Разработка на казахском языке.
Сабақтың мақсаты: |
|
Біліктілік: |
Еңбек тәртібі туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушыларда теориялық білім мен дағдыны қалыптастыру. |
Тәрбиелік: |
Адамгершілікке, отансүйгіштікке, маман ретінде азаматтардың құқығын қорғай білетін азамат ретінде қалыптасуына және қазақстандық ұлтжандылыққа тәрбиелеу. |
Дамытушылық: |
Оқушылардың өз пікірлерін айту, салыстыру қабілеттерін арттырып, логикалық және сөздік қорын, ой-өрісін дамыту |
Пәнаралық байланыс: |
тақырыбы) |
Тақырып бойынша білуі керек: |
тақырып бойынша ситуациялық есептер құрастыра білу; |
Көрнекітіліктермен жабдықталуы |
|
Техникалық құралдар: |
Интеративті тақта; |
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру бөлімі: (2 мин)
- оқушылармен амандасу;
- «жоқ» оқушыларды журналға белгілеу;
- дәрісхананың сабаққа даярлығын тексеру;
- оқушылардың оқу құралдарымен қамтамасыз етілуін тексеру;
-
Білімдерін бақылау. (25 мин)
-
Білімдерін бақылау сұрақтары:
- Зиян келтірудегі кінә дегеніміз не? Кінәге байланысты материалдық жауапкершілік мөлшерінің түрлері қандай?
- Қай кезде қызметкерлерге толық материалдық жауаптылық жүктеледі?
- Қандай жағдайда зияды өтеу сотқа талап қою арқылы жүргізіледі?
- Ұйымға келтірілген зиянның орнын толтыру жолдарын атаңыз?
- Кәсіпорынмен еңбек тәртібін тоқтатқан қызметкерден залал мөлшерін өндіру тәртібі қандай?
- Толық материалдық жауаптылық туралы шарт дегеніміз не? Шарт құрылымына сипаттама беріңіз.
- Мына қызметкерлердің қайсысымен жұмыс беруші толық материалдық туралы шарт жасасуы керек?
-
Білімдерін бақылау сұрақтары:
а) қойма күзетшісімен;
ә) кассирмен;
б) жинақ кассасының қызметкерімен;
в) дүкен меңгерушісімен;
г) бригадирмен;
- Толық материалдық жауаптылық туралы жазбаша шартқа неше жастан бастап отыруға болады?
а) 16 жастан;
ә) 17 жастан;
б) 18 жастан;
в) 19 жастан;
г) қызметке тұрған күннен бастап;
Ситуациялық есептер.
№ 1 Есеп.
«Айдана» дүкенінің сатушысы Н.А.Назарова дүкенде электер қуатының жоқтығына қарамастан, балмұздақ қабылдап алды. Нәтижесінде тоңазатқыштың жұмыс жасамауына байланысты, алынған тауарлар бүлінді. Дүкен басшылығы келтірілген шығынның орнын төлеуді талап етті. Қызметкер А.Н.Назарова бұл жағдайды өзінің кінәсі еместігін алға тартып, төлеуден бас тартты.
Істі мәні бойынша шешіңіздер.
Жауабы: (ҚРЕК 167 бап, 4 тармақ)
№2 Есеп.
«Автопарк» ЖШС – нің жүргізуші А.С.Сариманов жұмыс берушінің рұқсатынсыз қарауындағы техникасын жеке өз шаруасына пайдаланып, істен шығарды. Нәтижесінде автокөліктер жетіспей, кәсіпорынға елеулі шығындар келтірілді. Кәсіпорын басшылығына жүргізуші шығынды төлеуден бас тартатындығын ескертті. Себебі, бұл автокөлік одан да бұрын бірнеше рет істен шыққандығын айтты.
«Автопарк» ЖШС-нің жүргізушісі А.С,Сариманов келтірілген шығынды төлеуі мүмкін бе?
Жауабы: (ҚРЕК 165 бап, 2 тармақ)
№3 Есеп.
17 наурыз 2008 жылы азаматша Матаева қазақ орта мектебіне зертханашы ретінде қызметке алынды. Мектеп басшылығы мен зертханашы арасында толық материалдық жауаптылық туралы шарт жасалды. Наурыз мерекесі қарсаңында зертханашы денсаулығына байланысты жұмысқа шықпай қалды. Басшылықтың рұқсатымен зертханашыға тиесілі заттар кабинетінен алынды. Зертханашы Матаева жұмысқа келген заттардың бүлінген байқады.
Бұл жадайда Матаеваға жауаптылық жүктеле ме?
«Ойлаудың бес орамалы» әдісі арқылы сабақты қорытындылау.
Ақ түсті орамал – нақты факт, дәлелдемелер келтіру;
Сары түсті – тақырыптың өзектілігін айту;
Қара түсті – проблемалық жағы;
Қызыл түсті – шығармашылық қортындылау;
Көк түсті – философиялық шолу;
7. Сабақты қорытындылау және оқушыларды бағалау. (5 мин)
- «Бағалау парағы» арқылы оқушылардың өздері қойған бағаларын қорытып, талдау жасап, саралап, бағалаймын.
8. Үйге тапсырма. (3 мин)
- ҚР-ның Еңбек Кодексі; 15.05.2007 жыл; 161-167 баптар;
- Еңбек құқығы және ӘҚҚ. Ш.Ахметов; А; 2006 ж. 212-216 беттер;
- «Еңбек тәртібіне» байланысты екі ситуациялық есеп құру;