Меню
Разработки
Разработки  /  Дошкольное образование  /  Планирование  /  Дошкольникам  /  Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары

Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәденитіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй жануарлары (төлдері) мен үй құстары (балапандарына) қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

28.09.2017

Содержимое разработки

Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары (әңгіме құрастыру)

Мақсаты: Әңгімені балаларға түсіндіру барысында сөздік қорларын толықтыру, сөйлеу мәденитіне тәрбиелеу, ойлау қабілетін дамыту. Ауыл туралы түсінік беру. Үй жануарлары (төлдері) мен үй құстары (балапандарына) қамқорлық жасауға тәрбиелеу. Жазуға қолдарын жаттықтыру.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Сөздік жұмыс:қармақ, күбі.

Көрнекіліктер: суреттер.

Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық қозғаушы








Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

“Шаттық шеңбері”

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

-Бүгін ауа-райы қандай?

-Айналада қандай өзгерістер бар?

-Жылдың қай мезгілі?

-Бір аптада неше күн бар?

-Бүгін аптаның қай күні?

Тыныштық сәті.

Үнтаспаны тыңдау.

-Аулымыздың табиғаты қандай тамаша! Айналамыз жап-жасыл, сан алуан гүлдердің иісі аңқиды. Сайраған құстардың үні, өзеннің сарқыраған даусы естіліп тұр. Терең тыныс алып, көзімізді ашайық.

1)Н.Қадырбаевтың «Ауыл» әңгімесін немесе басқа да ауыл туралы әңгімені оқып беру.

Сұрақтар қою.

-Бейбарыс пен Шолпан жазғы демалыстарын қайда өткізді?

-Бейбарыс кімнің қасында болды?

-Атасымен бірге не істеді?

-Шолпан кімнің қасында болды?

-Әжесі екеуі не істеді?

-Бейбарыс көрші балалармен қайда барды?

-Шолпан әжесі екеуі қайда барды?

-Шолпанның әжесі тамақты қалай пісіреді екен?

2)Сергіту сәті:

Атамның алып күрегін,

Ауланың қарын күредім.

Әжеме құдықтан су әкеліп беремін,

Еденді де жуамын, шаң-тозаңын сүртемін.

Дәптермен жұмыс.

а)8-9 беттегі суреттер бойынша Үй жануарлары мен үй құстары тақырыпта әңгіме құрастыру. Тірек сөздер: күркетауық, тауық, қаз, үйрек, балапан, қой, қозы, ешкі, лақ, жылқы, құлын, сиыр, бұзау, түйе, бота.

ә)Үзік сызықтарды қосып, әтеш пен есектің суретін салу, бояу.

Д/о: «Айырмашылығын тап»

Ойын шарты: үй жануарларының және жабайы аңдардың суреттері берілген. Балалар суреттерге қарап, үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табу керек.

Балалар шаттық шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.

Сұрақтарға жауап береді.







Балалар көздерін жұмады, терең тыныстап дем алады. Денелерін бос ұстап, еркін отырады. Көздерін ашып, алған әсерлерін баяндайды.
















Балалар қимылмен көрсетеді.






Балалар әңгіме құрастырады. Сұрақтарға жауап береді.


Балалар үзік сызықтарды қосып сызады және штрихтайды.

Балалар үй жануарлары мен жабайы аңдардың айырмашылығын табады.



Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

- Ауыл сендерге ұнай ма? Несімен ұнайды?

- Үй жануарларына не жатады?

- Үй жануарлары мен үй құстарына қандай қамқорлық жасадыңдар?

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді.







Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Үй жануарлары мен үй құстары туралы білді.

Игеруі керек: Суретке қарап әңгіме құрастыруды игерді.

Меңгеруі: Ауыл туралы түсінікті меңгерді.


Білім беру саласы: Қатынас

Бөлімі: Сауат ашу

Тақырыбы: Жабайы жануарлар (әңгіме құрастыру).

Мақсаты: Жабайы жануарлар туралы түсініктерін кеңейту. Жазуға қолдарын жаттықтыру. Жан-жануарларды қорғауға, оларға қамқорлық жасауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап, әңгімелеу, көрнекілік.

Сөздік жұмыс:жабайы аң.

Көрнекіліктер: жабайы жануарлардың суреттері.

Сабақ барысы:

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

Жағымды

Жағымсыз

Мотивация-лық қозғаушы






Іздену-ұйымдасты-рушы кезеңі

“Шаттық шеңбері”

Біз қандаймыз, қандаймыз?

Шұғылалы таңдаймыз,

Жарқыраған күндейміз,

Ренжісуді білмейміз!

Тәрбиеші балаларға сұрақ қояды.

-Жабайы аңдарға нелер жатады?

-Неліктен жабайы аңдар дейміз?

-Жабайы аңдарды қайдан көруге болады?

Д/о:«Хайуанаттар бағына орналастыр»

Ойын шарты: хайуанаттар бағына әкелген аңдарды торларға орналастыру керек. Суретте торлардың пішіні әртүрлі берілген. Пілді үлкен, қоянды кіші торға орналастыру керек.

Жұмбақ жасыру.

Өзі қу, жүрген жері айғай да шу.

Өзіне болған қорған-орман,

Ішінде бар бір аң қорбақ-қорбаң.

1) Тәрбиеші жабайы жануарлардың қорегі туралы әңгімелеп береді. Сұрақтар қою.

2) Ә.Дүйсековтың «Піл» өлеңін оқу.

Піл әдісті біледі,

Тұмсығымен іледі.

-Піл көтергіш кран!-деп,

Бала біткен күледі.

3)Сергіту сәті:

Ормандағы аю, қонжық ұялардан бал іздеді.

Мойындарын оңға бұрды, солға бұрды.

Орман ішін аралады, ағаштарды шайқап көрді.

Оңға бір, солға бір ағаштарды байқап көрді.

Аяқтарын көтеріп ап, қуанғаннан билей берді.

Оңға бір, солға бір қуанғаннан билей берді.

4)Дәптермен жұмыс.

а)Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыру. Тапсырмаларды орындау.

ә)Суретте ормандағы жабайы аңдардың тіршілігі туралы әңгімелейді.

б)Үзік сызықтарды қосып, түлкінің суретін салу, бояу.

в)Тізбекті жалғастырып сызу.

Балалар шаттық шеңберінде бір-бірлеріне деген ізгі тілектерін айтады.



Сұрақтарға жауап береді.




Хайуанаттар бағына орналастырады.




Жұмбақ шешеді.












Балалар қимылмен көрсетеді.







Балалар әңгіме құрастырады.


Сурет бойынша әңгімелейді.


Балалар үзік сызықтарды қосып сызады және бояйды.




Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі

-Жабайы аңдар немен қоректенеді?

- Жабайы аңдарға қандай қамқорлық жасау керек?

- Сен қандай жабайы аңдарды көрдің?

Сабақты қортындылау. Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.

Балалар өз ойларын айтады. Сұрақтарға жауап береді.



Өзін-өзі бағалау.



Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жабайы жануарлар туралы білді.

Игеруі керек: Дәптердегі суреттер бойынша әңгіме құрастыруды игерді.

Меңгеруі: Балалар үзік сызықтарды қосып сызуды меңгерді.





-80%
Курсы повышения квалификации

Развитие человека от рождения до смерти: психология развития и возрастная психология

Продолжительность 72 часа
Документ: Удостоверение о повышении квалификации
4000 руб.
800 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Ауылда. Үй жануарлары мен үй құстары (54 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт