Меню
Разработки
Разработки  /  Биология  /  Уроки  /  9 класс  /  Фотосинтез, оның сатылары.

Фотосинтез, оның сатылары.

Фотосинтез процесі жалпы 2 сатыға: жарық және қараңғы болып бөлінеді.

Жарық фаза хлоропласта жарықта жүреді. Жарық әсерінен хлорофилл молекуласы қозып, бір электроны жоғары деңгейге өтеді. Ол тотығу-орынбасу реакциясына қатысады. Пайда болған энергия АТФ-тің қалпына келуіне жұмсалады.Жарық фазаның маңызы:

Қуатты биологиялық жүйеге қабылдаушы пигментті жүйе арқылы енгізу.

Жарық қуатын «биологиялық қуатқа» айналдыру.

19.04.2018

Содержимое разработки

Пәні: биология.

Сыныбы: 10

Сабақ тақырыбы: Фотосинтез, оның сатылары.

Сабақ мақсаты:

Білімділік — фотосинтез жайлы жаңа білім беру және жаңа терминдермен таныстыру;

Дамытушылық – жаңа материалды бұрын игерілген біліммен байланыстыру, тапсырманы өз бетімен және топта орындау дағдысын қалыптастыру;

Тәрбиелік– оқушыларды экологиялық мәдениетке баулуға атсалысу;

Әдіс-тәсілі: түсіндіру

Сабақ түрі: аралас

Пән аралық байланыс: биология,химия,физика,тарих,география

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд,сәйкестік тест,тест жұмысы «Жалпы биология» электронды оқулығы. «Фотосинтез сатылары» сызбанұсқасы

Сабақ барысы:

1.Ұйымдастыру бөлімі

2.Үй тапсырмасын тексеру. Сауалғы сұрақтар:

1. “Органикалық заттарды түзу жəне қабылдау əдістері: автотрофтар жəне гетеротрофтар”. Оқушылардың білімі биологиялық диктант түрінде тексеріледі.

Биологиялық диктант

1.Табиғаттағы барлық организмдер қоректену тәсіліне қарай ------- топқа бөлінеді.

2.Дайын органикалық заттар, энергияны пайдаланушы организмдер ---------- деп аталады.

3.Оларға ----------және ---------------------жатады

4.--------------------- органоиды бар өсімдік жасушасының тіршілік үшін маңызы зор.

5.-----------Күн сәулесі энергиясын -----------энергияға айналдыратын күрделі процесс.

6. Күн сәулесі қатысында---заттардан органикалық заттарды синтездейтін организмдер---деп аталады.


3.Жаңа білімді меңгеру.

Хлоропласт ішінде текшеленген құрылым – граналар. Граналар тилакоидтардан тұрады, олардың ішінде хлорофилл орналасады. Осы хлорофилл органойдында өсімдіктің бірегей процесі – фотосинтез өтеді.

Фотосинтез процесінің жалпы реакциясы: 6СО2 + 6 Н2О = С6Н12О6 + 6О2↑

Сипаты

Фотосинтез сатылары

Жарық Қараңғы

1

Жарық

Жарыққа тәуелді Жарыққа тәуелді емес

2

Температура

Температураға тәуелді емес Температураға тәуелді

3

Тездігі

Тез Баяу ~ 10 (-2) сек

4

Өтетін орны

Мембрана Хлорофилл стромасы

Фотосинтез процесі жалпы 2 сатыға: жарық және қараңғы болып бөлінеді.

Жарық фаза хлоропласта жарықта жүреді. Жарық әсерінен хлорофилл молекуласы қозып, бір электроны жоғары деңгейге өтеді. Ол тотығу-орынбасу реакциясына қатысады. Пайда болған энергия АТФ-тің қалпына келуіне жұмсалады.Жарық фазаның маңызы:

Қуатты биологиялық жүйеге қабылдаушы пигментті жүйе арқылы енгізу.

Жарық қуатын «биологиялық қуатқа» айналдыру.

Фотосинтетикалық пигменттердің негізгі кластары:

Хлорофилдер. Каротиноидтар. Фикобилиндер.

Фотолиз. Жарық фаза нәтижесі. Күн сәулесі әсерінен судың ыдырау процесі фотолиз д.а.

Фотолиз нәтижесінде: сутек ионы (H) және гидроксил ионы (ОН) пайда болады.

Су фотолизі реаакциясының теңдеуі: 2Н2О → 4е + 4Н+ + О2 ↑

1939 жылы Роберт Хилл су фотолизі әсерінен оттектің молекула түрінде атмосфераға бөлініп шығатынын алғаш рет дәлелдеді. Сондықтан бұл процесті Хилл реакциясы деп атайды.

Фотосинтездің жарық фазасының нәтижелері:

АТФ синтезі. НАДФ * Н-тың түзілуі Су фотолизі

Фотосинтездің қараңғы фазасы.

Фотосинтездің қараңғы фазасында негізгі ролді СО2 (көміртек оксиді) атқарады. АТФ, НАДФ * Н энергиясын пайдаланып, моно, ди және полисахаридтер синтезделеді.

Бес көміртекті көмірсу (С5) реакцияның бастапқы заты ретінде қатысып, нәтижесінде үш көміртекті (С3) қосылыс түзіліп отырады. Оны С3 немесе Калвин циклі деп атайды. Бұл циклді ашқаны үшін 1961 жылы АҚШ биохимигі М. Калвинге Нобель сыйлығы берілді.

С5 + СО2 + 2АТФ + 2НАДФ*Н → С3 + 2АДФ + 2Фн + 2 НАДФ+

6 СО2 + 2Н4 → ← = С6Н12О6 +Н2О Моносахарид

Дисахарид С12Н22О11

Полисахарид (С6Н10О5)n

Көмірсулардың түзілуіне АТФ қуаты жұмсалатындықтан бұл процесс қараңғы фаза деп аталады. Бірақ бұл процесс күндіз де, түнде де жүре береді.

Дәптерге жазамыз

Фотосинтез – Күн сәулесі қатысында су, көмірқышқыл газынан

Органикалық зат — глюкоза түзілу және оттектің бөліну процесі.

Крахмал – өсімдіктерде қорға жиналатын көмірсу

Көмірсу - ферменттердің әсерінен ақуыз бен майға айналады

Автотрофтар – органикалық заттарды синтездеуге қабілетті организмдер

4. Қорытынды Фотосинтездің маңызы

Жасыл жапырақсыз өсімдік түгілі Жер бетінде тіршілік те болмас еді

Жер атмосферасы өсімдіктердің фотосинтез процесі нәтижесінде түзілген

Орыс ботанигі А.К.Тимирязев жасыл жапырақты өмір фабрикасы деп атаған. Оған шикізат ретінде көмірқышқыл газы мен су, ал қозғаушысы жарық болып табылады.

Білімді бекіту

Салыстыру критериі

Тынысалу

Фотосинтез

Өсімдіктің қай мүшесі, органоидында өтеді

Жапырақ, митохондрия

Жапырақ, хлоропласт

Қандай заттар жұтылады?

Оттек

Көмір қышқыл газы, су, минералды заттар

Қандай заттар бөлінеді?

Көмір қышқыл газы

Оттек

Жарықтың ролі

Алмасудың қай типі

Жоқ

Энергетикалық

Бар

Пластикалық

Органикалық заттар өзгерісі

Органикалық заттардың тотығуы

Органикалық заттардың синтезі


Бекіту тесті

1.Фотосинтез терминінің мағынасы: а. Жарық, қосылыс; ә. Сурет, нәруыз; б. Жасуша, су;

2.Фотосинтез фазалары: а. 2; ә. 3; б. 4; в. 5;

3. Фотосинтездің жарық фазасында пайдаланылатын қуат: а. АТФ; ә. Фотон; б. НАДФ

4. Қандай процесс кезінде АТФ синтезделеді? а. Гликолиз; ә. Цитокинез; б. Транспирация;

5.Қай органойдта тынысалу жүреді? а. Рибосома; ә. Митохондрия; б. Лизасома;

6.Фотосинтез жүретін органойд: а. Митохондрия; ә. Лизасома; б. Рибосома;


Сәйкестендіру тесті

Сипаты

Белгісі

1

Фотосинтездің алғашқы өнімі

А. Жасыл

2

Фотосинтездің соңғы өнімі

Ә. Жапырақ

3

Хлорофилл түсі

Б. Митохондрия

4

Фотосинтез фазалары

В. Хлорофилл

5

Фотолиз реакциясын ашты

Г. Көмірсулар

6

Жарық шоғы

Ғ. Екеу

7

Қос фосфор қышқылы қалдығы

Д. СО2 Н2О

8

Фотосинтез өтетін мүше

Е. АТФ

9

Тынысалу өтетін органойд

Ж. Глюкоза, оттек

10

Фотосинтез өтетін органойд

З. Калвин

11

Қараңғы фазада синтезделеді

К. Фотон

Бекіту сұрақтары.

1.Өсімдіктің ауамен қоректену мүшесі -

2.Фотосинтезге қажетті заттар

3.Қай мүше су, минералды заттарды сіңіреді?

4.Жасушаның қай органоидында фотосинтез өтеді?

5. Өсімдіктің жасыл түсті пигменті

6.Организмдердің бейораникалық заттардан органикалық заттарды синтездеуге қабілетті қоректену тәсілі


-80%
Курсы повышения квалификации

Активизация основных видов деятельности на уроках биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Фотосинтез, оның сатылары. (30.22 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт