Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Құстар біздің досымыз"

"Құстар біздің досымыз"

Құстар біздің досымыз. Ортаңғы топқа арналған.

08.04.2018

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметінің түрі: Жаратылыстану

Тақырыбы: Құстар біздің досымыз

Мақсаты: Құстардың адам өміріндегі пайдасы туралы мағлумат беру.

Құстар туралы мақал-мәтелдер мен жұмбақ шешкізу арқылы балалардың тіл байлығын арттыру.Табиғатты,құстарды қорғауға тәрбиелеу.

Қолданылған көрнекілік құралдар: слайд,құстардың суреттері

Сөздік жұмыс: шырылдайды,гуілдейді,қаңқылдайды,қыт-қыттайды.

Әдіс-тәсілдер: әңгімелеу, ойын әдісі, сұрақ-жауап.

Блингвалдык компоненті: құстар-птицы

Оқу қызметінің кезеңдері


Тәрбиешінің оқу қызметі

Балалардың оқу қызметі

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері

Табиғатым тамаша

Көз тоймайды қараса

Табиғатты аялап

Жүрейікші жараса

Сәлем саған Жер ана

Сәлем саған нұрлы күн!

Балалар шаттық шеңберіне тұрып бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.



Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

-Көктем мезгілінің ерекшеліктерін ата.

Балалар көктем мезгілінде құстар ұшып келеді.Күн жылына бастайды.Адамдар жеңіл киіне бастайды.Жеміс ағаштары гүлдейді.

Ал енді балалар көктем мезгілін үш тілде айтамыз.

Осы көктем мезгілі туралы тақпақтар білеміз бе?


-Көктем мезгілі

-Үш ай бар

Балалардың жауаптары.





-көктем,весна,spring




-Көктем келді,құс келді

Ойнаймыз біз саз илеп

Біздің жаққа құс келді

Былтыр кеткен қаз,үйрек.




Ұйымдастырушылық-ізденістік

Құстар екі топқа бөлінеді.

1)Жабайы құстар

2)Үй құстары

Жабайы құстарға: бүркіт,тоқылдақ, қарға,көгершін, қарлығаш,аққу,тырна жатады.

Үй құстарына: қаз, үйрек, әтеш, тауық, балапан жатады.

Балалар біз құстарға қамқор болуымыз қажет. Құстарға ұя жасап оларды қорғауымыз қажет.

Балалар жабайы дала құстардың табиғатқа тигізер пайдасы өте зор.Жабайы құстар ағаштарды,өсімдіктерді зиянды құрт-құмырсқадан қорғайды,яғни оларды жейді.

Үй құстарының пайдасы біз үй құстарының етін жейміз,жұмыртқасын жейміз.


Дидактикалық ойын: «Өз жемтігін тап»

Құстар туралы жұмбақ жасырам сендер жауабын шешіп қараңдар.

1)Орманда жоғары,ағашқа қонады.

Тұмсығын балға қып тоқ-тоқ соғады. (Тоқылдақ)

2)Бұрап қойған сағаттай,айқайлайды таң

атпай. (Әтеш)

Сергіту сәті

-Қазым,қазым,қаңқылда,

Көлге жүзіп салқында,

Жем шашайын жейсің бе,

Кәмпит берші дейсің бе?

-Жоқ!Жоқ!Жоқ!

Кәмпит тәтті,болмас ас,

Арпа менен бидай шаш.

Мақал-мәтелдер

1)Аққуды атпа,достықты сатпа.

2)Құс патшасы -бүркіт

Аң патшасы -арыстан


Қимылды ойын: «Ұшты-ұшты»


Балалар тәрбиешіні мұқият тыңдайды.





Әмірхан:

Ой балалар,балалар

Құстарда да ана бар

Құстар да да бала бар

Құс ұясын бұзбайық

Обалына қалмайық

Гауһар:

Торғай,торғай,торғайсың

Жақын келіп қонғайсың

Жем шашайын тойып ал

Сонда аязға тоңбайсың.


Ойын ойнайды

Жұмбақ шешеді




-Тоқылдақ


-Әтеш


Қимыл қозғалыспен көрсетеді








Мақал –мәтел жаттайды



Ойын ойнайды

Рефлексиялық

зетуштүілік

Қорытындылау

-Құстар неше топқа бөлінеді?

-Жабайы құстарды ата


-Үй құстарын ата

-Қандай ойындар ойнадық?

Мақтау,мадақтау

Шөжелерім биімен қорытындылаймыз.


-Екі топқа бөлінеді

-Бүркіт,аққу,торғай,

қарға,қарлығаш

-Тауық,әтеш,қаз,үйрек

Балалардың жауаптары.

Балалар билейді.


Күтілетін нәтиже:

Білуі керек:құстардың атауын;

Болуы керек:құстардың табиғатқа,адам өміріне пайдасы зор екенін;

Баланың қолынан келуі:ойын ойнауды.













































«Бекітілді»

№21 «Назерке» балабақшасы

жедел басқару құқығындағы

МКҚК әдіскері

_________Умирбаева А.С



Семинар:

Тақырыбы: «Құстар біздің досымыз»












№10 «Балдәурен» ортаңғы тобы

Тәрбиешісі:Клычева С










2018 оқу жылы

-80%
Курсы дополнительного образования

Ландшафтный дизайн

Продолжительность 72 часа
Документ: Cвидетельство о прохождении курса
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Құстар біздің досымыз" (21.88 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт