Меню
Разработки
Разработки  /  Коррекционная школа  /  Мероприятия  /  Прочее  /  "Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы"

"Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы"

Тұңғыш елбасы күніне арналған тәрбие сағаты

21.11.2017

Содержимое разработки

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы»

Тәрбие сағатының мақсаты:

а)Білімділік: Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өмірі мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы мәліметтер беру.

ә) Дамытушылық: Оқушыларға президенттің ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету.

б) Тәрбиелік: Оқушыларды өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайдтар көрсету Н. Ә. Назарбаевтың түрлі жанрларда түскен суреттері, буклет бұрышы, нақыл сөздер, слайдтар


Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1- Жүргізуші: Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар!

2- Жүргізуші: Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді азаматтары, ұлдары мен қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. (Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұраны орындалады).

1- Жүргізуші: Тәрбие сағатымызды бастамас бұрын құттықтау сөз кезегін кабинет меңгерушісі Дилара Жеңісқызына береміз.

1-жүргізуші: Айгерім сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп, көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?

2-жүргізуші: Әрине, Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың арқасы.

1-Жүргізуші: Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері әрине дамыды, экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе?

2-Жүргізуші: Иа дұрыс айтасыз, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз тәуелсіздік жолында құрбан болды.

1-Жүргізуші: Ән:

І -жүргізуші Елбасымыздың өмірбаянына тоқталсақ.(видео, слайд)

Н.Назарбаев-бәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.Ол әр қадамын шын мәнісінде өте мұқият есептейді: ол үшін саясатшы болу-бойға біткен дарынмен қатар күн сайынғы аса ауыр жұмыс және өмір дағдысы.

ІІ жүргізуші

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев 6-шілде 1940 жылы Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында туған.Балалық шағы кейде айта беретініміздей таршылық жағдайда өтті.Үлкендердің мал бағуына,бау-бақша өсіруне көмек көрсету керек болды,шөпшек теріп,отын жарды.Өзі еске алғандай,өсірген аз-маз өнімдерін сатып,үй-ішіне қажетті заттар алу үшін есек жеккен арбамен жақын маңдағы теміржол стансасына бару дегенің керемет мереке саналған.Мектепті жақсы оқып,жақсы білім алды.Ата-анасын қатты құрмет тұтты.

І жүргізуші

Ол ерте есейді,орта мектепті бітіре салысымен Кеңес Одағындағы аса ірі Қарағанды металлургия комбинатының көлемді құрылысына аттаннды.Құрылыста біраз еңбек еткеннен кейін бір топ қазақстандықтармен Украинаның Днепродзержинск қаласына барып металлург –жұмысшы мамандығын меңгерді.Бұл шойын құюшы,домна пешінің көмекшісі жұмыстарын атқарды,ал кейінірек инженер дәрежесіне көтерілді.

ІІ жүргізуші

Сол жылдары оның басшылық қасиеттері жарқырап көрінді.Қалалық,облыстық және республикалық көлемде басшы органдарда жауапты қызметтер атқарды.Металлургиялық комбинатында партком хатшысы,Теміртау қалалық,Қарағанды облыстық және республикалықпартия ұйымдарында экономикалық салаға жауап беретін хатшы болды.

І жүргізуші: Ол Қазақстан Үкіметін басқарғанда 44 жаста болды.Осылайша оның саяси өмірбаяны басталады.

ІІ жүргізуші .1991 жылы 1-желтоқсанда республика жұртшылығы тұңғыш рет Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевты Республикамыздың Президенті етіп сайланды

І жүргізуші :1991 жылдың 16 желтоқсанында Қазақстан Республикасы Жоғарғы сессиясы «Тәуелсіз демократиялық және құқылық мемлекет» деп жариялады.

ІІ жүргізуші :1992 жылы 4-маусымда жаңа мемлекеттік рәміздер Елтаңба,Ту,Әнұран бекітілді.

Елтаңба авторлары:Жандарбек Мәлібекұлы,Шотаман Уәлиханов.

І жүргізуші : Шаңырақ –Отан отбасынан басталады.ортақ шаңырақ биік ,босаға берік болсын деген мағынаны,ал уықтар –үлкен үйдің уықтарын шын ниеттерімен қосыла танытқан елшілес ел жұртқа да бай,қуатты тілеймін дегенді білдіреді.Ай мүйізді ,алтын қанатты қос пырақ-арыстанның жүректілігін,қыранның қырағылығын,өгіздің қара күшін,еліктің шапшаңдығын,қырмызы қызыл түлкінің жауын жер соқтырар айлакерлігін білдіреді.Бес бұрышты жұлдыз «Бағымыз ашылып,жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманды арқалап тұр

ІІ жүргізуші :Мемлекеттік Ту-1992 жылы 4-маусымда қабылданып,6-маусымда күшіне енді.Тудың ортасында шұғылалы күн,оның астында қалықтап ұшқан қыран бейнеленген ,ішкі бұрышты көгілдір матаның сол жағында қызыл өрнегі бар.Жалаудың ұзындығы -2 метр,ені-1метр.Жалаудың жобасын жасаған –суретші Шәкен Ниязбеков.

І жүргізуші :1993 жылы 15-қарашада Қазақстан Республикасының Ұлттық ақшасы –Теңге айналымға енді.

Ән



-80%
Курсы повышения квалификации

Организация дистанционного обучения для лиц с ОВЗ и инвалидов

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Елін сүйген, елі сүйген - Елбасы" (19.87 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт