Білім беру саласы: Қатынас.Әлеуметтік орта.
Бөлімі: Көркем әдебиет
Тақырыбы: «Атасының ақылы» С.Сейтенов
Мақсаты: а)Әңгімені тыңдай білуге үйрету,үлкен адамның айтқан нақыл сөздеріне көңіл бөлуге баулу.
ә)Қазақтың мақал-мәтелдеріндегі ұлағатты сөздерді меңгерту.
б)Үлкенді сыйлауға тәрбиелеу.
Қолданылатын көрнекіліктер:әңгіме мазмұнына сәйкес суреттер, жұмыс дәптері ,хрестоматия .
Сабақ барысы:
Психологиялық сәт: «Достық» әні
Кіріспе әңгіме
Суретпен жұмыс
Балалар мына суретке қараңдаршы .
Суретте не көріп тұрсындар?
«Атасының ақылы» әңгімесі С.Сейтенов
Әңгімені оқу. 2 рет оқу .
Сұрақ-жауап арқылы әңгімелесу.
Әңгімеде не жайлы айтылған?
«Дос» дегенді қалай түсінесіңдер?
Дос қандай болу керек?
Еркін мен Төкен достықты қалай түсінді?
Еркін мен Төкеннің достығын дұрыс деп түсінесің бе?
Сергіту сәті:Кім үлкенді тыңдаса,
Кім үлкенді сыйласа,
Үлкен болған кезінде
Сыйлы болмақ өзі де .
Дәптермен жұмыс
1.Өлеңді оқу. «Мен атама тартқанмын» Әдібай Табылды
Қазақтың киелі домбырасымен таныстыру
2.Тапсырма : Домбыраны боя.
Ән: Домбыра
«Атасының ақылы» әңгімесін сахналау.
Ата мен бала ролін таңдайды.
Қортындылау:
Үлестірмелі материалмен жұмыс.
Сурет бойынша өз ойларын айтады.
Бүгінгі сабақта қандай әңгімемен таныстық?
Авторы кім?
Мақал-мәтелмен сабақты аяқтау.
«Қарты бардың –қазынасы бар»
Балаларды ортаға шақыру, өз-өзін бағалау.

«Атасының ақылы» С.Сейтенов (15.58 KB)

