Тақырыбы: «Тәуелсіздік тұғыры.»
Мақсаты: Балаларға «тәуелсіз», «егемен» сөздерінің мағынасын кеңінен түсіндіре отырып,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
«Тұңғыш президент»мерекесі жайлы айта отырып,бүлдіршіндерге
елбасының жасаған еңбектері жайлы жалпы ұғым беру.Отанға, елбасына
деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Сөздік жұмысы: егемен, тәуелсіз,елбасы.
Көрнекіліктер: Елбасының суреті, бейнетаспа,мақал-мәтел
| Іс-әрекеттер | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті | + | - |
| Мотивациялық | Отаным менің кең - байтақ, Жайнаған сансыз қаласы, Ел - Отан біздің кең - байтақ, Отанның біздер баласы. | Жарты шеңберге тұрып, тәрбиешімен бірге қайталау. |
|
|
| Ұйымдастыру | -Қазақстан Республикасының мемлекеттік әнұранын аудио таспадан тыңдау. Қазақстан Республикасының картасын көрсету. -Балалар, картадан біздің республикамыздың ұлан-ғасыр жері бар екенін байқауға болады.Осы кең байтақ қазақ жері- бүгін Тәуелсіз Қазақстан Республикасы деп аталады.Яғни егеменді мемлекет.
Сөздік жұмысы: тәуелсіз-толық еркі бар,ерікті,бағынышты емес. Егемен-өз билігі,бас бостандығы өзінде,тәуелсіз. -Тәуелсіз Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті кім?( фотасын көрсету ) Елордасы қай қала? -Астана қандай қала Тұңғыш президенттің отбасы туралы әңгімелесу. Мақал-мәтелдердің мағынасын ашу. «Халықтың ортақ үйі-Отаны.» «Өзге елге сұлтан болғанша,өз еліңе ұлтан бол.» | Жеңберге тұрып қолдарын жүрек тұсына қойып әнұранды тыңдау.
Мәліметті тыңдау.
Сөздік жұмысты топтасып жасау.
сурет арқылы астананы сипаттау.
Отан туралы өздері білетін мақал-мәтелдерді айту.
|
|
|
| Қорытынды | Балаларды мадақтап тақырыптық сабақты аяқтау. |
|
|
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі тиіс: Президенттің халық үшін, елі үшін еңбек ететінін білуі тиіс;
Болуы қажет:Отанға, елге, елбасына деген құрметтің болуы қажет;
Жасай алады: Өз беттерінше, өз ойларын айта біледі,сөздік қорлары мол.

Конспект урока " ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ" (19.39 KB)

