Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Уроки  /  2 класс  /  "Rooms in my house"

"Rooms in my house"

Сабақтың тақырыбы: «Rooms in my house»

Сынып: 2 «А»

Сабақтың мақсаты: ағылшын тілін үйренуге деген жағымды уәжділікті қалыптастыру, монологтік және диалогтік айтылым дағдыларын дамыту, жаңа лексиканы енгізу, There is /There are грамматикалық құрылымын белсендіру, сөздерді семантикалық белгілері бойынша саралау білімін қалыптастыру, сөздердегі -(t) ch дыбыстар тізбегін оқу дағдысын қалыптастыру.

17.01.2018

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Rooms in my house»

Сынып: 2 «А»

Сабақтың мақсаты: ағылшын тілін үйренуге деген жағымды уәжділікті қалыптастыру, монологтік және диалогтік айтылым дағдыларын дамыту, жаңа лексиканы енгізу, There is /There are грамматикалық құрылымын белсендіру, сөздерді семантикалық белгілері бойынша саралау білімін қалыптастыру, сөздердегі -(t) ch дыбыстар тізбегін оқу дағдысын қалыптастыру.

Күтілетін нәтижелер:

пәндік: сабақтың living room, bathroom, kitchen, sleep, dining room, bedroom, watch TV, welcome белсенді лексикасын білу және үйді/пәтерді сипаттау кезінде қолдана алу, There is /There are құрылымының болымды және болымсыз түріндегі толық және қысқа формасын қолдана алу, мұғалімнің нұсқаулықтарын адекватты түрде қабылдау, тыңдаған және оқыған шағын мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну.

тұлғалық: оқу үдерісінде адалдықты қалыптастыру, мұғалімге, сыныптастарға, қоғамға деген қайырымдылықты көрсету, мектеп және үй мүлігін ұқыптап сақтау.

жүйелік-әрекеттік: бұрын үйренген лексикалық-грамматикалық материалды монологтік және диалогтік айтылымда қолдану, өз үйінің суретін салып, оны сипаттау.

Сабақты материалдық қамтамасыз ету:

мұғалім үшін: CD ойнатқыш, демонстрациялық материалдар жинағынан карточкалар;

оқушылар үшін: оқулық, жұмыс дәптері.

Пәнаралық байланыс: қазақ және орыс тілі (дыбыс, әріп, дыбыстар тізбегі туралы ұғым).

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру сәті.

- Good morning, children!

2. Сабақтың мақсаты мен тақырыбын хабарлау.

- Балалар, бүгін біз ағылшын тілінде үй туралы әңгімелесуді жалғастырып, бөлмелердің атауларын жаттаймыз.

3. Тірек білімді белсендіру.

«Chinese whispers» дидактикалық ойыны.

Мұғалім оқушыларды екі командаға бөледі. Командалар бір-біріне қарама-қарсы тұрады. Команданың бірінші ойыншысының құлағына мұғалім кез келген сөйлемді (күлкілі сөйлем болғаны жөн, мысалы: There are five rooms in the garden.) сыбырлап айтады. Бұл сөйлем бір оқушыдан екінші оқушыға айтылады. Егер сынып деңгейінің мүмкіндігі болса, соңғы оқушы естіген сөйлемді тақтаға жазады. Сөйлемнің соңғы нұсқасы тексеріліп, қатесі түзетіледі.

4. Жаңа материалмен жұмыс.

Фонетикалық жаттығу.

- Балалар, бүгін Бен бізге жаңа дыбыстар тізбегін оқуға көмектеседі. Listen and repeat [ts], [ts], [ts].. Look at these words and read with me: -tch -ch


kitchen watch match stretch chair children teacher


Осы дыбыстар тізбегі бар карточкалар көрсетіліп, сөздер дауыстап оқылады. Оқушылармен бірге Phonics-тегі сөздер мен сөйлемдерді оқыту осы әріп тізбегінің оқылу ережесін бекітіңіз. Оқулықтың 3-жаттығуы арқылы берілген ереженің негізінде -tch, -ch дыбыстар тізбегінің оқу дағдысын бекітуге болады. Жұмыс дәптерінің 3-жаттығуы осы ды быстар тізбегінің оқылуын бекітуге тағы бір жақсы мүмкіндік береді. Оқулықтағы Phonics бөлімінде ұсынылған сөздерді оқушылармен бірге есту және көру бойынша салыстырып оқытыңыз.

Оқулықпен жұмыс.

1-жаттығу. Listen and read.

Тыңдалымның алдында оқушыларды жаңа лексикамен (pre-teach lexis) таныстырған дұрыс. Бұны екі тәсілмен жасауға болады. Біріншісі - дәстүрлі тәсіл, сөздерді тақтаға жазу және аудару. Екінші тәсіл зор дайындықты талап етеді, бірақ интерактивті және жаңа сөздерді жақсырақ меңгеруге себепші болады. Бұл үшін үйдің бөлмелеріне тікелей функционалды қатынасы бар заттарды немесе олардың бейнесін дайындау қажет. Мәселен: диван - a living room, жөке - a bathroom, жастық - a bedroom, кастрюль - a kitchen, әсем жасалған ac үстелі - a dining room. Әр затты көрсете отырып, ол қай бөлмеде, қалай қолданылатынын балалардан ана тілінде сұраңыз. Жауаптарды қабылдаған соң, мұғалім бөлме атауларын ағылшын тілінде айтып, балалардан осы сөздерді қайталауды сұрайды.

Содан кейін оқушылар аудиожазбаны тыңдайды да, аудиомәтінді суреттермен салыстырады.

Тыңдалымнан кейін балалардан адамдар бөлмелерде не істейтіндігі туралы сұрауға болады. Әр іс-әрекетті сөзбен бейнелеу қажет: watch TV, sleep, play, do homework, cook, eat. Мәтінді тағы бір рет тыңдап, ана тіліне аудару керек.

Track 40.

  1. Come in. Welcome.

  2. There is a living room in our house.

  3. There is a TV in the living room. We watch TV here.

  4. There is a bathroom in our house.

  1. This is my bedroom. I sleep, play and do my homework here.

  2. There is a kitchen in our house. We cook and eat here.

  3. But there isn't a dining room in my house.

  4. Bota: I like your house.

5. Түсінгендерін алғашқы тексеру.
2-жаттығу. Choose: true or false.

Бұл жаттығу зейін мен логикалық ойлауды дамытады. Оқушылар сөйлемдерді оқып, қажет болса аударып, сөйлемнің дұрыс - бұрыстығын true or false сөздері арқылы анықтайды.

  1. True.

  2. False.

  3. True.

  4. False.
    Сергіту сәті.

Stand up, sit down (тұрамыз, отырамыз)

Clap, clap, clap, (алақанмен шапалақ соғамыз)

Point to the window, (саусақпен терезеге көрсетеміз)

Point to the door, (саусақпен есікке көрсетеміз)

Point to the board, (саусақпен тақтаға көрсетеміз)

Point to the floor, (саусақпен еденге көрсетеміз)

Stand up, Sit down (тұрамыз, отырамыз)

Clap, clap, clap, (алақанмен шапалақ соғамыз)

6. Іс-әрекет тәсілі мен білімдерін бекіту.


Дәптермен жұмыс.

1-жаттығу. Choose and circle.

Мақсаты: осы сабақтың лексикасын қайталау және бекіту. Суретке сәйкес дұрыс жауапты балалар қоршап сызу арқылы белгілейді. Keys:

a - living room

b - bathroom

c - garden

d - five floors

e - kitchen

f - bedroom

g - house

h - dining room

2-жаттығу. Make sentences negative and write them.

Бұл жаттығуды мұғалімнің көмегімен орындау ұсынылады. Оны орындамас бұрын барлық сөйлемдерді оқып, тапсырманы ауызша орындау керек. Соңында оқушыларға сөйлемдерді өздігінен жазуды ұсынуға болады. Keys:

  1. There is a living room in Anar's house. - true

  2. There isn't a bathroom in her house. - false

  3. There is her bedroom in the house. - true

  4. There isn't a TV in the living room. - false

3-жаттығу. Put the words into the right column.

Бұл жаттығу балаларға жаңа дыбыстар тізбегін тануға көмектеседі. Мұғалімнің қалауы бойынша бұл жаттығуды үй тапсырмасы ретінде де беруге болады.

7. Сабақты қорытындылау.

- Балалар, өз жұмыстарыңды бағалаңдар. Айтыңдаршы, біздің сабақтан кейін үйде өз ата-аналарыңа немесе достарыңа не туралы әңгімелеп бере аласыңдар? Бүгін үйренген сөздерді есімізге түсірейік. Жарайсыңдар, балалар! Бүгін сендер өте жақсы жұмыс істедіңдер! Well done, children!

Енді сабақта қалай жұмыс істегендеріңді еске алып, өз жұмыс-тарыңды адал бағалауға тырысыңдар.

Оқушылар жұмыс дәптерінің қосымшасынан керек символды таңдап, өз жұмыстарын бағалайды.

8. Үйге тапсырма беру. 3,4-жаттығулар.


-80%
Курсы дополнительного образования

Ландшафтный дизайн

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Rooms in my house" (56.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт