Меню
Разработки
Разработки  /  Классному руководителю  /  Планирование  /  9 класс  /  Доклад на тему: "Мастер класс"

Доклад на тему: "Мастер класс"

Шебер-сынып, орысша «мастер-класс» біздің түсінігімізде тек сайыстарда немесе ашық сабақтарда қолданылатын 15-20 минуттық демонстративті сабақ деп қатып қалған сияқты. Себебі шебер сыныпты күнделікті сабақтарымызда, гуманитарлық та және техникалық пәндерді өткенде пайдалану ауызға алынбайды. Бүгінгі баяндамамда мен шебер-сынып деген сөзден қорықпай, оны ұстаздар күнделікті сабақтарында қолдана алатындығын түсіндіріп, жалпы ережелерін баяндап, теориялық түсінік бере кеткім келеді.

27.03.2018

Содержимое разработки

«Маңғыстау энергетикалық колледжі» МКҚК













Баяндама






Тақырыбы: «Шебер-сыныптың жалпы педагогикадағы қолданысы туралы»



Дайындаған: Жайшылыков А.М.






















Ақтау - 2018

Шебер-сыныптың жалпы педагогикадағы қолданысы туралы

Жайшылыков Абу Мукашевич

Электроэнергетикалық бөлімнің арнайы пән оқытушысы

Маңғыстау энергетикалық колледжі


Шебер-сынып, орысша «мастер-класс» біздің түсінігімізде тек сайыстарда немесе ашық сабақтарда қолданылатын 15-20 минуттық демонстративті сабақ деп қатып қалған сияқты. Себебі шебер сыныпты күнделікті сабақтарымызда, гуманитарлық та және техникалық пәндерді өткенде пайдалану ауызға алынбайды. Бүгінгі баяндамамда мен шебер-сынып деген сөзден қорықпай, оны ұстаздар күнделікті сабақтарында қолдана алатындығын түсіндіріп, жалпы ережелерін баяндап, теориялық түсінік бере кеткім келеді.

Сонымен шебер-сынып өз саласында, өз кәсібін меңгерген маманның практикалық шеберлікті дамытуға арналған сабағы. Бұл жалпылама анықтамасы. Яғни, аспаз өз шебер-сыныбында тек белгілі-бір торттың түрін жасауды үйретуі мүмкін немесе ұндардың сорттары мен оларды ажырату сияқты ашық сабақ өткізуі мүмкін. Бірақ басты талап, тіпті аспазымыз сөз жүзінде ғана ұн түрлері туралы айтып отырса да, міндетті түрде сыныпта түрлі сорттағы ұнды әкеліп, оқушыларына көрсетіп, бірге ажырату сынды практикалық материалдарды қолданып, бір икемділікті шыңдауға жұмыс жасауы керек. Сондықтан да, мастер-класс қызықты әрі есте қаларлықтай өтеді.

Қытай мақалы былай дейді: «Ұстазым, маған айт – мен оны ұмытамын, көрсет, мүмкін, есімде сақтармын, мені қызықтыр, мен сонда түсінемін». Негізі шебер-сыныпты университеттерге енгізіп бастаған композиторлар мен физик-мұғалімдер болатын. Қысқа да нұсқа, барынша қызықты осындай сабақтар кейіннен педагогикаға да кеңінен ене бастады.

Шебер-сыныпқа қатысушылардың санына шектеу жоқ. Мысалы ашық сабаққа сіз 60 баланы қатыстыруыңыз екіталай. Алайда шебер сыныпқа 80-100 адамға дейін қатыса алады.

  • Шебер сыныпта екі жақ та, яғни ұстаз-кеңесші мен қатысушылар белсенді қарым қатынаста болады.

  • Шебер-сыныпта міндетті түрде демонстрация орын алуы керек. Мысалы, «Қазақстан тарихы» ұстазы археологиялық зерттеулер қалай жүргізілетінін макет сүйектерді тазалап көрсету арқылы, ал «Химия» мұғалімі 2-3 тез жасалатын реакцияларын көрсете отырып жүргізеді.

  • Шебер-сынып интеллектуалды деңгейде өтеді. Ол ашық сабақтың тәжірибеге бағытталған, қысқаша, тіпті шоу элементтері бар түрі десек те болады.

  • Шебер-сынып мұғалімнің харизмасын, ораторлық шеберлігін дамытады. Жай дауыспен, монотонды,күнделікті сабақтағыдай өткізілген шебер-сыныптың еш әсері болмайтындықтан, ұстаздар өздерін теледидарға түсіп жатырмын деп ойлап өткізгені жақсы болады.

Педагогикада шебер сыныптың үш басты түрі бар.

Презентация: Презентацияда белгілі бір идеяның жүзеге асуын презентация арқылы көрсетіп, кішігірім тәжірибе қосу арқылы өткізу. Мысалы, «Ағылшын тілі» мұғалімі ағылшын тілінің акценттері туралы презентация көрсетіп, ортасында акценттен арылу жаттығуларын залмен бірге жасап көреді.

Имитациялық ойын. Атауынан көрініп тұрғандай, тыңдаушылар мен ұстаз белгілі бір рольде ойын ретінде тақырыпты түсінуге тырысады. Мысалы, «Саясаттану» сабағынан мұғалім тыңдаушыларды өздерін «депутаттар ретінде санауды»ұсынады да, депутаттық заң шығару процесін түсіндіреді. Шебер-сынып барысында мұғалім тыңдаушылардың ойларын, пікірін сұрап отырады. Олар «депутат ретінде не ойлайды, қалай жұмыс жасау керек» деп қайта-қайта қызығушылықтарын арттырып, сабаққа араластырып отырады.

Модельдеу. Бұл өте сирек қолданылатын шебер-сынып түрі. Оған тек өз саласының мамандары ғана қатысады. Ұйымдастырушы ұстаз қатысушылармен біріге отырып, белгілі-бір мәселені шешуге тырысады. Мысалы, математик мұғалімдерді жинап, оларға тапсырма беріп, ең соңында әрбірінің ойын тыңдап, қорытынды шығару керек.

Көріп отырғанымыздай шебер-сыныптан қорқудың, үркудің қажеті жоқ. Батыс Еуропа мен АҚШ университтерінде, тіпті мектептерінде шебер-сыныптар жиі өткізіліп тұрады. Шебер-сыныпты ұстаз өзі жүргізбей, сол саланың маманын өз тәжірибесімен бөлісуге шақыруы мүмкін. Мысалы, «Қаржы» пәнінде мұғалім банктегі қаржыгер маманды бір сағаттық студенттермен сұхбаттасуға шақырып, арасына бір тәжірибелік тапсырма мен ойындар кірістірсе, ол да шебер-сыныптың бір түрі болмақ.

Сөз соңында мен шебер-сынып қазіргі тез дамып жатқан білім саласына түптің түбінде мықтап енетін сөз болатынына күмәнім жоқ. Барынша шебер-сыныпты сабақтарға кірістіріп, біліктілігімізді ұштай бергеніміз абзал. Шебер-сыныпты жоспарлауда шығармашылық бағытта көптеген идеяларды дүниеге әкеліп, ұстаз да, оқушы да дами түседі деп ойлаймын.



-75%
Курсы повышения квалификации

Организация образовательного процесса: воспитательная работа, дополнительное образование, внеурочная деятельность

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
1000 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Доклад на тему: "Мастер класс" (17.48 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт