Жамбыл облысы, Шу ауданы, Шоқпар ауылы
Ораз Жандосов атындағы шағын орталықты орта мектебінің
мектепалды даярлық тобының сынып жетекшісі
Орынбасарова Қаламқас Манатайқызы
Пәні: сауат ашу
Тақырыбы: К дыбысы және әрпі
Мақсаты:
К дыбысын таныстыру және сөзде қолдану;
Оқушылардың есте сақтау, сөйлеу қабілеттерін дамыту;
Оқушыларды ұқыптылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктері: суреттер, әліппе-дәптер
Оқу іс-әрекеті
Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды түгелдеу, құрал-саймандарын дайындау.
Өткен сабақты пысықтау:
Жұмбақ
Жорға шығып ойнайды,
Ойынға бір тоймайды.
Болса дағы сақалы
Секеңдейді қоймайды. (Ешкі)
«Ешкі» сөзінің бастапқы әрпін талдайды.
Сергіту сәті:
Оқушылар шеңбер жасап тұрады. Мұғалім бірінші баланың арқасына К әрпін саусақпен жазады, сол бала алдында тұрған баланың арқасына не сезді, соны сызады. Осылай жалғаса береді.Соңғы бала арқасынан не сезді, соны тақтаға салып көрсетеді. Содан жаңа сабақ тақырыбы ашылады.
Жаңа сабақ
Оқушылардан «К» әрпінен басталатын сөздер сұралады.
Тақтадан киіз үйдің, көбелектің, күннің, керегенің суреттері көрсетіледі. Оқушылар атауын атап, қай әріптен басталып тұрғанын атап шығады.
Мектеп, текемет суреттері көрсетіліп, «К» дыбысы қай жерінен естіліп тұрғанын айтады. Демек, «К» дыбысы сөздің кез-келген жерінде кездесетінін біледі. Айтылған сөздерді буынға бөледі.
Дәптермен жұмыс
Суретпен жұмыс істейді, сөздерді буынға бөледі.
Тіл ұстарту: Кекілік-ау, кекілік,
Кетіп қалма секіріп.
Оқушылар жылдам қайталайды.
Қорытынды: Сөз жұмбақ
ШЕЛЕК
ЕКІ
МЫСЫҚ
КЕСЕ
Оқушылар әр сөзді буынға бөліп, «К» әрпі мен дыбысына тоқталады.
Үйге тапсырма:
Балапан дәптеріндегі «К» әрпін толтыру
Бағалау
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.


Мектепалды даярлық тобы (78 KB)

