«Сайқымазақтың қызықты тапсырмалары»
(Ашық сабақ)
Мақсаты: Тапсырмалар барысында балалардың ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту. Балалардың ойынға , тапсырмалар орындауға деген қызығушылықтарын арттыру.Ойын жаттығулар арқылы балалардың ақыл- ой белсенділігін дамытып,тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Балалар қараңдаршы , бүгін бізге көптеген апайлар, қонақтар келіпті, қане алдымен сәлемдесіп алайық.
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады
Бәріміз енді тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық
Жақсы – жақсы сөздерді,
Қонақтарға сыйлайық!
Табиғат біздің анамыз,
Табиғатқа баламыз.
Иіліп сәлем береміз,
Біз әдепті баламыз.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, менің қолымнан не көріп тұрсыңдар?
Балалар : Жүрек
Тәрбиеші: Қане, балалар жүрегімізден шығарып жылы сөздер айтайықшы.
Балалар: Аспанымыз ашық болсын
Күніміз жарқын болсын
Еліміз тыныш болсын
Ауырмайық , денсаулық болсын
Нанымыз көп болсын
Ата- анамыз аман болсын
Бейбітшілік болсын
Балабақша гүлдене берсін!
Апайлар аман болсын
Қане балалар, осы айтқан жылы лебіздерімізді апайларға сыйлайықшы
Тәрбиеші: Балалар сендер бір- біріңнің қолдарыңнан ұстап тұрғанда нені сезесіңдер?
Балалар: Жылулықты, мейірімділікті, достықты.
Тәрбиеші: Жақсы балалар бүгінгі күнімізді мейіріммен, қуанышпен бастайық.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қандай мезгілі?
Балалар: Қыс мезгілі
Тәрбиеші: Қыстың қандай айы
Балалар: Қаңтар айы
Тәрбиеші: Балалар қыс мезгілінде табиғатта қандай өзгерістер болады?
Балалар: Қыс мезгілінде күн суытып салқындайды, қар жауады, жел соғады , боран болады, құстар жылы жаққа ұшып кетеді, адамдар жылы киінеді.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар, олай болса қыс туралы кім тақпақ айтып береді, кім қыс туралы тақпақ біледі?
Аяз қысып ,өрнек сызып
Терезені торлайды.
Қарға омбығып, бет домбығып,
Сырғып балдар ойнайды. Сәуле
Кейде ұлып, кейде ысқырып
Ұйытқып боран соғады,
Айтыңдаршы балалар
Бұл қай кезде болады? Аймира
Осы кезде есік қағылады. Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?
Сайқымазақ: Саламатсыздар ма балалар
Балалар: Саламатсыз ба Сайқымазақ
Тәрбиеші: Сайқымазақ сіз біздің балабақшаға қонаққа келген боларсыз?
Сайқымазақ: Жоқ, мен тек қонаққа келгенім жоқ, мен мына балалардың білімді , ақылды екендеріне көз жеткізуім үшін өзіммен бірге қызықты тапсырмаларымды алып келдім және осы «Ақкөгершін» тобының балаларының білімдерін тексеруге келдім. Себебі биыл бұл топтың балалары мектепке барады емес пе?
Тәрбиеші: Жарайды Сайқымазақ оны қайдан біліп қойдыңыз?
Сайқымазақ: Балалар қараңдаршы менің шарларыма қандай әдемі, бұл шарлар жәй шар емес сиқырлы шарлар.
Тәрбиеші: Ой, мына гүлдер де керемет, әдемі гүлдер екен
Сайқымазақ: Бұл жәй гүлдер емес , бұл гүлдерде менің қызықты тапсырмаларым бар. Егерде осы тапсырмаларымды дұрыс орындасаңдар менің сендерге дайындаған сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Сайқымазақ бұл балалар өте білімді және ақылды балалар, қане балалар Сайқымазақтың тапсырмаларын орындап,Сайқымазаққа білімімізді көрсетеміз бе?
Балалар: иә, әрине көрсетеміз
Тәрбиеші: Ендеше мына әдемі гүлдерде Сайқымазақтың қызықты тапсырмалары бар екен. Кәзір мен бір гүлді аламын да тапсырмасын оқимын.Мені мұқият тыңдаңдар.
тапсырма «Жұмбақ сағат»
Қыста ғана болады,
Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)
Терезеге қонады
Әсем ою ояды. (Қырау)
Отқа салсаң жанбайды,
Суға салсаң батпайды. (Мұз)
Сайқымазақ: Ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер
тапсырма «Кім шапшаң?»
1-10 ға дейін тура және кері санап беріңдер
Асанда 5 алма бар. Ол 1-ін Арайға берді. Асанда неше алма қалды?(4)
Айдананың қолында 10 шар бар. Оның 6 -ы ұшып кетті. Сонда Айдананың қолында неше шар қалды? (4)
Айымның қолында 5 гүл бар және Сәуленің қолында 5 гүл бар. Екеуін қосқанда барлығы неше гүл болды? (10)
Сайқымазақ: Жарайсыңдар, тапқыр балалар екенсіңдер
тапсырма «Көңілді пішіндер»
Осы бөлшектерден геометриялық пішіндерді жапсырып түстерін атап, пішіндерін ажыратып беріңдер.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар, білімді балалар екенсіңдер
балалар, сендер көп біледі екенсіңдер, шаршаған жоқсыңдар ма? Көңілді әуенмен сергіту жаттығуын жасап жіберейік.
Оңға, оңға түзу тұр
Солға, солға түзу тұр
Алға қарай бір адым
Солға қарай бір адым
Жоғары төмен қарайық
Орнымызды табайық.
тапсырма Сурет бойынша қыс мезгілін әңгімелеп беріңдер
Сайқымазақ: Жарайсыңдар ,балалар. Тапсырманы Жақсы орындадыңдар.
Тәрбиеші: Балалар қане біз «Сыңарын тап » ойынын ойнап жіберейік
Ойынның мақсаты: Балаларды байқампаздыққа, шапшаңдыққа үйрету.
Шарты: Столдың үстіне қолғап, аяқ- киім, шұлық, доп, зонтик,жемпір т/б араластырып қояды. Осы заттардың екінші сыңарын тауып , көрсету керек.
тапсырма «Сөйлемді аяқта»
Лимон қышқыл, шекер тәтті
Ит үреді, мысық мияулайды
Түнде қараңғы, күндіз жарық
Алма қызыл, банан сары
Қыста суық, жазда ыстық
тапсырма «Сайқымазақтын бейнесін құрастыр»
Тәрбиеші: Міне Сайқымазақ балалар сіздің бүкіл тапсырмаларыңызды орындады.
Сайқымазақ: Жарайсыңдар балалар, менің барлық тапсырмаларымды орындадыңдар. Сендер шыныменде білімді, ақылды, тапқыр балалар екенсіңдер. Сендерге көп- көп рахмет.Енді мен сендерге дайындап әкелген сыйлықтарымды
берейін. Сау болыңдар балалар.
Тәрбиеші: Балалар бүгінгі Сайқымазақтың тапсырмалары ұнады ма?
Айтыңдаршы қандай тапсырмалар орындадыңдар?
Кімнің бейнесін құрастырдық?
Қандай ойын ойнадыңдар?
Сайқымазақтын тапсырмалары қызықты болды ма?

Сайқымазақтың қызықты тапсырмалары (19.37 KB)

