Меню
Разработки

Көктем келді! әңгіме

Та?ырыбы: Жол т?ртібін білейік, аман есен ж?рейік Бастаушы: Балалар б?гін бізде ерекше к?н. Біз ?азір орман?а саяхат?а барамыз. Жол алыс сонды?тан, к?лікпен баруымыз керек. Мен ж?мба? айтам, соны? шешуін тапса?дар, біз сол к?лікпен саяхат?а шы?амыз. Б?л т?лпар су ішпейді, жем жемейді, Ескеріп ешбір адам емдемейді. Ж?к емес жануар?а ж?з адам да, Киіп ап т?рт д??гелек д??гелейді. Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге т?сірейік. ?йткені, жолда т?рлі жол белгілері кездеседі. (кеуделеріне белгі ілген 5 бала орта?а шы?ады: ба?даршам, ескерту, тыйым, аны?тама, к?рсеткіш белгілері) Ба?даршам: Мені? атым – Ба?даршам! Бар ?демі ?ш к?зім, Алдамаймын, а??арса?, А?ылдымын тіпті ?зім. Ескерту белгісі: ?ызыл ше?бер ішінде ?шб?рыш боп т?рамын ?ателеспес ?шін де, К?з сал ма?ан, шыра?ым! ??рар ?йде сауы?ты, Жолдан аман келсе адам- Жолда к?ткен ?ауіпті Ескертемін мен о?ан. Тыйым салу Болмау ?шін ?иын к?н, белгісі: ?ажеті бар тыйымны?. ?ызыл ше?бер ішінен «Болмайды!» деп б?йырдым. Т?рады ?ркез сапта аман- Сол тыйымды са?та?ан. Тыйым к?рсе?, т?ра ?ал- ?рі ?арай аттама! Аны?тама Т?нде, к?ндіз, кеште де белгісі: Ж?н сілтеймін жол?а сай- А??армайсы? еште?е Аны?тама болмаса. Ой-ш???ырды алда?ы, ?алай ?ту керегін, Жылдамды?ты, ал, к?не, Аны? айтып берейін! К?рсеткіш Жол созылма? ?анша?а, белгісі: ?айда асхана, монша бар, ?она??й бар ?ай жерде, ?айда музей, ?ай к?рме.- К?рсетемін са?ан д?л, Не к?рсетсем, со?ан бар! Арн?р: Шофер біткен б?гінде Жол т?ртібін біледі. Ба?даршамны? т?бінде Ережемен ж?реді. Бастаушы: Ал балалар, ?ане атобус?а жай?асайы?. Ал ?оз?алды?. С?т сапар! Біз казір ?аланы? к?шесімен келе жатырмыз. К?ше ?иылыстарыны? б?рінде ба?даршам т?р екен. Ба?даршамны? ?ай т?сі жан?анда бізді? автобусымыз ж?ру керек? Ашса кезек ?ш к?зін, Айтты деп ??, ?ш с?зін: -То?та! -Са?тан! -Жол ашы?! Ж?рме жол?а таласып. Бастаушы: Балалар, ж?ргіз?ші неге ж?рісін баяулатты? Асемгуль: Б?л жерде «Абайла» деген белгісі т?р. Бастаушы: Ол белгіні? ішінде неге жануарды? суреті т?р? Мухамбетжан: Б?л «Абайла! Жануарлар!» деген белгі. Ж?ргізуші бай?ап ж?рмесе, жануарды

28.02.2017

Содержимое разработки

Тәрбиеші: Ахметова Сандуғаш Боранбаевна, Малайсары ауылы, Малайсары  ЖОББМ жанындағы шағын орталық
Тақырыбы: Жол тәртібін  білейік, аман есен  жүрейік
 Бастаушы: Балалар бүгін бізде ерекше күн. Біз қазір орманға саяхатқа барамыз. Жол алыс сондықтан, көлікпен баруымыз керек. Мен жұмбақ айтам, соның шешуін тапсаңдар, біз сол көлікпен саяхатқа шығамыз.
              Бұл тұлпар су ішпейді, жем жемейді,
             Ескеріп ешбір адам емдемейді.
            Жүк емес жануарға жүз адам да,
            Киіп ап төрт  дөңгелек дөңгелейді .
Бастаушы: Енді жол ережелерін есімізге түсірейік. Өйткені, жолда түрлі жол белгілері кездеседі.
        (кеуделеріне белгі ілген 5 бала ортаға шығады: бағдаршам, ескерту, тыйым, анықтама, көрсеткіш белгілері)
Бағдаршам: Менің атым – Бағдаршам!
                      Бар әдемі үш көзім,
                      Алдамаймын, аңғарсаң,
                      Ақылдымын тіпті өзім.
Ескерту белгісі: Қызыл шеңбер ішінде
                             Үшбұрыш боп тұрамын
                             Қателеспес үшін де,
                             Көз сал маған, шырағым!
                             Құрар үйде сауықты,
                             Жолдан аман келсе адам-
                             Жолда күткен қауіпті
                             Ескертемін мен оған.    
Тыйым салу  Болмау үшін қиын күн,
белгісі:           Қажеті бар тыйымның.
                       Қызыл шеңбер ішінен
                      «Болмайды!» деп бұйырдым.
                       Тұрады әркез сапта аман-
                       Сол тыйымды сақтаған.
                       Тыйым көрсең, тұра қал-
                      Әрі қарай аттама!
Анықтама        Түнде, күндіз, кеште де
белгісі:              Жөн сілтеймін жолға сай-
                          Аңғармайсың ештеңе
                          Анықтама болмаса.
                          Ой-шұңқырды алдағы,
                          Қалай өту керегін,
                          Жылдамдықты, ал, кәне,
                         Анық айтып берейін!
Көрсеткіш          Жол созылмақ қаншаға,
белгісі:                Қайда асхана, монша бар,
                            Қонақүй бар қай жерде,
                            Қайда музей, қай көрме...-
                            Көрсетемін саған дәл,
                            Не көрсетсем, соған бар!
  Арнұр:       Шофер біткен бүгінде
                     Жол тәртібін біледі.
                     Бағдаршамның түбінде
                     Ережемен жүреді.
Бастаушы: Ал балалар, қане атобусқа жайғасайық. Ал қозғалдық. Сәт сапар! Біз казір қаланың көшесімен келе жатырмыз. Көше қиылыстарының бәрінде бағдаршам тұр екен. Бағдаршамның қай түсі жанғанда біздің автобусымыз жүру керек?
               Ашса кезек үш көзін,
               Айтты деп ұқ, үш сөзін:
               -Тоқта!
                   -Сақтан!
                      -Жол ашық!
               Жүрме жолға таласып.
Бастаушы: Балалар, жүргізүші неге жүрісін баяулатты?
Асемгуль: Бұл жерде «Абайла» деген белгісі тұр.
Бастаушы: Ол белгінің ішінде неге жануардың  суреті тұр?
Мухамбетжан: Бұл «Абайла! Жануарлар!» деген белгі. Жүргізуші байқап жүрмесе, жануарды басып мүмкін.
Бастаушы: Ондай белгіні қалада қай жерлереде көруге болады.
Аида: Мектептердің  жанындағы көшеде балалардың суреті  салынған белгі тұрады. Көзі көрмейтін зағип адамдар өтетін жерде көзілдіріктің суреті салынған белгі тұрады.
Бастаушы: Ендеше «Жануарлар» деген ескерту белгісі тұрса, біз орманға да келіп қалған болдық қой. Әне, қараңдар, Аю мен Қонжық кетіп бара жатыр.
              Көрініс «Аю мен Қонжық»
Аю:     Көшеден өтереде әуелі сол жаққа, содан соң оң жағына қарау керек. Әйтпесе, машина басып кетеді.
Қонжық:  Жоқ, мен оңға да, солға қараймын. Апай бізге көшеден өткенде тура бағдаршамға қараңдар деген.
Аю:        Ақымағым-ау, ормандағы жолда қандай бағдаршам болуы мүмкін? Бағдаршам тек қала көшелерінде болады.
Бастаушы: Біз тоқтап, Қонжыққа бағдаршам жоқ жерде жолдан қалай өту керек екенін түсіндірейік. Қонжық сен бері кел. Бағдаршам жоқ кезде мынадай белгі салынған жерден өту керек. Бұны «Зебра» - яғни, жолақты белгі салынған жер дейді.
Дінмұхаммед: Әуелі жолдан өтерде сол жағыңа қарайсың. Жолдың ортасын келгесін, оң жаққа қараймыз. Бұндай белгі бар жерде машиналар жаяуға жол береді.
Қонжық: Рахмет, енді түсіндім.
Аю:  Балалар, қонжығыма көмектескендерің үшін сендерге рахмет! Жолдарың болсын!
Бастаушы: Ал біз әрі қарай кеттік, жол қысқару үшін біз орман ішінде дыбыстарды тыңдап, айналамызға назар аударайық. Қараңдаршы, орман іші қандай әдемі, түрлі гүлдер өскен, құстар сайрап, қөбелектер гүлден гүлге қонады.  (Жаралы түлкі мен қоянды көріп қалады.)
Түлкі: Мына қыли қоянның кесірі. Мені велигіне отырғызып, алдымыздан машина шыға келгенде,  рульді бура алмай, құлатып тастады.
Қоян: Ой! Суайт! Қалай өтірік 
айтасын. Өзің емес пе, «мен күшті-і тебем, мен күшті тебем» деп мақтанып, рульге отырған. Неге маған бале жабасың?
Бастаушы: Жарайды, дауласпаңдар. Кел, автобусқа отыра қойыңдар. Жолда сендерді Айболитке апарамыз. Балалар байқадыңдар ма, мына жерде қандай белгі тұр?                                                                  
Балалар: «Велосипед тебуге болмайды!»-деген белгі.
Бастаушы: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап келе жатыр? Ау, Қасеке, саған не болған, бетің көгеріп, аяқ-қолың жара болыпты. Біреу ренжітті ме?
Қасқыр: Жоқ, мені кім ренжітуші еді. Бір машина үстіне қой мен ешкі      тиеп кетіп бара жатыр екен. Соның біреуін алып қалайыншы деп, машинаның артына жабысып едім, құлап түсіп, аяқ-қолымды жаралап алдым.
Бастаушы: Балалар, жүріп бара жатқан машинаға жабысу дұрыс па? Жарайды, Қасеке, автобусқа кіріп, ана түлкі мен қояның жанына отыр, Айболитке барасың.
-    Балалар сендер Айболиттің кім екенін білесіңдер ғой?
Айдана: Айболит атамыз, бәрін де емдейді. 
              Ауырса адамды, аңды да емдейді. 
              Қадірлі, мейрімді, Айболит атамыз. 
              Айтыңдар, қанекей, оған кім келмейді.
Бастаушы: Балалар, Айболит атаны қалай табуға болады?
Айболит: Мына қасқырға не болған, бұл неге жылап отыр?
Қасқыр: Айтайын мен сізге шынымды жасырмай, 
               Жармасып малы бар машина артына 
               Домалап түстім де, 
               Шыңғырдым құлындай.
Айболит: Бір сәтке тойып жер мал үшін 
                 Тәртіпті бұзыпсың. 
                 Қарынның қамы үшін міне, енді 
                 Еңіреп тұрғаның ұят-ай, 
                 Аяқты сындырып, басынды жарыпсың.
Аңдар:- Айболит ата, енді «жолда жүру ережесін» үйренеміз.
           - Машинаға жабыспайтын боламын.
           - Рахмет, Айболит ата.
Дастан: Апай, ана жерде кафе бар екен, міне, белгі тұр.
Бастаушы: Балалар, онда кафеде тамақ ішу үшін бірнеше жұмбақты тамақтар туралы жасырайын:
             Үсті тас,асты тас,
             Ортасында піскен ас. (нан)
                    Алыстан қарасам аппақ
                    Татып қарасам тәтті-ақ      (қант)
       Айдалада ақ отау,
       Аузы,мұрны жоқ отау, 
       Отыз күнде сол отау,
       Айдалада жоқ отау.  (жұмыртқа)
                   Сылдыр сүйық,су емес,
                   Ішсең сусын қанады,
                   Ақ болса да қар емес,
                   Шешуін кім табады? (сүт)
Бастаушы: Балалар, енді бақшаға ораламыз. Қане автобусқа отырайық.
         Ән:       «Бағдаршам» 
       («Байқа! Балалар!» белгісі көрінеді). Мынау қандай белгі, балалар?
Балалар: Бұл «байқа, бұл жермен балалар жүреді» деген белгі.
Бастаушы: міне, біздер бақшаға да келіп қалдық. Саяхат ұнады ма сендерге? Бүкіл саяхат барысында біз сендермен қанша жол ережесін есімізге түсірдік, білімімізді толықтырдық.

            Шуақты өміріміз күндей куліп, 
            Жүректе бүршік атып, гүлдейді үміт,
            Арманға сапар тарту мүмкін емес,
            Жол жүру ережесін білмей тұрып.



-75%
Курсы повышения квалификации

Формирование у детей навыков безопасного участия в дорожном движении

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Көктем келді! әңгіме (48 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт