Ы.Алтынсарин атындағы №204 орта мектеп
Тренинг тақырыбы:
«Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу,
Ұнатамын өмірді сол үшін мен»
Педагог-психолог: Ж.Бисенова
2015-2016 оқу жылы
Тренинг тақырыбы:
«Тағдыр түрлі болғанмен өмір біреу,
Ұнатамын өмірді сол үшін мен»
Тренинг мақсаты: Өмірдің құндылығын ұғындыру. Тұлғаның өзінің және өзгенің өмірін бағалай білуге жауапкершілігн дамыту.
«Амандасу» психологиялық жаттығу
Мақсаты: Байланысқа түсу және өзара әрекеттесу мүмкіндігін қамтамасыз ету
Нұсқау: Қазір сіздер бөлмеде үндемей жүресіздер. Жүргізушінің шпалақ ұруымен бір-біріңмен тез амандасуларың керек. Әркіммен түрліше амандасу керек: көзбен, қолмен, иықпен, құлақпен, мұрын, аяқтың ұшымен түрліше амандасу керек.
Талқылау: Сізге ұнадыма? Қалай амандасу оңай болды? Кіммен байланыс орнату оңай болды, ал кіммен қиын болды?
«Өмір тамаша өйткені...» мониторингі
Мақсаты: Өмірге деген жағымды қатынасты қалыптастыру
Нұсқау: «Өмір тамаша өйткені...» сөйлемін аяқтау, көптеген сөз тіркестерін құрастыру
«Теңіз жағасында» психогимнастика
Нұсқау: Сіздер теңіз жағасындасыздар. Суға тас лақтырасыздар. Бір-біріңізге су шашып ойнайсыздар. Суға шомыласыздар, шашып ойнайсыздар. Әбден шаршап жылы құмның үстіне жатасыздар. Көзіңізді жарқыраған күнмен жауып дем алыңыздар.
Тақырып бойынша жұмыс. «Қарым-қатынас жасауда жіберілетін қателік». Плакатпен жұмыс
Мақсаты: Қарым-қатынасты бұзатын әрекет түсінігімен таныстыру; Коммуникативті қарым-қатынасты дамыту.
-Әр адам басқа адамды қабылдай алу, түсіне және тыңдай білуді меңгерген жөн. Серіктесінің түсінуі жеңіл байланыс орнатуы адамның қарым-қатынас орнатуға не кедергі келтіреді.
-Қалай ойлайсыздар нәтижелі қарым-қатынас орнатуға не кедергі келтіреді
-Қарым-қатынаста қандай әрекет жағымсыз байланыс орнатады.
5. «Байқампаздыққа арналған пантомима» жаттығуы
Мақсаты: Байқампаздыққа және дене тілін «оқи алуы» іскерлігін дамыту.
Нұсқау: Қатысушылар кезекпен пантомимо көресетеді ал қалған осы әрекеттің не білдіретінін табу керек. Алдымен қарапайым әрекеттерді бейнелейсіз. Кейін күрделі әрекет көрсетеміз.
Талдау: Қандай әсер алдыңыз?
6. «Жапырақпен билеу» жаттығу
Нұсқау: Қатысушылар жағымды музыка ырғағымен жапырақты маңдайына жапсырып алып билейді. Егер қатысушының бірі жапырақты түсіріп алса, сол қалпында қатып қалады.
7 «Өмір көпірі» жаттығуы
Мақсаты: Бірлескен іс-әрекетте топтық шешім қабылдау дағдыларын үйрету
Нұсқау: Қатысушылар жұпқа бөлініп көпірді суреттеу керек. Сосын барлығы екі топқа бөлініп, көпірді бейнелейді. Жаттығу соңында екі топ бірігіп өмір көпірін жасайды.
Талдау:
-Өмір көпірін жасаған ұнадыма?
-Қай көпір ең әдемі болды?
8 Қорытынды:
Қоштасу: Әрбір қатысушы шеңбер бойынша өзін қалай сезеніп тұрғанын, бүгінгі тренингте не ұнағанын ненің ұнамағанын, келесі тренингте нені қалайтынын айту