Меню
Разработки
Разработки  /  Информатика  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Paint графический редактор для дошкольников

Paint графический редактор для дошкольников

научить художественным приемам рисования в редакторе Paint, разширить искусствоведческие знания дошкольников, научить детей использовать компьютер как средство для творческого самовырожения

06.09.2016

Содержимое разработки

Топ: Даярлық

Білім саласы: Таным

Сабақтың бөлімі: Информатика

Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактор Paint

Сабақтың мақсаты: Paint графикалық редакторында жұмыс. Сурет салып, геометриялық пішіндерді еске түсіру.

Оларды әр түрлі түстерге бояу.

Міндеттері:

1.Paint графикалық редакторымен таныстыру, құралдарды қолданып геометриялық пішіндерді салып, оларды бояуға үйрету;

2.Балалардың ой ұшқырлығын, есте сақтау қабілетін, қол моторикасын дамыту;

3.Ұқыптылыққа, зейінділікке, жауапкершілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: Paint, құю құралы

Көрнекіліктер: компьютердің суреті, тышқан, геометриялық пішіндер

Сабақтың барысы:

Іс әрекет кезеңі

Мұғалімнің іс әрекеті

Баланың іс әрекеті

Мотивациялық кезең


1. Шаттық шеңбер жылы сөздер айту:

Сәттілік бүгін тілеймін,

Мен – саған, сен – маған,

Қолымызды көтеріп, күнге қарап,

Қуанышты төк маған.

Жүрегімнің жылуын

Сыйлаймын саған қабыл ал,

Мен – саған, сен – маған!

2. «Қызықты лото» ойыны

Балаларды екі топқа бөлеміз. Тәрбиешінің көрсеткен геометриялық фигурасын топ түсіне, пішініне

сәйкес тауып, атын атайды да, лото тақтасындағы фигураны жабады.


1. Шаттық шеңберге тұрып жылы сезімдерін көрсетеді








2. Балалар барлық пішіндерді дұрыс тауып, лото бетшесін толтырады.



Ұйымдастыру кезеңі



1. Бүгін біз сендермен сабақта Paint графикалық редакторымен танысамыз. Paint графикалық редакторы сурет салу үшін қолданылатын бағдарлама.


Paint графикалық редакторының терезесі:

  1. Тақырып жолы

  2. Мәзір жолы

  3. Жұмыс алаңы

  4. Құралдар панелі

  5. Түс палитрасы

  6. Қалып-күй жолынан тұрады.

Құралдар сайманы:

Геометриялық пішіндер, құю құралы, қарындаш, қылқалам, өшіргіш, лупа, түстер тақтасы бар (әр құралды қалай пайдалану керектігін көрсетеді).

Геометриялық пішіндерді салу үшін, құралдар тақтасындағы шеңбер, сызықтар, тіктөртбұрыш, көпбұрыш саймандарын, ал бояу үшін құю және бүріккіш сайманадарын қолданамыз.


1. Жаңа сөздерді педагогпен бірге жаттап, олардың атқаратын қызметтерін естеріне сақтайды
















Сергіту сәті

Сағаттың тіліндей,

Иіліп оңға бір.

Сағаттың тіліндей

Иіліп солға бір.

Оң аяқ, сол аяқ,

Жаттығу оңай-ақ.

Жаттығуды бірге орындайды

Рефлексия


Балалар, қазір компьютерге отырып, Paint графикалық редакторында сурет саламыз.

(Балалардың назарын мұғалімге аудартып, көзге жаттығу жасату)

Копьютерге отырып Paint графикалық редакторында үлгіде көрсетілген суретті қайталап салады


Қорытынды


1.Paint графикалық редакторы не үшін қажет?

2.Қандай құралдар бар?


1.Paint графикалық редакторы сурет салу үшін қолданылатын бағдарлама

2. Геометриялық пішіндер, құю құралы, қарындаш, қылқалам, өшіргіш, лупа, түстер тақтасы бар



Білуі қажет: Paint графикалық редакторы туралы, оның құралдары туралы, құралдарды қолданып сурет сала білу;

Нені меңгерді: Геометриялық пішіндер мен түстер туралы қарапайым түсінігі бар.

Игеруі қажет: Paint графикалық редакторы, құралдары туралы толық мағлұмат алады.

Қолданады: Paint графикалық редакторында геометриялық пішіндерді салып, олардя бояй алады.




-75%
Курсы повышения квалификации

Внедрение современных педагогических технологий в условиях реализации ФГОС (в предметной области «Информатика»)

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Paint графический редактор для дошкольников (30.57 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт