Меню
Разработки
Разработки  /  Английский язык  /  Уроки  /  9 класс  /  "Are you fit?" английский языка

"Are you fit?" английский языка

Сынып: 9 «А»

П?н: А?ылшын тілі

Та?ырыбы

Step 4 Are you fit?

Сілтеме

Жоспар,о?улы? English – 9 Т.Аяпова, З.?білдаева, Ж.Т?тбаева

Жалпы ма?саттар

О?ушылар?а салауатты ?мір салтын ?алыптастыруды? ма?ызын т?сіндіру, ж?рна? ар?ылы зат есім, сын есім таптарын ажырата білуге ?йрету, с?здік ?орларын к?бейту, с?йлеу ж?не жазу да?дыларын ?алыптастыру.

О?ыту н?тижесі

О?ушылар салауатты ?мір салтын ?алыптастыруды? ма?ызын т?сінеді, ж?рна? ар?ылы зат есім, сын есім таптарын ажырата білуді ?йренеді, с?здік ?орлары к?бейеді, с?йлеу ж?не жазу да?дылары ?алыптасады.

?олданылатын модульдер мен ?діс-т?сілдер

О?ыту мен о?уда?ы жа?а т?сілдер, СТО, ?й тапсырмасы бойынша жа?а с?здер жазыл?ан "карта" ойыны ?шін дайындал?ан пара?шалар, ми?а шабуыл.

О?у ??ралдары /ресурстар/

О?улы? 9 сынып, стикерлер, ба?алау ?а?аздары.

Ба?алау

Жина?таушы ба?алау.

Саба?ты? барысы

кезе?

М??алімні? іс-?рекеті

О?ушыны? іс-?рекеті

Ой ша?ыру кезе?і

?йымдастыру кезе?і. /1 минут/

С?лемдесу, сынып о?ушыларын т?гендеу.

Топтастыру /2 минут/

(fruit, vegetable)жемістер мен к?к?ністер суреттері бейнеленген жетондар таратылады.

?й тапсырмасын тексеру /3 минут/

М??алім о?ушылардан ?й тапсырмасын с?райды.

Жа?а та?ырыпты хабарлау. /2 минут/ "Санды? ?ріптер" тапсырмасы.

М??алім жа?а та?ырыпты хабарлайды.

С?лемдеседі, сынып о?ушыларыны? саба??а ?атысы туралы м?лімдейді.

О?ушылар жетондар бойынша 2 топ?а топтасады.

О?ушылар ?й тапсырмасы бойынша жауап береді.

О?ушылар тапсырманы орындап, жа?а та?ырыпты табады, д?птерлеріне к?нні? жадын жазады.

Ма?ынаны тану

Warm-up. /5 минут/ ex1 p-24 Read this advice on keeping fit. М??алім о?ушылар?а берілген ке?естерді тал?ылап, ойларын айту?а тапсырма береді.

Reading. /10 минут/ex2 p-24Read the texts, match these countries to the correct paragraph.М??алім о?ушылар?а берілген м?тіндерді о?ып шы?у?а, ?р б?лімге лайы?ты та?ырыпты табу?а тапсырма береді.

Vocabulary. /5 минут/ ex10 p-23tracksuit - жатты?у костюмі, sedentary - ?оз?алмайтын, аз ?оз?алатын, enormous - зор, ?лкен.М??алім о?ушылар?а жа?а с?здерді к?шіріп алу?а, о?у?а тапсырма береді.

Сергіту с?ті. /1 минут/ ?ріптер ?атары.

М??алім ?ріптерге байланысты сергіту жатты?уын жасатады.

Grammar. /5 минут/ . М??алім о?ушылар?а ж?рна? ар?ылы зат есім, сын есімні? жасалуын т?сіндіреді.

Writing. /6 минут/ ex4 p-26 Complete the charts.

М??алім о?ушылар?а берілген кестені толы?тыру?а тапсырма береді.

О?ушылар берілген тапсырманы ауызша орындайды.

О?ушылар берілген м?тіндерді тізбек бойынша о?ып шы?ады, ?р топ ?зара тал?ылайды, ?рбір б?лімге лайы?ты та?ырыпты табады.

О?ушылар жа?а с?здерді аудармаларымен с?здік д?птерлеріне к?шіріп алады, бірнеше рет ?айталап, тілдерін жатты?тырады.

О?ушылар сергіту жатты?уын орындайды.

О?ушылар ережеде берілген кестені д?птерлеріне жазып алады.

О?ушылар жатты?уды жазбаша т?рде орындайды.

Рефлексия

ББ?. /2 минут/

О?ушылар?а с?ра?тар беріледі.

Hе білемін?

Не білдім?

Не ?йренгім келеді?

О?ушылар саба?тан ал?ан ?серлерін стикерлерге жазады.

Ба?алау

?орытынды. /3 минут/М??алім саба?ты ?орытындылап, о?ушыларды ба?алайды.

?йге тапсырма береді.

1. To learn the new words.

2. Ex5 p-26 Writing.

М??алім о?ушылар?а тапсырма береді.

О?ушылар ?й тапсырмасын белгілеп алады.

18.01.2017

Содержимое разработки

Пән мүғалімі: Альханова Уктамхан

Тақырыбы: Ағылшын тілі сабағында оқушыларды ағылшын халық ертегілері арқылы тәрбиелеу

Мазмұны:
1.
Кіріспе.........................................................................................................................3
2. Ағылшын халық ертегілеріне жалпы талдау жасау.......................................................4
3. Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері.....6
4. Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын жұмыс әдістері.......10 
5. Қорытынды.................................................................................................................13
6. Қолданылған әдебиеттер тізімі....................................................................................14

Кіріспе


Осы зерттеудiң өзектiлiгi балаларды шет тiлiне бастауыш сыныптан бастап үйрету қажеттілігінен келіп шықты. Баланың тiлдiк тосқауылын барынша ерте жеңуге көмектесетiн және шет тiлiне болған махаббаттың оянуына ұластыратын, ерте жастан ағылшын тiлiне үйретудiң тиiмдiлiгiн ең жоғары деңгейiне жеткізуге ағылшын халық ертегiлерiн пайдасы өте үлкен. 
Білікті және білімді жастарды тәрбиелеп жеткізу - ұстаздардың ең алғашқы мақсаты. Қоғамда өмiрге дағдылануды кiшi ұрпақтан бастап дайындау қажет. Жеткiншектер тәрбиесі барысында қоғаммен мәдениетті және білікті түрде қарым-қатынас жасауды меңгеруi керек, өйткенi жастардың дамуына қол жеткiзетін деңгей - өнер-бiлiмді меңгеру. Белгiлi бір еңбек тәрбиесіне ие болу үшін, қоғамдағы мiнез-құлықтың нормаларын меңгере отырып және тәжiрибелерге сүйене отырып, алдағы үлкен өмiрге оқушылардың пiкiрлерінің жоғары деңгейдегі жүйесiн дамыту қажет. Жас жеткiншектердің алғашқы тәрбиесiне үлкен әсер ететін бұл халық ертегілері және оның кейіпкерлері болып есептеледі.
Ертегiлер ерте замандағы салт-дәстүрлер, тәрбие әдістері және баланың ой-өрістерін дамытатын қасиеттерді өз кейіпкерлерінде сақтаған.
Зерттеу жұмысымның мақсаты ағылшын тілі сабағында ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесінде жақсы әсерінің басым болуын дәлелдеу.
Жұмысымның мақсаты келесі міндеттерді орындау: 
• Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау;
• Ағылшын халық ертегісінің бала тәрбиесіндегі рөлін және ықпалын анықтау және оның балаға жақсы әсер ету әдістерін анықтау;
• Ағылшын тілі сабағы барысында ағылшын халық ертегілерін қолдану әдістерін анықтау;
• Ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасау әдістерінің мүмкіндіктері және өзгешеліктерін анықтау.

1. Ағылшын халық ертегісіне жалпы талдау жасау
Ресей, Германия және Франция елдеріне қарағанда Англияда ертегілерді жинақтау және жазып алу жұмыстары әлдеқайда кеш басталған. Ағылшын халық ертегілерінің алғашқы топтамаларын жинақтау XIX ғасырдың соңында басталған. 1854-1916 жылдар арасында ең алғашқы ағылшын халық ертегілерінің жинақталған екі томы Джозеф Джекобсқа тиесілі болған [2, C.134]. Ағылшын фольклор үйірмесінің президенті Джозеф Джекобсқа ағылшын халық ертегілерін жинақтау өте қиынға түсті, өйткені ертегілердің көбісі ұмытылып кеткен еді. Германиялық ағалы-інілі Гриммдер, Франциялық Шарль Перро немесе Ресейлік А.Н.Афанасьевтер сияқты Джозеф Джекобс ертегілерді әдеби өңдеуден өткізбеді. Ол өзінің алдына ертегілерді өз тыңдаушыларына халық қалай жаратқан болса, солай жеткізуді мақсат етіп қойды. Көптеген прозаиктерді, ақындарды және драматургтерді қанағаттандырған нәрсе ағылшын халық ертегісінің отандық фольклорға өте бай күйінде Англияға танымалдығы болды. ХIX-XX ғасырларда бұл жанр үшін өз ақындық шабыттарын тапсырған албандықтар қатарына: Чарлз Диккенс,Уильям Мейкпис Теккерей, Льюис Кэрролл, Эдвард Лир, Оскар Уайлд, Редьярд Киплинг, Беатрис Поттер и Памела Трэверс, Джеймс Барри, Алан Милн, Джон Толкин, Дональд Биссеттер болатын. Айнаның арғы бетінде болып келген Алисаның, Мэри Поппинстің, бақытты Ханзада мен Питер Пэннің, қонжық Винни-Пух және ізгі ниетті ергежейлілер образдарының дүниеге келуіне халықтан шыққан әдемі қиялдар негіз болған. Басқа елдер сияқты Англияда да ертегілерге болған қызығушылық сонау романтизм заманынан бастап әр түрлі кейіпте қалыптасып келген.
Жазушылармен бір сапта халық жаратқан образдарға қарсылық жасаған, бірақ өздері қиялмен жаратқан әлемдерін жөн көрген филолог-ғалымдар да еңбек еткен.Олар алғашқы дүниеге келген кейіпкерлерді мойындамау мақсатында көптеген Британдық фольклордың естеліктерін және алғашқы туындыларын жинақтап,олардың диалектикасы және этнографиялық өзгешеліктерін зерттеп шықты. Сонымен фольклорлық жазбалардың өңдеуге ұшыраған және алғашқы дүниеге келген туындылардың ортасында тағы бір жіңішке стилистикалық өңдеуге ұшыраған формасы пайда болды. Яғни, ертегілер алғашқы кейіпкерлерін сақтап қалған түрде жаңадан жазылды. Бұл арадағы ең үлкен еңбек баспадан басып шығарушылармен аудармашылардың еншісіне тиді. Аудармашылардың еңбектері халыққа ұнады. Өйткені ертегілерді оқып-түсіну оңай болу мақсатында аудармада жалпы ағылшын тілін қолданылды.
Британия аралдарында халық ертегілерінің жинақталуы және дамуы ең күрделі тарихи кезеңге тура келді. Ол кезеңдегі халық ертегілерге, мифтерге және ондағы орындалған діни рәсімдерге сенген және дамытып барған. Осыдан христиандардың дүниетанымының басталуы қалыптасқан. Сол кездегі ертегілердегі кейіпкерлер, аңыз адамдар, жауыздар, мейрімді жандар, сиқыршылар, періштелер, су перілері, ойдан шығарылған аңдар халық арасында өмір сүруді жалғастыра берді. Ағылшын халық ертегілеріндегі жауыздарға қарсы күреске қиялдан туған алып батырлары, мейірімді жануарлар, құдайлар немесе жай ғана шаруалар кейпіндегі кейіпкерлер өмір сүрді. Мысалы: ағылшан халық ертегісіндегі адам жегіштерге және қара күштерге қарсы күресуші кейіпкерді жай шаруаның ұлы Джек деп таныстырылған. Джек өте күш-қайратты, еңбексүйгіш, мейірімді, адал және шыншыл болғандықтан, халықтың арасында мұндай адамдарды халық батырлары деп атаған. "Adventures of Jack the Giant-Killer" ертегісіндегі Джек өз Отанының азаттығы үшін күрескен революционеріне айналады [1,C.174]. Ағылшын халық ертегілеріндегі кейіпкерлер барлық кезде мұндай батырларға айнала бермей, кейде оларды шық бермес Шығайбай капиталистер кейпінде де таныстырылады. Мұндай кейіпкерлерді Англиядағы буржуазиялық капитализмнің дамуының бірінші кезеңіндегі капиталистерге теңейді. Мысалы: "Molly Whuppie" ертегісіндегі адам жегіш жауыз адамдарды алдаған қыз Молли және "Jack and the Beanstalk" ертегісіндегі Джек өздерінің жақын жуықтарына, дос-жарандарына сонымен қатар айналасындағы барлық адамдарға өздерінің ерлігімен бақыт сыйлайды [1 ,C.175].
Ағылшын халқына тән күлкілі кейіпкерлерді яғни юморды да осы ертегілерден таба аламыз. Ағылшын халық ертегісі барлық кезде байқаған болсаңыз, өте бақытты және баянды аяқталады. Ертегілердегі кейіпкерлердің ертегі соңында қайғы-қасіретке ұшыраудан аулақ болады. Ертегінің соңында ешқашан жаман мотивтерді қолданбайды. Мұның бәрі ертегі оқушыларының тәрбиесіне жақсы әсер етеді. Ертегідегі кейіпкерлер сияқты мақсаттарына жетуді армандайды. 
2. Оқушыларды тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерімен жұмыс жасаудың негізгі әдістері
Көпшілік адамдар ертегілерге өз салт-дәстүрлеріне қарағандай қарауды әдет етеді. Мұғалімнің бұл арадағы бірден бір мақсаты – баланы ертегінің мазмұнымен таныстыру, ертегі туралы әңгімелесу, ертегінің төрінде жатқан маңызды ақпараттарды баланың санасына енгізу, кейіпкерлердің рөлдеріне еніп ойын түрінде сахнада көрсету. Бұл әдіс ертегілермен жұмыс жасаудың дәстүрлі әдісі деп аталады. Ал мына әдіс дәстүрлі емес деп аталады, өйткені балалар бұл жерде ертегіні тыңдап қана қоймай,өздері ертегінің соңын өз ойларынан шығарып, бірнеше көріністерді араластырып, ертегідегі кейбір іс-әрекеттерді өзгертуі де мүмкін. Бұл жерде тағы да бір дәстүрге айналған әдіс - сұрақ-жауап қолданылады. Ең алдымен бала өзіне осындай рухани тәрбиеге бай дәстүрлі емес сабақтардың неге қажет екендігін ұғыну керек. Мұғалім мен оқушының арасындағы дәстүрлі емес қарым-қатынас ең алдымен ертегідегі кейіпкердің нені дұрыс, нені бұрыс жасағанын ажыратуға, оның қай жерде қате жібергенін анықтауға, қателерді қалай жоюға болатындығын, қаталдықпен жауыздықты қалай жеңу жолдарын үйрену мүмкіндігін береді. Мысалы «The Cat booted» атты ағылшын ертегісіндегі «By stranger hands well to rake up a heat» деген мақалға назар аударайық. Бұл ертегідегі мысық ешқандай еліктеугемысал бола алмайды. Өйткені, мысық өз мақсатына жету үшін кінәсіз жандарды алдайды. Өзін-өзі дөрекікөрсететін бұл мысыққа ешкандай еліктеуге болмайды.Осы мысалдан келіп шыққан қорытындыда жоғарыданазар аударған мақаланың мағынасы «Өзгелердің қолымен өз пайдаңды жасау» деген мағынаны ұғуға болады. Ал «Adventures of Jack the Giant-Killer» ертегісіндегі Джек, жай шаруаның ұлы, ертегідегі жауыз адамжегіштергеқарсы күреске түскенде алғашқыда тек марапат туралы ойлаған, ал ертегі соңында ол бостандық үшінкүресетін нағыз халық батырына айналады. Ертегіні оқыған балаларды бас кейіпкер айбындандырады, оныңәрекеттерін жан-жақты талқылап дұрыс бағалай бастайды және бала өзіне қажетті жақсы және дұрыс тәрбиеніалады. Жамандық пен жақсылық, қорлық пен зорлық, өтірік пен шындық, сүйіспеншілік пен жеккөрушілікешқашан жауапсыз қалмайтындығына бала көз жеткізеді.
Ертегідегі келесі қарап шығуды қажет ететін тағы бір қасиет - ол ізгі сезім тәрбиесі. Тәлім-тәрбие жұмысындаізгілікке жетелейтін сезімдер ертегіде ешқашан соңғы рөлді ойнамайды. Сол себепті оны оқыған бала ертегікейпкерлерін өздерінің туыстарындай, өзіне ең жақын адамындай жақсы көреді және оған еліктейді. Мұғалімніңбұл жердегі алдына қойған мақсаты баланың сезімі мен ойын дұрыс бағыттау. 
Баладағы лингвистикалық білімнің элементтері дамуы өте ерте жастан басталатынын біз білеміз. Сондықтанбалаға тек қана тыңдап, оқып, ойдан шығаруды ғана емес, ертегінің басқа да жаңа қырларын достарымен жазбатүрде ашуына бағыт-бағдар көрсетуіміз керек. Оның ең қарапайым тәсілдері - бұрында хат жазу, телеграммаларжазу болса, қазір де смс арқылы пікір алмасу немесе түрлі ғаламтор желілерінде талқылау. Баланың сөздікқорын дамыту үшін, ертегінің мағынасын бұрмаламай өздері ертегі ойлап шығаруға үйретеміз. Ертегілерменжұмыс жасау, әрине дәстүрлі емес сабақтарға енгізіледі. Өйткені, баланың ертегілерге деген қызығушылығынарттыру және ойлау қабілеттерін дамытуға көп еңбек керек болады. Балаға ертегідегі кейбір кейіпкерлердің ісәрекеттерін өзгерту немесе өзі кейіпкерге жаңа келбет беру үшін біз сол бұрыннан келе жатқан «ертегідегі затесімдерді, етістіктерді және сөздің бөлшектерін табу» әдісін қолданамыз.
Мысалы мынандай ойын ойнайық: «Балалар ертегіні оқу барысында кейбір сөздер немесе әріптер бізге ренжіпқашып кетті. Ал кәнекей, ойланып сол сөздерді тауып көрейік. «On – up – a – tme - hre- was – a – little - grl» мына сөздердегі қай әріптер жетіспейді? Балалар ертегіні қайта-қайта оқып сөздерді табуға немесе өздеріойдан шығаруға әрекет жасайды. Біреу ертегідегі сөздерді жазса, ал біреулері күлкілі сөздер жазып қояды. Алендігі бір ойын осы сөйлемдерде қанша дауысты және дауыссыз әріптерді табу болса, келесі ойында балаларсөйлемдегі артық сөздерді табады. Мысалы: fox, hare, house, dog, cock сөздерін оқып аударып, артық сөздінемесе жабайы және уй жануарларын топтастыру тапсырылады.Ол үшін Микки Маус немесе Винни-Пухертегілерімен танысу керек. Оқушыға ең алдымен өзара әңгімелесу тапсырылады. Бұл үшін оқушылар екі топқабөлінеді. Оқушылардың арасыннан ең белсенді екі оқушы Микки Маус және Винни Пух рөлінетағайындалады.Олар өздерінің топтарына бір-бірімен әңгімелесуіне көмектеседі. Тапсырма мынандай: МиккиМаус өз үйінің алдында, көк шөптердің үстінде дем алып жатыр деп елестетеміз. Винни Пух оның жанына келіпонымен әңгімелеседі. Микки Маус пен Винни Пух яғни екі топ арасында шамамен мынандай диалог болады.
Винни-Пух: Hello! I’m a little brown bear. My name is Winnie-the-Pooh. And who are you?
Микки: Hello! I’m a little grey mouse. My name is Micky. I live in this big house. Nice to meet you!
Винни-Пух: Have you got a family?
Микки: Yes, I have. I've got a father, I've got a mother and I've got a pretty little sister. I love my family very much. Have you got a brother? 
Винни-Пух: No, I haven't. But I've got a friend.
M и к к и : I love my friend very much too. Look, I've got a long tail. Have you got a long tail?
Ойын барысында оқушыларға сұрақ қоюға және жауап беруге көмектесіп тұру қажет.
Келесі бір ойынымызда оқушының ойлау қабілетін дамытуды көздедік. Ол үшін балаға бұрын естіген жәнеоқыған ертегідегі кейіпкерлерді немесе көріністерді өзгерту, кішігірім екі әңгімеден бір әңгіме жазутапсырылады. Әрине, бұл оңай тапсырма емес. Бұл әдіспен біз баланың сөйлеу, жазу және ойлау қабілетіндамытамыз. Ойлау қабілетін дамытудың тағы бір әдісі ертегінің атауын шифрлеу. Оқушы шифрлеу мақсатындасандарды қолданады және оны есте сақтап қалуы қажет болады. Немесе ертегідегі күлкілі сөздерден солертегінің өзіне жаңа атау беру. Шифрлеу дегеніміз мынандай жолдармен іске асырылады, мысалы: («duck» -«kcud»); ("pig" - "big")...
Мұғалім оқушыларға беретін тапсырмаларының алдымен жоспарын жасап алады.Әрбір ертегінің өзіне тәнбағытымен тапсырмалар жасау керек. Бір ертегіде математикалық қабілет жеткіліксіз болса ал басқа бірертегіде экологиялық қабілеттің жеткіліксіз екендігін байқауға болады. Осының бәріне мән бере отырып, мұғалім өз тапсырмаларын жасайды. Баланың тапсырманы оңай орындауға, дұрыс ойлауға бағыт береді. Мұныңбәрі оқушыны географиялық саяхат жасауға, тарихи маңызы бар өткен шаққа көз тастауға, Отанды сүюге, салт-дәстүрлерді қадірлеуге итермелейді. Мұғалімнің мақсаты - осы әдістермен ертегілер арқылы баланыңшығармашылық қабілетін дамыту.

3. Оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатын әдістері.
Жоғарыда біз мектеп оқушыларын тәрбиелеу барысында ағылшын халық ертегілерін қолданудың негізгіәдістерін көріп шықтық. Ал енді оқушылармен ағылшын халық ертегілерін үйрену барысында қолданылатынәдістерді анықтаймыз. Оқушылармен сабақ үстінде немесе сабақтан тыс уақытта ағылшын халық ертегілерінүйрену барысында қолданылатын негізгі әдістер мыналар:
І. Бағыт бағдар беретін қадағалау әдісі:
1) Мұғалім, ата-ана және балалармен біргелікте қандай ертегілер (ертегідегі кейіпкерлердің, кейбіркөріністердің, суреттердің, әзіл-қалжыңдардың, мұңды көріністердің...) бала тәрбиесіне қандай лайықты әсерететінін көріп, үйреніп шығады;
2) Оқыған ертегісін ауызша айтып беру, кейбір эпизодтарына мән берудің өзі бала тәрбиесіне маңызды әсеретуін анықтау;
3) Ертегідегі кейіпкерлердің мүсіндерін лай және саздан жасау, суреттерін салу, маскалар жасау, костюмдаринтігу, баланың шығармашылығын дамыту;
4) Ертегілердегі іс-әрекетінің орнына немесе мінездеріне сай әуендерін таңдау 
ІІ. Салыстыру әдісі:
Ойын. "Кім неге ұқсайды? Кім кімге ұқсайды?"
Әр түрлі суретшінің бір ертегіге салған суреттерін салыстыру.
ІІІ. Танымдық және стильдік өзгешеліктерін дамыту әдісі:
1) Бұрында оқыған ертегілеріндегі көріністің, суреттердің немесе орындардың кітаптың қай жерінде екенін ескетүсіру, көз алдына елестету оқушының есте сақтау қабілетін дамытады.
2) Оқыған ертегілерді сахналау, викторина түрінде ойын көрсету, ертегіден үзінді көрсету арқылы жұмбақжасыру, ойлау және сөйлеу қабілетін дамытады.
3) Әдеби театр: өлеңдерден үзінді оқу, суреттерін салу, суреттер туралы әңгіме айту немесе музыкасын тыңдаубаланың дүниетанымын тереңдетеді.
ІV. Көркемдік бейнелермен тәжірибе жасау әдісі:
1) Ертегідегі кейіпкердің бейнесінде үзінді оқып беру баланың сол бейнеге енуіне, оның мінез-құлқын тереңүйренуіне бағыттайды.
2) Оқыған ертегідегі батырларды өз арамыздан іздеу, қазіргі замандағы қаһармандармен ертегідегікейіпкерлерді салыстыру, өзін кейіпкердей ұстау, ескіні жаңашаландыру әдісі. 
3) Ертегідегі кейіпкердің келешектегі тағдырын болжау әдісі автордың идеясын әрі қарай автор рамкасынан тысшығарманы дамытуға жетелейді.
V. Сараптау және бағалау әдісі:
1) Менің сүйікті кейіпкерім: барлық жастағы оқушылар өздері таңдаған қаһармандарын көрерменге танытып, оның іс-әрекетінің дұрыс екендігі, нағыз батыр екендігін дәлелдеу, жоғары бағаға сай екендігін көрерменгежеткізу.
2) Менің сүйікті авторым және ертегім: бала өзі таңдаған автордың ертегілерін оқушыларға өте тамаша ертегіретінде таныстыру және жоғары дәрежедегі шығарма екендігін дәлелдеу.
3) "Ертегідегі оқиға не туралы? Ондай оқиғалар басқа ертегілерде кездесе ме?" тақырыптарында әңгімелесужәне оқыған ертегіге баға беру.
4) Әдеби қаһармандар туралы "Бұрын оқыған ертегілердегі қай қаһарман немесе батырға ұқсайды? Олардыңбір-бірінен айырмашылығы неде?" деген сұрақтарға жауап табу.
5) Ертегіні жазған жазушы туралы әңгіме: оқушылар өздері оқыған ертегілерді жазған авторлар туралымағлұматтар жинақтап айтып береді, оларға қойылған ескерткіштер немесе сол автордың атымен байланыстыжерлер туралы әңгімелеп береді (Атап айтсақ, "Питер Пэн"-нің Лондондағы ескерткіші, "Нильс Хольгерсонжабайы қаздармен" атты Токиодағы ескерткіші, "Жабайы аққулар" атты ескерткіш Оденсте, "Пиноккио"ескерткіші Коллодиде, "Русалочка" және Андерсеннің Копенгагендегі екі ескерткіші; Санкт-Петербургтағы Андерсенград ескерткіші, АҚШ-тағы Диснейленд, Оденстағы Андерсенның Үй-музейі). 
6) Ең күлкілі немесе ең қорқынышты ертегі: "Қандай қорқынышты немесе күлкілі кітаптарды оқыдың?" тақырыбына әңгімелесу. 
Осындай әдістермен жұмыс жасау баланың әдеби-ассоциативтік ойлау және сөйлеу қабілетін дамытуда, шығармашылық қабілетін дамытуда, жан-жақты жетіскен, білімді келешек ұрпақтарын тәрбиелеуде маңыздырөл ойнайды. 
Қорытынды
Ертегі баланың өмірінде маңызды рөл ойнайды. Ертегі баланың рухани әлемін, Отаншылдық тәрбиесін, өзхалқының өткенін қадірлеуін, адамгершілік тәрбиесін, қоғамға деген сүйіспеншілігін нығайтады. Ертегі балатілінің дұрыс дамуына әсер етеді. Ой-қиялын, қоғамға деген көзқарасын, өнер тапқыштығын дамытуда ертегініңорны өте маңызды. Ертегі арқылы атадан балаға мұра болып келе жатқан ақыл-кеңестерді, мақал-мәтелдерді, әдет-ғұрыптарды жеткізе аламыз.
Ертегі оқу арқылы тарихта сақталып қалған құнды ақпараттармен танысамыз. Білімді, мәдениетті, жан-жақтыдамыған жас ұрпақ тәрбиесінде ертегінің орнын ешбір шығарма баса алмайды. Әрине бала тәрбиесіндегібірден-бір жұмыс әдісі емес, бұдан да басқа маңызды әдістер де бар. Мен әңгіме еткен бұл әдістер сабақбарысында немесе сабақтан тыс ертегіні сүйіп оқуға,одан керекті құнды ақпараттарды алуға көмектеседі. Оқушы ертегіні тек оқып, әңгімелеп қана қоймай, әңгіме жазуға да үйренеді.

Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1. Гордон Д. Терапевтические метафоры: оказание помощи другим посредством зеркала. - СПб.: Белый кролик, 1999, - 252б.
2. Джекобс Д. English fairy-tales. – UK,- 1999, – 208б.
3. Зимняя И.А. Психология обучения иностранным языкам в школе. - М.: Просвещение, 1999, - 222б.
4. Колкер Я.М. Практическая методика обучения иностранного языка. - М.: Академия, 2004, - 264б.
5. Пассов Е.И. Основы методики обучения иностранным языкам. - М.: Русский язык, 1997, - 216б.
6. Щерба Л.В. Преподавание языков в школе. - М.: Академия, 2003,- 160б





-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель английского языка

Продолжительность 300 или 600 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
13800 руб.
от 3450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
"Are you fit?" английский языка (36.79 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт