Меню
Разработки
Разработки  /  Психологу  /  Планирование  /  Прочее  /  «Мен агрессияға жоқ деймін!»

«Мен агрессияға жоқ деймін!»

Ма?саты: Ата – аналар бойында?ы агрессияны т?сіру, жалпы агресивті ата – ананы? бала ?міріндегі кемшілігі мен ?иынды?ы туралы м?лімет беру.

11.03.2017

Содержимое разработки

«Мен агрессияға жоқ деймін!»

Агрессивті ата – аналармен жүргізілетін тренинг


Мақсаты: Ата – аналар бойындағы агрессияны түсіру , жалпы агресивті ата – ананың бала өміріндегі кемшілігі мен қиындығы туралы мәлімет беру.


  1. «Қатыгез тәрбие» бей көрініс көрсету , талқылау

  2. «Жағдаяттардан жайлы өту кебісі» .

  3. Тыныштық сәті «Кездесу»

  4. «Домалақ» ойыны

  5. «Ха» дем шығару жаттығуы

  6. «Жанжал» ойыны

  7. «Менің өте жақсы попугайым»

  8. «Аяныш»


«Қатыгез тәрбие» бей көрініс көрсету , талқылау

Мақсаты : Агрессия туралы мәлімет беру , өз өмірлеріндегі агрессияны көрсету

Талдау сұрақтар: Қандай көріністің куәсі болдыңыздар ?

  • Қалай әсер етті?

  • Не түйдіңіздер ?

  • Агрессия туралы не білдіңіз ?

«Жағдаяттардан жайлы өту кебісі» .

Мақсаты : Қомғамдық проблемалар туындағанда одан шығуға үйрету .

Нұсқау: Жүргізуші ата – аналарға сиқырлы кебісті киюді ұсынады. Содан кейін оларға проблемалы жағдаяттар ұсынады. Ата – ананың сол жағдаяттан шығуы ортақ талқыланады.


«Кездесу » тыныштық сәті.


«Домалақ» ойыны
Мақсаты: баланы өзін-өзі қалыпқа түсіруге амалдарының бірі, ішкі агрессияны жеңуге шақыру.
Нұсқау: Әрі бері не істерін білмей жүрген баланың қолына, ашық түсті тоқыманы ұстатып, домалақтап жинау керектігін тапсыру керек. Әр ұсынған сайын домалақтың мөлшері ұлғая береді. Ересек адам балаға домалақтың қарапайым емес сиқырлы екендігін айтады. Жіпті домалақтап жинай бастаса, мейлі қыз бала немесе ер бала болсын тыныштала бастайды. Осындай ойындар бала үшін әдетке айнала бастағанда, бірдеңеге ренжігенде немесе шаршаған сәттерінде, міндетті түрде оның өзі ересектерден «сиқырлы жіпті» сұрай бастайды.

«Ха» дем шығару жаттығуы

Мақсаты : Ата – аналар бойындағы агрессиясын шығару

Нұсқау: Ата – аналарға екі қолдарын жайып бойларынды бар агрессия тудыратын ойларын қолдарына жинауды ұсынады. Агрессияның жоғарлауы сияқты , оны төбеге ойлай отырып көтеру ұсынылады. Содан кейін балтамен отын жару сияқты төменге лақтыру ұсынылады. Одан кейін айелі мен күйеуі ретінде өздері қалаған ата – анамен көңіл жарастыру ұсынылып , оларға балтаны алма кезек ұру жұмысы беріледі. Еке балта бір кезде ұрылмауына жол бермеу қажеттілігі туралы айтады. Тренинг талқыланады.


«Жанжал» ойыны

Мақсаты: Саусақ пен төменгі жақ бұлшық еттерін босаңсытуға үйрету.
Нұсқау: «Сен досыңмен ренжісіп қалдың. Міне-міне жанжал басталады. Қатты тістеніп тұрып, терең дем ал. Тырнақтарыңды алақаныңа батыра, қатты жұдырығыңды түй.Бірнеше секундта деміңді ішіңе тарт.
Ойланып көрші: мүмкін жанжалдасудың қажеті жоқ шығар? Дем шығарып, денеңді босат. Алақай! Жағымсыздықтың бәрі артта!»

«Менің өте жақсы попугайым» ойын – жаттығуы

Мақсаты: эмпатия сезімін дамытуға себебін тигізеді, топта ойнай алуды білу.
Нұсқау: Балалар шеңбер бойында. Жүргізуші: «Балалар! Бізге қонаққа попугай ұшып келді. Ол бізбен танысып, ойнағысы келіп отыр. Қалай ойлайсыздар, оған бізбен ұнауымызүшін және ол тағы да келуі үшін біз не істеуіміз керек?». Балалар: «Онымен мейірімді, жайлап сөйлесу керек», «Оны ойынға үйрету керек т.б.» Жүргізуші балалардың бәріне плюштен жасалған жұмсақ ойыншық попугайды өте сақтықпен ( қоян, мишка т,б.) береді. Ойыншықты алған бала, оны құшағына қысып, сипалайды, жылы-жылы сөздерді айтады, оған мейірімді ат қойып, оны басқа балаға береді.
Ойынды жай темппен өткізген жөн.

«Аяныш» тренигі

Мақсаты : Ата – аналарда аяныш, қамқорлық , жанашырлық сезімдерін ояту

Нұсқау : Ортаға үлкен аянышты күшік суреті орналастырылады. Ата – аналарға аянышты күшіктің көңіл – күйін көтеру жұмысы тапсырылады. Стикерлер арқылы өздерінің іс – әрекеттерін жазып , күшікке жабыстырады. Тренинг сөздерін жүргізуші оқып , талқылайды.



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация и сопровождение олимпиадной деятельности учащихся

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
«Мен агрессияға жоқ деймін!» (19.16 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт