Қош бол, сүйікті балабақшам! (Шымылдырық жабық тұрады)
1-жүргізуші: Қымбатты ата-аналар, қонақтар,балабақша қызметкерлері. Балабақшаға таяуда ғана тәй-тәй басып, былдырлап келегн сәбилеріміз есейіп қалыпты. Уақыт зымырап өтіп, біздің балаларымыз бір- бірімен достасып, бір топқа келіп, білім алып, ойнап жүр еді. Енді мәпелеп тәрбиелеген бүлдіршіндеріміз балабақшамен қоштасқалы тұр. Әрине, бұл үлкен қадам, үлкен жетістік. Тойларыңыз құтты болсын!
2—жүргізуші: Толқимыз, толқып тұрсыз баршаңызда, мұндай күй болған сірә қаншаңызда. Қол соғып қошеметтеп қарсы алайық.Күншуақ түлектерін ортамызға.
1-жүргізуші: Ата-аналарымызды қошеметпен қонақтар төріне шығарып салайық.
2-жүргізуші: (слайдқа шолу) Балабақша өмірінен қызықты сәттерді тамашалайық. Экранға назар аударыңыздар.
1-жүргізуші: Талай қызық күн өткіздік Орны әсте ерекше Бақшамызбен қоштасатын Бүгінгі той ерекше- дей келе бүгінгі кешімізді түлектеріміздің әнінен бастайық.
Ән: «Біріншіге барамын»
2-жүргізуші: Міне қандай керемет, Оқимыз білім аламыз. Болашақ жолын саламыз, бақшаменен қоштасып алғыс айтып барамыз. (балалардың алғыс тақпақтары.)
Ернұр: Гүлдендірген бақшаны, Меңгеруші пай жақсы адам. Сондықтан да біз үшін, Артықсыз сіз басқадан. Жанагүл Айтбайқызына мың алғыс.
Тамерлан: Жайдарлы жүз, ай қабақ, Жүреді бізді аймалап. Тобымызға жиі кеп, Білгеніңді сұрайтын. Ақыл айтып тұратын, Меруерт Тоқтағұлқызына мың алғыс .
Гауһар: Үйренген біз өнер біз, Шетімізден шеберміз. Бал татыған әндерді, Мың бұралған билерді Үйреткен Сағындық ағаймен Юля апайға мың алғыс.
Раяна: Тәтті тағам пісірген , Айран, сүтін ішкізген. Сапия, Света, Қуаныш апайлар , Сіздерге де мың алғыс.
Әбілхайыр: Жазу жазып үйреткен, Әріптерді оқытқан. Санамақты жаттатып, Санауды бізге үйреткен. Жақсы болсақ қуанған, Қате болсақ кешірген. Әсемгүл, Ұлжан, Айжан апайларға, Айтамыз біз мың алғыс.
2-жүргізуші: ( Кеменің судын даусы естіледі.) Балалар бұл не болды екен? (Осы кезде шымылдырық ашылады)
1-жүргізуші: Бізге кемемен кім келді екен?
Білім ханшайымы: Сәлеметсіңдер ме балалар. Бұл жерде балабақшамен қоштасу кеші өтіп жатыр ма?
2-жүргізуші: Сәлеметсіз бе. Сіз кімсіз? Қайдан келдіңіз дегендей?
Білім ханшайымы: Мен білім ханшайымымын. Мен сендердің мектепке баратындарынды естіп, білімдеріңді тексеруге келдім. Сендерге арнап әкелген тапсырмаларым бар. Тапсырмаларды орындай аласындар ма?
1-жүргізуші: Әрине біз дайынбыз. Балалар біз білім ханшайымына қандай білімді екендерімізді көрсетейік.
Білім ханшайымы: (Білім ханшайымы кемеден сөмкесін алып келіп тапсырмаларды алып оқиды) Тапсырма 1: -Аспанда неше жұлдыз бар? -Екі тауықтын көзі нешеу? -Бір қолда неше саусақ бар? -Бес жылқының басы нешеу? -Бір қоянның құлағы нешеу?
Тапсырма 2: -Неше апта күні бар? Атап беру. –Неше жыл мезгілі бар? Тоқталып кету. –Ай атарын кім айтады.
Тапсырма 3: -Қ.Р. рәміздеріне не жатады? -Орыс халқының қандай ертегілерін білеміз? –Ана, Әке, Бала сөздерін оқыту. Балалар алфавиттің «А» тұрады басында, әрқашанда «Ә» тұрады қасында, байқадың ба «Б» тұрады үшінші, осылардың сыры неде?
Балалар: «А» деген – ол аналар ғой ардақты, «Ә» деген -ол әкелер ғой салмақты, «Б» деген ол балалар ғой әдемі. Біздің елде үшеуі де кәделі. Сондықтанда тұрады олар алфавиттің басында.
2-жүргізуші: Білім ханшайымы біздің балалар сіздің тапсырмалырды дұрыс орындай алды ма ?
Білім ханшайымы: Ия өте ақылды, білімді, тапқыр, алғыр балалар екенсіңдер. Жарайсындар балалар. Балалар менің қолымдағы не деп ойлайсындар? –Портфель -Дұрыс таптындар, жанағы тапсырмаларды шешкеннен кейін іші бос болып қалды. Бұнің ішін немен толтырамыз? Әрине мектепке қажетті құрал жабдықтармен. Сендер маған толтыруға кемектесесіндер ме? Мен бос сөмкені білім патшалығына қалай алып кетемін.
1-жүргізуші: Білім ханшайымы портфельіңіз толғанша таққа отыруыңызды сұраймыз.
2-жүргізуші: Ал балалар білім ханшайымына өнерлерімізді көрсете отырып портфельді тез толтыруға көмектесейік.
(үстел үстінде оқу құрал жабдықтары, бала келіп пеналды алады)
Айлана: Пай-пай, пай, Түсім бе, әлде, өңім бе? Жай портфель емес тегінде. Болса болар тек қана, Ертегілер елінде. Жақынырақ барайын, Ішіне көз салайын. (сөмкеге жақындап келіп салады) Білімханшайымы: Қандай өнерің бар? Айлана: Мен достарыммен би билегенді жақсы көремін.
Би: «Көбелек биі»
Алтын: (үстелден әліппені алып) Ашық екен есігі, Ішіне жайлап кірейін. Кімдер барын білейін, Жақсы достар болса егер. Бірге өмір сүрейін.
Білім ханшайымы: Ал сенің қандай өнерің бар? Алтын: Мен ата-анаммен ойын ойнағанды жақсы көремін.
1-жүргізуші: Ал олай болса балаларымыздың ата-аналарымен ойын ойнап көңіл көтерейік. Ойын: «Қалжын ойын»
Ислам: Жазу жазар болса кім, Онда мен де кірейін. Кіргізіңдер мені де, Бір тұрайық дамекпін!
Білім ханшайымы: Жарайсың өлең айту білесің бе? 2-жүргізуші: Балаларымыздың әнін тамашалайық.
Ән: « Қоштасу »
Ерхан: Түрлендірген бір-бірін, Достарыңды күтіп алыңдар. Келіп жетті жүгіріп, Түрлі-түсті қаламдар. Міне осылай портфельдің, Лезде іші толып кетті.
Білім ханшайымы: Ал сен не көрсетесің?
Ерхан: Біз би билеп береміз.
1-жүргізуші: Ортада балалар заман ауи биімен.
Би «Жастар» Білім ханшайымы: Балалар біз сендермен бір ойын ойнап көрсек қалай қарайсындар?
Ойын: «Аралас сандар»
2-жүргізуші: Міне қандай керемет, Оқимыз білім аламыз. Болашақ жолын саламыз, бақшаменен қоштасып алғыс айтып барамыз. (балалардың алғыс тақпақтары.)
Нұрым: Бізді баптап қараған, Күлімдеген жақсы адам. Ақ төсекке жатқызған, Әсемгүл, Оля апайларға , Айтамыз біз мың алғыс.
Ибрагим: Шыныққанбыз шымырмыз, Ауырмаймыз ешқашан. Медбикесі бақшаның , Есте қалар әрқашан. Роза Мұратқызына, Айтамыз біз мың алғыс.
Айбота: Тәтті тағам ұсынып, Ақ төсекке жатқызған. Жаймызды жасаған, Күтуші Ботагөз апайға . Айтамыз біз мың алғыс.
Адия: Знать англиский и казахский, Русский тоже надо знать. Чтоб прочесть простую сказку, Или что-то написать Айнур, Алмагүл апайларға Айтамыз біз мың алғыс.
Медина: Тәрбие берген ұямыз, Тәртіпті бала боламыз. Қоштасып балабақшамен, Біз мектепке барамыз.
Саян: Қуанамыз, сыйлаймыз. Қуаныштың мың гүлі. Бақшамызды қимаймыз, Қоштасатын күн бүгін.
Рамазан: Бірге ойнап бірге жүрген, күндерімізді қимаймыз. Естелік болсын біздерден, Қоштасу вальсін сыйлаймыз.
1- жүргізуші: Ортада балаларымыздың қоштасу вальсі.
Би: «Вальс» (балалар жарты шеңбер бойында )
Білім ханшайымы: балалар сендер портфельімді толтыруға көмектестіңдер сендерге рахмет. Мені білім патшалығына шақырып жатыр, сендермен 1-ші қыркүйекте мектепте кездесеміз. Мен сендерді білім кемесінде күтемін. Сау болыңдар қонақтар.
Айлана : Бүгінгі қоштасу кешімізді аяқтай отырып. Ортаға білім мен тәрбие нәрін сусындатқан апайларымызды ортаға шақырамыз!
Апайлардын әні: «Қоштасу вальсі»
2-жүргізуші: Келесі сөз кезегін түлектеріміздің ата-аналарына беріледі.
1-Жүргізуші: Бүгінгі қоштасу кешімізді аяқтай отырып. Балабақшамыздың меңгерушісі Жанагүл Айтбайқызына сөз береміз. (балалар дипломдарымен марапатталады)
Балалар екі жақтан кемеге мініп қоштасады.
Балалар: Ризамыз саған біз, Аяулы біздің бақшамыз! ( кеменің даусы балалар жүзіп кетеді)

Қош бол, балабақша! (70 KB)

