Алгоритм және
олардың қасиеттері.
Алгоритмдерді жазу формалары:
сөздік, графикалық.
Алгоритм атауы атақты араб математигі Әбу Жафар Мұхаммед ибн Мұса әл – Хоризм (763 -850 жж.) есімінің Algorithmi (Алгоритм) болып жазылуынан шыққан.
Алгоритмнің бірнеше анықтамасы бар:
Алгоритм – берілген есептің шығару жолын реттелген амалдар тізбегі түріне келтіру. Алгоритм – реттелген амалдар жиын, кезекпен орындалатын операциялар тізімі деп ұғынған жөн. Алгоритм – алға қойған мақсатқа жету немесе берілген есепті шешу бағытында атқарушыға қандай әрекеттер жасау қажеттігін әрі түсінікті, әрі дәл етіпкөрсететін нұсқаулар ретінатайды.
А дан Б ға бару алгоритмін жазыңыздар:
- А дан төмен, төмен, төмен, солға, жоғары, жоғары, жоғары, солға.
- Төмен, төмен, төмен, солға, жоғары, жоғары, жоғары, солға.
- Төмен Б дейін.
А
Б
Алгоритмнің қасиеттері.
Үзіктілігі (Дискретті)
Түсініктілігі
Нәтижелігі
Жалпылығы
Формалды орындау
Алгоритмнің үзіктілігі (Дискритті)
Белгілі бір командалар негізінде, алгоритмнің тізбекті қадамдарға бөлініп атқарылуын айтады.
Алгоритмнің түсініктілігі
Онда қандай қадамдар көрсетілсе, тек солар ғана орындалуы қажет.
Алгоритмнің нәтижелігі
Кез – келген алгоритмнің нәтижесі болу керек. Әрекеттердің шектеулі санынан кейін белгілі бір уақытта қорытынды нәтиже алуымыз қажет.
Алгоритмнің жалпылығы
Алгоритм құрғанда белгілі бір жеке проблемаға ғана (есепке) арналмай, осы тәріздес мәселелер шешуін толық қамтуға мүмкіндік беретіндей етіп құрылуы қажет.
Алгоритмнің формалдыорындалуы Орындаушы өзі атқарып отырған әрекеттердің мағынасын түсінбесе де, алгоритм командаларын орындай отырып, белгілі бір нәтиже алады, яғни орындаушыға формалды әрекет етеді.
Графикалық (блок - схема)
Сөздік
Алгоритмнің жазылу формалары
Программалау тілінде
Қарапайым алгоритм (түйінді сөздер)
Алгоритмде қолданылатын негізгі түйінді сөздер :
алг (алгоритм)
сим (символдық)
арг (аргумент)
берілгені
нәт (нәтиже)
лит (литрлік)
лог (логикалық)
үшін
қажет
басы (басы)
бастап
соңы (соңы)
егер
таб (таблица)
жоқ
дейін
цб (цикл басы)
бүт (бүтін)
онда
иә
таңдау
әйтпесе
цс (цикл соңы)
нақ (нақты)
мән
және
ұзын (ұзындығы)
енгізу
бітті
енгізу
немесе
әзір
емес
шығару
Алгоритмнің жалпы жазылу түрі:
алг (алгоритм атауы)
ар г (алгоритмнің аргументі)
бер (алгоритмде қолдану шарты)
нәт (алгоритмнің нәтижесі)
басы (аралық шамаларды сипаттау
алгоритм командалары)
..........
соңы.
Алгоритм денесі
Іс – әрекеттің аталуы
Блок – схема түрі
Процес
Таңдау
Негізгі әрекеті
Модификация
Математикалық өрнектерді есептеу.
Есеп шығару жолын таңдау.
Құжат
Цикл басы (қайталау).
Енгізу, шығару
Бастау, аяқтау
Нәтижені шығару, қағазға басу.
Қосалқы программа
Мәлімет енгізу (шығару).
Түсініктеме
Алгоритмдердің басы, соңы.
Қосалқы программаға кіру және шығу.
Схеманың, формуланың түсініктемесі.
Блок – схема құрудың төмендегідей ережесі бар :
- Блок –схеманың басын және соңын міндетті түрде көрсетіп тұратын блок болуы керек;
- Блок – схемада бірімен – бірі қосылмай қалған блоктар болмауы керек;
- Блок – схемада блоктар орындалу реті бойынша тізбектеле орналасуы қажет;
- Арифметикалық амалдарды орындайтын блоктардың бір ғана ену, бір ғана шығу сызығы, ал шарттың орындалуын тексеретін ромб түріндегі логикалық блоктың бір ену, бір шығу сызығы болуы қажет. Ал алтыбұрышты фигурамен берілген цикл басы блогының екі ену және екі шығу сызығы болады.
Негізгі блоктарға:
Өңдеу (процес, арифметикалық амал), шартты тексеру (логикалық), енгізу және шығару блоктары жатады.
Көмекші блоктарға:
Алгоритмге түсініктеме беру, алгоритм басы, соңы және байланыс сызықтары жатады.
у = a+b формуласы бойынша есептеу алгоритмінің схемасын құрайық.
алг Формула бойынша есептеу.
арг a, b
нәт у
басы
басы
у:= a+b
соңы.
a,b енгізу
y = a +b
y
соңы
Үйге есептер:
1. Компьютерді іске қосу алгоритмін жазу.
2. у= (7х-в)*(5х+в) формуласы бойынша есептеу алгоритмінің схемасын құрыңыз.
3. ЕҮОБ (105,30) табу алгоритмін жазу.