Сабақтың тақырыбы Портрет.Портрет түрлері
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды портрет түрлерімен таныстыру
портрет түрлерін ажырата білуге үйрету
тиянақтылыққа, әсемдікке тәрбиелеу
Көрнекілік: Оқулық 130-133 бет,түрлі портреттің репродукциялары
Оқушыларға: қағаз, қарындаш, өшіргіш, түсті қарындаштар
Сабақтың типі: жаңа тақырып
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сурет салу, талдау жасау
Сабақтың барысы
І. Ұйымдастыру кезеңі
Оқушылармен амандасу, сынып журналымен түгендеу,оқу-құралдарын қарап шығу.
ІІ. Сабақтың тақырыбы, мақсатымен таныстыру
Балалар, бүгінгі өтетін тақырыбымыз «Портрет.Портрет түрлері». Мақсаты: портрет түрлерімен танысу,оларды ажырата білу.
ІІІ. Сабақты түсіндіру
(Тақтада әрүрлі портреттер ілінген.)
Портрет
Камералық
Автопортрет
Жұптық
Топтық
Салтанатты
Портрет- бейнелеу өнерінің адамды бейнелейтін жанры.
Салтанатты портрет- арнайы сәнді киінген, сымбатты адамды бейнелейді.
Камералық портрет – адам қарапайым, табиғи қалыпта бейнеленеді.
Топтық портрет – екі немесе бірнеше адам бейнеленеді.
Жұптық портрет – ерлі-зайыптылар, туған- туыстар,жолдастар бейнеленеді.
Автопортрет – суретшінің өзін бейнелеуі.
IV. Оқулықпен жұмыс.
Суреттерді көріп әңгімелейді. (130 бет)
V. Практикалық жұмыс.
Оқушылар қалауы бойынша топтық немесе жұптық портрет салады.
VІ. Сабақты бекіту.
Портрет дегеніміз не?
Портрет түрлерін ата?
Қорытынды әңгіме жүргізу.
VІІ. Бірнеше жұмысқа талдау жасап, бағалау
VІІІ. Үйге тапсырма
Аяқталмаған жұмыстарды толықтыру. Өткенді қайталау
Сабақтың аяқталғанын ескерту.
Алматы облысы
Сарқан ауданы
Екіаша орта мектебі
Бейнелеу өнері пәнінің мұғалімі С. Жаксылыкова