Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Мероприятия  /  Дошкольникам  /  Правила дорожного движения

Правила дорожного движения

Цель: совершенствование учебно-воспитательного процесса с учётом индивидуальных способностей учащихся, их интересов, образовательных возможностей, состояния здоровья

12.02.2018

Содержимое разработки

Үздік тәрбиешінің көмекшіcісі сайысының сценариі

Жүргізуші : Армысыздар, ардақты көрермендерім,

Көрсетеді өнерін өрендерін.

Біз сайысқа келеміз қадам басып,

Алдыменен алайық амандасып.

Кең болсын қазағымның керегесі,

Кетпесін Алла берген берекесі.

Алаштың баласына нәсіп болған,

Құтты болсын бүгінгі мерекеміз.

Бүгінгі «Ең үздік тәрбиеші көмекшісі» атты сайысымызды ашық деп жариялаймыз. Құттықтау сөз балабақша меңгерушісі Омарова Жанна Болатқызына беріледі. Құрметті көрермендер, келесі кезекте әділқазылар алқасымен таныс болайық.

1. Аудандық білім бөлімінің әдіскері Есжанова Бахытгуль Хавдылханқызы

2. Омарова Жанна Болатқызы «Арайлы» балабақшасының меңгерушісі.

3. Мукжанова Айгерім Бейбітқызы «Арайлы» балабақшасының медбикесі.

4. Амиржанова Айман Мусулманбекқызы «Арайлы» балабақшасының шаруашылық меңгерушісі.

Сіздердің алдарыңызға бүгінгі сайысқа қатысушы тәрбиеші көмекшілерін ортаға шақырайық. Қол соғып қошеметтеп қарсы алыңыздар.

  1. «Гүлдер» тобының тәрбиеші көмекші Мухамеджанова Гульмира Амангельдіқызын шақырамыз

  2. «Ласточка» тобының тәрбиеші көмекшісі Ильжасова Ақерке Сәкенқызын шақырамыз

  3. Солнышко» тобының тәрбиеші көмекшісі Султанова Дамелі Жасаскерқызын шақырамыз

  4. «Балапан» тобының тәрбиеші көмекшісі Тлеубаева Дамира Жасұланқызын шақырамыз

  5. «Ақбота» тобының тәрбиеші көмекшісі Курсарина Әлия Мұсақызын шақырамыз

Жүргізуші : Сайыста жеңісте бар, жеңілісте бар,

Қуанып шаттанып, күлуде бар.

Олай болса сайысымыздың кезеңдерімен танысайық.

1.«Тегін білу, тектілік» Өзін-өзі таныстыру.

2. «Қыздарға әсемдік жарасады» Сән үлгісі.

3. «Ас адамның арқауы» тез арада таңғы ас әзірлеу.

4 . «Мықты болсаң, тауып көр» жағдаяттан шығу.

5. «Өнерлі өрге жургізеді » өз өнерлерін көрсету.



Жүргізуші : Кімдер жүйрік, өнерпаз білейікші,

Аруы деп бақшаның жүрейікші.

Әділқазыларға тек әділдікті,

Ал сайыскерлерге тек сәттілік тілейікші.

Өнер қуып арулар өтер деймін,

Бәсекеге түскен 5 ару кезектесіп.

Таныстырып өздерін өтер деймін-дей келе «Өзін-өзі» таныстыру сайысымызға кезек берсек. Алдын ала өткізілген жеребей бойынша

1.«Гүлдер» тобының тәрбиеші көмекші Мухамеджанова Гульмира Амангельдіқызын шақырамыз

2.«Ласточка» тобының тәрбиеші көмекшісі Ильжасова Ақерке Сәкенқызы

3.Солнышко» тобының тәрбиеші көмекшісі Султанова Дамелі Жасаскерқызын шақырамыз

4.«Балапан» тобының тәрбиеші көмекшісі Тлеубаева Дамира

5.«Ақбота» тобының тәрбиеші көмекшісі Курсарина Әлия Мұсақызын шақырамыз

(Өздері кезек-кезек таныстырады )

Әділқазылардан сайыстың бағасын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші : Сымбатына сән киім жарасатын,

Аспандаға ай мен жұлдыз таласатын.

Өнеріне сай келіп тұрғандай,

Аруларға қызығып қарасасың.

Келесі бөліміміз «Қыздарға әсемдік жарасады», Сән киім үлгісін көрсету бөліміне кезк береміз.

(Кезекпенен шығып, бір қатарға тұрады, өзі тандаған киім үлгісі туралы айтып береді.)

Әділқазылардан сайыстың бағасын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші : Көрсетті өнер әр салада сайысып,

Қимылдары бір жүргендей жай ұшып.

Мерекелік ас мәзірін жасапты,

Қыздарымыз тез арада майысып.

Бұл бөлімде сайысқа қатысушылар өздерінің аспаздық өнерлерін көрсетеді.



Әділқазылардан сайыстың бағасын берулеріңізді сұраймыз.

Жүргізуші : Ал, арулар, бұл сайысқа қалайсыңдар,

Сендер өтер әлі де талай сын бар.

Тапсырма ал, сұраққа қамсымбай өт.

Жауап берсең әрине, жарайсыңдар. - деп келесі бөліміміз «Мықты болсаң, тауып көр» жағдаяттан шығу бөліміне береміз.

(Теледидарға назар аударыңыздар, өздеріне ұнаған ұяшықты таңдайсыз сол ұяшықта сізге арналған сұрақ бар)

(Әділқазы бағаларын береді)

Жүргізуші : Шалқытып мерекеде ән салайық,

Өнерпаз қыздарымызға тамсанайық.

Өнердің аспанына асқақтатып,

Күміс көмей әнші, биші-аруларды қарсы алайық!- дей келе «Өнерлі өрге жүргізеді». Өз өнерін көрсету сайысына кезек берейік

  1. «Гүлдер» тобының тәрбиеші көмекші Мухамеджанова Гульмира Амангельдіқызын шақырамыз

  2. «Ласточка» тобының тәрбиеші көмекшісі Ильжасова Ақерке

  3. Солнышко» тобының тәрбиеші көмекшісі Султанова Дамелі Жасакерқызын шақырамыз

  4. «Балапан» тобының тәрбиеші көмекшісі Тлеубаева Дамира

  5. «Ақбота» тобының тәрбиеші көмекшісі Курсарина Әлия Мұсақызын шақырамыз



Осымен барлық сайысымыздың соңына да келіп жеттік. Сөз кезегін Әділ-қазылар алқасына берейік. Әділ-қазы алқасы өздерінің әділ бағаларын береді деп сенеміз.



Қош демейміз, әлі талай сайыстар бар.

Өнерлерің өрлей берсін, қайыспаңдар,

Ойлы орта кеңейсің күннен күнге,

Өскен елдің жұртынан қалыспаңдар.

Қатысушы сайыскрлер жүлделерің құтты болсын! Қош сау болыңыздар! Көріскенше күн жақсы.





-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Филолог

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 2760 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Правила дорожного движения (19.75 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт