Пәні: Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы Құлыншағым.
Сабақтың мақсаты 4 түлік мал туралы, оның ішінде жылқы малын ерекше қадірлеу керек екендігін ұғындыру. Жылқы малының пайдасы туралы білімдерін толықтыру.
Сабақтың түрі Сыни ойлау сабағы
Әдіс -тәсілдері постер құру, топтық тапсырма, стикер тарату, Сабақ
Сабақтың түрі: жаңа сабақ.
Барысы: Ұйымдастыр
Амандасу, түгендеу.
Үй тапсырмасын сұрау.
Жұптық жұмыс. Тізбектей оқыту. Мадақтау, бағалау.
Жаңа сабақ
«Жылқы» топтастыру
Төлін не деп атаймыз?
Кесте толтыру
| Білемін | Білдім | Білгім келеді |
|
|
|
|
Тақырыпты хабарлау, мақсатты айтып өту.
Оқулықпен жұмыс
Тізбектей оқу. ( абзац бойынша бөлімдерге бөлу)
Жоспар құру.
Ауылдағы тіршілік.
Жазғы демалыс
Баланың еңбегі
Жоспар бойынша сөйлеу.
Сергіту сәті
Дәптермен жұмыс
1,2,3 тапсырмалар сыныпта орындау.
Бекіту:
Бір –біріне сұрақ қою. (жұптық)
Қорытынды. ( кесте)
Үйге тапсырма: Шығармашылық тапсырма «Ауыл өмірі» әңгіме жазу. Мәтінді оқу.
Пәні: музыка
Сабақ тақырыбы: «Туған жер – алтын бесігім»
Мақсаты: Туып - өскен жеріміз Қазақстан Республикасын құрметтеу;
Отан отбасынан, туған жерден басталатынын білу;
Туған жерім Балқаш қаласы туралы тереңірек білу;
Сабақтың түрі:жаңа сабақ
Көрнекіліктер: слайд, бейне таспа.
Сабақ барысы:
Шаттық шеңбері: «Менің Отаным ....» (жалғастыру)
Үй жұмысы: сұрақ-жауап бойынша
«Сарыарқа» күйі нені суреттейді?
«Өз елім» әні не тауралы?
Өткен әндерді еске түсіру.
Жаңа сабақ
«Туған жер» туралы ойларын білу
Ойларын толықтыру
«Ұланымын Отанның»
Бүлдіршінмін періштесі қолдайтын,
Бақыт құсы басына кеп орнайтын.
Отанымның мен жалынды ертеңін,
Алпамыстай жауға бермей қорғайтын.
қайырмасы
Биік тауға мен жетемін сеніммен,
Айдын шалқар тебіренген көліммен.
Мен қазақтың баласымын айбарлы, 2 рет
Бірге жасар қазақ деген еліммен.
Ата жолын тарихынан іздейтін,
Біз ұланбыз жамандықты білмейтін.
Қазақстан менің ұлы Отаным,
Жылдар сайын өрістейтін, гүлдейтін.
қайырмасы
Үміттерін бабалардың ақтаймын,
Болашақтың босағасын сақтаймын.
Мен елімнің ертеңімін өсетін,
Дәстүрлерді қастерлеймін, мақтаймын.
қайырмасы
Әнді үйрену.
Бекіту:
Туған жерге арнау. ( тілектерін айтады)
Қорытынды. Кері байланыс ( стикерге не үйренгенін жазады)
Үйге тапсырма: «Ұланымын Отанның» жаттау.
Сабақтың тақырыбы: Сан есім
Сабақтың мақсаты: Сан есім туралы түсінік беру және сан есімнің заттың санын, ретін білдіретінін ұғындыру.
Сабақтың міндеттері:
1. Сан есімнің сөз табы екенін түсіндіре отырып, сан есімге сұрақ қоя білуге үйрету.
2. Сөздік қорларын, ойлауын, таным қабілеттерін арттыру.
3. Топтық, жұптық жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер:кесте, интерактивті тақта, слайд.
Әдіс - тәсілдер: сұрақ - жауап, түсіндіру, өздік жұмыс, топтық.
Түрі: жаңа сабақ
Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. Сан бойынша топқа бөлінеді (7 мен 5)
1. Психологиялық дайындық.
Екі көзің не үшін керек?
Жақсыларды көру үшін.
Екі құлағың не үшін керек?
Ақыл - кеңес тыңдау үшін.
Екі қолың не үшін керек?
Елге көмек беру үшін.
Екі аяғың ше?
Шетте жүрсем, туған жерге қайту үшін.
Қалай топқа бөліндік? Қандай сандар? ( Не үшін? Топ ережесін атап өту)
(Кластер құрау айтып өту) Қару Бес саусақ
5
ата
7
апта жақсы баға
жұт жетіқарақшы қазына 5 асыл іс 5 намаз
2. Сабақтың мақсатын хабарлау.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Өткен материалды «Иә, жоқ» ойыны арқылы пысықтау.
Ойынның мақсаты: Тез ойлауға, шапшаңдыққа баулу.
Ойынның шарты: Өтілген сөз таптарына байланысты сұрақтар қою. Егер сұрақ дұрыс болса, «иә» деп, дұрыс емес болса «жоқ» деп жылдам жауап беру керек.
-Сан есімнің сұрақтары Қандай? Қай? (жоқ),
- «Ұқыпты» сөзі етістікке жатады (жоқ)
-Реттік сан есім нешінші? сұрағына жауап береді? ( иә)
-Сын есімнің сұрақтары қандай? Қай? ( иә)
-Жүріп бара жатыр сөзі дара етістікке жатады ( жоқ)
- Сан есім құрамына қарай екіге бөлінеді ( иә)
«Қай топ жылдам?» «7» тобы дара сан есімге «5» тобы күрделі сан есімге мысалдар жазады. ( екі топ бір бірін тексереді)
Осы сан есімдерді дара сан есімді реттік сан есімге, күрделі сан есімді топтау сан есімге айналдыру. ( топтар орындарымен алмасады)
ІІІ. Жаңа сабақ.
Дәптермен жұмыс. Күнді тақтаға жазу. ( дәптер ережесін еске түсіру)
Көркем жазу ( дәптерде берілген әріптерді жазу)
-Бүгін біз кітабымыздың 186, 187 беттерімен жұмыс жасау)
2-жаттығу. Оқып талдау. Нешеу? сұрағына жауап беретін сан есімдерді қатыстырып сөйлем құрастыру. ( Ауызша кезекпен сөйлем құрайды, сан есімді атау, сұрақ қою)
Төртеу түгел болса, төбедегі келеді, алтау ала болса, ауыздағы кетеді.
Жетеуі де өнерлі екен. Анам алманың біреуін ғана ал деді. Әсем кітаптың екеуін қолына алды.
Жетеу сөзіне дыбыстық талдау. ( орында айта отырып жазу)
3-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. (қол)
Жұмбақты көшіріп жазып, сан есімдерді табу. «Қос» сөзінің мағынасын ашу. (екі, пар)
Сұрақ қою.
Қол және ағаш «Көпір сөз» іздеу.
Өздік жұмыс. Терме диктант
Тайқазан
Тайқазанды сегіз жүз бірінші жылы жасалған.
Тайқазанның салмағы - екі тонна, биіктігі жүз алпыс екі сантиметр.
Тайқазан жеті түрлі металдан жасалған. Оның қабырғасына араб әріптерінің өрнектері салынған. Гүл сияқты жасалған екі құлақшасы бар. Олардың арасында он екі үлкен шүмектері де бар.
Жұп болып бір-бірін тексереді. ( топтар ауысады)
Сергіту сәті
Математикалық мақал-мәтелдер ( топтық, ауысып бір-бірін тексереді)
1.Бір жеңнен қол шығар,
Бір жағадан бас шығар.
2.Мың қосшыға бір басшы.
3.Бір ит көріп үреді,
Бір ит еріп үреді.
5. Ер бір рет өледі,
Қорқақ мың рет өледі
6.Білекті бірді жығар,
Білімді мыңды жығар.
7. Мыңның түсін танығанша
Бірдің атын біл.
«Шынжыр» ойыны
Төрт аяғы бар,
Төрт тұяғы бар.
Бір құйрығы бар,
Басында екі таяғы бар,
Иегінде бір сақалы бар. ( ешкі) Ұқсай ма?
Кері байланыс.
Қандай жұмыстар жасадық?
Қай тапсырма қиындық тудырды?
Қай тапсырма жеңіл орындалды?
Бағдаршам. Үйге: 2, 3- жаттығу

Литературное чтение (24.72 KB)

