Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орны
АЛҒЫ СӨЗ
Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың психологиялық даярлығы да маңызды орыналады.
Отбасын құруда жастардың, болашақ ерлі – зайыптылардың бір–бірін толық танып, бір–бірімен жақсы түсіністік қарым – қатынаста болу өте маңызды. Отбасының берік болуына — болашақ ерлі – зайыптылардың отбасында болатын қиыншылықтарды алдын – ала біліп, саналы түрде сол қадамды нық басып, отбасының жақсы және берік болуына үлесін қосуға бел буу қажет. Кез – келген отбасында, жас ерлі – зайыптылар арасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мәселелер болады. Сол мәселе салдарынан отбасында ұрыс – керіс, қақтығыс, дау – жанжал болып, оның аяғы отбасының ыдырауына әкеп соғады.
Оқу-әдістемелік құрал болашақ педагогтардың кәсіби дайындығына психологиялық негіздер беретін категориялық аппаратты қалыптастыруға және бекітуге мүмкіндік береді
Психологияның отбасылық тәрбиеде алатын орны
Жоспар:
1. Отбасындағы тәрбиеге психологияның көмегі
2. Отбасылық психотерапия. Мектеп ұжымы
3. Отбасы және бала психологиясы
4. Қазіргі отбасының психологиялық мәселелері
5. Жастардың үйлесімді отбасын құруына психологиялық даярлық мәселесі.
1. Отбасындағы тәрбиеге психологтың көмегі
Отбасы және Неке психологиясы- психологиядағы неке және отбасы проблемаларын зерттейтін пәнаралық бағыт. Отбасы- некелесуден, туыстық байланыстардан тұратын шағын топтар, жеке өмірді ұйымдастырудың маңызды формасы және әлеуметтік қоғамдастық түрі. Отбасы тәрбиесі- ұлттық тәрбиенің негізі болып табылады. Отбасылық екіжақты жанжалдар- күйеуі мен әйелі де қатысатын отбасылық жанжалдар.
Ұлт ұрпағының болмыс-бітімін қалыптастыру, дүниетанымын жетілдіру мәселесі отбасынан бастау алады. Әрбір ұлт өкілінің өз ұрпағын өз ұлтының болмысына сай дамытып, жетілдіруі — бұл талдауға жатпайтын мәселе.
Әр адам — адамзаттың жеке-дара өкілі болғанымен, өзіндік ерекшеліктерімен дараланады. Себебі, біз — өзіндік мінез-құлқымызбен бет-әлпетімізбен бір-бірімізден ерекшеленетін тұлғамыз, әрқайсымыз ерекше жаратылғанбыз. Біз өзіміздің ата-тегімізбен тығыз байланыстамыз, біздің болмысымызда олардың тәндік ерекшеліктері бар.
Тұлғаның дамуы барысында отбасы мен мәдени ортаға лайықты оның дүниетанымы жетіледі. Адамдардың кейбіреулері «дүниедегінің барлығы қарама-қайшылықта болады» деседі, енді біреулері «әлемде үйлесімділік пен келісім болса, даму жоғары деңгейдегі жетістікке жетеді» деп тұжырымдайды.
Адамның сан қырлы әлемін танып-білуді, ұрпақ өмірге келмей тұрып, ана құрсағында бастау алатынын, яғни, болмысы қалыптасу үшін қам-қарекет жасау керектігін әрбір әке-шеше жете ұғынуы қажет.
Тұлғаның рухани жетілуі үшін, ең алдымен, рухани саналылықты меңгереді. Тұлғаның рухани санасы өмірдің мәнің өзінің өмірдегі орнын, өз тағдырын халықтың тағдырымен ортақ деп түсіну қабілетін дамыту, отбасы мүшелерінің арасындағы сыйластық, ұғынысуды сезінуі абзал.
Психолог-мамандар ата-аналарға сәби дамуының бастауы мына факторлардан тұратынын ұғындырса тиімді болады.
Олар: биологиялық — туа және жүре-бара берілетін ерекшеліктер;
әлеуметтік — бала өсіп жетілетін рухани орта.
Баланың ата-анасымен осы жұмыстарды жүргізе отырып, нәтижесін білу үшін психо педагогикалық мінездеме құрастырады. Бұл диагностикалық кестеде әр баланың пәндер бойынша үлгерімі, материалды қабылдауы, ойын дәлелдеуі, ұштастыра білуі, этикалық, эстетикалық талғамы, қабілеті, өз ісіне жауапкершілігі көрсетіледі.
Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді.
Осы бір ұлағатты ой астарында отбасында - ата-анасынаң мектепте - ұстаздан талап етілетін тағылым жүгі жатыр. Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы — бір халықтың қандай да дара қасиетке ие болып, қандай бет-бейнесімен көрінуі — сол халықтың мектебінің бет-бейнесіне, өзіндік ерекшеліктеріне тікелей байланысты.
Әрине, отбасында бала ұлттық құндылықтар негізінде тәрбиеленіп келіп, ол тәрбие балабақша мен бастауыш мектепте жалғасын тауып жатса, бала өте құнарлы этномәдени білім мен тағылым алары анық. Психолог-маман ұрпақ тәрбиесі тағылымды болсын десе, жұмысты ең алдымен, ата-анамен, яғни, отбасынан бастағаны, жүргізгені, талап еткені жөн. Бұл қазіргі замандағы ең басты қажеттілік десек болады.
Ата-ана әр түрлі, олардың ұрпақ тәрбиесіне, мектепке көзқарасы да сан алуан. Қандай да мектеп болсын, әлеуметтік тұрғыдан бұл мәселені «Отбасы - оқушы - мектеп» үшбұрыштық жүйесімен жүргізгені абзал. Мұндай жұмыс «Отбасылық психологиялық таным» сабақтарын жүргізгенде, оң нәтижесін берері сөзсіз. Ол үшін, ең алдымең ата-ананың өзін-өзі тануына бағытталған тренингтер, өзіне баласының көзқарасын білдіретін тестілер мен психорефлекциялар жүргізіледі. Әрине, кез-келген ата-ананың өзі туралы, өз баласы туралы жоғары пікірде болуы заңдылық. Сондықтан, бұл жүмыстар бастапқы кезде ойын, сергіту сипатында жүргізілгенімен, кейінірек мән-маңызы, берері тереңдей түседі.
Отбасы - педагогикалық қатынас субъекті.
Отбасы, мектеп пен мектепке дейінгі тәрбие мекемелері, балалар және жасөспірімдер бірлестіктері, көше, бұқаралық ақпарат құралдары - бұлардың бәрі де тұлға дамуьшдағы қалыптастырушы ыкпал жасайтын ерекше «тәрбиешілер» тобын құрайды. Отбасы айтқанына көндіріп тәрбиелейді; мектеп оңтайлы қылық, дұрыс көзқарас қалыптастыруға ұмтылады; балалар мен жеткініиектер ұйымдары қарым-катынас жүйелеріне ендіреді; ал көше болса, отбасы, мектеп, әрқилы бірлестік топтар бере алмағандардың орнын толтырады. Бала осы аталған ұйымдардың өз өмірінде қайсысы басым болса, сонысын таң-дайды, соның ықпал тәуелділігінде болады.
Осыдан тәрбие тұлғаға ықпал жасаушы құрылымдардың өзара қатынастарымен бірлікте қарастырылады.
Бала үшін отбасы - ең алғашкы да аса белсенді тұлғалык қалыпта-су көзі. Осыдан отбасында кабылданған көзқарастар, салт-дәстүрлер, ұстанымдар, әрекет-қылық үлгілері тұлға микроэлементіне бастау беріп, оның барша өмірінің негізгі сипатын қалайды.
Отбасы белгілі кызметтерді атқарады:
- қайта өндіру (репродуктивті) -ұрпак келтіру (тек жалғастыру тума әрекеті, перзентті болу, оларды өсіру және тәрбиелеу қажеттігі);
- шаруашылық- экономикалық, (ортақ шаруашылық және каржы пайдалану, еңбекке жарамсыздарға қамқорлық және оларды материалды қамсыздандыру);
- тәрбиелеу (отбасы, оның әрбір мүшесінің тұлғалық қалыптасуына жағдайлар жасау; отбасы ұжымының өз мүшелеріне жеке-дара ыкпал жасап баруы; өмірлік тәжірибе, инабаттылык тәртіптері мен адамгершілік кұндылыктарға баулу);
- қарым-қатынас құру (коммуникативті—отбасы ішіндегі катынас түзу, отбасының басқа адамдармен, жанұялармен, әлеуметтік топтармен байланысын ұйымдастыру);
- қайта қалыпна келу (рекреативті - бос уакыттарындағы демалыс іс-әрекеттерін ұйымдастыру; отбасы мүшелерінің күш-қуатын, денсаулығын қайта тіктеу шараларын қамтамасыз ету).
Отбасы тәрбиелік кызметтерінің іске асуы оның ұлттық ерекшеліктеріне, әлеуметтік-мәдени салт-дәстүрлеріне және ол енген қауымдастыққа тән талап-тәртіп ұстанымдарына байланысты.
Тұлғаның әлеуметтенуінде жетекшілік маңызға ие жалпыға бірдей жағдаяттар болады. Олар: туған күнінен бастап, балаға болатын үздіксіз де тұрақты ықпал; отбасыдағы қарым-қатынастың Туысқандық, сүйіспеншілік, сенім, өзара жауапкершілік сезімдеріне негізделуі; ұрпақтан-ұрпаққа тәжірибе өткізуге бағытталған әрқилы деңгейдегі отбасы мүшелерінің өзара қарым-қатынасы және ыкпалы. Өз балаларының ерекшеліктерін, кызығулары мен қажеттерін ескеруде ата-аналар мүмкіндіктері орасан.
Отбасылардың өздеріне тән ерекшеліктеріне орай топтасуы төмен-дегідей:
Құрылымы бойынша (мүшелер саны, жас деңгейлері): үш әулетті отбасылар - ата-аналар, балалар, немерелер; екі әулетті отбасы-ата-аналар және балалар; бір балалы; көп балалы (үш одан да көп балалы) отбасылар; толық болмаған, яғни ата-анасының біреуі жоқ; перзентсіз және т.б. отбасылар; отбасы тұрмысы және даму жағдайларына байланысты (жарасымды және қисыны кеткен жанұялар); отбасылық тәрбие стиліне орай (әкімшіл, адамгершілікті, либералды).Әкімшіл (авторитарлы) отбасы - бала қарсылығын не күйзелісі мен селқостығын туындататын қаталдығы шектен тыс талаптарымен сипатталады. Сырттай бұл дөрекі қылық пен тұрпайы, жалған сөзден, екіжүзділіктен көрініп, балада қорқыныш пен қорғансыздық сезімін пайда етеді.
Адамгершілікті қатынас түрі (стиль) ата-аналардың бала тұлға-сына болған сыйластық құрметімен, оның көзқарас, ой-пікірлерін кабылдауымен, өзіндік дербестігін шектемейтіндігімен еленеді. Мұндай отбасылар балалар датына құлак түре алады, өз шешімдерімен баланы тұсауламайды, оның шығармашыл ынтасының дамуына көмектеседі. Бұл отбасы жағдайында бала өзін жайлы сезінеді, әрдайым табысты әрекет куанышына бөленіп, оны ата-анасымен бөліседі,олардан қорықпайды, керісінше, ішкі нәзік сырларын ортаға салып проблемаларымен бөліседі, кеңестерін тыңдауға асығады, өз қадір мәртебесін сезінеді.
Либералды стильдік қатынас отбасы баласының не істесе де бетін қайтармауға, оның жауапкерсіздігі мен өзімшілдігіне бастау береді Балалар ата-аналарының әсіре сүйіспеншілігін «қорғаныс» етеді немесе олардың түгелдей елемеу, немқұрайлылығына тап болады. Бұл баланы екіжүзділікке, менмендікке, тәртіпсіздікке, моральдық жұтаңдыққа душар етеді.
Өз перзентіне шынайы қамқорлык пен сүйіспеншілік шуағын арнаған ата-ана, негізінен адамгершілікті (демократтыц) стильді қолдана отырып, орынды жерінде әкімшіл не либералды тәрбие элементтерін қолдануды да ұмытпайды.
Отбасында тиімді тәрбиелеудің белгілі ережелері қалыптасқан:
- баланы бар қалпында сүю, кұрметтеу қажет;
- балаға әсер ететіні құрғақ сөз емес, оның қалай айтылғаны, шын көңілден шыкқандығы мәнді;
- баламен қатынас оның жас ерекшелігіне сәйкес болуы шарт, сонда ғана үлкендер мен кішілер арасындағы дау-дамай туындамайды да ең қонымды тәрбие әдісін таңдап, қолдануға болады;
- баланың не айткысы келетінін түсініп алған жөн, асығыс қорытынды жасаудан сақтанған дұрыс;
- жазаны істеген келеңсіз әрекеті үшін колдануға үйренген жөн, баланы намысына тиіп, қорламаңыз (ешуақытта бала жаман емес, оның қылығы жаман);
- бала жөнінде басқалар (мұғалімдер, көршілер) тарапынан айтылған сын пікірлерден қорытынды жасаудан бұрын оның өзімен әңгімелесіп, әрекетінің себебін анықтап, кейін шешім кабылдаған жөн: жұрт алдында өз беделіңді жоғалтамын деп шошынудың қажеті шамалы, өз баланның сенімінен айырылып қалмаған дұрыстау;
- балаға үйрететініңді алдымен өзің үйреніп, біліп ал;
- да балаңызға канша рет «жоқ» деп, бетін қайтаратыныңызға мән беріп көріңіз, содан корытынды шығарыңыз. Бала ата-анасына түгелдей тәуелді;
- бала жасына қарамай, басыбайлы қадағалауды жек көреді. Ата-анасының өз өміріне шын ыкыласпен араласканын ғана ұнатады. Бала табиғатынан ата-анасын сүйеді;
- баламен өмір, тұрмыс жөнінде жиі сұхбаттасып тұрған жөн. себебі қателіктен ешбір адам қашып құтыла алмайды;
- баланы киындықтар құрсауында жападан жалғыз қалдыруға болмайды.
Отбасы тәрбиесінде қолданылатын басты әдістер - бұл өнеге-үлгі, бірлікті еңбек, іс-әрекет, әңгіме-сүхбат, қолдап-қуаттау, баланы қорғау. «Мендей бол!», «Мендей істе!» ұранымен тәрбиелей отырып, ата-аналар өз өнегесімен қалай жасау, еңбектену қажеггігін үйретіп, сыйластық- сүйіспеншілік сезімін білдіреді. Отбасыда ешкім «мен енді сені тәрбиелемеймін» - деп айтпағаны жөн, себебі төңіректегінің бәрі: -баланы қалыптастыруда өз үлесін косып барады. Балаға болған катынас, ата-аналар арасындағы байланыс, басқа адамдармен араласу, отбасы ішіндегі тұрмыс процесі, барша отбасылық істер. Сондықтан да тәрбие үшін арнайы шарт, жағдайлар жасаудың тіпті де қажеті жоқ-тек қана дұрыс, инабатты, адамгершілік әдеп сақтап, өмір сүруді басты ұстаным етіп алу керек.
2. Мектеп ұжымы
Отбасылық психотерапия - отбасын зерттеп білуге және алдын алу мақсатында оған ықпал жасауды, сонымен қатар кейінгі әлеуметтік-еңбек құқығын қалпына келтіруді қамтитын психотерапия саласы боп табылады. Отбасылық психотерапияның әдісі бәрінен бұрын маскүнемдік, нашақорлық, психопатия, психоздық жәнепсихосоматикалық аурулар кезіндегі психотикалық емес психогендік бұзылу кезінде (жүйкенің тозуы, аса қызбалық және өзіне өзі қол жұмсаушылық реакциялар, мінез-құлықтың патологиялық бұзылушылық жағдайы) қолданылады. Отбасылық психотерапияға психотерапияның басқа салаларымен қарастырылмайтын қосымша аспектілердің тобы кіреді - бұл дегеніміз отбасылық мөлшерде қызмет ету, отбасылық бұзылушылық түрлері, оларды алдын алу, отбасы мүшелерінің психикалық және соматикалық денсаулығына әсер ету, отбасы тіршілігінің бұзылу диагностикасы. Отбасылық психотерапиямен бір мезгілде дәрігер және медициналық психолог қызметі ретінде педагогикалық, заңгерлік, экономикалық ықпал етеді. Олардың айырмашылықтары бәрінен бұрын өз мақсаттарымен анықталынады.
Педагогикалық ықпал ету отбасының тәрбиелік және білім беру мәселелерін шешуге бағытталған. Отбасылық қарым-қатынас мөлшерінде ерлі-зайыптыларға көмек көрсететін психологиялық консультацияны және медициналық мақсатты алдына қоймайды. Отбасына және оған ықпал етуге арналған ғылыми әдебиеттерде кейде отбасылық психотерапияны алдына медициналық мақсат қоймайтын отбасымен психологиялық жұмыс жасау сияқты атайтынын көрсету қажет. 20 ғ. 70-80 жж. отбасына көмек көрсетудің барлық мүмкіндіктегі түрлерінің маңызды саны қалыптасты. Бұл отбасылық консультациялар, танысу қызметтері, отбасылық жаңару және білім берудің әртүрлі түрлері (отбасылық университеттер, дәріс оқытушылар және т.б.), сексологиялық, педиатриялық, педагогикалық кабинеттер болып табылады. Іздеу процесі барлық осы үлгілер арасындағы өзара байланыс және өзара қарым-қатынас жолдарында іске асады.
ХХІ ғасырдың соңғы тоқсанында түрлі психикалық бұзылыстардың "отбасылық диагностикасы” мен "отбасылық емдеу” туралы оқу пайда болды. Ресейдегі әлемде алғаш отбасы терапиясын нағыз негізін салушы И.В.Маляревский болып есептеледі, ол 1882 жылы Санкт-Петербургте психикалық ауру балалар мен жасөспірімдер үшін дәрігерлік –тәрбиелік мекеменің қалаған, оның қызметкерлері психикалық аурулардың отбасындағы өзара қатынасты анықтау мен есі ауысқандардың сол немесе басқа көріністердің қалыптасуында дисгормониялық тәрбмелеудің роліне көп көңіл бөлген. Ауру балалардың туысқандары мен қазіргі отбасы терапиясының бейнесі болып таблатын "отбасылық тәрбиелеу” өткізіледі. Екінші әлемдік соғыс аяқталғаннан кейін 20 ғасырдың 40 жылдарынан бастап, отбасылық терапияға деген қажеттілік өсті. Қазіргі уақытта отбасы терапияда бірнеше бағыттарды бөледі: психодинамикалық, жүйелік және бағдарламалық, сонымен қатарэклетикалық. "Кішкентай Ганс” оқиғасынан Фрейд талдауынан туындаған психодинамикалық бағыт тарихи бірінші болды. Сол кезде психодинамикалық ыңғайдың негізгі белгілерін әсіресе отбасы мүшелерінің тарихи өткенін олардың ұғынбаған (жете түсінбеген) тілектерін, психологиялық мәселелері мен өзара проекцияларын талдап қисынға келді. Психотерапияның тапсырмалары (міндеттері) – инсайтқа жету, яғни өткен өмірдегі шешілмеген мәселелердің қазіргі уақытта отбасындағы өзара қатынасқа қалай әсер ететіндігін, мұндай бұзылған қарым-қатынастың контекстен невротикалық белгілер мен оның кейбір мүшелерінің өмірге бейімделуінің конструктивті емес тәсілдері қалай пайда болғандығын саналы меңгеру.
Қазіргі уақытта психотерапевтің жағынан да, отбасы мүшелері жағынан да, көптеген күш салуды талап ететін мұндай ыңғай жоғары тиімді болғанымен экономика аз мақсатқа бағытталған болып есептеледі. Қазіргі уақытта отбасылық психотерапевтің жартысынан көбі жүйелік отбасылық теропия ағымында жұмыс жұмыс істейді, төрттен бірі психодинамикалық бағытты ұсынады. Эклетикалық бағыттың өкілдері психотерапевтік жұмыста емдік механизмдер бойынша түрлі әдістерді: гипноз, аутогенді жаттықтыру, медитация, қылықты модификациялау бойынша үй тапсырмасы, өзара қатынастың талдауы мен қорытылуы, топтық дискуссия және т.б. біріктіреді. Шетелдік отбасы терапиясының мектептері мен бағыттары жайында. Пало Аято мектебінің өкілі Джей Хейли "мәселені шешуші терапия” әдісінің авторы болды. Оның көптеген әдістемелері Милтон Эриксоннан алынған. Хейлидің пікірінше, отбасындағы қатынас отбасының басқа мүшелерін басқару таласының нәтижесімен анықталады. Белгі – қоршағандардың қылығын басқару тәсілдерінің бірі. Джей Хейлидің көзқарасынша, психотерапияның міндеті адамдардың басқа әсер теу тәсілін ұсынудан тұрады. Отбасы терапиясы емдік тиімділігі, егер терапиялық сессияда отбасының барлық мүшелері жиналса, айталықтай артады. Отбасы терапияға Хейлидің үлесі отбасы түрлі дерективтер (тапсырмалар) беруі болды. Тапсырмаларды орындау теңдікті қамтамасыз ететін әрбір отбасы мүшесі өз пікірін айтуға немесе бір нәрсе істеуге құқылы болды. Психотерапевт шанс уақытында да, үйге де тапсырма береді. Пало Алто мектебінде басқа ірі фигура Мюрри Бауэн болды. Оны АҚШ-тағы отбасы терапиясының негізін қалаушылардың бірі деп есептейді.
ХХ ғасырдың 60 жылдарында отбасы психотерапиясының әдісін жасап шығарған:Қатынастарды айқындау және анықтау. "Үшбұрышқа кіргізілмеу” (бауэн психотерапевтерге қақтығыстарға эмоционалды берілмей, өз зейіннің қатынас процесіне шоғырлануды ұсынған);Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасы терапиясының мақсаты психотерапия қатысушыларының жеке тұлғаларының өткен бейсаналы қатынастар базасында емес, қазіргі шындыққа негізделіп бүтіндік толыққанды тұлғалар сияқты әрекеттесу жағдайында болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитикалық бағытталған терапевтер басқа мектептерге қарағанда аз дерективтенген. Бұл терапевтикалық бағытта келесі техникалар қолданылады: конфронтация, кларификация, интерпретация және тәжірибелі өңдеу, коммуникативті қабілеттерді жақсарту техникалары, "бос асссоциациялар” техникасы. Психоаналитиктер бос талқылауды кенеттен сұрақтар мен тоқтатып, бақылау мен тыңдауды таңдайды. Отбасылық жүйелік терапия: Бұл бағыттың ірі өкілдері - Мара Сельвини Палаццай, Клу Маданес; Сальвадор Минухин және т.б. қазіргі уақытта жүйелілік бағыт ең кең танылған перспективті, экономикалық орынды және отбасы терапиясының терапевтикалық тиімді бағыттарының бірі болып есептелінеді. бҰл бағыттың дамуынша айтарлықтай әсер көрсеткен Илья Пригожиннің жалпы жүйенің теориясы жағдайы болатын. Жеке отбасы теропиясында отбасы құралған байланыстарды сақтау мен эволюциясына талпынатын бүтіндік жүйе ретінді қарастырылады. Отбасы пайда болуы (тіршілігі) бойында дамудың заңдылығы дағдарыстан өтеді (некеге тұру, ата-аналық отбасынан бөлу, жүктілік, баланың туылуы, баланың мектепке дейінгі мектеп мекемесіне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата-анасының зейтеақыға кетуі т.б.). әсірісе осы тіршіліктің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуші реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жеке отбасының негізгі қадамдары келесідей:
- психотерапевті отбасымен біріктіру;
- психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
- отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
- психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Мара Сельвини Паллацоли түрлі жыныстағы терапевтер бригадасы отбасымен жұмыс істейтін, ал қалғандары олардың жұмыстарын бақылайтын бір жақты мөлдір айнаның артында жұмыс істейтін принципті ұстанған. Психотерапияның бірлігі бір үйде тұратын отбасы мүшелерінің барлық сессияға қатысуы болып табылады. Кездесулердің жиілігі айына бір рет, бар болғаны он ақ сессияға дейін. Оның әдісі қысқа және кенет болатын, ал кенет шешуші қозғалыспен отбасында өзгерістің туғызуы тырысатын. Пародоксальді тапсырма өте мұқият өңделіп, отбасындағы регидті ережелер мен аңыздарға қарсы тұратын оң барлық мүшелерін әрекеттер сериясына тартатын.
Бағдарламалық отбасы терапиясы: Отбасы терапиясының бұл әдісі мәселені шешуге бағытталғандықтан "мәселені шешуші” "қысқа” деп аталады. Бұл бағыттың ең танымды тұрғалары – Джей Хейли, Гари Уитер, Клу Маданес. Өз жұмыстарында психотерапевтер отбасы мүшелерінің тұлғалық ерекшеліктерін шоғырлатпайды. Берілген ыңғай белгінің бөліктеріне үлкен көңіл бөлумен, ал отбасыға қызығушылықпен сипатталады. Бұл бағыт әйгілігін 1970 жылы ие болды. Бұл әдістің идеяларын көптеген өкілдері Милтон Эриксонның жұмыс тәжірибесінен алып пайдаланған. Оның тәжірибесіне екі ыңғай тән: әсер етудің жанама әдістерін қолдану және клиент ұсынғанның барлығын қабылдау. Бағдарламалық ыңғайдың мәні отбасындағы өзгеріс, бұзылыстың себебін түсінуден маңыздырақ болғандықтан мәселені шешуүшін бағдарламаларды өңдеу болып табылады. Бағдарламалық терапевтер мәселенің тұрақтылығын қамтамасыз ететін факторларды зерттейді. Көптеген бағдарламалық психотерапевтердің пікірінше қалыпты жұмыс істейтін отбасы – бұл белгілерден қашатын және өзгермелі жағдайлардың талабына сәйкес жұмыс істей алатын отбасы. Отбасы қылықтық психотерапия: Отбасы қылықтық психотерапия өзінің негізгі принципі ретінде қылықты салдармен біріктіруде көрінеді, осыдан қылықтың паттерні жағымды салдар туынданғанға дейінгі барлық жағдайдағы өзгерістерге қарсы тұрады. Бұл бағыттың өкілдерін қылықтардың жүйелілігінің талдауы қызықтырады. Некедегі қанағаттанушылық бір-бірне тұғызған қанағаттанудың көмегімен емес, өзара фрустрациялардың жоқтығымен айтарлықтай көп мөлшерде шартталу жағдайы негізге алынады. Жиі қолданылатын техникалардың бірі ата-аналардың қылықтық тренингі болып табылады. Психотерапияның процесі терапевт клиенттің мәселесінің мәні мен оны шешу жолдары көзқарасын өзгертуден басталады. Қылықтың психотерапевтер емдеуге бүкіл отбасын емес тек баланы және ата-ананың бірін шақыратын кейбіреулердің бірі. Ата-аналар қылықтар тренингі балаларды тәрбиелеу, эмоционалдық қылықтың әсер ету, тану және модификациялау сұрақтарында олардың іскерлігін жоғарылату мақсаты бар.
Басқа бағыттар: Отбасылық коммуникативті терапия Пало Алто бағытынан бөлініп шықты. Оның жүргізуші өкілдері П. Вацианик,Д.Джексон және басқалары болып табылады. Отбасы коммуникативті терапия мақсаты коммуникация тәсілдерінің өзгеруі немесе интеракцияның жұмыс істейтін үлгілерін өзгеру мақсатымен саналы әрекеттер болып табылады. Алғашында бұл бағыттың өкілдері, мысалы, Вирджиния Сатир, жәй отбасындағы коммуникацияны жақсартуды мақсат етіп қойды, содан соң бұл идея блегіні қолдайтын коммуникацияның тәсілдерін өзгертуге дейін кішірейді. Отбасы коммуникация негізгі техникалар тобы келесілері болып табылады, отбасы мүшелерін анық коммуникацияның ережелеріне үйрету; отбасында коммуникацияны талдау және интерпретациялау; әртүрлі тәсілдер мен ережелердің көмегімен отбасындағы коммуникацияны манипулыциялау. Бұл психотерапияның түрлі жоғары тиімділіктегі әдіс ретінде дәлелдене алады. Тәжірибеге негізделген отбасы психотерапия бағытының өкілдерінің бірі ең танымалдары Карл Уйткейер және Огаст Напри. Бұл әдіс "тәжірибе” мен "сапалы мәнге” негізделген.
Ерлі-зайыпты психотерапия: Ерлі зайыпты психотерапия отбасылық жұпқа бағытталған психотерапияның формасын атайды. Ол отбасылық жұпқа отбасылық қатығыстар мен дағдарысты жағдайларды бастан кешіруге, өзара қақтығыста үндестікке жетуге, қажеттіліктерді өзара қанағаттандыруды қамтамасыз етуге көмектеседі. Ол өз бетінше әдіс ретінде де, отбасы психотераипя кезеңі ретінде де жұмыс істей алады. Жұмыс ерлі-зайыптылармен немесе психотерапевтің қабылдауына келген серіктестің бірімен өткізіледі. Ерлі-зайыпты психотерапия мұндай вариантында психотерапевтпен күйеуі (әйеләнің) мәселелері емес, оның ерлі-зайыптылығы жөніндегі ойлары, сезімдері, уайымдары ғана талқыланады. Қазіргі уақытта ерлі-зайыпты психотерапияда динамикалық, қылықтық және гуманистік ыңғайлары ең кең тараған. Динамикалық ыңғайда ерлі-зайыптының қолайсыздықтың екі серіктестіктің ішкі қылық мотивация көзқарасымен қарастырылады. Тұлғалық қатынастардың динамикасы мен олардың психикалық процестердің динамикасымен байланысы қарастырылып отырады.
Ерлі-зайыпты психотерапияның қылықтың ыңғайының мақсаты серіктестерінің қылығының өзгеруі бәрінен бұрын болып табылады. Отбасы терапиясында қазіргі уақытта қылықтық бағыт ең кең тараған. Оның ең әйгілі формалары – ерлі-зайыптының шарттарды жасау, коммуникативті тренинг, конструктивті талас, мәселелерді шешу тәсілдері және т.б. қазіргі уақытта көптеген мамандар бәрінен жиі когнитивті –қылықтық терапия мен жүйелі психотерапияны байланыстыра интегративті ыңғайды қолданады. Шарт негізінде қылық терминінде өздерінің талаптары мен өзіне алынған жағдайларды оның ерлі-зайыптылар анықтайтын келісім шарт жатады. Талаптарды формулағанда келесі тәртіпті қолдау ұсынылады: жалпы наразылық, оны нақтылау, одан кейін жағымды сөздер (ұсыныстар), соңында әрбір жұбайдың әрқайсысының міндеттерін тізу мен шарт. Гуманистік бағытта ерлі-зайыптының қатынасын психологиялық түзетуде үйлесімді неке негізінде ашықтық, аутогендік, толеранттылқ, басқаға тиімділік пен әрбірінің тұлғалық тәуелсіз дамуы түсінігі маңызды болып табылады. Бұл ыңғай динамикалық қарама-қарсылық ретінде дамыған. Ол зайыптының тарихи өткенінің әсеріне, шектен тыс манипулятивті қылықтық ыңғайға бағытталған. Отбасылық кеңес беру: Отбасылық кеңес беру – бұл отбасылық терапияның бір түрі, оның өзіндік терапевтикалық қатысудың ерекшелейтін белгілері мен шектері бар. Отбасылық кеңес беру, отабасылық терапиямен бірге параллельді дамып, бір –бірін өзара байытты. Отбасылық кеңес берудің алдында тұрған мақсаты – отбасындағы әрекеттестікті өзгерту мен жеке тұлғалық өсу мүмкіндігін қамтамасыз етуүшін отбасы мүшелерінің мәселелерін зерттеу болып табылады. Отбасы кеңес беру мен отбасы терапиясы немен өзгешеленеді? Біріншіден, отбасы кеңес беру аурудың тұжырымдамасын қабылдайды. Екіншіден, отбасындағы ролдік әрекеттестік жағдай мен аспектісін талдауға екпін қояды. Үшіншіден, ол кеңес беру субъектілерінің жекелік ресурстарын іздеу мен жағдайды шешудің тәсілдерін талқылауға көмек беруге шақырылған. Отбасы кеңес берудің басты теоретикалық тұжырымдар санының ішіне когнитивті – қылықтық терапия, рационалды-эмоционалды терапия және басқа келтіріледі. Мұнымен оның арсеналында бар әдістер мен тәсілдердің түрлілігі қамтамасыз етілген. Отбасы кеңес берудің негізгі принциптері мен ережелері келесі бөлімдерге келеді. Байланысты орнату және кеңес берушінің клиентке қосылуы. Оптималды қатынасқа мүмкіндік туғызатын конструктивті арақашықтықты сақтаудың көмегімен, сонымен қатар кеңес берушімен кеңес алушының мимикалары мен тыныс алуларын синхронизация тәсілдерін, өзінің отбасылық мәселелері жайында хабарлаушының басым репрезативті жүйесін бейнелейтін сөздік формасн кеңес берушінің қолдауымен қол жетеді. Мета-модельдеу (НЛП) және терапевтикалық метафорлар тәсілдерін қолдану мен клиенттің мәселелері туралы ақпаратты жинау.
Бұл мақсатқа жету үшін кеңес беруші мынадай нақтылайтын сұрақтарды қоя алады: "мынадай нәтижеге қол жеткізе аласыз ба?”, "сіз нені қалайсыз?”, " ол жайында жоқ деген жағымсыз , бөлшексіз, яғни жағымды нәтижені суреттейтін сөздермен айтуға тырысыңызшы”. Психотерапевтикалық келісім шартты талқылау отбасына кеңес берудің маңызды міндеттерінің міндеті болып табылады. Бұл кезеңде клиент пен оның кеңес берушісінің арасындағы жауапкершілік қалай бөлінетіндігін талқылау жүргізіледі. Мысалы: отбасы кеңес беру қауіпсіздік жағдайларына, клиенттің мәселелерін шешуге жету технологиясына кеңес беруші жауап береді. өз кезегінде клиент өзі белсенділігі, өзінің ролдік қылығын өзгерту тілегінде шынайылығын және т.б. үшін жауапты болады. Бұл фазаны сәтті өткеннен кейін қатысушылар жұмыстың ұзақтығы (3-6 сағат) бір сеансты өткізу ұзақтығымен терапевтикалық кездесулердің кезеңдігі (мысалы, алғашында аптасында 1 рет, кейіннен 2-3 аптада бір рет) жайында келіседі. Соңында төлем ақы шарттары мен келісім шарт жағдайларын екі жақ бұзу санкциялары талқыланады. Кейіннен клиенттің мәселесін нақтылау, сонымен қатар жалпы отбасының және оның мүшесінің әрқайсысының ресурстары анықталады. Бұған мынандай сұрақтар қойылуға мүмкіндігін туғызады: "сіз бұрын қиындықтармен қалай күрестіңіз?”, "сізге онда не көмектесті?”, " сіз қандай жағдайларды мықты болдыңыз?” ,” сіз өз күшіңізді қалай қолдандыңыз?”. Кеңес берушінің өзінің қылығы мұнда клиентке кеңес беру процедурасының қауіпсіздігі мен сәттілігіндегі үмітін нығайту керек: "Сіздің тілегіңіз өзгерісті, сіздің бұрынғы тәжірибеңізді, белсенділік пен шынайылықты кеңес берушінің сізбен бірге қызмет істеуге тілектестігімен бірігу, оның профессионалды қасиеттері мен жұмыс тәжірибесі жұмыстың сәттілігінің кепілдігі болады”. Кеңес берудің қатысушылар мен құлықтың қалыптасқан стереотиптерінің жағымды және жағымсыз жақтары талқыланады. Мысалы, мына сақтардың көмегімен: " сіздің пікіріңізше, құралған жағдайда ең жағымсызы не? Ал бұл жағдайларда ең жағымдысы не?” құлықтың жаңа шаблондарын бірігіп іздеу жүзеге асады. Кеңес беруші келесі сұрақтарды ұсыналы: " Сіз мәселені шешу үшін әлі не істеген жоқсыз?” , "сіз үшін маңызды адамдар ұқсас жағдайда өздерін қалай ұстайды? Сіз солай істей алар ма едіңіз?” немесе "сізге осындай істі істеуге не көмектеседі?” кеңес беруші визуализация тәсілдерін қолдана алады: клиенттер транста болып, туындайтын кенестетикалық сезімдерді белгілеп жаңа жағдайларың бейнесін құрайды.
"Экологиялық тексеру”. Кеңес беруші отбасылық мүшелеріне ұқсас жағдайда 5-10 жылдан кейін өзін елестетіп, өзінің күйін зерттеуді ұсынады. Отбасы кеңес берудің соңында жақындап, кеңес беруші нәтижелерді "қауіпсіздігі” бойынша күш сала бастайды. Кейде клиенттерге жаңа қылық шаблонын меңгеруде сенімділік алуға көмектесетін әрекеттерді қажет етумен байлаысты. Олар кеңес берушіден алынған нәтижелерді талқылау үшін үй тапсырмасы мен бірнеше уақыт өткеннен кейін қайта кеңес алуға шақыру ала алады. Қазіргі уақытта отбасы кеңес беру Ресей аймағы даласындағы кең тараған психотерапевтикалық көмектің түрі болып табылады. Мұндай процедура жағдайлар қатарында қажетті болған, мысалы, әдебиеттерде "пародаксальді тапсырмалардың” көмегімен Джей Хейли қалай істегені жайында суреттеледі, оны нақты орындау теріс нәтижеге алып келеді, өзінің сезімдерін көрсету жайында кеңес беру өткізілген жас ерлі-зайыптылар өздерінің "эмоционалды әсер беруді тексеру үшін” күніне бір сағат ұрысу ұсынылған. Хейли саналы түрде ешкім өзіне кесірін тигізе алмайтынын біліп, адами табиғатын осылайша ескерген. Ерлі-зайыпты тапсырманы орындауға тырысып, оны тастап кетті, оларда бір-бірін бағалау тілегі күшейіп, "ақымақ кеңес беруші” кеңесінен бас тартып, осылайша "бөліну” болды. Қазіргі уақытта кейбір отбасындағы қатынастарды психотерапевтикалық түзету. Отбасы терапиясында психотерапевт отбасын зерттеп, отбасылық бұзылысты анықтап, олардың өмірлерінде тілекті өзгерістерге жету мақсатымен отбасы мен оның жеке мүшелерінің әсерін ұйымдастырудан басталады. Онда мәселелер мен міндеттер туындайды, оларды шартты үш топқа бөледі, отбасы терапиясы отбасының дұрыс қарым-қатынасының қалыптасуы, терапияны жүргізудің жалпы сұрақтары, соңында отбасы психотерапия әдістемелері. Отбасы психотерапиясына жағымды қатынасты қалыптастыру, ұйымдастырушы эмоционалды және интелектуалды себептердің салдарынан отбасы мүшелерімен оның қатысушылары үшін қиын болғанымен қажетті, сондықтан психотерапевтке психотерапияға қатысудың күшті және тұрақты мотивациясын қалыптастыру қажет. Ереже бойынша, бірінші кездесу болашақты анықтау болып табылады – оның уақытысында психотерапевт соқтығысатын мәселесін күрделілігі анықталады, ол клиенттер (отбасы мүшелері) отбасы психотерапиясы жайында алғашқы түсініктерді алады және онда қатысуын жалғастыру керек пе екендігі анықталады. Жалпы алғашқы кездесу барысында қысқа уақыт ішінде клиенттің күрделі және ұзақ жұмыс қажеттігі мен психотерапияның сәттілігі үшін жауапкершілік сезімі мен белменділігін түсінуге терапевт көмектесу міндеті бар, содықтан, отбасы мүшелері мен алғашқы кездесудің жақсы өңделген жоспары қажет.
Басында психотрапевт клиенттің мәселесімен танысу отбасы отбасымен т.б. мен байланысты оның эмоционалды уайымдарын көкейкестіру, клиент күнделікті өмірде кездесетін фрустрациялардың жиынтығы көруді беру керек. психотерапевтің одан кейінгі міндеті - клиентте отбасы психотерапиясы оның мәселелерін шешуін табуға көмектесетін түсінігін құру. Психотерапевт клиенттің көңіл –күйін психотерапияға қатысуға мотивін құру, сонымен қатар, аз емес маңызды қатысуға қарсы тұратын мотивтерді өңдеу, болашақ қиындықтарды көру мәселесі шешудің жолдарын табу үшін қолдануы керек. Бұл кездесудің тағы бір маңызды аспектісі – клиент психотерапевтен көмекті енжар күтетін болашақ жағдайды болдыртпау үшін онда психотерапевтикалық іс-әрекеттің мазмұнына белсенді қызығушылықты қалыптастыру. Оның орнында ол психотерапевтің көмегімен өзінің отбасы мәселелерді шешуді белсенді істеуге бағытталады. Отбасы психотерапевт өзінің жұмысын ұйымдастыруда түрлі түрдегі мәселелерді шешуге тура келеді.Отбасылық дискуссия әдісі – отбасы психотерапия тәжірибесінде кең қолданылады. Оны өткізу уақтысында отбасы мүшелері олардың өміріне қатысты мәселелердің кең шеңбері және түрлі отбасылық сұрақтарды шешу жолдары талқыланады. Дискуссия көптеген мақсаттарды анықтауы мүмкін: мысалы, отбасылық әрекеттестік жайындағы қате түсініктерді жөндеу немесе отбасы мүшелерін дискуссия әдістеріне үйрету. Дискуссияны басқару психотерапевт пен қажетті іскерлікті талап етеді. Отбасы дискуссияларын өткізуде қолданылатын негізгі амалдардың қатарынаүндемеуді тиімді пайдалану, тыңдай алу қабілеті, сұрақтардың көмегімен оқыту, қайталау, талдап қорыту, нақты пірікмен конфронтация және т.б.
Соңында сәтті отбасылық өмірге қажетті іскерлікер мен дағдылар отбасы мүшелерінде жеткіліксіз екендігі анықталады; отбасы психотерапия барысында бұл жетпейтін дағдылар түрлі психотерапивтикалық техникалар, арнайы жаттығулар мен тренировкалардың көмегімен қалыптасады. Олардың жалпы принципі отбасы мүшесінің алдында нақты міндет тұрады, мысалы, ол қалыптастыруы керек, іскерлік пен дағды түрінде, және тапсырманы орындай алған, алмағаны жайында сынауға болатын критерий айтылады. Отбасылық психоаналитикалық терапия: Психоаналитикалық отбасының терапияның қатысушыларының тұрғасының (қазіргі шындық негізінде) бұрынғы бейсаналы қатынастар негізінде емес, толыққанды сау тұлғалар ретінде әрекеттесуге дайын болатындай етіп өзгеруі болып табылады. Психоаналитиктер бақылау мен тыңдауды таңдап, бос талқылауды кенет сұрақтармен тоқтатады.Отбасы жүйелі психотерапия: Қазіргі уақытта жүйелі бағытталу ең кең ұсынылған перспективті, экономикалық мақсатқа бағытталған және терапевтикалық тиімді отбасы терапия бағыты болып есептеледі. Жүйелі отбасы психотерапиясында отбасы құрылған байланыстарды сақтау мен эволюцияға талпынатын бүтіндік жүйе ретінде қарастырылады. Отбасының пайда болуы дамудың заңдылықты дағдарысынан өтеді (некеге тұру, ата-ана отбасынан айырылуы, жүктілік бланың туылуы, баланың мектепке дейінгі / мектеп мекемелеріне түсуі, олардың мектепті бітіруі және өзінің өмір жолын таңдауы, ата-аналардан ажырау, ата – анасының зейнетақыға шығуы және т.б.) әсіресе осы тіршілігінің бөлігінде отбасы бұрынғы тәсілдер мен жаңа мәселелерді шешуге қабілетсіз болғандықтан өздерінің бейімделуіне реакцияларын күрделендіру қажеттілігінің алдында тұрады.
Жаңа отбасы психотерапиясының негізгі қадамдары келесідей:
1. Психотерапевті отбасымен бітіру;
2. Психотерапевтикалық сұранысты тұжырымдап айту;
3. Отбасылық қатынастарды реконструкциялау;
4. Психотерапияның аяқталуы мен бөлінуі.
Бағдарламалық отбасылық психотерапия.
Бұл отбасылық психотерапияның әдісі "мәселені шешуші” деп аталады. Өз жұмысында бұл бағыттың психотерапевтері отбасы мүшелерінің жекелік ерекшелігіне шоғырланбайды. Бұл ыңғай белгі бөліктері мен отбасыға аз қызығушылыққа шектен тыс зейінмен сипатталады. Бағдарламалық бағыттың мәні мәселені шешу үшін бағдарламаны өңдеу болып табылады, себебі отбасындағы өзгеріс бұзылыстың себептерін түсіну отбасында маңызды. Жанұяның имплицитті теориясы: Жанұяны әртүрлі тұрғыдан қарстыру немесе кеңес беруде жанұяның әртүрлі теориялық моделіне сүйенеді. Дегенменде, бұл модельдер ашы түрде көрініп, тұрмайды, бірақ ауытқуы мен қалыптылық осыларға байланысты болады. Л. Г. Люсик жанұялық терапияға әртүрлі жол табатын "Жанұялық теория” мақсатында үлкен зерттеу жүргізілді.
Жанұяны зерттеушінің құрған кеңесі немесе болжамы жанұялық теориялық моделінен ғана емес, ондағы қалыптасқан жанұяның имплицитті моделіне де байланысты. Бұл психотерапияның тиімділігі бұл мақсаттар мен интерпритациялар клиенттер үшін қаншалықты қалыпты болып саналады соған байланысты. Бірақта вербальді деңгейде біз өзіндік мақсаттың, стереотиптің, клиенттің тұлға екендігінде деген сыйластықтың жоқтығын, сонымен қоса өмірлік тәжірибесі бар, өз мақсаты мен құндылықтарын әрқашанда ұғына бермейтін тірі одан болып қала береді. Жанұяны қатаң ғылым объектісі ретінде қарастыратын әлеуметтанушылардың өздері де "жанұялық өмірдегі тұлғалық тәжірибе сыналушылардың шынайы еместігі мен өз өзін қоғауы жанұялық қарым-қатынасты зерттеуге құлшыныс білдіруге кедергі жасайды " деп айта кетеді.
Психолог – кеңесінің жұмысы жемісті болу үшін әрбір жанұядағы жанұялық теорияны ондағы бағытты, жұмыс техникасын өзінше жорамалдап қоймай жанұяның өзіндік концепциясын ұғынып, өзі жұмыс істейтін жанұяда қандай мәдениеттің басымырақ екенін түсінуі қажет. Жанұяға еніп кеткен мәдениет екінші бір тері сияқты: біз онда дағдылы түрде өсеміз де оның бар екендігін байқамай да қаламыз. Дегенменде оның біздің мінез-құлқымызға әсері көп екеніне таң қалмауға да болады.
Көп авторлардың пікірінше, тұлғаның дамуы мен қалыптасуы тек ұжымдық тәрбие жүйесінде іске асуы мүмкін. Осы жағдайда ғана ұжым дұрыс әрекеттегі өзіндік басқарым органына, тұлғалық арақатынастағы ұжымшылдыққа және өзара жауапкершілікке ие болады. Бұл өз кезегінде жан-жақты дамуға, еркіндікке, қорғанысты болуға, сонымен бірге әр тұлғаның мәртебесін көтеруге жол ашады.
Педагогикалык әдебиеттерде келесідей белгілерге ие болған әрқандай тәрбиеленушілер бірлестігі - ұжым деп аталады:
- ортақ әлеуметтік мәнді мақсатқа ие. Қалаған топтың мақсаты бар: дүкен кезегінде тұрған не автобус күтіп тұрған адамдардың да, қылмыскерлердің де. Әңгіме, ол мақсаттың мағынасында, неге бағдарлануында. Ал ұжым мақсаты әлеуметтік мақсаттармен ұласады, оны қоғам да, мемлекет те қолдап, қуаттайды.
- іс-әрекет - ортак мақсатты іске асыруға бағытталады.: ол бірлікті ұйымдастырылып, ұжым мүшелерінің іс-әрекет нәтижесіне болған ерекше жауапкершілігін танытады.
- жауапкерлі тәуелділік қатынасында болуы. Ґжым мүшелері арасында мақсат не іс-әрекет бірлігі ғана емес, сонымен бірге оларға байланысты ерекше бірін-бірі ққжетсіну катынастары жүйесі қалыптасады.
- Сайлаумен тагайындалатын ортақ басшы орган. Ґжымдарды басқару органдары ұжымның аса беделді мүшелерін тікелей және ашық сайлау жолымен қалыпқа келтіріледі.
Сонымен, мектеп ұжьшы — бұл әлеуметтік мәнді мақсатпен іс-әрекетпен, сол іс-әрекетті ұйымдастыру багытымен бірлескең ортақ сайлану органымен, ынтымағымен, ортақ жауапкершілгімен, теңдей құқық пен міндеттерге ие бола тұрып, өзара тәуелділігін тани білген барша тәрбиеленушілер тобынан құралады,
Тұлға әлеуметтенуінде мектеп ұжымының ықпалы өте күшті. Себебі, бұл ұжым өз ішіне біртұтас жалпы мектептік ұжымды, сыныптар, уйірмелер, спорттық бөлімдер, уақытша ұжымдық бірлестіктер кұрылымдарын қамтиды. Тәрбиеленушілер өз алдына ұжым есептелетін оқу, еңбек, қоғамдық, көркем өнер - шығармашылық клубтық, сиорттық және өзге де бірлестіктердің мүшелері болуы ықтимал.
Тәрбиеленушілер тобының аса мәнді сапасы- элеуметтік-психологиялық кемелі. Себебі, осындай кемел деңгейі ғана топты түбегейлі жаңа әлеуметтік кұрылым - топ-ұжым дәрежесіне жетілдіреді.
Ұжым қалыптасуының төменгі деңгейі бұл топ- конгломерат («қырық рулы- тобыр»), бұрыш бірін-бірі танымаған, бір кеңістікте, бір уақытта қандай да себептермен кездесіп, топтасып қалған балалар бірігімі (балалар лагерлері, әрқилы денсаулык сақтау және т.б. топтар). Бұл топтағылардың ара-қатынастары үстірт, жағдайға байланысты. Мұндай топ бірте-бірте өз атамасына ие болып, ортақ мақсат төңірегінде бірлесе бастауы да мүімкін.
Егер осындай бірлесу жүріп,ортақ іс-әрекет белгіленсе, конгломераттар бір саты көтеріліп - (ассоциативті) топка айналуы мүмкін. Осы деңгейде топтың ортақ өмірлік тіршілігі, іс-әрекеті өрбіп, ұжым құрылымына тән бастау алуы мүмкін.
Ресми алғашкы топ аймағындагы бірлікті іс-әрекет одақтасқан (ассоциативті) топқа жоғары деңгейлі құрылымға, ең бастысы тұлға аралық қатынастарға жаңа өң беретін еңбектік мақсат төңірегінде ұжымдаскан топ- кооперацияларга есік ашады.
Еңбек тобы- кооперация нақты және ұжымдаса әрекетке келуші кұрылымға ие, жоғары кызметтестік қатынасқа бейім топ дәрежесіне көтеріледі, оның тұлғааралық қатынастары іскерлік сипатқа ие болып, жоғары нәтижелер көзіне айналады. Бұл кооперация тобының келесі жоғары деңгейдегі дербестенген - автономиялы тобына айналуына мүмкіндік береді.
Дербестенген автономиялы топ жоғары ынтымағымен ерекшеленеді. Дәл осы деңгейде топ балалары өздерінің ұжым мүшелігін сезінеді. Осы жағдайда ғана ұжымның әрбір мүшесі өзінің даралығын сезіне отырып, іштей бірлік және ынтымакқа келіп, аса жоғары деңгейге жетуге ұмтылыс білдіреді.
Дегенмен, кейде дербестікке ие болған топ, еңбек бірлестігі -ұжымнан бөлініп, өз бетінше кетуге де ынта білдіруі мүмкін. Мұндай жағдай топтың тұйықтыққа беріліп, басқа топтардан ажыралып, оларды өзіне карсы қоюынан да болуы мүмкін. Осыдан топ жалған ұжым сипатына енуі күтіледі.
Керісінше, егер бірлестік тұлғааралық қарым-катынас пен өзара әрекетке келетін болса, онда ұжымдасқан бағыт-бағдар калыптасып, топ кәдімгідей бір мақсатты, ортақ іс-әрекет төңірегінде біріккен ұжымға айналады.
Ұжымдар өндірістік, саяси, мектептік, отбасылық көркем өнер бірлестіктері болып ажыралады.
Мектеп ұжымы күрделі сипатқа ие болуымен, өз ішіне окушылар ұжымын және мұғалімдер ұжымын қамтиды.
Оқушылар ұжымында келесі бірлестіктер болуы мүмкін:
- бастапқы (не өзара байланысты) ұжым- ұзақты қарым-қатынасқа түскен бір сыныптағы окушьшар (сынып);
- жалпы мектептік ұжым - ол сынып бірлестіктерінен құралады. Кейбір оқу-тәрбие жұмыстарды орындау үшін ұзақты не қысқа мерзімді, уақытша ұжымдар түзіледі: үйірмелер, спорт секциялары және т.б.
Соңғы кездері әлеумет танушылар ұжым ішінде шағын топтарды бөліп қарастыруды жөн көруде. Шағын топ қатысушыларының өзара жақындығы әлеуметтік мәнді мақсаттардан болмай, олардың арасындағы жеке сыйластық пен кішігірім топтық қызығуларға негізделеді.
Мектеп ұжымының даму процесі кездейсоқ емес, ол педагогикалық басқарымды. Ұжымды педагогикалық басқару тұрғысынан келесі ережелерді ескеру қажет:
- педагогикалық басшылық тәрбиеленушілердің өз бойына тән дербестік пен еркіндікке болған ұмтылысына негізделуі шарт;
- педагогикалық басшылық жүйелі түрде ауысып барғаны дұрыс, себебі, ұжым- қозғалысты, үздіксіз дамудағы құбылыс;
- барша тәрбиелік ықпалдар: отбасы, қоршаған орта, сынып мұғалімдері өзара сәйкестендіріле, бірлікті іске асырылуы тиіс;
- ұжым мүшелерінің өз міндеттерін орындауын бақылау, қадағалау және реттеу демократиялық басшылық шеңберінде іске асуы міндетті;
- тапсырмалар бөлістіруде олардың ұжымға ғана қажеттігін ескеріп қоймай, тәрбиеленушілер қызығуларына сәйкестігін де ойластырған жөн;
Ұжым ынтымақтастығын болдырудың келесідей жолдарын пайдалану қажет:
- бірлікті іс-әрекет. Оқушылар әрқилы іс-әрекеттермен айналысады: оқу, қоғамдық пайдалы жұмые, еңбек, ойын, көркем өнер, эстетикалык, спорт, туризм және т.б.
Мектеп субъекттерін алдымен біріктіретін оқу істері, себебі олар бір бағдарлама негізінде орындалады, оқуды жүргізетіндер де бір мұғалімдер тобы, үйренетін әлеуметтік тәжірибелері де, әртүрлі себептермен болатын толғаныс, күйзелістері де ортақ. Ұжым басын қосуға себепкер - дұрыс педагогикалық басшылықпен ұйымдастырылған еңбек және ойын әрекеттері. Ойын арқылы тәрбиеленушілер қоршаған болмысты таниды, ойынды ойластыратын да өздері;
- ұжым салт-дәстүрлері;
- ұжым қызметтерінің мазмұны және жүрісі;
- тәрбиеленушілердің ұжымда не болып жатқанынан хабардар болуы, осыдан балалардың ортақ толғанысы туындайды;
- салыстыру, жариялылық, жәрдем, ұнамды баға принциптеріне сәйкес өткізілетін жарыс, бәсекелер;
- ұжым кейпі мен эстетикасы;
- өзіндік басқарымның шымдастырылуы.
Өзіндік басқарым - бұл ұжым тіршілігінің өкілетті тұлғалар тарапынан реттеліп баруы.
Өзіндік басқару органдары және олардың саны нақты жұмыстарға байланысты белгіленеді. Олар тұрақты (сынып кеңесі, оқушылар комитеті, староста) және уакытша (штабтар, комиссиялар, жұмыс бабындағы кеңестер) болуы мүмкін.
Мектептегі өзіндік басқарудың ең жоғары органы - жалпы мектеп ұжымының не оның өкілдерінің жиналысы. Жиналыс шешімдері өкілетті мұрагелерге берілген құқықтар деңгейінде қабылданады.
Мектептегі өзіндік басқарудың орындалу шарттары төмендегідей:
- басқару органдары мен сайланған өкілетті тұлғалардың ретімен ауысып баруы;
- сатылы жауапкершілік жүйесінің болуы;
- уақытымен берілетін есеп;
- баскару істеріне ойын элементтерін қосып бару.
3. Отбасы және бала психологиясы
Отбасы – адамзат қоғамының ең шағын бейнесі. Қоғамда отбасы екі қызмет атқарады, оның бірі – дүниеге ұрпақ әкелу, екіншісі – дүниеге келген сәбиді тәндік жағынан дамытуды қамтамасыз етіп, өмір бойы рухани жағынан жетілдіріп, оны тұлға ретінде қалыптастыру.
Отбасының бала тәрбиесіндегі міндеттері:
— баланың дене және танымдық дамуы үшін максималды қауіпсіз жағдайлар мен түрлі мүмкіндіктер жасау;
— баланы эмоционалдық қолдауды қамтамасыз ету;
— баланың тіршілік іс –әрекетінде қауіпсіздік туралы алғашқы білім қалыптастыру;
— балаларды өз – өзіне қызмет етуге және жақындарына көмектесуге бағытталған қолданбалы дағдылар мен іскерлікке үйрету;
— тілдік қатынастың дамуын қамтамасыз ету;
— баланың бейімі мен қызығушылығын дамыту.
Мектеп жасына дейінгі кезеңде ( 3 -7 жас) бала организмінің дамуы қарқынды түрде өтеді. Бала организмінің жалпы өсумен жекелеген мүшелерінің анатомиялық түрде дамуы, олардың функцияларының жетілуі де байқалады. Ерте сәбилік шаққа қарағанда баланың әлеуметтік орны өзгереді, енді оның жасына сай кейбір қарапайым өздігінен атқаратын міндеттер пайда болып,үлкендерден тәуелділігі азаяды. Балабақшаға барған бала, белгілі бағдарлама бойынша жүйелі оқыту мүмкіндігі туады. Бала дамуының ерекшеліктері оған тән іс –әрекет түрлерінен ,әсіресе сюжеттік – рөлдік ойындардан көрінеді. Бала өзімен қатар басқа балалармен қарым – қатынас жасай бастайды. Бұл кездегі баланың жетекші іс – әрекеті – ойын. Ойынның арқасында балада сапалы психологиялық өзгерістер пайда болады, онда үйрену әрекетінің негіздері қаланады.
1. Ойын барысында баланың ырықты зейіні мен ырықты есі дамиды,оның өзі тілдің дамуына септігін тигізеді.
2. Ойынмен қатар бала психологиясының дамуында іс – әрекеттің тағы бір түрі – жемісті ,өнімді еңбек ету іс – әрекеті атқарылады. Оған — сурет салу, жапсыру,мүсіндеу,құрастыру жатады. Мектепке дейінгі балаларды кейбір жекелеген еңбек тапсырмаларды орындауға да үйретеді. Осының нәтижесінде бала оқу әрекетінің элементтерін игереді.
3. Ал оқу міндеті – қандай да болмасын бір жаңалыққа үйрену пайда болғанда ғана қалыптасады. Оқу міндетінің бөлінуі 6-7 жаста қалыптасады, осыған байланысты балалар үлкендер нұсқауын зейін қоя тыңдап, орындайды, өзін – өзі бақылауы пайда болады. Оқу әрекеті бала психикасына, оның қабылдау,зейін,ес, ойлау үрдістерінің ырықтылығы мен басқарылуына талаптар қойып, тиісті психологиялық қасиеттердің қалыптасуына әкеледі. Баланың психологиясының дамуы мен қалыптасуына сенсорлық қабілеттер мен таным процестерінің қалыптасуы үлкен әсер етеді.
Бұл кез баланың сезімдік тәжірибесінің молайып ретке келу шағы ,қабылдау мен ойлауы,қиялы күшті дамып,ырықты зейіні мен мағыналы естің бастамаларының қалыптасу кезеңі болады.
3 жастан 7 жасқа дейін көру , есту, тері – қимыл сезгіштігі едәуір жоғарылайды.көргіштігі артып, түстердің түрін ажыратуы жоғарылап,фонематикалық және жоғары дыбыстарды естуі дамиды.Қабылдаудың дамуы үшін сенсорлық эталондар жүйесін меңгерту зор. Сенсорлық эталандарға — спектр түстері ( 7 негізгі түс) , геометриялық пішіндер, музыкалық дыбыстар, тіл фонемалары жатады. Үшбұрыш — үй шатыры сияқты, дөңгелек – доп тәрізді, қызыл түс шиенің түсі . Баланың сыртқы дүние заттарын қозғамай бейнелер арқылы ойлай алуында осы заңдылық жатыр. Осының негізінде балада көрнекі – бейнелі және логикалы ойлау қалыптасады.
Ойлау формалары : ұғым, пікір,ой қорытындысы. Мектеп жасына дейінгі балалар уақытты және кеңістікті қабылдауда көп қиналады.
« Оң қол», « Сол қол» дегенді шатастырады,пішіндердің суретін салуда көлем, бұрыш, енінің өзара кеңістіктегі арақатынасын ажырату қиынға түседі. Ал, уақыт жайында « кеше ,бүгін, ертең,арғы күні» ұғымдарын шатастырады. Мысалы: « біз кеше барамыз» деуі әбден мүмкін.
Зейіннің тұрақтылығы: Бөбектерде 30 -40 мин,6-7 жаста 1 -1,5 сағат. Арнайы есте қалдыру аз. Тек нақты бейнелерді, суретке түсіргендей есте сақтауы « Эйдитикалық ес» деп аталады.
Қиялы: Ойын негізінде ертегіге қызығушылық қабілетін қалыптастыру.
Жеке басының қалыптасуы: 1. « Мен « ұғымы қалыптасады. Балалармен қарым –қатынасы ойын үстінде, егер үлкендермен қатынасы жақсы болса тілін алады.2. Істің не ойынның қызғылықты болуы.3. кейде қызықтаса да басқалармен қатар істеуге талпынады.
4. Өзін басқалар алдында азамат етіп көрсеткісі келеді.
Мектепке дайындығы: 1. Оқуға деген ықыласы.2. Оқу – жаңа әрекет, оған төзімділік керек,45 минут ерік жігерінің дамуы арқасында. 3. Зейінді болып, мұғалімнің сөзін қабылдауын қажет етеді.4. Оқу материалын ұғынып, оны саналы түрде еске сақтау, қиын мәселелерді шешуге ойлана бастауы қажет.5. Айтайын деген ойын жеткізе білуі. Міне отбасында бала психологиясын біле отырып, ата – ана болып бала тәрбиесіне, білім алуына, өсіп – өнуіне зор көңіл бөлу қажет деп ойлаймын.
