Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Разработка праздника" 8 – Наурыз аналар мерекесі!!

Разработка праздника" 8 – Наурыз аналар мерекесі!!

Дети старшей группы поздравляют мам и бабушек с праздником 8 Марта.

15.11.2017

Содержимое разработки

8 – Наурыз аналар мерекесі!!


Ән орындалып тұр, тәрбиешімен балалар залға кіреді, отырады.

Жүргізуші:

Ақ тілекті ағытып бір тастайық

Аналардың мерекесін бастайық

Көздеріңнен көркем шаттық арайын

Өтсін солай әрбір күнің әр айың

Қадырлы аналар көңілі

Көктемдей жайнап гүл ашсын

Шаттыққа шаттық ұлассын.

Сәлеметсіздерме,құрметті қонақтар.ақ жаулықты әжелер,асыл да аяулы аналар,балабақшамыздың ұстаздары,ару қыздар.

Сіздерді 8-наурыз халықаралық аналар мерекесімен құттықтаймыз.

Енді құрметті аналар сіздерге арнап біз өлең даярладық соны тыңдаңыздар.

Ән:Құттықтаймын,мама мерекеңізбен..

Залға ән ырғағымен «Күннің көзі» кіреді.

Күннің көзі:Сәлеметсіңдер ме балалар?

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Мен күнің көзімін

Мен аналармен әжелерді қыздарды наурыз мерекесімен құттықтауға келдім.

Жүргізуші:Рахмет, құттықтағанына күнің көзі.Бізбен бірге отырып балалардың аналарына арналған тақпақтарын бірге тыңда.(балалар тақпақтарын айтады)

Даяна:Айналайын анашым

Ақылдысың данасың

Кім бар екен өмірде

Сендей сүйген баласын.

Мейірхан:Мерекеңіз бүгінгі

Құтты болсын анажан

Сізге бүгін сый-құрмет

Зор денсаулық,бақ-дәулет.

Адела:Ел жатқанда жатпаған

Мен деп тыным таппаған

Бақыты үшін баланың

Аман-сау бол,ақ мамам.

Жанела:Мәпелейсің мені анам

Қолыңдағы құсыңдай

Құлпыра өсіп дем алам

Құшағыңда қысылмай.

Даниал:Аялаған баптаған

Асыраған сақтаған

Адал бол деп балдырған

Әділдікке баулаған

Ерлік еткен біз үшін

Еңбек еткен біз үшін

Айналайын ақ мамам.

Күнің көзі:Өте жақсы балалар!Қандай жақсы тақпақтар айттыңдар аналарына. Ал мен билегенді жақсы көрем.

Ал сендер ше?

Балалар:Бізде

Би:Қарлығаш.

Күнің көзі: Өте жақсы балалар тамаша биледіңдер

Ал маған кету керек үйіме

Сау болындар

(Әуен ырғағымен кетеді)


Жүргізуші: Балалар, қараңдар бізге қонаққа аналар ғана келген жоқ әжелерге

де келіпті.

Құтты болсын осы шаттық күніңіз,

Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз.

Қуанышты жүзіңізбен әрдайым

Бұл өмірде күліп қана жүріңіз

(Енді әжелерге арнап тақпақ айтып берейік.)

Алишер И Менің әжем, жыр әжем

Шуағы мол нұр әжем

Ақ тілекке сүйеніп

Аман есен жүр әжім

Алуа:Осы тойды біздер де

Өте жақсы көреміз

Анамызға,әжеге

Гүл әкеліп береміз.


Айлана:Айналайын әжем

Мерекеңізбен

Сыйлайыншы саған

Дала гүлін мен.


Даниал:Ақ әжемді әрқашан

Сыйлап жақсы көремін

Қуантайын деп оны

Өлең айтып берейін.

(Әжелер сіздерге арнап біздің балалар бақшамыз туралы өлең айтып береді.)

Ән:Балабақшада.

Жүргізуші: Ой, балалар бізге қонаққа кім келгенін білгілерің келсе менің жасырған жұмбағымды шешулерің керек.


Бұрап қойған сағаттай

Айқайлайды таң атпай ( әтеш)

(әннің әуенімен залға маңғазданып әтеш кіреді)


Әтеш:Ку-ка-ре-ку, кім мені шақырды

(Жан жағына қарайды,балаларды көрмей отырған сияқты.)

Жүргізуш:Балалар, қане әтешпен ойнайықшы – оған біз өзімізді қоянбыз дейік.

(балалар әннің ырғағымен біз қоянбыз деп айқайлап секіреді.)

Әтеш:Ах, сендер қояндар?

Ку-ка-реку, қайда-қайда

Онда керек емессіңдер.(кетіп бара жатқан сияқты болады)

Жүргізуші:Әтеш кетіп қалады ғой,қане қайтадан шақырайық әтеш-3қайталаймыз

(Әтеш балаларға келеді, ән шырқалады.)

Осы кезде жүргізуші балаларға сендер аюсыңдар дейді.

Балаларға ән ырғағымен, аю құсап жүреді.

Әтеш:Ку-ка-реку,Мені кім шақырады.

Балалар:Біз аюмыз.

Әтеш:Ах, сендер ме аюлар?

Ку-ка-реку, қайда- қайда

Онда керек емессіңдер.

(тағы да кетіп бара жатқан сияқты болады.)

Жүргізуші:Ой-ой-ой балалар, әтешке біздің жауабымыз

ұнамайды, ол тағы бізден кетіп бара жатыр.Қане біз оған біз қоянда, тышқанда емеспіз, біз көңілді балалармыз дейік.(Тәрбиешімен балалар қайталайды.)

Әтеш:Ку-ка-реку!ко-ко-ко!

Бұл - өте жақсы.

Мен сендерге келіп, сендерді таптым.

Сәлеметсіңдер ме?

Балалар:Сәлеметсіз бе!

Барлық аналар, мен әжелерді, қыздарды мерекелерімен құттықтаймын.

Ал сендер аналарыңды жақсы көресіңдер ме? Оларға көмектесесіңдер ме?

Балалар:Иә.

Әтеш:Ал қазір көреміз сеңдер қандай көмекші екендеріңді.

Ойын.Сатып әкелінген заттарды әкелші.

Әтеш:Жақсы, қоштасатында уақыт келді.

Үйіме баруым керек, тағы да құттықтаймын, бақыт, қуаныш тілеймін!

Сау болыңдар.

Балалар:Қоштасады әтешпен.(залға ән ырғағымен Карлсон кіреді.)

Карлсон:Ой зал неге, қонаққа толы

Балалар қалай көп жиналған

Мен – Карлсонмын.

Ең көңілдімін әлемде, сондықтан мені үлкендер де, балалар да жақсы

көреді.

Мен тәрбиелімін, әдемімін.

Мен сеңдердің мерекелеріңе келіп, аналарыңды құттықтауға келдім және де әжелер мен қыздарды.

Жүргізуш:Рахмет саған Карлсон.

Карлсон:Мен көңілсіз болуды ұнатпаймын,

Барлықтарыңды билеуге шақырамын.

Билейміз бе? Иә.

Би.Зеңгір көктен.


Карлсон:Өте жақсы!Қандай әдемі биледіңдер.

Ал сендер ойнауды ұнатасыңдар ма? Иә,онда қазір ойын ойнаймыз.

Ойын.Өз балаңды тап!(балалар шеңбер құрайды,шеңберге 4 ананы шақырады да олардың көздерін байлап,өз балаларың тауып алураның сұраймыз.)

Каролсон.Тамаша аналар,сіздер өз балаларыңызды таниды екенсіздер.Ал сендер аналарыңа арнаған тақпақтарың бар ма.


Расул.Іш ауырса,тіс ауырса

Мамам дәрі береді

Барлық бала,барлық ана

Оны жақсы көреді

Алдияр.Бала,бала,бала деп

Түнде шошып оянған.

Түн ұйқысын төрт бөліп

Түнде бесік таянған.


Ақбота.Ана біздін күніміз

Біз ананын гүліміз

Бізді өсірген аналар

Ұзақ өмір сүріңіз.


Милана.Ана өмірдің шырағы.

Ана өмірдін бұлағы

Бесігімнің жыр әні

Жүрегімде тұрады.


Дильназ.Біліп тұрсын жан анам

Міндеті үлкен ботаңның

Күштісі сол баладан

Ана менен Отанның



Алина.Құтты болсын асыл анам

Көктем сәнді мерекең

Құтты болсын жарқыраған

Қуанышты мерекең





Жүргізуші:Осы мерекемен аналарды құттықтай отыра, оларға балалардың жасаған сыйлықтарын сыйлайық, балалар шын көңілдерімен істеді.

Карлсон:Балалар маған сендермен болған өте ұнады, соңдықтан мен сендерге

Конфет беремін, міне қараңдар қандай әдемі.

Жүргізуші:Карлсон тоқта, қарашы бізде балалар қалай көп ал сенің конфетің біреу-ақ? Барлығына жетпейді, енді не істейміз?

І

Карлсон:Менің конфетім жай конфет емес!

ол сиқырлы, сендер оны топқа апарған соң, сиқырлы сөз айтсандар ол

көбейеді.

Тағы да мерекелерімен құттықтаймын да, шатырыма ұшып кетейін.

Жүргізуші:Міне Карлсон да ұшып кетті, ал біз барлығымызбен барып шай ішейік.

(Ән ырғағымен балалар кетеді.)

-80%
Курсы повышения квалификации

Организация профилактической работы по ВИЧ-инфекции: формы и методы работы

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Разработка праздника" 8 – Наурыз аналар мерекесі!! (51.5 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт