Меню
Разработки
Разработки  /  Начальные классы  /  Планирование  /  Прочее  /  Д. Қасенов. "Жайлау күні"

Д. Қасенов. "Жайлау күні"

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

27.12.2017

Содержимое разработки

Ақмырзаева Айгул Ізбасарқызы

бастауыш сынып муғалімі

№56мектеп-лицейі, Астана қаласы



Әдебиеттік оқу




Сабақтың атауы

Д. Қасенов. Жайлаукүні

Мақсаты

Оқушыларға жаңа тақырыпты түсіндіру. Өз бетінше,топта жұмыс нәтижесін көрсете біліуге жетелеу. Ойлау,сөйлеу,көркем жазу, өзін көрсете білу қабілеттерін дамыту. Білрлікке, білімпаздыққа тәрбиелеу.

3. Жаңа сабақты меңгереді.

4. Болашақта өз керегіне жарата біледі.

Күтілетін нәтиже

Психологиялық ахуал

Әппақ болып таң атты,

Түтiн тiке шығады.

Қарлығаштар қанатын

Самғап биiк ұшады.

Топ-топ, топ басайық,

Жалаудан күн жасайық.

Жаса, жаса алтын күн

Жаса, жаса жарқын күн. (балаларқолдарынсоғады)

Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Қанша кісі?

Атам, әжем, ағаммен

Әкем, інім және мен,

Анам және енесі,

Енесінің бөлесі –

Отыр едік шай ішіп.

Жеңгем кірді майысып,

Арқасында – кіші інім.

Саны қанша, айта ғой,

Үйдегі бар кісінің?

Жаңа сабаққа деген қызығушылықтары оянып,ерекше ынтамен кіріседі.

Мағынаны тану

Жайлау күні

Жұмаш пен Құрмаш аталарына, жайлауға барды. Құрмаш атасына көмектесiп, қозы бақты. Ал Жұмаш кешке дейiн асық ойнап, тайға мiнiп мәз болды. Оған күн тез батып кететiн секiлдендi. «Жайлаудағы күннiң шоқасы-ай!» – деп налыды ол. Құрмаш болса кешке дейiн мал соңында жүрiп, күндi батыра алмайды. Бiрде Жұмаш ойыны қанбай қайтты да, Құрмашқа:

– Жайлау жақсы екен, тек күнi қысқа, шартта-шұрт ойнап жатқанда батады да кетедi, – дедi. Құрмаш:

– Жоқ, күн қысқа емес, ойындарың қызық шығар, – десе де болмады. Екеуi жат та кеп таласты. Ақыры Құрмаш: – Онда ертең менiң орныма бiр күн қозы бақ, – дедi.

Жұмаш келiстi. Ертеңiне ертемен қолына таяқ ұстап, қозыны өрiске шығарды. Қозылар төскейде мамырлай жайылып жатты. Ауыл жаққа көз тастап едi, балалар ойнап жүр екен. «Мен де барып ойнасам» деп асықты! Бiрақ күн саспады. Қайта-қайта қараса да орнында тұрды да қойды. Көзiн жұмып бiраз отырып, күн жылжымады ма екен деп, қайта ашса да болмады. Тiптi бiр орнынан қозғалмай тұрғандай көрiндi. «Бұл қалай, күнде мұндай емес едi ғой, – деп таңданды Жұмаш. – Қой, мынау бүгiн бататын күн емес», – деп, шыдамсыз, жал-қау түс болмай қозыны қораға айдап келдi. Келген бетте Құрмашқа: – Жайлаудың күнi әрбасқа болады екен. Кейбiр күндерi қысқа, кей күнi ұзақ. Әсiресе бүгiн ең ұзақ күн болды, – деп, қозыны тастап, тұра жөнелдi.

Сергіту сәті

Орманда кірпі келеді, 
Саңырауқұлақ тереді. 
Кездесті, міне, керегі: 
Екеуі қайың астынан. 
Біреуі терек қасынан. 
Қанша олар болмақ есепте, 
Тоқылған салса себетке? 

Ой сергітеді,шашағандары

басылады

Ой толғаныс

Сұрақ-тапсырмалармен жұмыс.

Құрмаш пен Жұмашқа «салыстырмалы карта» әдісі бойынша мінездеме беру:

Құрмаш

Жұмаш

Мінездеме

Дәлелдейтін сөз

Мінездеме

Дәлелдейтін сөз

Сабақты қорытындылау мақсатында шығу парағын толтыру:

Не үйрендің?

Сұрағың?

Пікірің?

Үй тапсырмасын беру. Мәтінгежоспарқұру. Мазмұндау.


Үйге тапсырма

Мазмұнын айту,Жайлау тақырыбында сурет салу.

Күнделіктеріне жазып алады

Бағалау

Оқыту үшін бағалау және оқуды бағалау


Бағалау парақшасын толтырады.

Кері байланыс

Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады





-80%
Курсы повышения квалификации

Профилактика нарушения зрения у детей и подростков

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Д. Қасенов. "Жайлау күні" (29.72 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт