Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Уроки  /  Дошкольникам  /  “Дос болайық бәріміз”

“Дос болайық бәріміз”

открытый урок для детей дошкольного возраста
09.08.2021

Содержимое разработки

Тақырыбы: “Дос болайық бәріміз”

Мақсаты: Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт – дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт – саналарынан хабардар ету. Балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.

Көрнекі құралдар: Шаңырақ, 2 қапшық

Мерекеге сай әдемі киінген балалар әсем безендірілген залға

Шаттық шеңбері:

Дөңгеленіп тұрайық,

Керегені құрайық.

Уықтар болып иіліп,

Шаңыраққа киіліп,

Киіз үйді құрайық.


Достығымыз артсын – Вова

Деніміз сау болсын – Жақсылық

Аспанымыз ашық болсын – Сұлтан


Жүргізуші:

Міне, балалар, сіздермен біз үлкен киіз үйді құрдық. Осы киіз үй сияқты біздің еліміздің қабырғалары мықты болып, шаңырағы биік болсын. Ондағы барлық ұлт тату – тәтті өмір сүрсе дегім келеді. Еліміз бірлік пен татулық мекені бола берсін.

Саламатсыздар ма, балалар, қонақтар? Сіздерді бүгінгі жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1 мамыр Қазақстан халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні мерекесімен құттықтаймын. «Балдырған» тобының «Дос болайық бәріміз» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер.

Хор: «Дос болайық бәріміз»

Ендігі кезекті тақпақтарға берсек

  1. Вова

Күн нұрындай көңілім,

Даламдай кең пейілім,

Жүрегім толы мейірім.

Бәріңе ортақ шуағым,

Қайырымды боламын.


  1. Сұлтан

Біз балдырған баламыз,

Шырқап әнге саламыз.

Туған жердің төрінде,

Алау болып жанамыз.

  1. Жақсылық

Біз балдырған тең басқан

Дос құшағын елге ашқан.

Тілегіміз бейбіт күн,

Ашық болсын кең аспан.

Ойын: “Кім бірінші”

Ал енді, балалар, ойын ойнап денемізді шынықтырып алайық.

Ойын шарты: екі топқа бөлініп, аяғымызға қапты киіп, секіріп жарысамыз. Белгіленген межені айналып екінші ойыншыға береміз. Қай топ бірінші аяқтайды, сол топ жеңіске жетеді.

Жеке ән: “Мен бақытты баламын Вова мен Жақсылық

Тақпақтар:

  1. Жанайым

Біз қандаймыз, қандаймыз,

Шұғылалы таңдаймыз.

Күлімдеген күндейміз,

Еш уайымды білмейміз.

  1. Аяла

Алақай-ау, алақай,

Ән шырқайық балақай.

Қызарғанша алақан,

Қол соғайық, балақай.

  1. Ханшайым

Дос болайық бәріміз,

Жарасып тұр әніміз.

Тыныштықты сақтаймыз,

Атсын күліп таңымыз

Құрметті қонақтар, балалар, біздің мерекеге моряк жігіттер келіп, өнерлерін көрсетпекші. Қарсы алайық.

Би: “Моряктар”

Хор: “Балдырған” әні

Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар, сіздерге рахмет! Мереке ұнады. Енді топқа барып, мерекемізді жалғастырамыз. Сау болыңыздар.


-80%
Курсы повышения квалификации

Система управления охраной труда в учреждении образования

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
“Дос болайық бәріміз” (20.63 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт