Мұнайлы ауданы
№6 жалпы білім беру орта мектебі


Тақырыбы: «Жақсылыққа жақсылық»

Мұғалім: Кабакова Ж.А.
Сыныбы: 4 «Ә»
Өткізілеген күні: 03.03.2018 ж.
2018 оқу жылы
Мектеп: №6
Мұғалім: Кабакова Жайна
Сабақтың тақырыбы: Жақсылыққа жақсылық
Құндылық: Дұрыс әрекет
Қасиеттер: Қайырымдылық, қамқорлық, жауапкершілік.
| Сабақатың мақсаты: оқушыларға жақсылықтың адам өміріндегі маңыздылығын ұғындыру арқылы дұрыс әрекет құндылығының мәнін ашу. Сабақтың міндеттері:
| Ресурстар: (құралдар, мәлiметтер) интербелсенді тақта, оқулық, дәптер, үлкен ватман қағаз, түрлі түсті суреттер, қима қағаздар, үнтаспа. |
| Сабақ барысы: Ұйымдастыру кезеңi. Сабақтағы жағымды күйге келу. 5 Т ережесін еске түсіру (барлық ойымызды, сөзімізді, ісімізді осы ережеге бағындыру). Топқа бөлу: Оқушылар қоржыннан суреттерді таңдап алу арқылы төрт топқа бөлінеді. 1-топ: Қайырымдылық 2-топ: Жанашырлық 3-топ: Қамқорлық 4-топ: Жауапкершілік. Тыныштық сәті: Орманға ойша серуен Мұғалім: Арқаңызды тік ұстап отырыңыз. Көзіңізді жұмып, терең тыныс алыңыз. Әрбір тыныс алған сайын неғұрлым көбірек босаңсып, сабырлы болуға тырысыңыз. Қазір біз орманға серуенге шығамыз. Өзіңіздің сынып есігіне қарай беттеп, есікті ашқаныңызды, дәлізбен өтіп, далаға шыққаныңызды елестетіңіз. Таза ауаны терең жұтып, шашыңызды желбіреткен желдің лебін және бетіңізді сәл-пәл қыздырған күн сәулесін сезініңіз. Орманға қарай жүре бастаңыз. Келе жатқанда абай болыңыз, жәндіктерді басып кетпеңіз. Айналаңызға зейін салыңыз. Табиғаттың әсемдігі мен балғындығын сезініңіз. Жап жасыл шөптер, жайқалған гүлдер, сылдырлап аққан бұлақ, әнші құстар... Сіз табиғат аясында өзіңізді бақытты әрі қауіпсіз сезінесіз. Терең тыныс алыңыз және қоршаған айналаның жым- жырт тыныштығына көңіл бөліңіз. (Осы жерде мұғалім 1-2 минут үзіліс жасауына болады). Бізге қалайша жеңіл әрі тыныш және өзімізді бақытты сезіну қандай ғажап. Іштей айтыңыз «Мен бақыттымы», «мен баққытты баламын», «мен бақыттымын». Осы жым- жырттық, тыныштық, қанағат сезімін өзіңізде сақтаңыз. Көзіңізді ашып, күлімсіреңіз!
| .
|
| Өткен сабақты еске түсіру: «Ортадағы қаламсап» стратегиясы «Мөлдір бұлақ» ертегісін оқу, талқылау.
| Интербелсенді тақта, оқулық, қаламсап.
|
|
“Біреуге жақсылық етсең, ол жақсылығыңды міндет етпе” Ы.Алтынсарин
Оқушылардың ойлары негізінде қорытынды жасау.
| Оқулық, интербелсенді тақта, қосымша дерексөздер. |
|
Ой қозғау 1. Бейнетаспадан қандай ой түйюге болады? 2.Бала айналадағы адамдарға, жануарға, қандай жақсылық жасады? 3. Бейнетаспадан қай құндылық көрініп тұр? 4. Жақсылық жасау үшін адам бойында қандай қасиеттер болу керек? -Мейірімді , қайырымды, сезімтал адам әрдайым жақсылық жасауға дайын тұрады. Ақниетпен жақсылық жасау адамның ішкі дүниесінің байлығын жан сұлулығын көрсетеді. Риясыз жақсылық жасау – биік адамгершіліктің белгісі. | Бейнеролик |
|
1-топ: Жақсылық пен жамандыққа байланысты мақал мәтелдер, нақыл сөздер жазу. 2-топ: «Бес жолды өлең» құрастыру. 3-топ: Сурет бойынша ертегі құрастыру. 4-топ: Жақсылыққа байланысты эссе жазу. | Интербелсенді тақта, ,қима қағаздар, А3 форматтағы қағаздар, түрлі түсті қарындаштар, суреттер. |
|
Сөзі: С.Молдасанұлы Әні: Ф.Жолдасова Бал -балалық балдырған шақ сан арман, Барлық бала армандауға жаралған. Кел , достарым , әндетіңдер, билеңдер Гүлденсін деп атамекен қара орман.} 2 рет
Болашақтың иесіміз бәріміз, Туған жердің түрлендірер нәріміз. Алтын бесік - ұлан – байтақ елімде Жарқын болсын шырқап айтар әніміз. } 2 рет
Қалықтаған көгершіні көгінде, Мұңаймасын ешбір бала елімде. Ата берген батаменен көркейсін, Ұлы Отаным,тілегім сол менің де . } 2 рет
| Үнтаспа, интербелсенді тақта. |
| Үй тапсырмасы. | Оқулық |
| Бағалау. Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларды көңіл – күй суреттерімен бағалау. | Стикерлер |
| Соңғы тыныштық сәтi.
| Үнтаспа |

Дәйексөз. 
Мұғалім сыйы: «Жақсылық жасау әрбір адамның қолынан келеді»
Шығармашылық жұмыс: «Кубизм» стратегиясы
Топтық жұмыс.Топпен ән айту
Мұғалім сыйы: «Жақсылық жасау әрбір адамның қолынан келеді»
Шығармашылық жұмыс: «Кубизм» стратегиясы
Ашық сабақ: "Жақсылыққажақсылық" (2.44 MB)

