«Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік
мекемесі
Тексерілді: Директордың әдістеме
Мектеп директоры: ісі жөніндегі орынбасары:
__________Ш.Оспанова __________Г.Кабилбекова
Ашық сабақ
Тақырыбы: « Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі»
1 «Б» сынып жетекшісі:
Тагабергенова Кенжегуль Сабыровна
2019-2020 оқу жылы
| Қысқа мерзімді жоспар Пән:Сауат ашу Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 3-бөлім: «Менің отбасым және достарым» Күні: 29.11.2019 | Мектеп: «Жамбыл ауылындағы №2 орта мектебі»КММ Мұғалімнің аты-жөні: Тагабергенова Кенжегуль Сабыровна Сынып: 1 Б Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны: | |||||
| Сабақтың тақырыбы | Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі 65-бет жұмыс дәптері 39-бет | |||||
| Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме) | 1.2.9.1.Әріпті тану,ажырату және оны дыбыспен сәйкестендіру. 1.2.1.2 Оқудың түрлерін(буындап оқу,жиі кездесетін сөздерді оқу.түсініп оқу)қолдану
| |||||
| Сабақтың мақсаттары | Барлығы: Жаңа білімді меңгереді. Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды. Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады. | |||||
| Бағалау критерийлері | Құрамында і әрпі кездесетін сөздерді буынға бөліп айта алады Сызбаға сәйкес сурет атауын тауып, дыбыстық талдау жасай алады. Берілген мақалды оқып, мағынасын айта алады. | |||||
| Құндылықтарды дарыту | Еңбек және шығармашылық құндылығы | |||||
| Пәнаралық байланыс | Музыка, дүниетану сабағы | |||||
| АКТ қолдану дағдылары | Аудиожазба , таныстырылым. | |||||
| Тілдік мақсат | Оқушылар: Іі дыбысының сөздегі орнын анықтайды және дыбыстық талдау жасай алады. | |||||
|
| Негізгі сөздер мен тіркестері: Ғалым, мұғалм, инженер, дәрігер Сыныптағы диалог үшін пайдалы тілдік бірліктер Талқылауға арналған сұрақтар: Ақылды адам мен ақымақ адамды қалай суреттер едіңдер? Сіз неліктен ... екенін айта аласыз ба? Неліктен мақалда «Ақымақ тіс сындырады» делінген? І дыбысын неліктен дауысты дыбыстар қатарына жатқызамыз? | |||||
| Алдыңғы оқу | Ұұ әрпі мен дыбысын біледі. | |||||
| Сабақ барысы | ||||||
| Сабақтың жоспарланған кезеңдері | Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет | Ресурстар | ||||
| Сабақтың басы Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру 2 минут
2 минут | Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру Қуанамын мен де, Қуанасың сен де, Қуанамыз достармен, Арайлап атқан күнге.
Топқа бөлу Сұрақтарға жауап беру арқылы 1топ «ірімшік» / сөзде неше буын бар екенін қайдан білеміз?/ 2топ «түлкі» \Сөз неден құралады\ 3топ «кітап» /Ұ дыбысы қандай дыбыс?\ 4 топ «ілгіш» \Ұ дыбысына байланысты сөздер айт\
(Т) Тақтада берілген әрбір суреттің атауларын буынға бөліп І дыбысы нешінші буында, буынның қай жерінде тұрғанын айт. «ой қозғау » әдісі арқылы Іі дыбысы кездесетін сөздерді айтып шығу ҚБ: От шашу |
Күннің суреті
суреттер | ||||
| Сабақтың ортасы минут
| Айтылым Оқулықпен жұмыс Ірімшік сөзіне дыбыстық талдау жасау Оқулықта берілген сюжетті суретке әңгіме құрату -Ірімшік сөзінен бірінші қандай дыбыс естідіңдер? - І дыбысы -І қандай дыбыс? -Дауысты дыбыс. ҚБ: « мадақтау» (Ұ) Қызығушылығын ояту Жаңылтпаш айту Іргебай інген іздеген, Ілгері кетті ізбенен. Тез жатта, тез айт
Әңгіме құру.
(Ұ) №1. Тыңдалым «Менің отбасым» өлеңін тыңдату немесе мәнерлеп оқу. Өлең мазмұнын талдату. Сұрақтар: -Өлең не туралы? -Атасы кім болып жұмыс істейді? -Әжесі ше? -Әкесі ше? Анасы ше? -Ол не үшін мектепке барады? Өлеңде кездесетін мамандықтар туралы әңгімелеу: ғалым, мұғалім, инженер, дәрігер Бұл мамандықтардың қызметі туралы айту
Оқылым №2. Оқы ін іс іл ірі іні тіс шіл тіл Сөздерді тұтас оқуға үйрету, сөздердің мағынасын түсіндіру. Аквариум әдісі: Айтылған сөздерге сөйлем құру.
Бағалау: Смайлик арқылы. |
Оқулық
Сюжетті суреттер
| ||||
| Сергіту сәті 1 минут | Шығармашылық тапсырма: іс – іс – іс, Аппақ екен тіс іл – іл –іл Сөйле қызыл тіл | Сергіту сәтіне арналған жинақ | ||||
|
Аяқталуы
10 минут
| Жұптық жұмыс Сәйкестендір. ҚБ Басбармақ Жазылым Дәптермен жұмыс 39 -бет Сиқырлы қалам аламыз, Әдемі етіп жазамыз. Іі әрпінің баспа және жазба түрін көрсету. Берілген әріп элементтерін каллиграфиялық нормаға сай , таза, ұқыпты жазуға үйрету. 1.Іі әрпінің кіші әрпін жазуды ауада жазып көрсету. 2.Тақтада жазу және дәптерде орындау. 3.тіс, кілем, із сөздеріндегі і дыбысын жазу, сөздерді буынға бөлу, дыбыстық талдау жасату Бағалау:смайлик |
суреттер
Жұмыс дәптері
Смайлик | ||||
| Сабақтың соңы 3 минут
| Кері байланыс: Жаңа сабақты қандай дәрежеде түсінгендерін сигналдық карточка арқылы көрсету | карточка | ||||
| Қосымша ақпарат | ||||||
| Саралау – Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жопарлайсыз? | Бағалау – оқушылардың үйренгенін тексеруді қалай жоспарлайсыз? | Пәнаралық байланыстар, қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері, АКТ-мен байланыс. Құндылықтардағы байланыс | ||||
| Ұжымдық жұмыс Топтық жұмыс Топтық жұмыс Жеке жұмыс Жеке жұмыс | Мадақтау жұлдызша басқармақ от шашу смайлик арқылы | 1. Дүниетану, 2. АКТ арқылы | ||||
| Рефлексия | ||||||
| - Сабақ/оқу мақсаттары шынайы ма? - Бүгін оқушылар не білді? - Сыныптағы ахуал қандай болды? - Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? - Мен берілген уақыт ішінде үлгердім бе? - Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неліктен? |
| |||||
| Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақты жақсартуға не ықпал ете алады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)? 1. 2. Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістік/қиындықтары туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?
| ||||||
|
| ||||||

Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі (52.9 KB)

