Бекітемін: ___________
Әдіскер: Н. К. Ишангалиева
Күні: 1.09.2016
Тәрбиеші: Шадманова Ж. Б
Білім беру саласы: «Коммуникация»
Бөлімі: Сөйлеуді дамыту
Тақырыбы: «Мен өз елімнің патриотымын!»
Мақсаты: Отанды сүюге, құрметтеп қастерлеуге, өз елін, тілін білуге тәрбиелеу.
Патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру. Отан туралы шығармаларды оқып беру арқылы әдебиетке құштарлыққа баулып, тілдерінің дамуына ықпал ету. Өз отанын сүюге тәрбиелеу.
Алдын-ала жүргізілетін жұмыс: Балаларға отан туралы тақпақтар үйрету.
Белингвальды компанент: Отан- Родина-birthplace,
| Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
| Мотивациялык-козғаушылык | Ұйымдастыру кезеңі. 1. Көк тудың желбірегені Жаныма қуат береді. Таласқа түссе жан ман Ту Жан емес, маған керегі- Көк Тудың желбірегені. | Шеңбер бойына тұрып, қимылдар жасайды. |
| Ізденушілік- Ұйымдастырушылық | Кіріспе әңгіме. -Отан – әр адамның жүрегіне жылы тиер қасиетті сөз. Отан –сенің туған елің, туған жерің, дос –жарандарың, туған туысқаның. Отан- бұл өзіңнің тұратын, өмір сүретін, қызмет ететін жерің. Отан адам үшін біреу ғана. Отанды анаға теңейді. Себебі, Отан сендерді анаңдай қорғайды, көмектеседі, күш береді. Біз Отанымызды, елімізді сүйеміз. Біз, Қазақстанның патриотымыз! Сергіту сәті. Қимылды ойын: «Көлеңке » Көлбең –көлбең, көлеңкем, Көлбеңдеген көлеңкем. Түлкі қалай жүреді, Кім көрсете біледі? |
Өлең, тақпақтар, мақал-мәтелдер айтады. |
| Рефлексивті- Түзетушілік | Ән «Егеменді Қазақстаным!». - Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің азаматтары!
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;
Болуы қажет: Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;
Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі, сөздік қорлары мол.
№ 38«Жазира» бөбекжайы МКҚК
Тақырыбы:
«Мен өз елімнің патриотымын»
(№ 1 педагогикалық сағат, хаттама № 1 02.09.2016)

«Айгөлек» ортаңғы тобы
Тәрбиеші: Шадманова Ж.Б
2016-2017 оқу жылы

"Мен өз елімнің патриотымын" (60.29 KB)

