«Оқытудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқыту» тақырыбы бойынша
І деңгей тыңдаушысы Озганбаева Марияш Бегалиевнаның
коучинг жоспары
13 . 01. 2017 ж | 3 апта | 5 күн | |
Сабақ тақырыбы: | «Оқытудағы жаңа тәсілдер диалогтік оқыту»
| ||
Жалпы мақсаты: | Диалог сабақта оқушылардың қызығушылығын арттырумен қатар, оқушылардың білім деңгейінің өсуіне ықпал ететіндігі нақтыланады. Топтық жұмыс арқылы оқытудың диалогтік әдістерін енгізуге арналған тәсілдерді қарастырады. | ||
Түйінді идеялар: | * Әңгіме-мұғалім балалардың оқуға деген ынтасын оятатан қуатты құрал. *Диалогтік сұхбаттасу - мұғалімдер де, оқушылар да білім алуға үлес қосатын өзара іс-қимылдың шын мәніндегі тиімді түрі.
| ||
Сабақта қолданылатын материалдар: | А-3, А-4 парақтары,стикер, интерактивті тақта, маркер,фломастер, қалам.
| ||
Бірлескен жұмысқа негізделген тәсіл: | *Диалогтік оқыту *АКТ арқылы таныстырылым. *«Ақылдың алты қалпағы»әдістемесі
|
| |
Дерек көздері: | Мұғалімге арналған нұсқаулық І деңгей 26-27 бет, оқулықтар, таныстырылым | ||
Тапсырмалар: | «Диалог дегеніміз не?» постер қорғау,мәтінді талқылау, «Ақылдың алты қалпағы»әдістемесі, стикер арқылы кері байланыс жазу, рефлексия | ||
Оқу нәтижесі | *Бастауыш буында оқыту мен оқу тәжірибесіне диалогтік әдістерді енгізуге; *Сыныпта диалогтік әңгімені тиімді жүргізу үшін қажетті негізгі ережелерге ерекше көңіл аударуға дайын болады.
| ||
Рефлексия | «Осы тақырып бойынша тағы не білгіңіз келеді ? » Т.б сұрақтар негізінде кері байланыс орнату.Стикерге жазып тақтаға ілу.
|
Сабақ бойынша коуч пен мұғалімдердің іс-әрекеті:
Уақыты
| Коучтың іс-әрекеті | Мұғалімдердің іс-әрекеті
| ||
(2 мин)
| Сергіту сәті |
Музыкалық ырғақпен би қимылдары | ||
(15 мин)
|
«Диалог дегеніміз не?» тақырыбына постер қорғауға тапсырма беру. Формативті бағалау
|
Постер салады, қорғайды.
«Екі жұлдыз, бір тілек» бойынша топтар бір- бірін формативті бағалау. | ||
Ақпарлама (5 мин) |
«Оқытудағы жаңа тәсіл диалогтік оқыту» таныстырылымы |
Таныстырылыммен танысады | ||
(10 минут)
| Мәтін тарату. Әңгіменің үш түрі. Формативті бағалау |
Мәтінді әңгіменің қай түріне жататындығын талдау, дәлелдеу
Формативті бағалау
| ||
(10 минут)
| «Пәндер бойынша диалогтік оқытудың тиімділігін арттыруға бола ма ?» | «Ақылдың алты қалпағы»әдістемесін қолдану арқылы пікірлерін білдіру
| ||
Рефлексия (3 мин )
|
Кері байланыс анықтамасын нақтылау үшін жазылған бетшелерді тарату |
«Осы тақырып бойынша тағы не білгіңіз келеді ? » т.б сұрақтар негізінде кері байланыс орнату.Стикерге жазып тақтаға ілу.
|