Коуч: Алтынбаева Жанар Елжанқызы-2деңгейлі мұғалім
Коучинг сессиясының сабақ жоспары
Кезеңдері | Уақыты | Коучтің іс-әрекеті | |
Сабақтың тақырыбы: |
| «Lesson Study» тәсілімен танысу | |
Жалпы мақсаты:
|
| Оқушыларды оқытуға көңіл аудара отырып, оқытуды жетілдіру және оның сапасын арттыру құралы ретінде мұғалімдерге Lesson Studyді ұсыну. | |
Оқу нәтижелері: |
| Мұғалімдер:
| |
Ұйымдастыру кезеңі: | 2 мин | Тренинг.Шаттық шеңберінде бір-біріне тілек тілеу. Коучинг сабағының тақырыбы мен мақсатын хабарлау. | |
Топқа бөлу: | 1 мин | Коучинг сабағына 20 адам қатысқандықтан, оларды сағат пазлдарымен бес-бестен 4 топқа бөлу. Топ мүшелерімен таныстырып, топ мүшелерін сайлату. | |
Сұрақ қою: | 2 мин | «Lesson Study» дегеніміз не? Қатысушылардың ойларын тыңдау. | |
Жаттығу: Топпен жұмыс: | 10+5 мин | «Lesson study-ді» жүргізу әдіс- тәсілдерін оқып, танысуға арнайы мәтіндер үлестіріп беру. | |
Постермен жұмыс: | 5 мин | Төрт топқа постерлерін қорғату. «2 жұлдыз, 1 ұсыныс» береді. | |
Теориялық материал: | 3 мин | Презентация. «Lesson Study» туралы түсінік беру. Lesson Study – мұғалім тәжірибесі саласындағы білімді жетілдіруге бағытталған, сабақтағы іс-әрекеттегі зерттеудің ерекше үлгісі болып табылатын педагогикалық тәсіл. Ол ХІХ ғасырдың 70-жылдарында Жапонияда бастау алып, осылайша Батыста қолданылатын «Іс-әрекеттегі зерттеу» тәсілінен 70 жыл бұрын қолданыла бастаған. Lesson Study тәсілі тиімді, себебі ол мұғалімдерге: әдеттегіге қарағанда балалардың білім алғандығының анағұрлым анық, әртүрлі қырларынан және егжей-тегжейлі дәлелін көруге; мұғалімнің пікірі бойынша балаларды оқыту барысында не болуға тиіс, ал шындығында жағдай қандай екендігі арасындағы айырмашылықты көруге; оқытуды нәтижесінде оқушылардың қажеттіліктерін барынша қанағаттандыратындай етіп қалай жоспарлау керектігін түсінуге; Lesson Study-ді басты мақсаты оқушыларға білім алуға көмектесу және топ мүшелерінің кәсіби дамуына ықпал ету болып табылатын мұғалімдердің желілік қоғамдастығы аясында іске асыруға; Lesson Study мүмкіндіктерін өзінің педагогикалық тәжірибесінде қолдануға көмектеседі. Lesson Study тәсілі кем дегенде үш Lesson Study-ден тұратын циклден құралады, ол сабақтарды мұғалімдер тобы бірлесіп жоспарлап, оқытып қадағалайды және талдайды. | |
Сергіту сәті: | 2 мин | «Молекула» ойынын ойнату | |
Бейнебаян көрсету: | 5 мин | «Lesson Study» тәсілі туралы бейнебаянды көрсету, әңгімелету, ойларын айтқызу. бейнеролигін көру. Бейнебаянды талдау арқылы топтық жұмыстың тиімділігін анықтау. | |
Ой қозғау: | 5 мин | Біздің мектепке «Lesson study» тәсілін қолдану қажет пе? Ойларын тыңдау, талқылау. | |
Рефлексия: | 5 мин | Коучингтен алғаным? Мен үшін болған жаңалық? Маған ұнағаны, ұнамағаны? |
1