
“ Музыкалық колледж-дарынды балаларға арналған музыкалық мектеп-интернат” ММкешені

ҒЫЛЫМИ ЖОБА
СЫЙҚЫРЛЫ АСПАП СКРИПКА

Жоспар:
- Кіріспе
- Скрипка тарихы
- Скрипка шеберлері
- Қорытынды

- . Кіріспе
Әлемде мыңдаған музыка аспаптары болса, соның ішінде өте нәзік саз ойнайтын, сыйқырлы күйлерімен адамзатты таң қалдыратын скрипканың орны ерекше.
Біздің қазақ халқы өзінің дәстүрлі музыкасын осы керемет аспапқа да сала білді.
Қазіргі скрипка - классикалық шығармалармен қатар, біздің ұлттық саз өнеріміздің ғажайып дыбыстарын әлемге жеткізетін керемет аспап.


2 . Скрипка тарихы
Ысқы аспаптар өте ерте замандарда пайда болған. Бірақ олар шертпелі аспаптардан көп жас.
Ысқы аспаптардың отаны Үндістан деп есептеледі. Оның пайда болған уақыты – біздің дәуіріміздің басы. Көне грек елінің музыкалық мәдениеті мықты дамығанмен, онда ысқы аспаптар әлі бола қойған жоқ.Үндістаннан бұл музыкалық аспап парсыларға, арабтарға, Солтүстік Америка халықтарына тарады. Сонан кейін 8-ғасырда ғана Европаға келген.


Бұл аспаптың қарапайым және күрделі түрлері болған. Олардың көлемдері де әртүрлі болған: біреулері орындыққа қойылып, музыкант ол аспапта тұрып ойнаған. Ал кейбіреулерін йыққа сүйеп ойнаған. Бұл қазіргі скрипканың атасы деуге болады.
Скрипканың туған уақытын дәл айту мүмкін емес. Шамамен алғанда, бұл 15-ші ғасырдың соңы немесе 16-ғасырдың басы.


3. СКРИПКА ЖАСАУШЫ ШЕБЕРЛЕР
Ең алғашқы скрипкаларды жасаған шеберлердің бірі – итальяндық Гаспаро Бертолотти. Оның шәкірті Джованни Паоло Маджини кейіннен өзінің жеке скрипка жасау мектебін ашқан. Бұл Италияның Брешия қаласында болған. Кейіннен пайда болған Кремондық мектепте скрипканың үні адам даусының моделі ретінде жасалды. Ол өте нәзік, кейде қатаң дыбыстар шығарып, адамның көңіл күйін көрсететін музыка аспабы болып қалыптасты.Және оның сыртқы түрі де өте әдемі болып өзгертілді. Біз сыйқырлы скрипка үнін талмай тыңдайғымыз келе береді. Бұл Амати, Страдивари, Гварнери сияқты шеберлер жұмысының нәтижесі.
Шеберлер керемет аспаптар жасаса, Арканджело Корелли, Джузеппе Тартини, Жан Мари Леклер, Никколо Паганини сияқты виртуоз музыканттар скрипканың барлық кереметін танытты. Сөйтіп, скрипкадан бұрын пайда болған виола аспабы бірті-бірте ығысты.

- Тарихта аттары белгілі скрипка шеберлері болған. Олар:
- Амати Николо (1596-1684жж.) – итальяндық скрипка шебері. 15-ғасырдың 2-ші жартысынан бастап Италияда, бұрын Кремонда тұрған Амати отбасы шеберлігінің скрипкалары танымал бола бастады.
- Олар жасаған аспаптың осы күнге дейін сақталған классикалық түрі біржолата қалыптасты. Амати отбасы шеберлігінің ең атақтысы – Николо жасаған скрипка мен виолончель аз сақталған және олар өте жоғары бағаланады.
- Дж. Н.Аматиден өзінен А.Гварнери мен А.Страдивари скрипка жасаудың ең күрде әдістерін алды.
- Гварнери – итальяндық ысқы аспаптар шеберлерінің отбасы. Жанұяның атасы - Андреа Гварнери (1626-1698жж.) – атақты Н. Аматидің шәкірті. Оның дель Джезу атанған немересі – Джузеппе Гварнери (1698-1744 жж.). жасаған аспаптар ерекше танылып, белгілі болды. Дель Джезу жасаған аспаптар аз сақталған (10 альт ж/е 50 скрипка), қазіргі кезде олар құнды.
- Страдивари Антонио (1644-1737 жж. шамасында) - итальяндық көрнекті скрипка шебері Н.Аматидің оқушысы. Жас кезінен өмірінің соңғы күндеріне дейін Страдивари өзінің шеберханасында скрипканың әбден жетілген түрін жасауға тырысқан.
- Бір-бірінен форманың әдемілігімен және сапалы дыбысымен ерекшеленетін ұлы шебер жасаған 1000-нан аса аспап сақталған.
- Страдивари ісін жалғастырушылар - К.Бергонци мен Дж.Гварнери .

4 . Қорытынды
Біздің Қазақстанның аты әлемге әйгілі болған скрипкашылары бар. Олар: Айман Мұсаходжаева, Жәмила Серкебаева, М. Бейсен-ғалиева және т.б. бар. Біздің республикамызда скрипка аспабында ойнауды үйрететін тамаша мектептер бар. Солардың бірі – Алматыдағы А.Жұбанов мектебі. Онда белгілі композиторлар, академиктер сабақ береді.
Мен сыйқырлы саз ойнайтын скрипкада ойнауды үйренудемін. Ол - ғажап музыкалық құрал.


Орындаған:
2 «А» сыныбының оқушысы
БУКАЕВА ӘДИНА
Павлодар қаласы - 2012