Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Тақырыбы: «Үй құрастыру»

Тақырыбы: «Үй құрастыру»

Білім беру саласы: Таным

О?у іс-?рекеті: ?МТ?

Та?ырыбы: «?й ??растыру»

Ма?саты:

1. Білімділігі:Балалар?а затты? санын, берілген фишкілерді? к?мегімен с?йкестендіру ?абілетін бекіту.

2.Дамытушылы?ы:Балаларды? геометриялы? пішіндер туралы білімдерін ары ?арай дамыту.

3.Т?рбиелігі:Балаларды досты??а,?йымшылды??а т?рбиелеу.

О?у іс-?рекетіні? ?діс-т?сілдері: Триз технологиясы бойынша интегралды? о?у-іс ?рекеті.

1.?ол?а жатты?у.

2.Ойын «?й ??растырамыз»

3.Салыстырып заттарды ?лшеу ар?ылы жинасыру («Жа?а жи?аз»)

4.Ойын «Мынадан бас?а пішінді ата»

07.02.2017

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Таным

Оқу іс-әрекеті: ҚМТҚ

Тақырыбы: «Үй құрастыру»

Мақсаты:

1. Білімділігі:Балаларға заттың санын, берілген фишкілердің көмегімен сәйкестендіру қабілетін бекіту.

2.Дамытушылығы:Балалардың геометриялық пішіндер туралы білімдерін ары қарай дамыту.

3.Тәрбиелігі:Балаларды достыққа,ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Оқу іс-әрекетінің әдіс-тәсілдері: Триз технологиясы бойынша интегралдық оқу-іс әрекеті.

1.Қолға жаттығу.

2.Ойын «Үй құрастырамыз»

3.Салыстырып заттарды өлшеу арқылы жинасыру («Жаңа жиһаз»)

4.Ойын «Мынадан басқа пішінді ата»

Көрнекіліктері: Әр балаға қатты қағаздан қиылған үйлердің қабырғасы, шатырлары,фишкілер,өлшегіштер,ойынға арналған сандық, карточка.

Пән аралық қатынас:Құрастыру.

Ұйымдастыру кезеңі:

Балаларға ойнай отырып жаттығу жасау ұсынылады.

Саусақтар тығылмақ ойнады,

Бастарын ақырын жасырып.

Былай,былай,былай

Бастарын ақырын жасырды.

(Саусақтарын жұмып, ашады)

Тәрбиеші:Балалар біз бүгін құрылысшы боламыз,үйлер саламыз.

Үйде не болады? Мына үйлерде не жетіспейді? Үйлердің нелері жоқ?

Балалар: Шатырлары жоқ.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар шатырлары жоқ.

Тәрбиеші:Балалар шатырлар қоймаларда болады.Балаларға өз орындарына бару ұсынылады( біреулеріне қоймаға,екіншілеріне құрылыс алаңына.)

Балалар өздеріне берілген үйлерін үстел үстіне орыналастырады.

Тәрбиеші: Балалар сендердің үйлеріңнің нелері жоқ?

Балалар:Шатырлары жоқ.

Тәрбиеші: Сендер үйлеріңе шатырлар алу үшін,әрбір үйлердің қасына алдарыңдағы фишкілерді орналастыруларың керек,содан кейін қоймаға барып,қанша фишкі,сонша шатыр аласыңдар.Қоймашыға келіп балалар маған менде неше фишкі бар,сонша шатыр беріңізші –деп сұрайды.Қоймашы фишкілерді тізіп қанша фишкі ,сонша шатыр береді.Фишкілер мен шатырларды алып келіп,құрылысшылар үйлерін салуды аяқтайды.

Қоймашыларға құрылысшылар үйлердің шатырларын дұрыс орналастырды ма, соны тексеру ұсынылады.

Тәрбиеші: Балалар сендер енді өздеріңнің салған үйлеріңе қараңдаршы, олардың биіктіктері бірдей ме?

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші: Енді қандай? (балалардың жауабы)

Тәрбиеші:Олардың биіктіктері әртүрлі екен.

Енді біз осы жаңа үйлерге жиһаздар әкелуіміз керек.

Тәрбиеші:Балалар біз қай есіктен қандай жиһаз кіретінін қалай білеміз?

Балалар: Өлшеп білеміз.

Есіктің биіктігін немен өлшеуге болады? Есіктерді өлшегішпен өлшейміз.

Енді есіктердің биіктіктерін өлшегішпен өлшеп ,дүкенге барып, жиһаздар әкеліңдер.Балалар есіктердің биіктіктерін өлшеп алып,дүкенге барып жиһаздар әкеліп,есіктердің үстіне қояды.

Тәрбиеші:Міне балалар сендер үйлер де салып, үйлерге жиһаздар да алып келіңдер.

Қазір ойын ойнайық.Балалар қараңдар қандай әдемі сандық,бұл сандықта бізге арналған ойын жатыр екен.Қане ашайық.

Сендер ойынды қалай ойнау керек екендігін тыңдап алыңдар.

Балаларға геометриялық пішінің үстінен сызылған карточка көрсетіледі. «Мына геометриялық пішіннен басқасын ата».Балалар өздері қорытынды жасайды.

Қорытынды:

Тәрбиеші:Балалар біз бүгінгі оқу іс-әрекетімізде не істедік?

Балалар:Үй құрастырдық.

Тәрбиеші:Үйлердің және есіктердің биіктіктері қандай екен?

Балалар: Әртүрлі.

Тәрбиеші:Балалар сендер барлығың бүгінгі оқу іс-әрекетіне жақсы қатыстыңдар.



-80%
Курсы дополнительного образования

Основы HTML

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Тақырыбы: «Үй құрастыру» (14.77 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт