Тақырыбы: Менің сүйікті балабақшам.
Мақсаты: 1. Балабақшадағы сыйластық туралы түсініктерін кеңейту.
2. Ұжымдық қарым-қатынас дағдыларын дамыту.
3. Өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Жылулық шеңбері: Ақпыз, қара, сарымыз.
Бәріміз де баламыз
Бір ауылда тұрамыз,
Бір бақшаға барамыз.
Ақ сары деп бөлмейміз
Бір жыл туған төлдейміз
Туысқанбыз татумыз
Биіктерге өрлейміз.
Әңгімелесу: Осындай жақсы көңіл күйімізбен орнымызға отырайық. Кане балалар есімізге түсірейкші.
- Қазір қай жыл мезгілі?
Қыс мезгілінде неше ай бар. Қалай аталады?
Аптаның нешінші күні?
Бүгін ауа-райы қандай?
Балалар біз бүгінгі үздік сабағымызды өзіміздін екінші үйімізге арнаймыз кане айтындаршы.
- Біздің екінші үйіміз не?
- Біздің балабақша қалай аталады? («Айгөлек»)
- Балалар, үйімізде бізге кім қарап-күтіп, қамқорлық көрсетеді?
(Ана, әке, ата, апа)
Бұл үлкен үйімізде бізге кім қамқорлық көрсетіп аялайды?
( Тәрбиеші апайлар, Қарлығаш апай, Сандуғаш дәрігер, азпазшы т.б.)
Біз балабақшамызды өте жақсы көреміз сондықтан біз балабақшамызға не айтамыз.
Балалар бірге: Мың алғыс.
Жарайсындар балалар енді бізге кім тақпақ айтып береді:
Гүлнұр: Балабақша есігін.
Сәби болып ашқанбыз.
Балапандай мәпелеп
Өсіреді бақшамыз.
Сейіл: Бұл екінші үйіміз,
Бір туғанбыз бәріміз.
Біз – осы үйдің гүліміз,
Біз – осы үйдің сәніміз.
Арнай: Бала, бала, баламыз,
Бақшамызға барамыз.
Күні бойы қызыққа
Батамыз да қаламыз!
Тәрбиеші: Жарайсындар тақпақ айта біледі екенбіз тағы да не білеміз би билеп бой сергіп алайық Би: Утята.
Жарайсындар балалар енді ертегілер әлеміне бару үшін біріншіден қаранғы үнгірден өтеміз . (үнгірден өтеді)
Балалар судан қалай өтеміз? Тастардан аттап өтейік.
Ертегілер әлеміне біз жеттік. Қонақ апайларға бүгін қандай ертегісін сахналаймыз?
«Бауырсақ» ертегісін
Гүлнұр: Ертегілер өлең.
Тәрбиеші: Балалар қайта балабақшамызға оралайық , жарайсындар балалар тағы да кім бізге тақпақ айтып береді. (үнгірден, тастардан аттап өтеді)
Альбина: Жазатұғын тақта бар,
Кісінейтін «ат» та бар.
Үйретеді тақпақ та,
Жаңылыспай жаттап ал.
Райымбек: Айтып ертек, әңгіме,
Үйретеді әнді де.
Беріп кәмпит, тамақ та,
Оқытады сабақ та.
Бақберген: Онда жақсы апа бар,
Киноға да апарар.
Кеште алып қайтады
Үйімізге папалар.
Сергіту сәті: Біз қандаймыз, қандаймыз,
Шұғылалы таңдаймыз.
Күлімдеген күндейміз,
Ренжісуді білмейміз.
Тәрбиеші: Ал соны бәрін үйреткен кім?
Балалар: Тәрбиеші апай.
Тәрбиеші: Дұрыс кім тәрбиеші апай жайлы тақпақ айтады.
Марал: Бізге тәртіп үйреткен
Ән салдырып, билеткен,
Таныстырған ең алғаш
Әріптермен, суретпен –
Тәрбиеші тәтеміз.
Жансая: Доспен тату ойнауды.
Мерекені тойлауды,
Бойымызға сіңірген,
Көптің қамын ойлауды –
Тәрбиеші тәтеміз.
Аружан: Жақсылыққа құмармыз,
Жақсы адам боп шығамыз,
Таза сәби жүректен,
Қабылданыз мың алғыс,
Тәрбиеші тәтеміз.
Жарайсындар балалар енді ойын ойнайық: «Балабақша бізді неге үйретеді?»
Сыйлық ретінде гүл жапсырып берейік.
Әр бала гүлдің бір жапырағын жапсырып жақсы сөздер айтады.
Мысалы: - татулыққа;
достыққа;
мейірімділікке;
бірлікке;
сыйластыққа;
ұйымшылдыққа;
сүйспеншілікке;
жауапкершілікке;
жақсылыққа.
Қорытындылау:
Балалар бірге: Сәбиіңмін сенің,
Балабақшам менің.
Осымен біздің үздік сабағымыз аяқталады, келген апайларымызға көп рахмет айтамыз. Сау болыныздар!





"Балабақша өз үйім" (42.5 KB)

