«Айгөлек» ортаңғы тобында ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тәрбиеші: Сарсенова Н.А.
Күні: 12.10.2016 ж
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Өсімдіктер әлеміне саяхат»
Мақсаты: Білімділік: Өсімдіктер әлемінің өзіндік ерекшелігі және оның тіршілік ортасымен байланысы туралы әңгімелеу; кейбір өсімдіктердің өсетін орны туралы түсінік беру (бау-бақша, саябақ, бақша, орман);
Дамытушылық: Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге қамқорлық жасай білуге ынталандыру. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау ережелерін әңгімелеу;
Тәрбиелік: өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: өсімдіктерге байланысты өлеңдер, мақал мәтел жаттату, бейнефильм көрсету.
Әдіс-тәсілдер: Тәжірибе жасау, әңгімелеу,түсіндіру сұрақ- жауап.
Қолданылатын көрнекі құралдар: суреттер, хрестоматия, дидактикалық материалдар.
Билингвалдық компонент: Бақша-сад-garden, өсімдіктер-растения-plants, су- вода-water, күн- солнце-sun.
| Оқу қызмет кезеңі | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың қызметі
|
| Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | Балалар музыка әуенімен топқа кіреді. Шаттық шеңбері: Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен, Бізге келсін қуаныш, нұр іздеген. Шуақ толған жанымыз, жүрегіміз Үлгі алсын көрген жан мына бізден.
- Балалар, біз бүгін ұйымшылдықпен «Өсімдіктер әлеміне саяхат» жасап көрейікші, қанекей бәріміз дайынбыз ба? Ғажайып сәт. Топқа үсті басы кірқожалақ болған Дымбілмес кіреді. Қолында жас талдан сындырған бұтағы бар: - Сәлеметсіздер ме балалар? Мен сендерге қонаққа келдім. Мені қонақ қыласыңдар ма? -Жоқ мен бұдан сендерге рогатка жасап беремін. Болмайма екен?
-Балалар, дұрыс айтасындар ағашты сындырып табиғатқа жамандық жасауға болмайды. Оны біз қорғап, аялауымыз керек. - Дымбілмес, сен бізбен бірге бол, «өсімдіктер әлеміне» бірге саяхат жасаймыз. Көп нәрсені үйретеміз. - Жарайды. |
Балалар бір бірінің қолдарынан ұстап жылы жүзбен қарасады.
-Иә, біз дайынбыз
Балалар таңырқап қарайды.
- Сәлеметсіз бе! -Жоқ, өйткені сіз жас талды сындырғансыз ғой. - Жоқ сіз дұрыс жасамадыңыз, олай болмайды. Бізге рогатка керек емес.
-Иә бізбен бірге барсаңыз жақсы болар еді. |
| Ұйымдастырушылық - ізденушілік | Жұмбақ: " Қолы жоқ, аяғы жоқ-қозғалады, аузы жоқ- тыныс алады, қоректенеді", Бұл не болды? Дұрыс таптыңдар, жарайсыңдар - Балалар, өсімдіктер қайда өседі?
- Өсімдіктердің адам өміріндегі маңызы қандай?
-Өсімдік өсу үшін не керек?
Біздер бау бақшада, ағашта өсетін өсімдіктердің қай мезгілде пісіп, қай мезгілде жинап алатынын көру үшін саяхатқа барамыз.Саяхатқа барғанда кедергілерден: судан, көпірден, қысқа ирек жолдардан өтеміз. Көктем, жаз, күз мезгілдеріне кездеседі. Көпірден өтіп, балалар назарын горшокте өсіп келе жатқан гүлге аударады. -Балалар өсімдіктер өсу үшін не істейміз? Бүршік жарып келе жатқан ағаштардың суретін көрсету. Олардың жапырақтары, көшеті, мұртшалары бар. Сабағы тарқылы көбейеді. Өсімдіктердің иісі болады, гүлдейді, жеміс береді. Олардың өсуіне жарық, ауа, ылғал қажет. Шығармашылық жұмыс: Балалар біздің табиғат бұрышымыздағы бөлме гүлдерімізді суаратын кез де келіпті. Қанекей бөлме гүлдерін арнайы таяқшамен қопсытайық, суарайық, жапырақтарын сүртіп тазалайық. Сергіту сәті: Орнымыздан тұрайық, Гүлдерге су құяйық. Орнымыздан жылжиық, Басқа гүлге құяйық.
-Дымбілмес сен білесін бе, бөлме және бау бақшада өсетін өсімдіктер адамдардың көмегінсіз ауырады. -Балалар мінекей біз бау бақшаға да келіп жеттік. Балалар ендеше үш тілде мына сөздерді қайталап жаттап алайық: Билингвалдық компонент: Бақша-сад-garden, өсімдіктер-растения-plants, су- вода-water, күн- солнце-sun. «Не қайда өседі?» дидактикалық ойыны. Шарты: жемістер мен көкөністерді ажыратып, бақшада өсетіндерін жерге, бақта өсетіндерін ағашқа іледі. Балалар сонымен адамдардың көмегінсіз бөлме, бау бақша өсімдіктері ауырады, қурайды, сарғаяды екен. Дымбілмес саған бізбен бірге саяхаттаған ұнады ма? Иә, рахмет сендерге балалар. Сендердің көмектерін арқылы көп нәрсе үйрендім. Менің қайтатын уақытым болды. Сау болыңдар! |
- Бұл -өсімдік. - Жерде, бөлмеде, ағашта өседі. - Адамдар өсімдіктерді азық ретінде ,құрылыс материалы ретінде қолданады, қағаз алады. Ол ауаны тазартады. - Өсімдіктер тұқым арқылы көбейеді. - Өсімдік өсу үшін су, ауа, жарық,жылу керек.
