Меню
Разработки
Разработки  /  Обществознание  /  Презентации  /  10 класс  /  Презентация к уроку

Презентация к уроку

Топты? ж?мыстар ат?арылды. О?ушылар саба??а белсене ?атысып, ?ызы?ушылы? танытты.

04.04.2017

Содержимое разработки

«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ

Сабақтың тақырыбы: Қызмет етем халқыма 

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер: ұлтжандылық, кіндік кескен жер, бірлік, ынтымақ

Сынып: 10 «А»

Мұғалімі: Спатаева Ф.А.

Сабақтың атауы

Қызмет етем халқыма...

Мақсаты

Күтілетін нәтиже

Ана тілінің, туған халқының, кіндік кескен жерінің құндылық ретіндегі мәнін ашу. Ана тілін, өз ұлтын,адагершілікке тәрбиелеу.


Міндеттері:

- ана тілінің туған анасындай қасиетті де қастерлі екенін ұғындыру;

- ана тілі мен туған ұлтын қастерлеу арқылы өз халқының мәртебесін

ұлықтау дағдыларын дамыту

- ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.


Сабақтың әдісі: сұрақ- жауап, талдау, пікір-талас, топтық жұмыс

Көрнекі құралдар 

үнтаспа,сюжетті суреттер, карточкала, әріптер,түрлі-түсті қарандаш, желім, қайшы.

Тыныштық сәті

Тыныштық сәті.

-Балалар, дұрыс отырайық, арқаларыңызды түзу ұстайық,қолдарыңызды партаға қоюға болады, көздеріңізді жұмайық. Сіз табиғаттың ең көркем жерінде екенін елестеңіз. Сіз жұмсақ, жасыл шалшықта жалаң аяқ жүрсіз. Жасыл шөп сіздің аяғынызды сипап жатқан сезімде боласыз. Күннің көзі жер бетін қыздыруда. Сіз гүлдің, шөптің және балдың иісін сезесіз. Өзеннің сыңғырлағанын, көңілді құстар ән салып жатқанын естисіз.Тыныштықта тұрып, өзімізді тындайық. Сізге «тыныштық сәті» ұнады ма?

Қандай сезімде болдыңдар?

Оқушылар дем алып, ерекше күйге бөленеді, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Топқа бөлу

Ойыншықтар үлестіріледі

Оқушылар таңдаған ойыншықтарына сай топтарға бөлініп отырады.

Қызығушылықты

ояту

«Атамекен», «Туған жер», «Отан» ұғымдарының қандай

айырмашылықтары бар?
Отанға қызмет ету кімге және не үшін қажет?

Атамекен – ата-бабаның қоныс еткен мекені.

Туған жер – адамның шыр етіп дүниеге келген жері.

Отан – сенің өсікен, тәрбие, білім алған, тіпті сенің азаматтығыңды қорғап,

қамтамасыз ететін, саған қамқор болатын мемлекет.

Үй тапсырмасы

Коллаж дайындау

“Мәңгілік ел-жастардың қолында”

Жаңа сабақ

Қызмет етем халқыма...

а) кітаппен жұмыс

а) мәтінмен жұмыс

«Сөз тапқанға...»

Әр топтың қатысушылары белгілі бір әріп таңдайды. Қойылған сұрақтарға жауаптың бастапқы әрпі, таңдаған әріптен басталу керек.

(А,Б,К,М,С,Д,Е,Қ,О,Т)

І-топ

Отаныңа қызмет етесің бе?

Серуенге жиі шығасыңба?

Туған жердің топырағы қандай?

Қазақстанда неше облыс бар?

Қандай қазақ батырларын білесің?

ІІ-топ

Отаның қалай аталады?

ҚР-ның президенті кім?

Жерде не өседі?

Сен тұратын облыс қалай аталады?

Қандай салт-дәстүрлерді білесің?

Дәйексөз

«Бүгінде әр қазақстандық өзді-өзінен елімізге жақсы болып, біздің Отаны­мыздың дәулеті артуы үшін мен не істедім деп сұрауы керек»

Нұрсұлтан Назарбаев

Шығармашылық жұмыс


І-топ “Ел бақытының белгілеріне не жатады?”

ІІ-топ “Елбасының мұраты не деп ойлайсыңдар”

«Бұл кім»

(Мәтіндегі тұлғаның кім екенін топпен ақылдасып жауап беріңіздер?)

І-топ

Абылай ханның ұрпақтарының ішіндегі аса танымал, ең көрнектілерінің бірі. Абылай хан үш жүздің басын қосып, тәуелсіздікті сақтау жолында күш-жігерін аямай күрескен болса, ол қазақ халқының әлемге таныту мақсатымен халқының рухани өміріне үлкен із қалдырған. Халқының болашағы үшін өзіндік сара жолмен күрескен тұлға. Қазақтың ғұлама ғалымы”

Жауап: Шоқан Уалиханов, Абылай ханның шөбересі

ІІ-топ

"Абылай ханның күрескерлігін тікелей жалгастырған. Елімнің тәуелсіздігі, еркіндігі үшін атасының жолын мұра еткен, оның ұрпақтарының ішендегі шоқтығы биік өр тұлға. Ғұмырының саналы бөлігін және өз өмірін аяғына дейін атасы Абылай тұсындағыдай тәуелсіз хандық құру үшін күреспен өткізген және сол жолда құрбан болған. Қазақтың соңғы ханы "

Жауап: Кенесары Қасымұлы, Абылай ханның немересі

Сахналау

Немересі:

Әже ,атам ылғи «Сенің болашағыңды ойлаймын, өткен өмірді ойлаймын» дейді. Оның өткен өмірі қандай?

Әжесі:

Е, балам, атаң,ата-бабаң не көрмеді дейсің?!

1923 жылы жоңғар шапқыншылығы, 1930-1932 жылдардағы алапат аштық, одан 1937-1938 жылдардағы ағаларымыздың жазықсыз жазаға ұшырауы... 1986 жылы Тәуелсіздік жолында жастарымыз ереуілге шықты. Міне, өткен өмір. Бұған да тәубә. Еліміз өз тәуелсіздігін алып, егеменді ел болдық.

Сергіту сәті

«Кім жылдам»

Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер және өлең шумақтарын оқу

Топпен ән айту

Атамекен 
cөзі: Қ.Мырза Әлінікі әні: Е.Хасенғалиевтікі

Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Маңдайымнан сипап өткен самалды
Қазағымның алақаны деп білем. 
Қайырмасы:
Қайда жүрсем атамекен,
Көкейіңде жатады екен.
Күннің өзі қимай оны
Ұясына батады екен.
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Күннің нұрын, айдың аппақ сәулесін
Қазағымның махаббаты деп білем.
Қайырмасы: 
Жасыл жайлау, түкті кілем, көк кілем,
Көк кілемде көп ойнаймын, көп күлем.
Асқар тауын аспаныммен астасқан,
Қазағымның мәртебесі деп білем.

Кері байланыс

Қорытынды

Туған жерге, Отанға тілек! 

Бағалау

«Екі жұлдыз – бір тілек»



Тексерілді











































































Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Фарида Спатаеваның өткізген ашық сабаққа өзіндік талдау


05.02.2017 ж. 10 «А» сыныбымен «Қызмет етем халқыма» тақырыбында ашық сабақ өткіздім.

Сабақтың мақсаты: Ана тілінің, туған халқының, кіндік кескен жерінің құндылық ретіндегі мәнін ашу. Ана тілін, өз ұлтын,адагершілікке тәрбиелеу.

Сынып іші жеткілікті жарық, талапқа сай болды. Сабақ І ауысымда 3-сабақта өтті.

Пәнаралық байланыс жүзеге асырылды. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілетіне байланысты берілді. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды 2-топқа бөлдім. Бір-бірімізбен амандасып, тыныштық сәтін өткізіп, жақсы тілектер айттық. «Атамекен», «Туған жер», «Отан» ұғымдары туралы өз ойларын білдірді. Отанға қызмет ету кімге және не үшін қажет? деген сұраққа талдау жүргіздік.

«Сөз тапқанға...» әр топтың қатысушылары белгілі бір әріп таңдады. Қойылған сұрақтарға жауаптың бастапқы әрпі, таңдаған әріптен бастады.

(А,Б,К,М,С,Д,Е,Қ,О,Т)


І-топ “Ел бақытының белгілеріне не жататынын айтты.

ІІ-топ “Елбасының мұраты не деп ойлайсың тақырыбында өз ойларын айтты.

Сабақтың әр кезеңінде оқушылар жеке өз пікірлерін айтып, белсене қатысты.

Мәтіндегі тұлғаның кім екенін топпен ақылдасып жауап берді

Әжесі мен немересінің әңгімесіне сахналық көрініс көрсетті.

Сергіту сәтінде «Кім жылдам» әдісі арқылы оқушылар Отан, туған жер туралы мақал-мәтелдер және өлең шумақтарын айтып жарысты.

«Атамекен» деген әнді барлығы хормен айтты.

Қорытынды бөлімінде туған жерге, Отанға тілек жазды. 


Оқушылар білім, дағды, деңгейіне қарай «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы топ басшылары бағалады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін әр оқушы жеке стикерға жазу арқылы білдірді. Сабақ жаңа технология әдісі «Кембридж бағдарламасы» бойынша өткіздім. Өз мақсатына жеттім.





Пән мұғалімі Ф. Спатаева








«Д. Қонаев атындағы орта мектеп» КММ

Тақырып: Мейірімділік –асыл қасиет

Құндылық: мейірімділік,сүйіспеншілік, қайырымдылық, сыйластық

Қасиеттер: мейірімділік,сүйіспеншілік,сыйластық, қайырымдылық

Сыныбы: 5 «Ә»

Мұғалімі: Спатаева Ф.А.

Сабақ мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Міндеттері:

Мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру.

Өзара сыйластық қарым-қатынастарын дамыту.

Мейірбандылыққа тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер, бейнебаян)

Сабақ барысы:

Психологиялық дайындық кезеңі.

Мұғалім: -Саламатсыздар ма құрметті оқушылар және ұстаздар!Бүгінгі біздің өзін-өзі тану пәнінен «Мейірімділік-асыл қасиет» тақырыбындағы ашық сабағымызға қош келдіңіздер.(баяу музыка қосылып тұрады)

Күлімдеп күн бүгін (қолдарын көтереді)

Қарады маған да (қолдарын кеуделеріне қояды) Күлімдеп күн бүгін(қасындағы балаға қарайды)

Қарады саған

Шуақпен төгіп нұр.

Kүн нүpындaй көңiлiм,

Дaлaмдaй кeң пeйiлiм.

Жүpeгiм тoлы мeйipiм,

Бәpiнe opтaқ шyaғым.

Мейірімді бoлaмын!

-Балалар бір-бірімізге ризашылығымызды білдіріп қол соғып қояйық.

Топтарға бөлу

І топ. Қызыл түс – адамның энергияға толы екенін көрсетеді.Олар кез келген қиындыққа мойынсұнбайтын,күрескер,батыл адамдар.

ІІ топ. Сары түс – бұл түсті қалаған адам өзгерістерді жиі қалап тұрады,сары түске құмар адамға тұрақсыздық тән.

ІІІ топ. Жасыл түс – бұл түсті таңдағандар айналасындағы адамдардан мақтаулар, жақсы пікірлер күтетін адамдар.Сондай-ақ, бұл түс такаппарлықтың нышаны.

- Олай болса, біз бүгін «мейірімділік» жайында әңгімелесеміз.

Жаңа сабақ

Бейнебаян көрсетіледі: (Оқушылардың жауаптары тыңдалады)

 Ойланайық, пікірлесейік

Мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөлендіңдер?

Жақсы көретін жан-жануарларың бар ма?

Адамдар бір-біріне жылы сезімдерін білдіріп, айналасындағыларға тек жақсылық ойлап, игілікті істер жасау арқылы ғана мейірімділікті таныта алады. Адамдардың бір-біріне деген мейірім шапағаты-әдептіліктің белгісі.

Мейірімділік — адамның өзге біреуге жылылығын, ізгі ниеті мен лебізін білдіру көрінісі. Мейірімділік адамдар арасындағы сыйластық, кең пейілділік, жанашырлық, ізгі ниет секілді қасиеттерге негізделеді. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде оның бүкіл тыныс-тіршілігін, жан дүниесін жадырататын, шат-шадыман тіршілігі үшін қажетті аса маңызды қасиеттің бірі болып саналады. “ Мейірімділік, махаббат, қайырымдылық, адалдық секілді ақ жүректен шығады” (Шәкерім). Қазақтың дәстүрлі әдеп жүйесінде мейірімділік адамдар арасындағы адамгершілік, ізгілік пен ізеттілік, имандылық пен инабаттылық секілді асыл қасиеттермен үндестік тапқан. Ж.Баласағұн “кір тигізбей ұста ойыңның өресін, мейірім етсең — мейірімділік көресің” деп, мейірімділікке зор мән берген

Әңгімелесу

МӘТІНМЕН ЖҰМЫС

Мейірімділік туралы өсиет әңгіме

Сұрақтар.

1. Саудагерден кішкентай қыз інжуді кім үшін, не үшін сатып алғысы келді ?

2.Қыз әпкесін қалай сипаттады?

3.Саудагер қыздың ақшасы жетпеседе неліктен қымбат моншақты әдемілеп орап берді?

Тыныштық сәті (Үнтаспадан арнайы әуен естіледі) Балаларға мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады.

Мұғалім: Балалар, көзімізді жұмып, біраз демалып жақсы істерді көз алдымызға елестетейік. Біз қазір керемет, әрі сиқырлы, мейірімділік пен сүйіспеншілікке, ізгілікке толы әлемге саяхат жасаймыз.

Бұл әлемнің ауасы тым таза, жұпар иісті. Бәріміз сол әлемге қарай қадам басайық. сүйспеншілік, мейірімділік, ізгілік нұры бізге қонып, жан – дүниемізді осы жақсы сезімге толтырады. Адамдар бір – біріне тек жақсылық, қуаныш, ізгілік сыйлап жатса, қандай жақсы болар еді!

Қайтатын уақыт жетті, сиқырлы әлеммен қоштас отырып, мейірімділік нұрын өзімізбен бірге ала кетейік. Енді балалар көздеріңді ашыңдар

Дәйексөз

«Мейірімділікті анадан үйрен» Халық даналығы

Оқиды,түсіндіреді,қайталайды.

Ана - халық ұғымында жаратушы.Олай дейтініміз, табиғаттың жаратқан иесі адамды дүниеге әкелуші-ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірімнен,шапағаттан пайда болады.

Сұрақтары:

Мейірімділік туралы мақал-мәтелдер айтыңыздар

Мейірімділік туралы өлең шумақтарын айтыңыздар

жазыңыздар

Суретпен жұмыс

Топтарға сурет беріледі.

1) Сен мектептен келе жаттың кенет көшеде бір топ баланы көрдің. Олар суға түсіп кеткен кішкентай күшікке тас лақтырып жатыр екен сен не істер едің?

2) Сен досыңмен келе жаттың. Кенет сендердің қасыңнан өте бергенде бір қыз бала аяғы тайғанап құлап қалды. Сен не істер едің.

3) - Үлкен кісі мен сырқат адамға қандай жақсылық жасауға болатыны туралы айтыңдар .

Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды.

(оқушыларды тыңдау)

Ойын арқылы сұрақтарға жауап береді.

«Аяқталмаған сөйлем» тренингі

1.Мейірімділік-бұл…

2.Мейірімді сөздер…

3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені…

Кері байланыс.( сабақтан алған әсері)

Сабақ соңында оқушылар сабақтан алған әсерлерін жүрегіміздегі мейірім шуағы өшпесін деп «мейірім жүрегіне» стикермен жапсыра отырып, сабағымызды аяқтаймыз.









































Топқа бөліну

Сергіту сәті Оқулықпен жұмыс

Топтық жұмыс




Өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Фарида Спатаеваның өткізген ашық сабаққа өзіндік талдау


10.02.2017 ж. 5 «Ә» сыныбымен «Мейірімділік – асыл қасиет» тақырыбында ашық сабақ өткіздім. Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту.

Сынып іші жеткілікті жарық, талапқа сай болды. Сабақ ІІ ауысымда 3-сабақта өтті.

Пәнаралық байланыс жүзеге асырылды. Тапсырмалар оқушылардың жас ерекшелігі мен жеке қабілетіне байланысты берілді. Ұйымдастыру кезеңінде оқушыларды 3-топқа бөлдім. Бір-бірімізбен амандасып, тыныштық сәтін өткізіп, жақсы тілектер айттық. Оқушылар мейірімділік туралы өз ойларын білдірді. Дәйексөзді оқып, талдап суретпен жұмыс жүргізілді.

Оқушылар білім, дағды, деңгейіне қарай «Екі жұлдыз – бір тілек» әдісі арқылы топ басшылары бағалады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлерін әр оқушы жеке стикерға жазу арқылы білдірді. Сабақ жаңа технология әдісі «Кембридж бағдарламасы» бойынша өткіздім. Өз мақсатына жеттім.

Сабақ соңында «Аяқталмаған сөйлем» тренингісін жүргіздім.




Пән мұғалімі Ф. Спатаева


















-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Презентация к уроку (11.92 MB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели