Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру саласы:Қатынас
Тараулары:Көркем әдебиет
Тақырыбы: Ертегіде қонақта
Мақсаты: Балаларды сурет бойынша өздеріне таныс ертегілердің мазмұнын қысқаша баяндай білуге үйретуді жалғастыру. Сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білулерін белсендіру. Балалардың айтылған ойды тыңдауға және сұраққа жауап беру білігін дамытуды жалғастыру.
Көрнекілігі: Мазмұнды суреттер, ертегі кейіпкерлері
Әдіс - тәсілі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелесу.
| Әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс- әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
| Танымды оятушылық
Ұйымдастыру іздестіру
Рефлексивті түзету
| Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды даламыз, Жарқырайды күніміз. Қайырлы таң балалар! Жылулық шеңберін ұйымдастыру. - Балалар бүгінгі күніміз жақсы әрі сәтті өту үшін бір – бірімізге жылы тілектер айтумен бастайық. - Аспанымыз ашық болсын! - Деніміз сау болсын! - Нанымыз мол болсын ! - Отанымыз тыныш болсын! Көк туымыз биік болсын! Жарайсыңдар балалар, айтқан тілектерің қабыл болсын!
Ұйымдастырыған жаңа оқу іс-әрекетін түсіндіру. Әңгімелесу. «Балалар, міне, бүгін біз «Ертегіде қонақта» тақырыбында оқу іс-әрекет өтеміз. Және ертегі әлеміне қонаққа барамыз. Осы уақытқа дейін көп ертегілерді есімізге түсірейік. - Балалар, ертегілердің ұқсастығымен қандай ерекшеліктері бар, атап өтейікші! «Ертегі- бұл ерекше жанр. Ертегідегі жануарлар адам сияқты сөйлей алуы және адам сияқты түрлі нәрселер істей алуы мүмкін Ертегіде сиқырлы құралдар бар. Ертегіде әрқашан қайырымдылық, зұлымдықты жеңеді. Қайырымды, шыдамды, еңбекқор адамдар әрқашан сый алады.» Ал өмірде ше? -Жарайсыңдар , балалар! - Балалар, сендер ертегілер әлеміне қонаққа барғыларың келе ме? Олай, болса, ертегіге қонаққа немен барсақ екен? – Балалар сендер қандай көлік түрлерін білесіңдер? - Жарайсыңдар, олай болса барлығымыз сыйып отыратын пойызбен барайық. Балалар жайғасып отыра қойыңдар. Балалар жайғасып отырып пойыздың дыбысын салады. Пойыз аялдамаға тоқтайды. Аялдама алдында ерекше қорапша жатыр екен. Қызық бұл не қорапша екен? Тәрбиеші қорапшаны алып қарайды. Қорапша бұрышында хат жасырылған екен, сол хатты тәрбиеші алып оқиды. Хатта: « Қорапшаны айналдырып тастаған кезде, қай аңның бейнесі шықса сол аңның жүрісін салып жүреміз және ол қандай ертегіде кездесетін кейіпкер екенін тауып айтуымыз керек» деп жазылыпты. Тәрбиеші тапсырманы орындайды. Балалар қайтадан пойызға мініп жолға шығады, жолда ерекше сандықша тұрады. Балалар қараңдаршы қандай ерекше сандықша. Ашып көрейікші,ой мына сандықшаның қақпағы ашылмайды ғой. –Енді қалай ашамыз? Балалар мына жерде жұмбақтар жазылыпты, қанекей шешімін тауып көреміз бе? Мүмкін жұмбақтың шешімін тапсақ, сандықшаның қақпағы ашылатын шығар. Жұмбақтар Мұрны бейне түйме Үсті толған ине. (Кірпі) Түсі көмірге ұқсайды Аспанда ұшады. (Қарға) Қалқиып ұзын құлағы Елеңдеп қорқып тұрады.(Қоян) Өзі қу, әрі айлакер Жүрген жері айқай да шу. (Түлкі) Қыс бойы жатады Тәтті ұйқыға жатады. (Аю) Жұмбақтың шешімін тапқан кезде сандықшаның қақпағы ашылады, ішінен кемпір, шал, бауырсақ, қоян, қасқыр, аю, түлкі шығады. Балалар бұл қай ертегінің кейіпкерлері? Жарайсыңдар балалар! Қазір мен «Бауырсақ» ертегісін фланелеграф театры арқылы сахналап беремін. Тыңда балам ертегі Ертегі сыр шертеді Ерте, ерте, ертеде Ешкі жөні бөртеде –деп «Бауырсақ» ертегісін оқып беріп, ертегіні рөлдерге бөліп балаларға Фланелеграф театры арқылы сахналауды тапсырамын. Сергіту сәті: Кәне қанат жазайық, Қаллығаш боп ұшайық Ұшып-ұшып алайық, Орнымызға қонайық. Дидактикалық ойын: Енді балалар біз «Кейіпкерді тап» ойынын ойнап алайық. Шарты: Тәрбиеші балаларға өткен ертегі кейіпкерлерінің макеттерін, суреттерін көрсетеді. Ал балалар қай ертегінің кейіпкері екенін тауып айтулары керек. Мақсаты: Балаларды білімділікке,біліктілікке, сөздік қорларын сөйлеу барысында қолдана білуге тәрбиелеу. Балалардан сұрақ-жауап алысу арқылы ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін пысықтау, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетіне жақсы қатысқан балаларды мадақтау | Балалар шаттық шеңберіне тұрып тәрбиешімен бірге өлең жолдарын қайталап айтады. Балалар жылы тілектерін айтады орындарына отырады.
Балалар өтілген оқу іс-әрекетіндегі ертегілерді естеріне түсіріп, қайталап айтып шығады.
Балалар қайырымды-лық, зұлымдылық,
еңбекқорлық туралы пікір алмасады. Ертегілер әлеміне қонаққа барғымыз келеді. Әуеде, суда жерде жүретін көлік түрлерін білеміз. Балалар оқу іс-әрекетіне қызығушылықпен қатысады.
Балалар тапсырманы қызығушылық-пен орындайды.
Иә, жұмбақтың шешімін шешіп көрейік.
«Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері.
Балалар ертегіні тыныш отырып тыңдайды, тамашалайды Балалар ертегіні фланелеграф театры арқылы сахналайды. Балалар қуана келіседі. Балалар «Кейіпкерді тап» ойынын ойнау арқылы ойы дамиды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Ертегілер бізді баты, адал, еңбекқор болуға жетелейтінін білу.
Игереді: Ертегі кейіпкерлерінің жағымды жағымсызын ажыратып айтуды меңгеру.
Меңгереді: Берілген тапсырманы орындай алады.

Ертегіде қонақта (24.54 KB)