Жыл мезгілдерін көреді. Гүлдің өсіп жатқанын көреді. Өсімдік терді суарып, қопсытып, арам шөптерден тазартып отыруымыз керек.
Бүршік жарып келе жатқан ағаштың суретін көреді. Олардың жапырақтары, мұртшалары, сабағы бар екенін әңгімелейді.
Табиғат бұрышына келіп алжапқыштарын тағып дайындалады. Гүлдерді әуелі топырағын қопсытады, су құятын ыдыспен суарады, жапырақтарын арнайы кішкентай шүберектермен сүртеді. Орындарынан тұрып қимылмен орындайды. Гүлге су құйғандай қимылдар жасайды.
-Жоқ білмеуші едім, енді біліп жүретін боламын.
Бақша-сад-garden, өсімдіктер-растения-plants, су- вода-water, күн- солнце-sun.
Балалар қызығушылықпен ойнауға кіріседі.
Оларды үнемі күтіп баптауымыз керек. Олар адамдардың күтімін қажет етеді.
Бізге қонаққа келіп тұрыңыз, көп нәрсені үйретеміз. |
| Рефлексиялық - түзетушілік | Сонымен балалар өсімдік жақсы өсу үшін, оны күту керек екен. Егер адамдар өсімдіктерге дұрыс қамқорлық жасайтын болса,ол біздің жерімізді сәнге бөлейді. Сендердің үйлерінде бақша бар. Ол жерде түрлі өсімдіктер өседі,сол өсімдіктердің өсуін үнемі бақылап жүріңдер! Сау болындар! | Біз енді әрдайым өсімдіктерге қамқор болып күтіп баптауға аналарымызға көмектесеміз. Дымбілмес сияқты ағаштарды сындырмаймыз. Іні сіңлілерімізге де үйрететін боламыз. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Өсімдік өсу үшін қажетті жағдайларды;
Қандай түсініктерді игерді: Өсімдіктердің өсу ортасын ажырата алады(бау бақша, орман, бөлме өсімдіктерін);
Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өсімдіктерді күтіп баптау жолдарын.
№38 «Жазира» бөбекжайы МКҚК
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Өсімдіктер әлеміне саяхат»
Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі
(№1 семинар отырысында қаралды, №1 хаттама 14.10.2016жыл)
Өткізген:
«Айгөлек» ортаңғы тобының
тәрбиешісі Сарсенова Н.А.
2016 жыл
№38 «Жазира» бөбекжайында өткізілген ашық ұйымдастырылған оқу қызметінің №1 хаттамасы
Күні: 14.10.2016 жыл
Тобы: «Айгөлек» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Сарсенова Н.А.
Білім беру саласы: Әлеумет
Бөлімі: Қоршаған ортамен таныстыру
Тақырыбы: «Өсімдіктер әлеміне саяхат»
Қайда қаралды: №1 семинар отырысында
Күн тәртібінде:
1.«Айгөлек» ортаңғы тобының тәрбиешісі Сарсенова Н.А. «Өсімдіктер әлеміне саяхат» атты ұйымдастырылған оқу қызметін өткізді.
Қатысқандар: әдіскер Ишангалиева Н.К, тәрбиешілер.
Тыңдалды: Сарсенова Нұрбике Алтынбекқызы ұйымдастырылған оқу қызметінің тақырыбы: «Өсімдіктер әлеміне саяхат». Ұйымдастырылған оқу қызметінің мақсаты: Өсімдіктер әлемінің өзіндік ерекшелігі және оның тіршілік ортасымен байланысы туралы әңгімелеу; кейбір өсімдіктердің өсетін орны туралы түсінік беру (бау-бақша, саябақ, бақша, орман); Табиғат бұрышындағы өсімдіктерге қамқорлық жасай білуге ынталандыру. Бөлме өсімдіктеріне күтім жасау ережелерін әңгімелеу; Өсімдіктерге қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу.
Сөз сөйлегендер: «Балдәурен» тобының тәрбиешісі: Қуанаева Э.А. Балаларға қызықты әрі жалықтырмайтын өсімдік әлеміне байланысты қысқа роликті мультфильмдерді тамашалатуға болатынын айтыр өтті. Бөлме гүлдерінің түрлерімен таныстырғаннан соң, алған білімдерін бекіту үшін қызықты дидактикалық ойындар ойнатуға шақырды.
«Еркетай» тобының тәрбиешісі: Хитарова Н.З.
Балаларды оқу қызмет кезінде әдемілікке, тазалыққа, ұқыптылыққа тәрбиелей білді.
Әдіскер: Ишангалиева Н.К.
Ашық оқу қызметінде Нұрбике Алтынбекқызы тақырып мазмұнын ашып, оқу қызметі барысында балалардың өсімдіктерге, жалпы табиғатқа деген қызығушылыған арттырды. Тәрбиеші уақытты тиімді пайдаланып, балаларды табиғатты қорғауға деген ынта - ниеттерін арттырды.
Әдіскер: Ишангалиева Н.К.

«Өсімдіктер әлеміне саяхат» (27.05 KB)

