Күні
Пән – қазақ тілі
Сынып – 7 «б»
Сабақтың тақырыбы : Болымсыздық пен жалпылау есімдігінің түрленуі.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: болымсыздық есімдігі мен жалпылау есімдігін оқушыларға түсіндіру.
Дамытушылық : жаңа сабақты түсіндіру арқылы білімдерін тереңдету.
Тәрбиелік :тапсырманы орындату арқылы ізденімпаздыққа уйрету.
Сабақтың түрі : дәстүрлі
Сабақтың әдісі : оқулықпен жұмыс, сұрақ – жауап .
Сабақтың көрнекілігі : тапсырмаға байланысты суреттер, плакат.
Сабақтың барысы:
I.Ұйымдастыру
Оқушылармен амандасу.
Оқушыларды түгендеу.
II. Үй тапсырмасын тексеру
91- жаттығу. Мәнерлеп оқыңдар. Сонан соң: 1) әңгімені баяндаушы кім және кім айтып тұрғанын неден байқағандарыңды айтыңдар. Әңгімеге ат қойыңдар; 2) әңгімеде өсімдіктердің қай түрі көбірек қолданылғанын табыңдар.
а) өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары:
1. жіктеу есімдігінің түрленуі
2. сұрау есімдігінің түрленуі
3. өздік есімдігінің түрленуі
4. белгісіздік есімдігінің түрленуі
III. Жаңа сабақты түсіндіру(плакатпен жұмыс) .
Болымсыздық пен жалпылау есімдігінің түрленуі.
Зат есім орнына қолданылатын болымсыздық есімдіктері зат есім сияқты түрленеді: септеледі, тәуелденеді, кейде көптік жалғауын қабылдайды, бірақ жіктелмейді. Еш деген сөз зат есіммен тіркесіп келсе онда ол бөлек жазылады. Мысалы: еш бала,еш нәрсе.
Мысалы:Ешкімге ұрысқам жоқ па?ешкім болымсыздық есімдігі (-ге) барыс септік жалғауында тұрып, кімге? деген сұраққа жауап береді. Ешнәрселері бүлінбеді.ешнәрселері көптік жалғауы (-лер) мен 3-жақ тәуелдік жалғауын(-і) қабылдап, нелер? деген сұраққа жауап береді. Ешқайсысының үні шықпады.ешқайсысының дегені ілік септігінде (-ның) жұмсалып, кімнің?деген сұраққа жауап береді.
Жалпылау есімдігі.
Жалпылау есімдіктерінің ішінде барлық, барша, бәрі деген жалпылау есімдіктері тәуелденеді септеледі. Мысалы: Барлығының тілегі- бейбітшілік. Кәкітай бәріңді қирата жеңіп отыр. Барлық, бәрі жалпылау есімдіктері әрі тәуелденіп (-ы,-ң), әрі септеліп тұр (-ның,-ді).
IV. Сабақты бекіту
1.Оқулықтағы 1 – ші тапсырманы орындату(ешнәрсе, ештеңе, барлық, барша, бәрі деген есімдіктерді тәуелдену және септелу үлгісін көрсетеді).
2. Суреттен болымсыздық және жалпылау есімдігі мен тәрбиелік мәні бар сөйлем құрастыру.
3. Оқушыларға «Ата- ана» тақырыбында мәтін беріледі. Бұл тапсырмада оқушы түсінігін айтып, болымсыздық есімдігін табады.
4. Ешкім, бүкіл есімдіктеріне сатылай кешенді талдау жасату.
Ешкім
негізгі Бүкіл
күрделі есімдік негізгі
болымсыздық дара есімдік
сұрағы: кім? жалпылау
бастауыш сұрағы: қай?
анықтауыш
V. Сабақты қорытындылау
Сұрақтар:
1.Еш деген сөзге зат есім тіркесіп келсе қалай жазылады?
2. Еш сөзі кандай есімдіктердің бірігуі арқылы жасалады?
3. Жіктеу есімдігі қалай түрленеді?
VI. Үй тапсырмасы
Оқулықтың 62-ші беттегі 2 тапсырмасын орындап келу.