Меню
Разработки
Разработки  /  Химия  /  Уроки  /  9 класс  /  Фосфор.Фосфордың периодтық жүйедегі орны

Фосфор.Фосфордың периодтық жүйедегі орны

Саба?ты? та?ырыбы: «Фосфор. Периодты? ж?йедегі орны,?асиеттері.» Саба?ты? ма?саты: Білімділік:Фосфорды? периодты? ж?йедегі орны,?асиеттерімен танысу ж?не о?ушыларды? танымды? ой-?рістерін ке?ейту. Дамытушылы?: о?ушыларды? ойлау ?абілетін, іскерлігін, реакция те?деулерін жазып те?естіре білу, есеп шы?ара білу біліктерін ?алыптастыру, дамыту. Т?рбиелік: ойланып, тез шешім ?абылдай білуге т?рбиелеу, п?нге ??штарлы?ын ояту.

06.02.2017

Содержимое разработки

Сабақтың тақырыбы: «Фосфор. Периодтық жүйедегі орны,қасиеттері.» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік:Фосфордың периодтық жүйедегі орны,қасиеттерімен танысу және оқушылардың танымдық ой-өрістерін кеңейту. 
Дамытушылық: оқушылардың ойлау қабілетін, іскерлігін, реакция теңдеулерін жазып теңестіре білу, есеп шығара білу біліктерін қалыптастыру, дамыту. 
Тәрбиелік: ойланып, тез шешім қабылдай білуге тәрбиелеу, пәнге құштарлығын ояту. 

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу,оқушыларды түгендеу,сабаққа даярлығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару. 
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 
Өткен сабаққа шолу жасау. Азоттың табиғаттағы айналымын айту.

ГРАФИКАЛЫҚ ТЕСТ.
1. Азот II периодтың Y тобының негізгі топшасында орналасқан.
2. Азоттың ең сыртқы энергетикалық деңгейшесінде 7 электрон бар.
3. Бос күйіндегі азот ауаның 78, 1 % - ін құрайды.
4. Азот сутекпен әрекеттесіп, аммиак түзеді.
5. Аммиак қышқылдармен әрекеттесіп, аммоний тұздарын түзеді.
6. Азот қышқылының тұздары сульфаттар деп аталады.
7. Азот ( IY ) оксиді негіздік оксид.
8. Азот қышқылы түссіз, өзіне тән иісі бар газ.
9. Азот қосылыстарда - 3, +5,+3 тотығу дәрежелерін көрсетеді.
10. Нитраттар көбінесе азот тыңайтқыштары ретінде қолданылады.

СӘЙКЕСТЕНДІРУ ТЕСТІ.
1) Аммиак - ---------------------- а) HNO3
2) Азот ( IY) оксиді - ------------ ә) NH4CL
3) Азот қышқылы - ------------- б) NaNO3
4) Аммоний гидроксиді - -------- в) NH3
5) Натрий нитраты - -------------- г) NH4 OH
6) Аммоний хлориді - ------------ д) NO2
ІІІ. Жаңа білімді қалыптастыру 
Фосфордың химиялық таңбасы: Р 
Реттік номері:15 
Ar = 31 

Электрондық формуласы:
1s2 2s2 2p6 3s2 3p3
Фосфор периодтық жүйеде ҮА топта орналасқан.Сондықтан, атомдарының электрондық құрылысында ортақ қасиеттер бар.Ең алдымен,олардың сыртқы электрондық қабатындағы электрондар саны бірдей.Осыған байланысты олар бірдей тотығу дәреже көрсетеді: төменгісі -3, жоғарғысы +5. Көптеген қосылыстарының формулалары ұқсас. 
Мысалы: 
Азот: NH3, N 2O5, HNO3
Фосфор: РH3, Р 2O5, HРO3 
Бірақ фосфор атомының радиусы азот атомының радиусынан екі есеге жуық үлкен. Бұл олардың қасиеттеріндегі біраз айырмашылықтарды түсіндіреді: фосфор молекуласы азот молекуласындай тұрақты екі атомды болмайды, себебі атомның өлшемі үлкен болғандықтан, бірнеше атомның электрон бұлттарының қаптасу мүмкіндігі бар, яғни көп атомды молекула түзіледі.

 Табиғатта кездесуі. 

Атомдардың кристалл торда орналасу типіне қарай фосфордың табиғатта ақ, қызыл, қара фосфор деген түрөзгерістері бар. Бұлардың кристалл торларының әртүрлі болуына байланысты түстері де, химиялық белсенділіктері де әртүрлі. 
Өте белсенді элемент болғандықтан, фосфор табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі. Фосфор бу түрінде түзіледі, салқындатқанда қатаяды, оны судың астында жинайды.

Алынуы. Фосфорды оксидтерін, қышқылдарын және табиғи фосфоритті өңдеу арқылы алады.

Қолданылуы. Фосфор қосылыстары тыңайтқыштар, дәрі-дәрмектер, т.б. заттар алуда қолданылады. Қызыл фосфор сіріңке жасау үшін (қорабына жағылады) қолданылады.
Химиялық қасиеттері. 
Ауада оттекпен жарық шығара отырып, қарқынды әрекеттеседі. 
4P+5O2=2P 2O5
Фосфор да , азот сияқты металдармен әркеттесіп фосфидтер түзеді: 
3Са+2Р=Са 3Р2 
Фосфин. Молекулалық формуласы – РН3. Фосфин қасиеттері жөнінен аммиактан өзгеше. Ол – өте улы, тұрақсыз, түссіз, сарымсақ иісті, күшті тотықсыздандырғыш зат. Фосфинді кальций фосфидін сумен әрекеттестіріп алуға болады: 
Са 3Р2+6Н 2О=3Са(ОН) 2+2РН3 

VI. Қорытынды. 
Фосфордың бірнеше аллотропиялық түр өзгерістері бар, олар бір-бірінен кристалдық торының әртүрлі болуы арқылы ажыратылады. Фосфор –белсенді элемент болғандықтан, табиғатта тек қосылыс күйінде кездеседі. Фосфор қосылыстарында +3, +5, 0, -3 тотығу дәрежелерін көрсетеді. Оттекті қосылыстары: фосфор (V) оксиді P2O5, фосфор қышқылы Н3PO4, тұздары: фосфаттар (Nа3PO4), гидрофосфаттар (Nа2НPO4), дигидрофосфаттар (NаН2PO4). Сутекті қосылысы-фосфин РН3. 

Бекіту тапсырмалары:

1-деңгей:

1.Фосфордың периодтық жүйедегі орнына сипаттама бер.

2.Атом құрылысын сипаттап жаз

2-деңгей:

1.Фосфордың химиялық қасиеттерін сипаттайтын реакцияларға мысалдар келтір.

2.Р Р2О5 Н3РО4 айналымды іске асыратын реакция теңдеулерін жаз

3-деңгей

1. 50кг аммоний хлоридін алуға қанша аммиак керек? 

2. 62т кальций ортофосфатынан қанша фосфор қышқылы алынады?Ол қанша тонна күйдіргіш натрды бейтараптайды?
Оқушыларды бағалау
Оқушылардың жинаған ұпайлары есептеліп, оқушылар бағаланады. 
Үйге тапсырма: § 17,18. Тақырып соңындағы жаттығуларды орындау.

-80%
Курсы повышения квалификации

Применение ИКТ на уроках химии и биологии в условиях реализации ФГОС

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Фосфор.Фосфордың периодтық жүйедегі орны (19.39 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт