Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

?йымдастырыл?ан о?у іс-?рекеттеріні? технологиялы? картасы

«А? к?гершін» ересек тобына арнал?ан

Білім беру саласы: «?атынас»

Б?лімдері: ?орша?ан орта

Та?ырыбы: «Мемлекеттік р?міздер»

Ма?саты: Балалар?а ?аза?стан Ремпубликасы т?уелсіз, егеменді мемлекет екені туралы т?сінік беру, балаларды? Мемлекеттік р?міздер туралы т?сінігін жетілдіру.

С?здік ж?мыс: Мемлекеттік р?міздер, герб, гимн, ту.

01.10.2012ж.

Іс-?рекет кезендері

Т?рбиешіні? ?рекеті

Балаларды? ?рекеті

Мотивациялы? ?оз?аушылы?

Саламасыздар ма балалар. К?некей б?ріміз шатты? шенберге т?рамыз.

С?лем са?ан ЖЕр-ана!

С?лем са?ан н?рлы к?н!

Аман-есен болайы?,

Бейбітшілік ?алайы?.

Б?рі бірге ?айталап амандасады.

?йымдастыру-іздестіру

?аза?стан Р?міздері туралы ??гіме ж?ргізу:

-?аза?стан Респібликасыны? Мемлекеттік Туыны? к?гілдір т?сі ашы? бейбіт аспанды ж?не халы?тарды? бірлігін бейнелейді.

?аза?стан Республикасыны? Мемлекеттік Гербіндегі к?гілдір т?сті? аясында ша?ыра? бейнеленген. Ша?ыра?тан жан-жа??а тарал?ан с?улелер т?різді ше?бер бойымен уы?тар орналас?ан.

Ша?ыра? пен уы?тар республикамызды? т?ратын халы?тарды? бірлігін к?рсетеді.

Сергіту с?ті

Орнымыздан т?райы?,

??стай ?анат ?а?айы?

Бір отырып, бір т?рып,

С?л тыны?ып алайы?

2.Отан туралы ма?ал-м?телдерді? ма?ынасын ашу.

Отан оттан да ысты?.

Ту?ан жердей жер болмас,

Ту?ан елдей ел болмас.

Балалар т?сініктерін ?айталайды.

Балалар суреттен р?міздерді к?рсетеді.

Бірігіп сергіту с?тін жасайды.

Рефлексивті-т?зетушілік

С?ра?-жауап ?дісі ар?ылы саба?та ал?ан білімдерін ?орытындылайды.

С?ра?тар?а жауап береді.

?орытынды н?тиже:

Нені білу керек: Ту?ан жеріне деген с?йіспеншілігін арттыру.

?андай т?сініктерді ме?герді: ?аза?стан Республикасыны? мемлекеттік р?міздеріні? м?н-ма?ынасын т?сіну.

Менгерген да?дылары мен іскерліктері :Р?міздер туралы ?ле?, ма?ал-м?телдерді жат?а айту.

12.03.2017

Содержимое разработки

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Қоршаған орта

Тақырыбы: «Мемлекеттік рәміздер»

Мақсаты: Балаларға Қазақстан Ремпубликасы тәуелсіз, егеменді мемлекет екені туралы түсінік беру, балалардың Мемлекеттік рәміздер туралы түсінігін жетілдіру.

Сөздік жұмыс: Мемлекеттік рәміздер, герб, гимн, ту .

01.10.2012ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Саламасыздар ма балалар. Кәнекей бәріміз шаттық шенберге тұрамыз.

Сәлем саған ЖЕр-ана!

Сәлем саған нұрлы күн!

Аман-есен болайық,

Бейбітшілік қалайық.



Бәрі бірге қайталап амандасады.











Ұйымдастыру-іздестіру

Қазақстан Рәміздері туралы әңгіме жүргізу:

-Қазақстан Респібликасының Мемлекеттік Туының көгілдір түсі ашық бейбіт аспанды және халықтардың бірлігін бейнелейді.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гербіндегі көгілдір түстің аясында шаңырақ бейнеленген. Шаңырақтан жан-жаққа таралған сәулелер тәрізді шеңбер бойымен уықтар орналасқан.

Шаңырақ пен уықтар республикамыздың тұратын халықтардың бірлігін көрсетеді.

Сергіту сәті

Орнымыздан тұрайық,

Құстай қанат қағайық

Бір отырып, бір тұрып,

Сәл тынығып алайық

2.Отан туралы мақал-мәтелдердің мағынасын ашу.

Отан оттан да ыстық.

Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.


Балалар түсініктерін қайталайды.





Балалар суреттен рәміздерді көрсетеді.















Бірігіп сергіту сәтін жасайды.


Рефлексивті-түзетушілік


Сұрақ-жауап әдісі арқылы сабақта алған білімдерін қорытындылайды.



Сұрақтарға жауап береді.





Қорытынды нәтиже:

Нені білу керек: Туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру .


Қандай түсініктерді меңгерді: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерінің мән-мағынасын түсіну .


Менгерген дағдылары мен іскерліктері :Рәміздер туралы өлең, мақал-мәтелдерді жатқа айту.










Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Сурет салу

Тақырыбы: «Менің доптарым»

Мақсаты:Сурет салу дағдыларын қалыптастыру , дөңгелек затты-доптың суретін салуды үйрету; шығармашылық қабілеттерін, ой-қиялдар, байқампаздығын дамыту. Талапкерлікке баулу.

Сөздік жұмыс: доп, қылқалам .

01.10.2012ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Күлімде, күн күлімде,

Жер жасарып көтерсін.

Кешегіндей бүгін де,

Қанат қақсын көгершін.



Балалар шеңбер жасап тұрып қайталайды.






Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға доп туралы жұмбақ жасыру.

Дөп-дөнгелек ала доп,

Қызыл-жасыл және көк.

Ала шықтым аулаға,

Ойнайтұғын бала көп.

(Доп)

Осы жұмбақтан кейін олардан доппен қандай ойын ойнауға болатынын сұрау.

Енді балалар кәзір біз осы доптын суретін саламыз. Алдарыңдағы сурет салатын дәптерге әрқайсың өз доптарыңды саласыңдар.



Сергіту сәті

Көкке бойын созады,

Көпке қолын созады.

Кең құшағын ашады,

Көленкесін тосады.

Көк қарағай,қарағай, мейірбанды анадай.

Кішкене демалдық енді әрі қарай жұмысымызды жалғастырамыз. Балалар доптың түсі өз ойларыңан әртүрлі қылып бояуға болады. Доптын көлемі, түсі әртүрлі болады балалар.




Балалар жұмбақтың шешімін табады.






Балалар қойылған сұраққа жауап береді.




Өз беттерінше жұмыс жасайды.




Балалар сергіту сәтін жасайды.






Өз беттерінше жұмыс жасайды.


Рефлексивті-түзетушілік

Балалардың жұмысын бірге талқылап, сабақты қорытындылау.

Салған суреттерін тәрбиешіге көрсетеді.





Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Әртүрлі доп тардың суретін салуды білді.


Қандай түсініктерді меңгерді: Сурет бойынша жұмыс жасауды меңгерді.


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Қылқарам арқылы доптың контурын жасауды және оны бояуды дағдыланды.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Сауат ашу

Тақырыбы: «Дыбыс жіне әріппен танысайық. Жоғарғы және төменгі жаңында имектері бар ұзын және қысқа таяқшаларды салу.»

Мақсаты: дыбыс пен әріп туралы түсінік беру, дыбыс пен әріптің айырмашылығын ажырата білуге үйрету.Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Сөздік жұмыс: сюжеттік суреттер, әріптер .

02.10.2012.ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Аспанымыз ашық болсын!

Еліміз тыныш болсын!

Шаңырағымыз биік болсын!

Балалар шаттық шенберді бірге жасап бір-біріне жақсы көңіл тілейді.






Ұйымдастыру-іздестіру


Балалар төрт түлікке қандай жан-жануарлар жатады?

Олардың төлдерін қалай атаймыз?

Балалардың жауаптарын тындап болғасын оларға «Ала бұзау» әңгімесін оқып беру.

Сергіту сәті

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел еседі.

Кіп-кішкентай балалар

Үп-үлкен боп өседі.

Балалар дыбысты біз естиміз, ал әріпті көріп және жазамыз. Мысалы: қарбыз деген сөзді сендер көріп тұрсыңдар ма әлде естіп тұрсыңдар ма?

Дұрыс айтасыңдар сендер ол сөзді естіп тұрсындар. Ертен сол сөздегі әріптермен танысқанда және жазғанда оны көретін боласыңдар. Сонымен бірге әр дыбыстың өз таңбасы болады.

Дәптермен жұмыс.

Балалар кәзір біз жоғары және төменгі жанында имектері бар ұзын және қысқа таяқшаларды саламыз.



Балалар қойылған сұраққа жауап береді





Әңгімені зейін қойып тындайды.



Балалар сергіту сәтін жасайды.









Балалар қойылған сұраққа жауап береді.









Дәптерде берілген тапсырмаларын орындайды.


Рефлексивті-түзетушілік

Өтілген дыбыстарды қайталау, балалардың жауаптарын ескере отырып мадақтау.

Тәрбиешінің берген тапсырмасын орындайды.



Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Дыбыс пен әріпті ажырата білу керек.

Қандай түсініктерді меңгерді: Дыбысты еститінін, ал әріпті көретінін меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Дәптермен жұмыс жасау дағдыларын меңгерді.









Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Өзін – өзі тану

Тақырыбы: «Мен шыншыл баламын»

Мақсаты: Шыншылдық ұғымының құндылқ ретіндегі мәнін ашу.

Сөздік жұмыс: шыншыл, батыл, әділдік .

02.10.2012.ж


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Балалар мен сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Кәне бәріміз шаттық шенберін жасайық.

Арым таза, ақ көңіл,

Адалдыққа сенемін.

Абыройлы ақ ниет,

Адамдыққа сенемін.



Балалар шаттық шенберін жаайды.















Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар бүгін біз «шыншылдық» қасиетімен танысамыз . Сендер «шыншылдық» сөзін қалай түсінесіңдер?

Олай болса мен сендерге «Төгілген қаймақ» деген әңгімені оқып берейн сосын осы әңгімені бәріміз бірігіп отыры талдаймыз.

Балалар, Мереке мен Дүйсен шындықты айта алды ма?

Мереке анасына өтірік айтқаннан кейін қандай сезімде болды?

Мереке мен Дүйсен енді өтірік айтады деп ойлайсыңдар ма?

Балалар өтірік айтуға болмайды, себебі өтірік ұзаққа бармайды.

Сергіту сәті:

Атамнан алып күрегін,

Аланың қарын күредім.

Әжеме мен құдықтан,

Су әкеліп беремін.

Еденді де жуамын,

Шаң-тозанды қуамын.

Енді балалар біз сурет бойынша әңгіме құрастырайық.

Балаларға суреттен қандай бейнелерді көріп тұрғанын сұрау және сөйлем құрату.



Шыншылдық ол адалдыққа, әділетікті білдіреді. Балалардың жауабы.




Балалар әңгімені зейін қойып тындайды.





Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді.









Бірігіп балалар сергіту сәтін жасайды.





Сурет бойынша жұмыс


Рефлексивті-түзетушілік

Сұрақтар қою арқылы жаңа сабақты қорытындылау және балаларды мадақтау.

Балалар сұрақтарға жауап береді.


Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Өтірік пен шындық жайлы білдік .


Қандай түсініктерді меңгерді: Өтіріктің жаман қасиет екенін меңгердік .


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Шындықтың ең жақсы қасиет екенін түсініп меңгердік




Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Мен тәртіпті баламын»

Мақсаты: Балаларды бір-бірін сыйлауға, тәртіпті болуға, әділеттілікке тәрбиелеу.

Сөздік жұмыс: жабайы .

03.10.2012.ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шенберіне тұрайық.Бір-біріне алма беру арқылы жылы лебіздерін білдіреді.

Жансая, сен осы алмадай әдемі бол!

Ақниет, сен осы алмадай тәтті бол!



Бірігіп шаттық ненберін жасайды












Ұйымдастыру-іздестіру

Балалар қандай балаланы тәртіпті дейді?

Тәртіпті, жақсы балала болу үшін не істейміз?

Дұрыс айтасыңдар балалар әрқашан тәртіпті, жақсы балала болсаңдар сендерден жақсы азамат шығады.

Ал тентек бала қандай болады?

Сергіту сәті.

Бас,иық,тізе,саусақ.

Бас,иық,тізе,саусақ.

Саусақ,саусақ,саусақ

Көз,мұрын,көз,мұрын,

Құлақ,ерін,құлақ,ерін

(Жылдамдатып тез-тез қайталау)

Балалар суреттегі ұл балала мен қыз баланың игі істері туралы әңгімелеп беріңдер.

Балалар мен сендерге кәзір «Үш ұл» әңгімесін оқып берейін сосын сендер сұрақтарға жауап беріңдер.

Сосынымен тәртіпті бала қандай болады?


Сқраққа жауап береді балалар.













Қимыл-қозғалыстар арқылы сергіту сәтін жасау.





Сурет бойынша жұмыс.




Әңгімені зейін қойып тындайды





Рефлексивті-түзетушілік

Өткен жаңа сабақты қорытындылау және мадақтау.

Балалар тәртіпті балатындықтарын айтады



Қорытынды нәтиже:



Нені білу керек: Тәртіпті бала болу керектігін білу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: Сүйіспеншілік, қамқор көрсету түсініктерін меңгерді.

Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұлдар- мықты, батыл, қыздар-нәзік, сыпайы тәртіпті болу дағдыларын меңгерді.












Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімдері: Математика

Тақырыбы: «Алдында, артында, жанында»

Мақсаты: Балаларды кеңістік ұғымымен таныстыру,заттардың өзара орналасуын орнын ажырата білуге үйрету.Балалардың кеңістік туралы ұғымдарын қалыптастыру,танымдық қабілеттерін дамыту.

Сөздік жұмыс: алды, арты, жаны .

04.10.2012.ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Балалар мен сендермен кездесіп тұрғаныма қуаныштымын. Кәне бәріміз шаттық шенберін жасайық.

Кел балалар күлейік,

Күлкімен түлейік

Қабақ түйген не керек

Көңілді болып жүрейік.



Балалар бірігіп жасайды






Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға алдында, артында, жанында туралы түсіндіру.

Суреттер арқылы қойылған сұрақтарға жауап беру.

Сергіту сәті:

Оң қолымда бес саусақ

Сол қолымда бес саусақ

Беске-бесті косқанда

Болып шықты он саусақ.


Дәптермен жұмыс.

1.Тор көзді салып бояу.

2. Дөңгелектер салу.

3. Берілген геометриялық фигураларды салу.

Сурет арқылы балалармен жұмыс жүргізу.




Балалар зейін қойып тындайды.



Сұрақтарға жауап береді.


Балалар бірігіп сергіту сәтін жасайды.




Өз беттерінше жұмыс жасайды.




Балалар тәрбиешінің берген тапсырмасын орындайды.







Рефлексивті-түзетушілік


Жаңа сабақты қорытындылау және мадақтау.



Тапсырмаларды орындайды



Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Заттардың кеңістікте өзара орналасуы мен орнын ажыратуды .


Қандай түсініктерді меңгерді: Тор көзбен нақты танысты .


Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Ұқыпты жұмыс жасауды үйренеді.


















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Жапсыру

Тақырыбы: «Күзгі жапырақтар»

Мақсаты: Қағазға гуашьпен өң беру тәсілін үйрету, балаларды ұжыммен бірігіп, композиция құрастыра білуге дағдыландыру.

Сөздік жұмыс: гуашь, қылшықты қылқалам, желім,қайшы. .

04.10.2012.ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне дөңгеленіп тұрып, бір-біріне лебіздерін білдіреді.

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!




Бірігіп шаттық шеңберін жасайды.






Ұйымдастыру-іздестіру

Күз және күзгі жапырақтар туралы өлеңдер оқу.

КҮЗ

Көк майсалы көрікті, Алқаптағы көп егін,

Бұл күндері киіпті

Сары жібек көйлекті.

Күз мезгілінің ерекшеліктері, әсемдігі, тамаша көрністері жайында суреттер көрсете отырып, балалармен әңгімелесу.

Ары қарай бүгінгі сабақта жапсыру үшін берілген қағазға жасайтындықтарын айту. Жапсыру үшін қажетті өң беру, яғни қағаз бетін бояуды балалар өз беттерінше орындауларыңа болады.

Сергіту сәті:

Тербеледі ағаштар,

Алдымнан жел ееді.

Кіп-кішкентай балалар,

Үп-үлкен боп өседі.

Балаларға жұмыстың жасалу жолдарын көрсету. Өң берудің бірнеше түрлері бар. Дайындамалар кепкенен кейі оны төрт бөлікке өлеміз. Сосын оған кептірілген жапырақтарды жапсырамыз.

Балалар өлеңнің мағынасын зейін қойып тындайды.












Балалар жаңа тақырыпты тындайды және жауап беріп отырады.






Бірігіп сергіту сәтін жаайды.









Балалардың өз бетінше жұмыс жүргізеді.





Рефлексивті-түзетушілік

Жаңа үйренген тәсілді қалай меңгергендеріне талдау жасау, қорытындылау.

Тәрбиешімен бірігіп отырып тапсырмаларды орындайды.


Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Қағазға өң беруді білді.

Қандай түсініктерді меңгерді: Бүрку, дымқылдау тәсілдерін меңгерді.


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз бетінше жұмыс жасау даңдыларын меңгерді







Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Денсаулық»

Бөлімдері: Валеология

Тақырыбы: «Неліктен тіс тазалап, қол жуу керек?»

Мақсаты: Баланың жеке басының тазалығын сақтаудың жолдарын айту қол жуу мен тіс тазалау туралы түсініктерін кеңейту. Ұқыпты және жүйелі түрде тісті тазалау және қолды жуу дағдыларын қалыптатыру.

Сөздік жұмыс: сабын, тіс, тіс жуу пастасы .

04.10.2012.ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шеңбер жасап бір-біріне күлімсірей қарап, жылы лебіздерін білдіреді.


Топ болып жасайды.






Ұйымдастыру-іздестіру


Сабақты жұмбақ арқылы бастайық.

Ертемен күнде сен, қолыңа сүйкесең.

Кетіп кір ласың, тап-таза боласың. Бұл не?

(сабын)

Шомылған баланы, аймалап алады.

Сүртеді қолыңды, сүртеді жоныңды.

(сүлгі)

Тазалық деген не?

Не таза болу керек?

Сергіту сәті:

Ал, балалар, трмайық, алақанды ұрайық.

Оңға қарай иіліп, бір отырып, бір тұрып, сәл тынығып алайық.

Сонымен балалар сабағымызды әрі қарай жалғастырамыз. Қолды күнделікті және күніне бірнеше рет жуу қажет. Сабын мен су нағыз дос бізге. Үлкен адамдарда 32 тіс екені және осы тістердің көмегімен тамақ шайналатыны жқнінде түсінік беру.



Балалар бірігіп жасайды




Жұмақтың жауабын топ болып орындайды









Сергіту сәтін жасайды









Тәиешінің айтқанын зейнін қойып тындайды.







Рефлексивті-түзетушілік

Сұратар қою арқылы откен жаңа сабақты қорытындылау және мадақтау

Қойылған сұрақтарға жауап береді



Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Берілген тапсырманы нәтижелі орындау үшін зерек, ытал болу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: Тазалық сақтасаң-денің сау болып, аурмайтын түініктерді меңгерді .


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Тазалық болған жерде денсаулық болады. Таза жүруге әдеттену дағдыларын меңгерді















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Шығармашылық»

Бөлімдері: Мүсіндеу

Тақырыбы: «Торсық. Қымыз құятын ыдыс»

Мақсаты: Кесек ермексаздан қымыз құятын торсықты мүсіндеу әдіс тәсілдерді меңгеру.Торсықтың пішініне сәйкес ою-өрнектерді таңдап, талғап ұйкелеу жолдарын түсіндіру.

Сөздік жұмыс: ермексаз, торсық .

05.10.2012.ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Балалар шаттық шеңберіне тұрады.

Көктем,көктем,көктемде

Құстар келіп жеткенде.

Қуанып бір қаламыз,

Әнмен қарсы аламыз.


Балалар бірігіп жасайды






Ұйымдастыру-іздестіру

Балаларға торсықтфң бірнеше түрлерін көрсету арқылы жаңа сабақты бастаймыз. Бұл ұлттық ыдыстардың бір түрі. Ұзақ жолға шыққан жолаушы торсыққа қымыз немесе сусын толтырып алып шығады.

Сергіту сәті:

Топ-топ етіп басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса-жаса жарқын күн,

Жаса-жаса алтын күн.

Балалар енді әріқарай алдарыңдағы ермексазбен әркім өз бетінше жұмыс жүргізеді.

Балалар жұмыстарын аяқтай бастағанда оны ою-өрнектермен безендіреді.

Олар құс қанаты, бұғы мүйізі тағы басқалары.

Суреттер арқылы сұрақтар қою.


Жаңа сабақты зейін қойып тындайды









Бірігіп сергіту сәтін жасайды.





Топтық және өз бетінше жұмыстар жүргізеді





Қойылған сұрақтарға жауап береді.


Рефлексивті-түзетушілік

Дайын жұмыстарды талдау арқылы қорытындылау және мадақтау

Жмыстарын тәрбиешіге әкеліп көрсетеді.



Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Торсықты не үшін пайдаланатын білу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: Торсықтың жасалу жолдарын меңгерді.

Менгерген дағдылары мен іскерліктері: Өз бетінше жұмыс жасауға дағдыланды.


















Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеттерінің технологиялық картасы

«Ақ көгершін» ересек тобына арналған


Білім беру саласы: «Қатынас»

Бөлімдері: Тіл дамыту

Тақырыбы: «Біздің үй, ұй жиһаздары және ыдыстар»

Мақсаты: Балаларға әр адамның тұратын үйі болатындығын түсіндіру.

Сөздік жұмыс: үй, жиhаз, жатын жай .

05.10.2012.ж.


Іс-әрекет кезендері



Тәрбиешінің әрекеті


Балалардың әрекеті


Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбер құру.

Өтті қызық көп күндер,

Алты жасқа жеткендер.

Өсті ақыл ойларың

Өсті,міне,бойларың.

Иіліп сәлем береміз,

Әдепті боп өсеміз.

.


Балалар топ болып шатты шеңбер жасайды






Ұйымдастыру-іздестіру

Тәрбиеші бүгінгі сабақта өтілетін тақырыпты хабарлайды. Балаларға бірнеше суреттер көрсетіп оларға сұрақтар қойып оның жауабын тындау.

Балалар сендер неше қабаты үйде тұрасыңдар?

Үйде қандай бқлме түрлері бар?

Сергіту сәті:

Біз гүлдерше өсеміз,

Жапырағы жайқалған.

Сабақтары салалы

Желмен бірге жайқалған

Суреттер арқылы сабақты жалғастыру.

Жиһаздың қандай түрлерін білесіңдер?

Шкафта не тұрады?

Сөздік жұмыс жүргізу:

Коттедж, Жиһаз,

Жатынжай.

Салыстыру жұмысын жүргізу.


Қойылған сұрақтарға толы жауап береді.








Сұрақтарға толық жауап береді.



Өлең жолдарын қайталап, би қимылдарын жасайды.



Сұрақтарға жауап береді.



Топ болып сөздерді қайталау.



Рефлексивті-түзетушілік


Жаңа сабақта жүргізілген жұмыстарды талдай отырып қорытындылау және мадақтау.


Тәрбиешінің берген тапсырмаларын орындайды





Қорытынды нәтиже:


Нені білу керек: Үй, бөлме түрлерін және олардың айырмашылығын білу керек.


Қандай түсініктерді меңгерді: Жиһаз, жатынжай туралы түсініктерді теңгерді .


Меңгерген дағдылары мен іскерліктері: Суреттер арқылы әңгіме құрастыруды дағдыланды.













-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие речи детей дошкольного возраста в соответствии с ФГОС ДО

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері (46.81 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт