Бекітілді:
_________________
Пәні: Химия
Сынып: 8 «К» cынып
Күні: _________
Сабақтың тақырыбы: Атмосфералық ауа – газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау
Мақсаты:
Білімділік: Оқушы ауаның құрамы әртүрлі газдар қоспасынан тұратынын және ластанудан қорғау қажеттігі түсінігін қалыптастыру.
Дамытушылық: Oқушылардың өз бетімен, ұжыммен жұмыс істеу біліктіліктерін дамыту, есте сақтау, ой - өрісін дамыту, өмірдегі көрген деректерді пайдалана білуіне және шығармашылықпен жұмыс істеуге дағдыландыру.
Тәрбиелік: Оқушыларды айналадағы ортаның тазалығын сақтау жауапкершілігін, азаматтық сезімдерін қалыптастыра отырып, қоршаған ортаны қорғауға баулу. Экологиялық, құқықтық тәрбие беру.
Сабақтың типі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ.
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, жеке, топтық жұмыс, тірек – сызбалармен жұмыс,
Көрнекілігі: Д. И. Менделеев кестесі, интерактивті тақта, слайдтар, бейнерөлік, энциклопедия
Пәнаралық байланысы:математика,география,экология, ағылшын тілі
Күтілетін нәтиже: қойылған мақсатқа жету.
Сабақта қолданылатын әдіс- тәсіл: БиС және СLIL , Кембридж технологиясы
Сабақ құрылымы және барысы.
І.Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа қатысып, дайындығын ұйымдастыру, сабаққа назарын аудару. Рапорт сұрау. Сыныпты түгендеу
Оқушыларды топқа бөлу: Екі түрлі таратылған кәмпит түрлері бойынша топтастыру.
Мотивация. Оқушылардың мотивациясы сынып бір топ ретінде болуы және мектептен кейін өмірде де табысты болуы. Картамен жұмыс тәртібі түсіндіріледі. Тақтаның жоғарғы оң жағына 63% нормасының саны қойылады. Сыныпты белсендіру үшін сөз көшбасшыға беріледі. (1-2 мин)
Біз мықтымыз ба? Иа
Біз жігерліміз бе? Иа
Тек қана алға! Алға! Алға!
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. Оқушылардың субъектілік тәжірибесін өзектендіру. Өткен тақырып бойынша қарама – қарсы сұрақтар қою: Үй тапсырмасы: ІІ тоқсанда өткен тақырыптарды қайталау. Химиялық байланыстар . Д.И Менделеев периодтық жүйесі тақырыбын қорытындылау. Бірінші белгі. Нәтиже бойынша барлық оқушыларға жауап бергендеріне қарай «+» немесе «-» қойылады:
I кезең аз, тең немесе нормадан көп. 7-10 мин
|
| A | B | C | D | E | F |
| 1 |
|
|
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
| 4 |
|
|
|
|
|
|
| 5 |
|
|
|
|
|
|
| 6 |
|
|
|
|
|
|
Иондық байланыс дегеніміз не? ( Атомдар электрондарын беріп жіберу немесе қосып алу арқылы оң немесе теріс зарядталуы)
Д.И. Менделеевтің периодтық заңды қай жылы ашты? (1869ж )
Натрийдің реттік нөмірі? ( 11 )
Азоттың валенттілігі? (III, V)
HCl химиялық байланыс типі? (Ковалентті полюсті)
Массалық үлестің өлшем бірлігі? (пайыз)
2 периодта 5 топта орналасқан элемент? (Азот)
Химиялық элементтер неше топқа жіктеледі? (2)
Кальцийдің протон саны? (20)
Сутектің валенттілігі? (I)
4 период та 3 топта тұрған элемент ? (галий)
2 және 3 валенттілік көрсететін элемент? (Fe)
Сутек азот хлор химиялық байланыс типі? (Ковалентті полюссіз)
Коваленттік топ неше топқа жіктеледі? (2)
Иондық байланысқа мысал ? (NaCl, CaI2, CaO)
(1 шапалақ) уақыты 5х30 сек
ІІ кезең. Жаңа тақырып: Атмосфералық ауа – газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау
Мағынаны ашу «Көрінбейтін сиқыршы». Қызығушылықты ояту.
Жер бетінде көзге көрінбейтін бір сиқыршы бар. Онымен әркім-ақ күнделікті кездесіп отырады. Сен оны көрмейсің, бірақ маңайында екенін сезесің. Міне, ол есікті тарс жапты. Көшемен келе жатқанда топырақтың жұлынып түсіп, жорғалай жүргенін көресің. оны көрінбейтін сиқыршының алып бара жатқанын сезесің. Тіпті басын шұлғып, ырғалған шөптерді байқайсың. Сені үнемі қоршап тұрады. Сенімен бірге жүреді..Бар ма жоқ па оны анық білмейсің.Қалай ойлайсыңдар бұл не?
Сабақ бастамас бұрын тақтаға жаңа тақырып бойынша 10 тірек сөздерін жазу. Жаңа сөздердің мағынасын түсіндіру. Тірек сөздер ашылады. Оқушылар естеріне сақтайды. Уақыт аяқталғаннан кейін тірек сөздер жасырылады. Оқушылар есте сақтауға берілген уақыт ішінде жазады. Уақыт аяқтала салысымен қаламдарын шетке қойып, дәптерлерімен ауысып сөздерді санайды. Нәтижелері ООМ белгіленеді. Кейін «+» алған кейбір оқушылардың жұмысы тексеріледі. Қате берілген нәтижені анықтаса екі оқушыға да «-» қойылады.
Тірек сөздер: Ауа, Оттек, көмір қышқыл газы, Лавуазье, азот , инертті газдар, сутек, атмосфера, газ, қоспа (45 сек)
-Жазып болсақ көршімізбен ауыстырып тексереміз.Кімде 9-10 сөз ол «+» болып есептеледі қалғандары «-»
|
| A | B | C | D | E | F |
| 1 |
|
|
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
| 4 |
|
|
|
|
|
|
| 5 |
|
|
|
|
|
|
| 6 |
|
|
|
|
|
|
Бейнеклип: Ауаның коршаған ортаға зияны.Ағылшын тілінде көрсетіледі
Бейнеклип бойынша не түсіндік?
Қоршаған ортаның бұзылу себебі неде ?
Ағаштың ауа ластануының қорғауындағы рөлі?
Бейнеклип бойынша тірек сөздерді үш тілде айту, топ мүшелеріне «+» немесе «-» қойылады:
Air Pollution - загрязнение воздуха - ауаның ластануы
Oxygen- Кислород- Оттегі
Smoke- дым - түтін
Asthma – астма- астма
Bronchitis –бронхит - бронхит
Cancer – рак - рак
tree – дерево - ағаш
(1 шапалақ) уақыты 5х30 сек
Постер жасау : 7-8 мин
Топ: Оқулық пен энциклопедия беріліп, сол бойынша постер жасалынады: Атмосфералық ауа – газдар қоспасы. Ауаны ластанудан қорғау
Топ: Компьютер беріледі, оқушылар интернет желісі арқылы постер жасайды
Cергіту сәті: Видеоролик көрсетілген іс қимыл қайталау 2мин
Бекіту есептері:
Топ: Массасы 12,25 г бертолле тұзы KClO3 айырылғанда бөлінетін оттектің зат мөлшерін есепте
2KClO3=2KCl+3O2
Mr(2KClO3)=2*39+2*35+2*16*3=244
Mr(3O2)=3*16*2=96
12.25*96/244=4.82
Топ: Глюкозанын C6H12O6 құрамында неше процент оттек бар екенін табыңдар
Mr(C6H12O6)=12*6+1*12+16*6=180
Mr(O6)=16*6=96
96*100/180=53.333
(1 шапалақ) уақыты 5х30 сек
Тақырып бойынша негізгі мәліметтер бойынша қорытынды сұрақтар қою
Ауаның құрамын кім зерттеді?
Ауаның құрамында қандай инертті газ кездеседі?
Ауаның құрамына канша пайыз азот бар ?
Канша пайыз оттек ?
Көмір қышқылының формуласы
Ауаның ластануының негізгі себебі?
Рефлексия: «Алты ойшыл қалпақ» әдісі
| | Ақ қалпақ Ақ түс таза қағаз беті сияқты алалықсыз және объективті. Фактілер, ақпарат, сұрақтар негіз болады. Қандай ақпаратымыз бар? Айтылған пікірді растайтын немесе жоққа шығаратын қандай фактілер бар? Қандай ақпарат қажет? Жетіспейтін ақпаратты қалай аламыз? Қандай сұрақтар қойып, жауап алуымыз керек? |
|
| Қызыл қалпақ Қызыл түс ашуды, шиеленісті білдіреді. Қызыл қалпақта адамды эмоциялар, сезу, сезімдер билейді. Осыған байланысты менде қандай сезімдер туындайды? |
|
| Сары қалпақ Сары түс – күн көзінің, тіршілік түсі. Сары қалпақтағы адам оптимизмге толы, ол артықшылықтарды іздестіреді. Не себептен осыны істеу керек? Артықшылықтары қандай? Бұл кім үшін пайдалы? Артықшылықтар қалай пайда болады? Осының пайдалы жақтары бар ма? Қандай жағдайларда бұл пайдалы болады? |
|
| Қара қалпақ Қара түс – қараңғылық, қаһарлық, бір сөзбен айтқанда – суық. Қара қалпақта адам қауіптілік танытады. Бұл көмектеседі ме? Қандай қателер бар? Кемшіліктері қандай? Бұл идея жүзеге аса алады ма? |
|
| Жасыл қалпақ Жасыл қалпақ – өсімдіктердің, молшылықтың, табыстылықтың түсі. Жаңа идеялар туындап, шығармашылық бастауын алады. Осы жағдайда не істей аламыз? Баламалы идеялар бар ма? – деген сұрақтар туындайды |
| | Көк қалпақ Көк қалпақ – аспан түсі. Ол ұйымдастыру және басқарумен байланысты. Неге қол жеткіздік? Болашақта не істеу керек?
|
Үй тапсырмасы:
«Егер де мен...» (әкім, ғалым, оқушы )
«РАФТ» стратегиясы қолданылады. Тақырып: «Ауа тазалығын сақтауда және экологиялық проблемаларды шешуде қандай шаралар жүргізер едіңіз?»
(1 шапалақ) уақыты 5х30 сек
Қорытындылау: Еліміздің әрбір азаматы ауаны қорғауға міндетті екенін есте ұстауы керек.Сондықтан да ауаның құрамындағы көмірқышқыл газын сіңіріп, оттегін бөлетін жасыл желектердің тұрақты отырғызылуын, сақталуын қадағалау керек.Қоқысты, көліктің ескі дөңгелектерін, полиэтиленнен жасалған қапшықтарды бей-берекет өртеуге болмайды. Отқа жағылғанда олар улы газ бөліп шығарады.Сондықтан да, балалар, сау-саламаттықпен бақытты өмір сүру үшін адамға ең алдымен таза ауа керек.
Матрицамен бағалау . Бүгінгі сабақта үлкен жетістікке жеткендері туралы айту
|
| A | B | C | D | E | F |
| 1 |
|
|
|
|
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
| 4 |
|
|
|
|
|
|
| 5 |
|
|
|
|
|
|
| 6 |
|
|
|
|
|
|






Ауаның ластануы (70.07 KB)

