Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  "Досы көпті жау алмас"

"Досы көпті жау алмас"

«Достық»,өзара сыйластық ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу. Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту. Бір- бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

10.04.2018

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Қатынас. Әлеуметтік орта.

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті: Тіл дамыту. Көркем әдебиет.

Тақырыбы: «Досы көпті жау алмас»

Мақсаты: «Достық» ,өзара сыйластық ұғымдарының адамгершілік құндылықтары ретіндегі мәнін ашу.

- Өзара сыйластық, достық, сүйіспеншілік туралы түсініктерін кеңейту.

- Бір- бірімен тату, дос болуға тәрбиелеу.

Шаттық шеңбер:

Әр қашан дос біргеміз

Ажырамас іргеміз.

Ту ғып ұстап бірлікті,

Тату-тәтті жүреміз.

Тәрбиеші: - Балалар мен сендерге бір қызықты бейнетаспа әкелдім.Осы бейнетаспаға назар аударайық.

(балаларға бейнетаспадан «Балапан және оның достары» атты мультфильмнен үзінді көрсету)

Тәрбиеші: - Балалар сендерге мультфильм ұнады ма?

Балалар: - Иә, ұнады.

Тәрбиеші: - Балалар, айтыңдаршы, балапанның істегені дұрыс па?

Балалар: - Менің ойымша, балапан дұрыс істемеді.

- Балапан өзінің достарына добын бермеді.

- Менің ойымша, балапан ойыншығымен бөлісу керек еді.

Тәрбиеші: - Сендер балапанның орнында болсандар қалай істер едіндер?

Балалар: - Мен балапанның орнында болсам, ойыншығыммен бөлісер едім.

- Мен балапаның орнында болсам, добыммен бөлісер едім,өйткені менің достарым да менімен ойыншықтарымен бөліседі.

Тәрбиеші: - Балалар қалай ойлайсындар балапанды нағыз дос деп айтуға бола ма?

Балалар: - Жоқ, балапанды нағыз дос деп айта алмаймыз,себебі нағыз достар олай істемейді.

- Достар бір-бірін ренжітпейді.

- Достар бір-бірін қиындықта қалдырмайды

Тәрбиеші: - Балалар айтындаршы кітаптарды,ойыншықтарды өзіміздің достарымыз деп айтуға бола ма?

Балалар: - Иә, айтуға болады.

- Біз кітапты досымыз деп санаймыз, өйткені біз кітаптан білім аламыз.

- Иә,ойыншықтарда біздің досымыз,себебі ойыншықтар біздің көңіл-күйімізді көтереді,біз олармен ойнаймыз.

Тәрбиеші: - Ендеше ойыншықтар,кітаптар туралы тақпақтарды есімізге түсірейік.

Райымбек:

Кітап оқу бұлағым,

Оқытатын ұстазым.

Кітапта бар даналық,

Оқып білім алалалық.

Наргиза:

Кітап деген басындағы білімің,

Кітап деген ақыл,ойын,ілімің.

Кітаппенен дос болындар,жыртпаңдар,

Жерде жатса көтеріп қой,баспаңдар.

Данель:

Ойыншықтар көп екен,

Бірге ойнайық,балақай.

Көгорай шалғын көк екен,

Жарысайық,алақай!

Малика:

Біздерде бар қуыршақ,

Бұзау,қозы,құлыншақ.

Ойыншықтар тыңдайды,

Емес олар ұрыншақ.

Тәрбиеші: - Балалар, сендерге қандай кітаптар ұнайды?

Балалар: - Маған қызықты әңгімелері мен суреттері бар кітаптар ұнайды.

- Ал маған ертегілері бар кітаптар ұнайды.

Тәрбиеші: - Ал сендер қандай ертегілерді білесіңдер?

Балалар: - Мен, «Алтын балық» еретегісін білемін.

- Мен, «Шалқан» ертегісін жаксы көремін.

- Маған, «Бауырсақ» ертегісі ұнайды.

- «Дос іздеген бота» ертегісін жаксы көремін.

Тәрбиеші: - Ендеше мен сендерге « Дос іздеген бота» ертегісінен үзінді қоюды ұсынамын.

Балалар маскаларын киіп, «Дос іздеген бота» ертегісін сахналайды.

Тәрбиеші: - Жарайсындар балалар ертегіні жақсы қойып бердіңдер.

Тәрбиеші: - Балалар айналамызда әдемі - әдемі шарлар ілініп тұр.Осы шарларды алып бүгінгі көңіл - күйлерінді және тілектерінді айтып беріндерші.

Балалар: - Мен сары түсті шарды тандадым себебі менің көңіл - күйім күндей жарқырап тұр.

- Мен жасыл түсті шарды тандадым өйткені меаған осы түс ұнайды.

- Осы шарды тандағаным көңіл-күйімді көтерді.

- Менің анама күлгін түс ұнағандықтан осы шарды тандадым.

- Көк түсті шарды тандағаным сіздерге ашық аспан тілеймін.

- Сарғылт түсі қуануды білдіреді мен бүгін қуанып тұрмын.

- Қызыл түс сәттілікті білдіреді сондықтан осы түсті шарды тандадым.

- Көгілдір түсті шарды алып махаббатқа бөлендім.

- Менің жүрегім адалдықты сүйеді,сондықтан жасыл түсті шарды алдым.

- Осы шарды алғаным жігерлікті білдіреді.

- Ашық қызыл алғаным мен сондай нәзікпін.

- Мен бүгін гүлдей құлпырып тұрмын,сондықтан осы әдемі шарды тандадым.

- Мен бар әлемге тыныштық тілеймін сондықтан мен осы шарды тандадым.

- Осы әдемі шар мейрімділікті білдіреді,сондықтан осы шарды тандадым.

- Осы түсті шарды алғаным татулықты,бірлікті білдіреді,мен сіздерге татулық,бірлік тілеймін.

Бәрі:- Осы жарқын көңіл-күйімізді сіздерге сыйлаймыз.

Тәрбиеші:- Балалар біздің әлемде көптеген ұлттар өмір сүреді екен.Сендер қандай ұлт өкілдерін білесіндер?

- Мен татар ұлтын білемін .

- Мен қырғыз ұлтын білемін.

- Мен өзбек ұлтын білемін.

- Мен украйын ұлтын білемін.

- Мен башқұрт ұлтын білемін.

- Мен орыс ұлтын білемін.

- Мен неміс ұлтын білемін.

- Мен тәжік ұлтын білемін.

Тәрбиеші: - Балалар осы ұлт өкілдерімен демалыста,олимпияда ойын кезінде және басқа елдерге барғанда кездесеміз. Ал сендердің басқа ұлт өкілдерінен достарың бар ма?

Балалар: - Менің, Илья дейтін досым бар, мен онымен аулада ойнаймын.

- Мен каратэ үйірмесіне Дима досыммен бірге барамын.

- Мен би үйірмесінде Алина досыммен билеймін.

Тәрбиеші:- Жаксы сендердің достарың көп екен.

Тәрбиеші: - Ал балалар шеңберде тұрып « Сенімен дос болу қандай керемет» ойынын ойнайық.

(балалар шеңберде тұрып, бір – біріне жүрекшені беріп, мынандай сөздер айтады)

Балалар: - Сенімен дос болу қандай керемет өйткені сен әдемісін.

- Сенімен дос болу қандай керемет өйткені сен батырсын.

- Сенімен дос болу қандай керемет өйткені сен ақылдысын.

- Сенімен дос болу қандай керемет өйткені сен сұлусын.

Тәрбиеші: - Өте керемет болды бүгін біз сендермен дос туралы ән айттық ертегі қойдық енді мен сендерге « Достық коллажын» бірігіп ұжыммен жасауға ұсынамын.

(балалар үстел басына отырып, плакатқа өздерінің фотоларын, суреттерді жапсырып коллаж жасайды)

Тәрбиеші: - Балалар осы жасаған коллажымызды қай қабырғаға іліп қойсақ? Балалар қай қабырғаға іліп қою керек екенін көрсетіп, іледі.

Тәрбиеші: - Осымен ашық сабағымыз аяқталды. Ашық сабағымызды «Балдырған» әнімен аяқтаймыз.










-80%
Курсы профессиональной переподготовке

Эффективный руководитель образовательных организаций

Продолжительность 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
19800 руб.
3960 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Досы көпті жау алмас" (21.61 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт