Мектеп жасына дейінгі 2-ші кіші сәбилер тобында ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің тақырыбы «Ертегілер еліне саяхат». Қатынас, әлеуметтік орта, денсаулық, таным, шығармашылық салаларын байланыстыра отырып, балалардың спорт ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру. Балалардың көтеріңкі көңіл-күйін туғызу, бір-біріне деген достық қарым-қатынасын нығайту.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Оқу іс-әрекетінің түрі: Кіріктірілген сабақ.(Көркем әдебиет,дене шынықтыру)
Мақсаты: Балаларды ертегі кейіпкерлерімен бірге ойнатып,олардың спорт ойындарына деген қызығушылықтарын арттыру.Қимыл қозғалыс жаттығуларын жасату барысында денсаулықтарын нығайтуға көңіл бөлу.Ойын кезінде бір-біріне достық сезіммен қарауға,ептілікке, жылдамдыққа,батылдыққа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: доға - 1 , ұзын орындық- 1 , қарлар,себет ,таяқша-10, доп- 4, үйшік,шыршалар,конверт,кітап, слайд суреттер,музыка, аттар макеті.Қамшы.
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің барысы:
Сап түзеп кіру,сапқа тұру.

Сәлемдесу.
Ертегілер еліне,
Қонақ болып барайық.
Үлкен-кіші барлығына,
Амандасып алайық,
Кейіпкерлер тапсырмасын,
Орындап бір жанайық.
-Балалар бүгін бізге қонаққа «Ертегілер ханшайымы» келіпті,сәлемдесейік.
-Сәлеметсіз бе ханшайым! (Әуенмен ханшайым кіреді)
Ханшайым: - Амансыңдар ма,балалар ертегілер еліне қонаққа келіңдер.
Ханшайым шығып кетеді.
-Балалар барамыз ба?
1О,алақай балалар!
Жақсы-ау ертегі әлемі
Көзге ыстық көрінер
Ертегі сиқыр әлемі
2Ертегінің жырларын
Гүл тергендей терейік
Ертегінің қырларын
Жүр аралап келейік.
-Балалар аттарымызға мініп,ертегілер еліне сапарға шығайық.
Әуен күй орындалады.Балалар атқа қонады.Онға дейін санап ертегілер еліне келеді.Ол жерде Ертегілер ханшайымы қарсы алады. Ертегі ханшайымы балаларға сиқырлы конвертті көрсетеді.
-Осы конвертте хат бар екен. Қане хатты оқиық. (хатты оқиды)
Қуаныш пен қызықтан арылмайық,
Жүгіріп,секіруден жаңылмайық.
«Үйшік» деп аталатын ертегіде,
Кейіпкерлер тапсырмасын орындайық.
1.Өзі егін екпейді,
Егістен ұзап кетпейді.
Диқанның тұқымын шашпай тек кетпейді
Қарыны тоқ,қайғысы жоқ.
Мысық қуса жетпейді. (тышқан)
-1,2,3,-тышқанды шақырайық
(әуенмен тышқан кіреді)
. Тышқанның тапсырмасы
«Менің ініме келіңдер» Доғаның астынан еңбектеп өту.

2. Таңдайы тақылдап,
Шулайтын кім бақылдап.
Бірін-бірі мақұлдап.
(бақа)
1,2,3-бақаны шақырайық.
. Бақаның тапсырмасы.
«Ұзын орындықтан мысықша жүріп өту»

3. Орғыған қорқақ,көзі қыли,
Қыс пен жазда екі түрлі тон киеді.
(қоян)
Қоянды шақыру. Қоянның тапсырмасы «Сылдырмақпен секіру».

4.Орманда тұрады,өзі бір қу.
Жүрген жері айғай мен шу. (түлкі)
Түлкінің тапсырмасы. « Қарды нысанаға салу».

5.Ит сияқты пішіні,
Ұнатпайды ол кісіні. (қасқыр)
Қасқырдың тапсырмасы. «Таяқшаларды түстеріне қарай жинау».

6. Орманнан ,жалпақ даладан,
Бал іздеп жортады.
Кіп-кішкентай арадан,
Үп-үлкен боп қорқады. (аю)
Аюдың тапсырмасы. «Доп алысу» (көпшікке отырып, бір-біріне қос қолдап доп лақтыру)

Ханшайым: Балалар жарайсыңдар, тапсырмаларды тамаша орындап шықтыңдар. Ертегілер еліндегі «Үйшік» ертегісінің кейіпкерлеріне хош келдіңдер!Мына кітапты сендерге сыйлаймын.Ал, енді келесі кездескенше сау болыңдар.

Шеңберге тұрып бой жазу жаттығуларын орындайды.Слайдтан қайталау арқылы орындайды.

Балаларды орындарына отырғызу.
Билингвальды компонент: Үйшік-house,тышқан-mouse,бақа-frog,қасқыр-wolf,қоян-hare,аю-bear,түлкі-fox.

Балалар «Үйшік» ертегісінің көрінісін қояды.Тәрбиеші автор.

-Балалар ертегі кейіпкерлері сияқты біз де бір-бірімізбен тату болып жүрейік.
-Бәріміз қазақтың ұлттық ойыны «Қыз қууды» ойнайық.

Қортындылау: -Балалар ертегі ұнады ма?
-Кейіпкерлерін атайық.
-Ал, енді балалар атқа мініп елімізге қайтып,оралайық.-Рахмет балалар.Үнемі спортпен шұғылданайық. Денсаулығымыз мықты болсын!



Ертегілер еліне саяхат (4.71 MB)