4. ҚАЗІРГІ ОТБАСЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Отбасы - қоғамдық қатынастар мен процестердің алуан түрлі формалары біртұтас болып ұштасатын кешенді әлеуметтік құбылыс болып табылады. Сондықтан да әлеуметтік құбылыс бола отырып, ол адамзат өмір сүру жағдайына қарай құрылып, оның дәстүрлері мен әдеттері ғасыр өткен сайын жаңа сипатта көрініс береді. Отбасын әлеуметтану ғылымында былай деп көрсетеді «отбасы дегеніміз – тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ, оның жалпы белгілері – бөтен адаммен жыныстық байланыс орнату, туысқандық қатынастар жүйесі, адамның жеке-дара адамгершілік сапаларын қалыптастырып дамыту, белгілі бір экономикалық қызметті іске асыру». Яғни, адамзат отбасын құра отырып, сол шағын мемлекетке әлеуметтенеді, отбасылық құндылықтар қалыптастырады және әдет-ғұрып дәстүрлерін дамытады. Отбасының жоғарыда келтірілген анықтамасы бойынша, ол - отбасындағы қатынастар, отбасының құрылымы мен формасы тарихи өзгеріп отыратын әлеуметтік топ. Жазушы-педагог Ж. Аймауытов: «Баланы тәрбиелеу үшін әрбір тәрбиешінің өзі тәрбиелі болуы керек. Себебі, бала айтып ұқтырғаннан гөрі, көргеніне көп еліктегіш келеді. Солай болған соң балаға не жақсы мінез болсын, іспен көрсету керек», - дейді . Қысқаша социология сөздігінде “халық денсаулығы” терминінің түсінігі:
1.Адамның толық өмір сүре алуының көріністері;
2.Физиологиялық кемшіліктердің болмауы немесе аурудың жоқтығы ғана емес, физиологиялық, рухани және әлеуметтік күйлердің тең болуы;
3. Организмның табиғи күйі, оның қоршаған ортамен қарым-қатынасы. Психологиялық денсаулық термині дүние жүзілік денсаулық сақтау ұйымымен енгізілген. Психоәлеуметтік жағдайдың қалыпты дамуы ата-ананың қатысуымен тікелей байланысты. Баланың эмоционалдық қажеттіліқтеріне назар аударып, әнгімелесіп және ойнап, тәртіпті сақтатып, қажетті бақылауды жүзеге асырып және жанұяға қажеттi материалдық қаржылармен қамтамасыз етедi. Сонымен қатар, балаға тәуелсіздік және дербестік беру керек, үйден бөлек жерлерде басқа балдар мен үлкендермен араласуға жағдай жасау қажет Отбасы психологиясының өзекті мәселелерінің бірі отбасындағы жанжал мен дағдарыстар болып табылады.Отбасылық жанжалдардың ықпалы - көп жағдайда негативтік деструктивтік сипатқа ие. Позитивтік конструктивтік ықпалы өте сирек кездеседі. Тұлға мен отбасының психикалық денсаулығына тұлғааралық және отбасыаралық қарым-қатынастар әсер етеді. Соның ішінде, ерлі- зайыптылардыңайналыстын кәсіби іс-әрекеті, балаларының оқуының тиімділігі, балалар мен ата-аналардың тұлғалық өсуі, балаларды тәрбиелеу, тұтастай отбасылық өмір отбасы мүшелерінің психикалық денсаулығына тікелей ықпал етеді. Осыған байланысты, психологиялық себептеркелесідей компоненттерден тұрады:
1.Негізгі тұлғалық факторлар: жұбайлардың психологиялық кемелденбеуі, эгоцентризм, психосексуалдық дамудың ертеректегі шағына оралу, адекватсыз сәйкестілік, тұлғаның негативтік эмоционалдық қасиеттері (сенімсіздік білдіру, көреалмаушылық, кінә сезімі, қызғаншақтық, алаңдаушылық және т.б.), сенімсіздік, өзін- өзі төмен бағалау, агрессивтілік, күшті тұлғаның ішкі қақтығысы, ерте балалықтағы травмалар, талаптану деңгейінің шектен тыс жоғары болуы және т.с.с.
2.Тұлғааралық факторлар: отбасылық қиындықтардың туындау себебі серігінің шынайы жүріс-тұрысының ол туралы күткен нәтижелерге сәйкессіздігі, билік үшін күрес, өзара ауыстырулар, мінездердің ұқсамауы, үйлеспеуі, қалаулардың, қызығушылықтардың, талғамдардың әртүрлілігі, ата-ана отбасындағы тұрақсыз қарама-қайшы тәрбиелеу стильдері,серігін жартылай немесе толық қабылдамау, өз баласын қабылдамау, отбасындағы қатынастардағы қарқынды қақтығыстар, алшақтық, қарым-қатынастағы қиындықтар, отбасының рөлдік құрылымының өзгеруі, неке отбасылық өмір туралы хабардар болушылық деңгейітөмендігі,ата-аналық қамқоршылықтың жетіспеуі, депривация, тұлғалық даму мен топтық даму арасындағы, отбасылық нормалар арасындағы қарама-қайшылықтар,отбасына, жұмысқа көзқарасындағы айырмашылықтар, қиын және отбасылық жағдайларды шешудегі әртүрлі келіспеушіліктер.
3.Обьективтік ситуативтік іс-әрекеттік факторлар: іс-әрекеттің шиеленіскен сипаты, қатаң тәртіп, туғандарымен мәжбүрлікпен айырылысуға тура келу факторы, әйелінің жұмысы, балаларының оқуының ауысуының факторлары, отбасының материалдық-тұмыстық жағдайларының нашар қамсыздануы. 4.Субьективтік-ситуативтік іс-әрекет факторлары: ұжымдардың гомогендік сипатының факторлары, бағынушылық пен үстемділік қатынастар факторы, жұмыстағы агрессивтік сезімдерді гиперкомпенсациялау факторы т.с.с. Психологтардың пайымдауынша, некенің табысты болуы жастардың болашақ отбасы мүшесі ретінде өздерінің отбасындағы рөлдерін қалай елестететініне, бұл елестің қаншалықты сәйкес, нақты екеніне байланысты болады. Отбасындағы рөл адамның қоғамдағы әлеуметтік рөлдерінің бірі. Отбасындағы рөлдер индивидтің отбасы тобындағы орны мен функциясымен анықталады және ең алдымен жұбайлық, ата аналық, балалық, ұрпақаралық, ұрпақішілік рөлдерге бөлінеді.Неке және отбасылықмәліметтердің өзіндік ерекшеліктері бар, сондықтан адамдардың бұл туралы мәліметтері сәйкес келмейді.Бірінші ерекшелік әрбір адамның отбасы және неке туралы мәліметі уақыт өткен сайыннақтырақ, толығырақ бола түседі, себебі қазіргі отбасы ғасырлар бойына қалыптасқан ролдік схемаға сай келмейді.Екінші ерекшелік - неке және отбасылық мәліметтер адамның қиялындағы елестен мүлдем басқаша, көбінесе олар отбасылық өмірдің қандай да бір жағымен ғана шектеледі, шаруашылық тұрмыстық, не сексуалдық жағынан басымырақ болады. Үшінші ерекшелік - жас жұбайлардың пікірлерінің келіспеушілігі бір бірінің пікірлерін жөнді білмеуіне байланысты шиеленісіп, тереңдеп кетуінде. Мұның себебі, біріншіден, неке алдындағы көңіл білдіру кезінде отбасы қатынастарының тақырыбы талданбайды, екіншіден, некеге дейінгі көңіл білдірудің қысқа мерзімінде бір-бірінің неке және отбасы туралы пікірлерін анықтауға мүмкіндік болмайды. Отбасылық тәрбиесіз баланың үйлесімді дамуы мүмкін емес, бұл тәрбие қоғамдық тәрбиемен бірлесіп, нығая түсуі керек. Отбасы мен қоғам бір жүйенің кіші және үлкен үлгілері. В.Сатир жазғандай: «Отбасы қоғамдағы біріктіретін күш болуы керек, оның алатын кеңістігі мен мүшелерінің санының шағындығы соншалықты, олар бір бірі туралы бәрін білетін, тіпті бір бөлмеге-ақ сыйып кететін қоғамның санаулы одақтарының бірі». Отбасының алғашқы өмір сабақтары балаға әрекет жасаудың нұсқауы ретінде әлеуметтік ақпаратты таңдап қабылдауға, өңдеуге меңгеруге, не қабылдамауына негіз болады. Балаға отбасы тарапынан әсер ету үдемелігі мен нәтижелілігі бойынша теңдессіз. Себебі, ол үздіксіз, бір мезгілде жүзеге асады, қалыптасып келе жатқан тұлғаға жан жақты әсер етеді, көп жылдар бойына жалғасады. Отбасылық тәрбие айрықша, сондықтан өзінің келесідей ерекшеліктері бар: Үздіксіздік; Тәрбиелік әсер етудің көп фаторлылығы мен қайшылығы; Тәрбиелеуші микроортаның салыстырмалы тұйықтылығы; Тікелей әсер ету; Қарым қатынастың жекелігі; Өзара қарым қатынастың табиғилығы және көпқырлылығы. Отбасылық тәрбие дегеніміз ата-ананың баласының рухани және дене бітімінің қасиеттерін саналы түрде қалыптастыру үрдісі. Ұстаным деген қандай да бір теорияның, ілімнің, дүниетанымның теориялық бағдарламаның түпкі қағидасы. Отбасылық тәрбиенің келесідей ұстанымдары бар: Мақсат белгілеу; Тәрбиенің әлеуметтік бағдары; Тәрбиенің өмңрмен байланысы; Тәрбиелік үрдісті жобалау мен болжау; Отбасылық және қоғамдық тәрбие бірлігі; Тәрбиелеу үрдісінің өзгергіштігі және басымдылығы; Жағымды эмоционалды ая; Бала тұлғасының даму ерекшеліктерін ескеру; Тәрбие тұрғысындағы талаптардың бірлігі; Тәрбиеленушінің қызметке араласуы. Ата-ананың нұсқаулары, не көзқарасы бұл ата-ана- бала қарым-қатынасының едәуір зерттелген аспектілерінің бірі. Ата-ананың нұсқаулары дегеніміз ата-ананың балаға деген эмоционалдық қатынасының жүйесі, не жиынтығы, ата ананың баланы қабылдауы және онымен қарым-қатынас тәсілдері. Ата-ана нұсқауының синонимі ата ананың стилі болып табылады. А.Болдуин ата-аналық тәрбие практикасының екі стилін бөліп көрсетеді: демократиялық және қадағалаушы. Демократиялық келесі көрсеткіштермен анықталады: қарым қатынастың жоғары деңгейі, бірлесіп мәселені талқылау, балаға көмек беруге әр кез даярлықтың болуы. Қадағалаушы стилде ата аналары бала әрекеттерін едәуір шектеп отырады. Тәрбиелеудің демократиялық стилі қолданылатын отбасындағы балалар лидерлік қабілетінің болуымен басқа балаларды қадағалауға ұмтылуларымен ерекшеленеді, оларға альтруизм, эмпатия тән емес. Ал тәрбиелеудің қадағалаушы стилін қолданған отбасы балалары көнбіс, қорқақ болып келеді. Сонымен қорытындылай келе, психикалық денсаулығы толыққанды тұлғаны тәрбиелеу үшін отбасымен ұйымдастырылатын жұмыстарды жүргізуде психологкелесі мәселелерге ерекше мән бергені жөн деп санаймыз:
Ата-аналардың психологиялық сауаттылығын көтеру;
Жас ата-аналарды тәрбиені жоспарлы, әрі жүйелі ұйымдастыруға үйрету;
Балалармен қарым-қатынастағы ата-аналардың тұлғалық мәселелері мен ерекшеліктері.
Аталған мәселелерді шешу үшін мектептерде, балалар ұйымдары мен білім беру мекемелерінде арнайы тренингтер мен семинарлар, ата-аналарға арналған психологиялық оқулар ұйымдастырып отырған дұрыс.
5. ЖАСТАРДЫҢ ҮЙЛЕСІМДІ ОТБАСЫН ҚҰРУЫНА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ДАЯРЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ.
Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Болашақ отбасын құруда ерлі-зайыптылардың жас ерекшелік дайындығы ғана емес олардың психологиялық даярлығы да маңызды орыналады.
Отбасын құруда жастардың, болашақ ерлі – зайыптылардың бір–бірін толық танып, бір–бірімен жақсы түсіністік қарым – қатынаста болу өте маңызды. Отбасының берік болуына — болашақ ерлі – зайыптылардың отбасында болатын қиыншылықтарды алдын – ала біліп, саналы түрде сол қадамды нық басып, отбасының жақсы және берік болуына үлесін қосуға бел буу қажет. Кез – келген отбасында, жас ерлі – зайыптылар арасында түрлі экономикалық, әлеуметтік және жеке тұлғалық ерекшеліктеріне байланысты түрлі мәселелер болады. Сол мәселе салдарынан отбасында ұрыс – керіс, қақтығыс, дау – жанжал болып, оның аяғы отбасының ыдырауына әкеп соғады.
Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Жастар отбасын құрғанда, ең алдымен материалдық және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген психологиялық зерттеулер бойынша, материалдық ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасы өміріне мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасына жауапкершілік сезімі, нәрестелі болуға және баланы тәрбиелеуге дайындық.
Отбасындағы қиындықтар, жағымсыз жағдайлар мен дағдарыстар бүгінгі психология саласында көкейтесті мәселелер. Өмірлік циклда кездесетін дағдарыс түрлеріне психологиялық білім мен мәдениеттің төмендігінен көптеген отбасы бөгеттерден шыға алмай, кері кетіп отбасы ажырауына немесе отбасындағы жағдайға күш-жігер салуға жауапкершілік алмау кеңінен етек жайып барады. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады. Отбасын құрудың маңызды факторларының бірі — жастардың өнегелі санасының деңгейі. Дамыған өнегелі сана, жастардың отбасының әлеуметтік маңыздылығын түсінуде, некеге байсалды қарауында, жолдасты ойланып таңдағанында құрылатын Отбасыға сабырлықпен қарағанында, Отбасының барлық мүшелерін және олармен қатынасты құрметтегенінде білінеді.
Отбасын жүйелік ықпал көзқарастарында қарастыра отырып, ол жерде өтіп жатқандарды бір мезетте оның ерекшелігі, шағын топ және әлеуметтік институт ретінде талдауға мүмкіндік береді. Дәл осы жерде «отбасы» сияқты құбылысты талдауға тура келеді. Отбасы қатынастары саласындағы әлеуметтік қозғалыстар отбасылық өмірлік іс-әрекетінің барлық сферасына әсерін тигізеді. Отбасы қалыптасу үшін некенің қалыптасуы қажет. Олай болса, неке және отбасы дегеніміз не?
Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Махаббат — екінші адамға бағытталған сезімдер мен әрекеттердің қоспасы. Махаббат сөзін адамдар әр түрлі түсінеді. Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Адам бір жағынан махаббатқа тартылады, екінші жағынан одан қашады. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді. Қазіргі таңда отбасын құруға ұлттық немесе қандай да бір басқа, мысалға әлеуметтік тосқауыл жоқ. Сондықтан жастар жолдас таңдағанда, оның бойында өзіне ұнайтын мінез қырларын табуға тырысады.
Жастар отбасын құрғанда, әрине материалды және тұрғын үй мәселелерін қарастырады. Бірақ көптеген зерттеулер бойынша, материалды ауқаттылық және тұрғын үймен қамтамасыз болу факторлары отбасы тұрақтылығына елеулі әсерін тигізбейді. Отбасылық өмірге мотивациялық дайындық махаббат сезімін отбасы құрудағы негізгі түрткі ретінде санайды. Бұл сезім дербестікке дайындық, құрылатын отбасыға жауапкершілік сезімі, баалларды туу мен тәрбиелеуге дайындықты көрсетеді.
Болашық ерлі-зайыптылар өскен отбасыларының атмосферасын, құрылудағы отбасының дамуына елеулі әсерін тигізеді, ол не сәтті не көптеген қйыншылықтармен кездесіп мүлде күзеліске ұшырауы мүмкін. Отбасын құруға психологиялық дайындық бұл – жеке адамның басқа адамдармен қарым-қатынасты тез орната білу, отбасылық өмірге және қоршаған ортаға бірдей немесе ұқсас көзқарас, отбасыда сау рухани – психологиялық ахуалды орната білу қабілеті, мінез-құлықтың және сезімдердің тұрақтылығы, дамыған ерік қасиеттері.
Отбасы мәселесін зерттеуде психология ғылымында бірнеше мектептер мен бағыттар орын алуда. К.Витакер пікірінше отбасы бірлестігінен барып туындайтын тұлға өзіндік жеке даралық жетілуге әкеледі десе, ал В.Сатир отбасындағы қалыпты қарым-қатынас арқылы тұлғалық алға дамуы мен жетілуі қарқынды жүзеге асырылады деген ойлары өзара байланысты. Жүйелі отбасы терапиясы бағытында отбасы бүтін бірлік — биологиялық және психологиялық ағза ретінде қарастырылады. Олай болса, «Қосарлы байланыс» — коммуникацияның бұрмаланған түрі ретінде адамның екі түрлі жолдау алғандағы оның арасындағы қарама-қарсы ойды түсіне алмауы. Сондықтан отбасындағы екі адамның өзара байланысы психологиялық сәйкестік тұрғысында да мазмұн алуы тиіс.
Қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді. Оның ішінде негізгілері: бүгінгі ғана бағдар емес, сонымен қатар оның дамуының ертеңгі күнгі болашағын, үйренуші іс-әрекетінің әртүрлілігіне тірек болатын (оқу, оқудан тыс, ойын, еңбек, отбасылық-тұрмыстық, қоғамдық-саясаттық, көркем өнер, спорт), тұлғаралық қатынастың ерекшеліктері, қоғамның отбасыға деген талады; оны тудыру процесінің күрделілігі отбасыдағы шаруашылық-экономикалық қатынастың күрделенуі; Отбасыны тәрбиелеу потенциялы негізге алынады. Отбасылық қарым-қатынастың үйлесімді дәрежеде дамуы жастарды отбасылық өмірге дайындалуының психологиялық ерекшеліктеріне төмендегідей тұжырым жасауға болады:
— өсіп келе жатқан ұрпақты отбасылық өмірге дайындау-адамның жас ерекшелік дамуының әр кезеңінде жүру қажет және тәрбиелеудің жалпы мәселесінен бөлінбеуі керек.
— жастарды отбасылық өмірге психологиялық дайындау мәселесінің қалыптасуы бірнеше аспектілерден, яғни қазіргі қоғамда некеде және Отбасыда жастардың ролін дұрыс түсінуде, оларда неке қиюға бейімділік және нұсқаулардың қалыптасуының ерекшеліктерімен байланысты.
— қоғамда жастарды тәрбиелеудің мазмұны мен әдістемесін анықтауда, некелік-отбасылық қатынаста тұлғаның қалыптасуын және дамуын талап етеді.
Қазіргі кезде некелік-отбасылық қатынастар ерлі-зайыптылардың адамгершілік-этикалық, психологиялық-педагогикалық дайындықтарының, тұрмыс мәдениетінің жоғары деңгейде болуын талап етеді. Адамның қалыптасуы оның бала күнінен басталады. Сондықтан жас буынның жеке бас қасиеттерінің ойдағыдай дамуы үшін олардың өз қасиеттерін және басқалардың қасиеттерін түсіне білуіне көмектесіп, жол-жоба көрсету өте маңызды. Бұл оңай міндет емес.
Көптеген әлеуметтік функцияларды атқарушы, қоғамдағы әлеуметтік құрылымның қажетті құраушысы ретінде отбасы қоғамдық дамуда маңызды орын алуда. Отбасы ортақ тұрмыспен өзара моральдық жауапкершілікпен және өзара көмекпен байланысқан адамдардың бірігуі болып табылады. Отбасы арқылы ұрпақтар ауысып, адам тегінің жалғауы жүзеге асады, алғашқы әлеуметтену процесі және баланы тәрбиелеп өсіру жүзеге асады. Отбасы негізін қоғаммен қабылданған әйел мен ер адам арасындағы некелік одақ құрайды. Отбасын құру екі ғашықтың арасындағы махаббат сезімінен басталады. Бірақ кей жағдайда ол махаббат емес материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыруға ауысып кетеді.
Махаббат ең негізгі, маңызды процесс, жағдай. Отбасы беріктігі махаббат сезіміне, қызығушылықтардың ортақтығына, көмекке келуге қабілеттікке, бір-біріне құрметпен және қамқорлықпен қарауға негізделеді.
Жастарды болашақ некелік немесе ерлі-зайыптылық өмірге дайындауда төмендегі ұстанымдарды мақсат ету маңызды деп санадық, олар:
— өзін өзі бақылау мен бағалау;
— отбасы табиғатының жүйесін түсіну;
— екінші серігімен қарым-қатынас жүйесін жақсарту;
— бұрын түсінбеген отбасындағы өзара қатынастың ерекшеліктерін үғыну,
— өзіндегі және отбасындағы болып жатқан өзгерістерді анықтауға мүмкіндік жасау,
— отбасы мүшелерінің әрқайсысына ерекше көңіл бөлу,
— ерлі-зайыптылар бір-бірінің пікірімен санасу және түсіну.
Сонымен жастардың үйлесімді неке құруына психологиялық даярлығын диагностикалау олардың болашақ сәтті отбасы болуының кепілі болып табылады.
Әдебиеттер тізімі
1. Жарықбаев Қ., Озғанбаев О. Жантануға кіріспе.- Алматы, 2000.
2. Жарықбаев Қ. Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары.- Алматы, 2000.
3. Тәжібаев Т. Жалпы психология.- 2000.
5