Менің Отаным – Қазақстан
Мақсат: Еліміздің тарихы туралы түсінік беру, ұлттық озық дәстүрлерден үлгі алып, халқымыздың салт-дәстүрін, мәдениетін, үлгі-өнегесін балалар бойына сіңіру.
Көрнекті құралдар: Ту, елтаңба, Әнұран, Президенттің портреті, Қазақстан картасы, ән-күйлер жазбасы.
Жүргізуші:
Біздің Отанымыз - Қазақстан. Кең байтақ даламыз! Байлығымыз - байтақ жеріміз, бақытты елміз. Көрсең көз тоймас, көрмесең көңілің көншімес асқар шыңды тауларымыз, жемісі миа бауларымыз, асу-асу белдеріміз, айдын шалқар шөлдеріміз, жайылып аққан өзендеріміз, сылдырлаған бұлақтарымыз, орам-орам ормандарымыз. Осының бәрі Алтай мен Атырау, Ақжайық пен Алатаудың аясында құлаш жайып, күнге байып, жайнай түрленіп, жасанып- жасарып жатыр. Осындай өмірге жету үшін талай-талай қилы заманды қазақ бабаларымыз басынан өткерген. Қазақ хандығы он бесінші ғасырда құрылса да Қазақ мемлекеті бейбіт, тыныш өмір сүре алмады. Ұлан-байтақ елімізге жан-жақтан көз тігіп, сайран салушылар көбейді. Тыныш жатқан елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Он бесінші ғасырда дүрліккен ел шұбыла қашып, "ақтабан шұбырынды" болды.
Он сегізінші - он тоғызыншы ғасырларда халқымыз еркіндік пен тәуелсіздігінен айрылды. Жоңғарлар шапқыншылығынан шаршап, көмек күтіп, өз еркімен Ресейге қосылған Қазақстан, Ресей империясының меншігіне айналды. Жиырмасыншы ғасырдың 1916 жылы патшаға жігіт бермейміз деп қарсылық көрсеткендер оққа ұшады. Қанша халық өз жерінде қырғын керіп, жаяу-жалпы, үй-күйсіз Қытай жеріне кетті.
1917 жылдан кейін де бостандыққа қол жетпеді. Мыңдаған жандар ата жұртын тастап, көшуге мәжбүр болды. 1923-33 жылдарда болған адам айтса нанғысыз ашаршылықта 9 млн. халықтың 2, 2 миллионы опат болды. Тағы да аштық, жалаңаштық, тағы да өлім.
1941-45 жылдар арасында бұрын адамзат тарихында болмаған алапат соғыста, бірлік, достық жолында жан қиған қазақ батырлары фашизмнен бүкіл адамзатты қорғап, ерекше ерлік көрсетті.
/Батырлар туралы сүрақтар қоюға болады/
1986 жылы желтоқсан айында отты оқиға болды. Үкімет саясатына наразы болған жастардың бейбіт демонстрациясы қанға боялды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс қүдіретін әлемге паш етті.
Оқушы:
Егемен болмай ол болмас,
Етек - жеңі кең болмас,
Терезесі тең болмас,
Енді қазақ кем болмас.
Бастаушы:
"Орнында бар оңалар" дегендей, ел орнында, жер орнында, жерге жетер байлық жоқ. Жер болса ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді ел болып, дүниежүзіне танылуда. Біздің Отанымыз - егеменді, тәуелсіз Қазақ мемлекеті 120 - дан аса ұлт өкілдері "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып" осы қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, егіні теңіздей толқып, төрт түлігі маңырап, өндірісі өркендеп, тату - тәтті өмір сүріп, өз Отанын сүйіп, оның көк байрағын көтөруді мақтан етеді.
/ қазақ биі/
Қазақстан картасын көріп тұрсыңдар ма, балалар, енді біз елімізге саяхат жасаймыз.
Бірінші аялдама: "Өткен жылдар жемісі"
1-оқушы: 1990 жылы 25 қазанда Қазақ ССР Жоғарғы Советі Қазақ ССР-інің егемендігі туралы Декларацияны қабылдады.
2- оқушы: 1991 жылдың 1 - желтоқсанында Республика жұртшылығы түңғыш рет Нурсултан Әбішулы Назарбаөвты республика Президенті етіп сайлады.
1-оқушы: 1991 жылдың І6 желтоқсанында Қазақстан Республикасы елімізді "Тәуелсіз демократиялық және құқықтық мемлекет деп жариялады.
2- оқушы: 1992 жылы қазан айында түңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров ғарышқа самғап ұшты.
1-оқушы: 1993 жылдың 4 маусымында Президент Қазақстан Республикасының мемлекеттік Туы, Елтаңбасы, Әнұраны туралы Қазақстан Республикасының Заңдарына қол қойды.
2- оқушы: 1993 жылы 12 қарашада төл теңгеміз дүниеге келді.
1-оқушы: 1994жылы З0 маусымда қазақ халқының екінші қыраны - ғарышкер Талғат Мұсабаев аспан көгіне алты айлық сапарға аттанды.
2- оқушы: 1995 жылдың 30 тамызында Тәуелсіз Қазақстанның түңғыш "Ата Заңы" - Конституциясы қабылданды.
Екінші аялдама - «Қазақ елінің Рәміздері»
Елтаңба көрсету, таныстыру, авторлары жайлы айту.
Қазақтың кең даласы, күн сәулелі шаңырағы, қүс қанатты пырағы, көгілдір нұрлы шуағы, күн сәулелі ұраны - бәрі осында.
Елтаңбаның авторлары: Жандарбек Мәлібеков және Шота Уәлиханов атты суретшілеріміз.
Қатар шапқан қос тұлпар
Ай астында қазақ үй
Шарықтаған таза күй
Қалықтаған жас сұңқар
Ту көрсету, таныстыру, авторларын айтып өту.
Туым, жасыл байрағым, әлемнің барша елдерімен терезе теңестіріп асқақ желбіреп тұр. Оны алыстан танисың: мөп-мөлдір аспандай көгілдір түс қандай керемет. Сол көгілдір зеңгір ортасынан сәуле шашқан күн, күнді қанатымен көтеріп ұшқан қыран қандай кербез. Бұл тудың авторы белгілі қылқалам шебері Шәкен Ниязбеков.
Айнымайды аспаннан
Біздің тудың бояуы
Оны халық қашанда
Биікке іліп қояды.
Әнұран: Таспаға жазылған әнұранды тыңдау
Әнуран Отанымыздың салтанатты үні, өр үні, өміршең үні. Әуелі кеудені мақтанышқа бөлейді, арманыңды самғатады.
Әнуран -тереңнөн тербеп, алысқа сермеген арманшыл тілектің , қайратты білектің, бұлқына соққан жүректің жарқын үні.
Әнұранның сөзін жазғандар: М.Әлімбаев, Қ.Мырзалиев, Т.Молдағалиев
Әні: М. Төлебаев,Е.Брусиловский, Л.Хамиди
Әнұраным, жанұраным
Айтар әнім, сөйлер сөзім.
Туған жерім, сағынарым,
Мәңгі- бақи шырқалады,
Республикам- Әнұраным.
Әнұранның авторларын, суреттерін көрсетіп, таныстыру.
Үшінші аялдама «Ұлттық дәстүрлер»
Бабаларымыз тәрбиеге, салт-дәстүрге ерекше көңіл бөлген. Ерте кезде жазу, сызу болмағанда баланы отбасында отырып-ақ тәрбиелеген. Ырымдар мен тыйымдар, алғыс тілектер, мақалдар арқылы тәрбиелеген.
Ырымдар мен тыйымдар:
Айға қарап қолыңды шошаңдатпа.
Жанып түрған отты шошаңдатпа.
Жанып түрған отты үрлеп өшірме
Үйде ысқырма.
Таңдайыңды қақпа.
Табаныңды тартпа.
Бүйіріңді таянба. Т.б.
Балалар, тағы қандай тыйым сөздер білесіңдер?
/Оқушылармен сұрақ- жауап ойнау/
Салт-дәстүрлер: Бесік той, шілдехана, тұсау кесер, бастаңғы, ат қою, беташар,сүндет, тілашар т.б.
/Салт-дәстүрлерден рәсімдер көрсету, сұрақ- жауап ойындар/
Төртінші аялдама «СӨЗ СЫРЫ»
Қазақ халқының бай ауыз әдебиеті үлгілерінің бірі шешендік сездер: мақал-мәтелдер. Халқымыз ертеде от ауызды, орақ тілді болып, ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен. Небір сұңғыла шешендер, аузы дуалы айтқыштар болған.
Оттылық та бар, тектілік те бар тілімде,
Шешендік те бар, көсемдік те бар тілімде.
Атақты бір шешен туралы әңгімелеп беру.
Мына сәздердің мағынасын түсіндіру көрек:
• Ақ түйенің қарны жарылды.
• Қой аузынан шөп алмас.
• Оқтау жұтқандай сіресіп
Мақал-мәтелдер айтып беру.
Жастық шақ ақ алмас,
Жоғалтқан таба алмас.
Күтсең ата- анаңды,
Кешірер атаң қатеңді.
Алғыс алған адам деп,
Халық алар батаңды.
"Бір сөз ұйықтап жатқан мың сөзді оятады,
Ойы шолақтың - тілі шолақ.
Тілі нәрсіздің - ойы нәрсіз
*Жаңбыр жаумаса жер жетім,
Басшысы болмаса ел жетім.
Бесінші аялдама: "Бәрі ұлттық"'.
Ұлттық мейрам, ұлттық ойындар, ұлттық тағамдар, ұлттық өнер
Балалар, қандай ұлтгық мейрамдарды, ойындарды, тағамдарды білесіңдер? Қандай ұлттық өнер түрлері туралы айта аласыңдар?
/Балалардан жауап алу/
Туған жерді сүю парыз,
Сүю үшін білу парыз.
Қасиетін ұғу парыз,
Күзетінде тұру парыз.
Ана тілін ақтаймыз,
Салт-дәстүрді сақтаймыз!