Сабақ жоспары
| Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8-бөлім. | Мектеп: Мектеп: №17 мектеп-гимназиясы Мұғалімнің аты-жөні: Бердіғали М.С. | ||
| Күні: Сынып: 1 | Қатысқандар саны: 17 Қатыспағандар саны: - | ||
| Сабақтың тақырыбы | Сен таңертең не істейсің? | ||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.1.3.1. Хабарламаны тыңдау және мұғалімнің көмегімен мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру, сәйкес иллюстрация (заттық сурет) сызба таңдау. | ||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Мұғалімнің көмегімен берілген мәтінді түсінеді. Көбі: Тақырыпқа қатысты сұрақтар қойып, жауап бере алады. Кейбірі: Мұғалімнің көмегімен сызба бойынша сипаттай алады. | ||
| Бағалау критерийлері | 1. Мұғалімнің көмегімен берілген мәтінді түсінеді. 2. Мұғалімнің көмегімен мәтін бойынша сұрақ қояды және жауап бере алады. 3. Мұғалімнің көмегімен сызба бойынша сипаттай алады. | ||
| Тілдік мақсаттар | Пәнге тән лексика мен терминология: Сен таңертең не істейсің? Мен жуынамын. Мен тамақ ішемін. Мен мектепке барамын. Мен жаттығу жасаймын. | ||
| Құндылықтарды дарыту | Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. | ||
| Пәнаралық байланыс | Орыс тілі, ағылшын тілі | ||
| АКТ қолдану дағдылары | Интербелсенді тақта, үлестірмелі материалдар. | ||
| Бастапқы білім | Оң қолымда бес саусақ | ||
| Сабақ барысы | |||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | |
| Сабақтың басы 7 минут | Сыныпқа кіргеннен соң оқушылармен амандасып, сабаққа қатысымын және дайындығын тексеремін. Содан кейін барлығын көңілді әуен ырғағымен таңғы жаттығу жасауға шақырамын.
Тақтаға сабақтың тақырыбын жазылады. Сабақ мақсаттарымен оқушыларды таныстырып өтемін. | Слайд, бейнематериал | |
| Сабақтың ортасы 10 минут
5 минут
10 минут | Оқушыларға суреттер таратып беремін. Олар суретте қандай қимыл-әрекет бейнеленгенін айтады. Сол бойынша 4 топқа бөлінеді.
1-топ Мен жаттығу жасаймын.
2-топ Мен жуынамын.
3-топ Мен тамақ ішемін.
4-топ Мен мектепке барамын.
1-тапсырма. Сұраққа ым-ишара арқылы жауап бер. «Сен таңертең не істейсің?» (Пантомима әдісі)
2-тапсырма. Жеке жұмыс. Сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап бер. (Ыстық орындық) әдісі
СЕРГІТУ СӘТІ. «Иілеміз оңға бір» әні
3-тапсырма. Жылдам бұйрық бер. (ТКО әдісі)
4-тапсырма. Толтырып жаз
| Суреттер бейнематериал
| |
| Сабақтың соңы 3 минут | Рефлексия Оқушылар диалог арқылы тілдеседі. |
| |
| Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? | Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Әр жауап үшін бір оқу құралының суретін беріп отырамын. | Пәнаралық байланыс Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы | |
| Оқушыларды әр тапсырманы орындағаны үшін мадақ сөздер айтамын. Қабілеті жоғары оқушылардың білімін пайдалана отырып, үлгерімі орташа оқушылардың сабаққа қызығушылығын арттыруға тырысамын. | Оқушылар бір-бірімен сұрақ жауап, ым-ишара арқылы сөйлеседі. | Орыс тілі, ағылшын тілі Оқушыларды салауатты өмір салтын ұстануға тәрбиелеу. | |
| Бағалау критерийлері | Дескриптор | 1сөз айтса | 2сөз айтса | 3 сөз айтса |
| 1.Мұғалім көмегімен берілген мәтінді түсінеді. | 1.Ым-ишара арқылы таңертең не істейтінін көрсете алады. | 1б | 2б | 3б |
| 2.Тақырып бойынша сұрақ қойып, жауап бере алады. | 2.Сұраққа дұрыс әрі жылдам жауап бере алады. | 1б | 2б | 3б |
| 3. Мұғалімнің көмегімен сызба бойынша сипаттай алады. | 3. Берілген бұйрықты тыңдап, көріп, ойындай алады. | 1б | 2б | 3б |
15 ұпай -5, 10 ұпай-4, 10 ұпайдан төмен - 3




"Таңертең" тақырыбындағы сабақ жоспары (247.84 KB)

