2-сабақ. сыныбы______________ мерзімі_____________
Сабақтың тақырыбы : « Мен қандаймын ?»/ өзіндік портреті/
Шығармашылық ойындар: « Мен қандаймын ?» жаттығу.
Рольдік ойын« Менің отбасым» ,
Ермексазбен жұмыс: « Мүсінші »
Сабақтың мақсаты:
1.Білімділік:Баланың өзіндік орны маңызы барын түсіндіру.
2.Дамытушылық :Балаға ересек адамдармен,құрдастарымен қарым-қатынас дағдыларын меңгеруге ,эмоциялық қарым-қатынаста өмірге қызығушылығын арттыру,қол саусақ икемділігін дамыту.
3.Тәрбиелік: Оқушыныөз-ара сыйластыққа тәрбиелеу,адамдарға шын ниетпен көмектесе білуге тәрбиелеу
Білімділік, икемділіктер ,дағдылар:
Сөздік: тілалғышпын , қайрымдымын, үлкенді сыйлаймын ,кішіге қамқормын ,күштімін ,ептімін
Сөйлеу тілін дамыту :Сөздерді дұрыс пайдалану ,сөйлемдерді дұрыс құрастыру
Сабақтың түрі: дамыту –түзету сабағы
Ойын материалы:Отбасы туралы суретттер ,бала әрекеті туралы суреттер ермексаз,жұмыс жасайтын құралдар
Оқыту әдістері:көрсету ,баламен бірге ойнау,түсіндіру,қимыл –әрекетті көрсету.
Сабақ барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі. Баламен амандасу ,құралдарын даярлау.
ІІ.Кіріспе : әдет-ғұрып ойындары «Амандасу –қоштасу »
Баланың қимылды қайталауын бақылау.
ІІІ.Жаңа сабақ .Тренинг. Мен қандаймын ?
Мен-тілалғышпын,
Мен- қайрымдымын,
Мен –үлкенді сыйлаймын,
Мен –кішіге қамқормын,
Мен –күштімен,
Мен-ептімін!
Мен –бәрінен де мықтымын !
2.Рольдік ойын. «Менің отбасым». Оқушыға отбасы мүшелері туралы әңгімелеу арқылы олардың өзіне деген қамқорлығы ,орыны , қуанышы жайлы әңгіме құрату .Отбасына сыйлық әзірлейміз. Оқушыға ермексазбен сыйлық жасату.
3. Ермексазбен жұмыс: « Мүсінші »
Оқушыға ермексазбен, жұмыс жасайтын құралдармен қалаған заттарын жасату .
Бүгін бізге мүсінші келіпті.
Бізге не жасап береді екен?
Менің доп, шар алғым келеді ,торт ,конфет жегім келеді.
ІІІ.Жаңа сабақты бекіту :
Бүгін қандай ойындар ойнадық ?
Саған сабақ ұнады ма?
Оқушыны мадақтап сабақты аяқтау.