хат бар екен. Хатта: «Өлең не туралы екенін білсендер ішінде не барын білесіңдер»-деп жазылған.

«Мысық» (Ә.Баубеков)

Мышым,мышым, мысығым,

Екі көзді қысығым,

Ол ақылды, ол батыр,

Көрдім талай қызығын.

Балалар шаттық шеңберін жасап, көтеріңкі көңіл – күймен сабаққа қатысады.

Балалар қызығушылық танытады.







Өлеңді мұқият тыңдап жауап береді.


Ұйымдастырушылық-ізденушілік


-Балалар, өлең не туралы айтылған?

-Мысық қалай дыбыстайды?

Демонстрациялық материалдармен жұмыс.

-Суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Мысық қандай екен?


-Бәріміз қайталайық

-Мысық үй жануарына жатады. Мысықтың баласын «марғау» деп атаймыз, оның түсі ақ, қара, сары, ала болады.

-Үлкен мысықтың жанында қандай мысық ойнап жүр? (суретте мысық доппен ойнап жүр).

- Ол доппен ойнап тұр. Оны ойынпаз мысық деп атаймыз.

-Мына мысықтың баласы сүтті төгіп қойыпты, оны біз тентек мысық деп айтамыз.

-Ал, мына мысық не істеп жатыр?

-Ол ұйықтап жатыр, оны ұйқышыл мысық дейміз.

-Енді балалар, мысығымызды ұстап, сипап көрейікші.


-Ол қандай? («м» дыбысының анық айтылуына мән беру).


Қостілділік компонент: мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный.


Дидактикалық ойын «Байқағыш»

Шарты: көздерін жұмып, еске түсіріп, сұрақтарға жауап береді.

-Мысықта неше аяқ бар?

-Мысықтың құлағы ұзын ба, әлде құйрығы ұзын ба?

-Мысықта неше құлақ бар?


Орталықтармен жұмыс.

Түстерді таңдау арқылы.


Әдебиет орталығының жұмыс әрекеті:

Шарты: сызба арқылы өлеңді жаттау.

Мысық сүтке тояды

Қарнын сипап қояды.

Жүрісі оның баяу

Дейді мысық мияу-мияу.


Манипулятивтік орталығының жұмыс әрекеті:

Д\о «Мысық нені жақсы көреді?»

Шарты: Мысықтың нені жақсы көретінін қыстырғыш арқылы қыстырып көрсетеді.


Бейнелеу орталығының жұмыс әрекеті:

Шарты: қиылған қағаздан мысыққа ыдыс жасап жапсыру.


Мысық туралы

-«мияу-мияу» дейді.



Мысықты.

Үлкен.






Балалар үлкен мысық деп қайталап айтады.





-мысықтың баласы доппен ойнап жүр.


«ойынпаз мысық» қайталап айтады.











-тентек мысық







-ұйықтап жатыр.



мысықтың жүні жұмсақ, үлпілдек екенін айтады.

«жұмсақ», «үлпілдек» сөздерін балалар қайталайды.


Мысық-кошка, жұмсақ-мягкий, үлпілдек-воздушный бірге қайталайды.


Балалар көздерін жұмып сұрақтарға жауап береді.


Төрт аяқ бар.

Құйрығы ұзын.


Екі құлақ бар.


Балалар карточканың түстері арқылы орталықтарға бөлінеді.




сызба арқылы өлеңді жаттайды






Қыстырғыш арқылы мысықтың нені жаксы көретінін қыстырып көрсетеді.












Балалар тапсырмаларды орындайды,қағаздан мысыққа ыдыс жасайды


Рефлексиялық-түзетушілік

Синквейн әдісі (схема)

1) ? Не?


2) ----- ---- ----- Қандай?


3) ––– ––– ––– Қайтеді?



4)

5) ? –––––– 1

-Мысық


-Тентек, ойынпаз, ұйқышыл.


-Жүгіреді, секіреді, ойнайды.

-Мысық жіппен ойнап жүр.т.б.

-Үй жануары.



Күтілетін нәтиже:

Орындайды: сурет бойынша әңгімелеп, әр сөздегі дыбыстарды анық айтуды.

Түсінеді: сын есімдерді зат есімдермен қалай байланыстыру керектігін

Қолданады: сурет бойынша сөйлем құрастыра білу іскерліктерін.

-80%
Курсы дополнительного образования

Кухни мира

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Технологическая карта (549.3 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт