Меню
Разработки
Разработки  /  Физика  /  Мероприятия  /  11 класс  /  Алғыр электриктер

Алғыр электриктер

Оқушылардың білімін тексеруге арналған сайыс сабақ

28.11.2018

Содержимое разработки











Тақырыбы:

































Орал 2017

Сыныптан тыс шара

Тақырыбы: Алғыр электриктер

Мақсаты: Оқушылардың арнайы пәндер бойынша алған білімдерін тексеріп, олардың қызығушылықтарын арттыру, белсенділіктері мен шығармашылықтарын жетілдіру.

Сабақ түрі: интеллектуальды – танымдық ойын



Құралдар: компьютер, проектор, шашыраңқы әріптер көрсетілген кесте, шамдар, амперметр, вольтметр, өткішгіш сымдар, көрнекі құралдар, оқшаулатқыш, кернеу релесі, электр розеткасы



Ұйымдастыру бөлімі

- Салеметсіздерме оқушылар! Бүгінгі «Алғыр электриктер» атты интелектуалды-танымдық сыныптан тыс шараға қош келдіңіздер! Сайысқа құрамы 5 оқушыдан тұратын үш топ қатысады. Бұл топтар ЭЛС-21және ЭЛС-931 тобының оқушыларынан тұрады. Топ басшылары ортаға келіп үш түрлі түстен тұратын белгілерді таңдайды. Бұл үш түс үш фазаны білдіреді және әр топ топ басшылары таңдаған түске сәйкес сол фаза атауымен аталады (А фазасы - сары, В фазасы - жасыл, С фазасы - қызыл)

Ойын шарттары:

  1. Сайыс тапсырмаларын орындау үшін белгілі бір уақыт беріледі

  2. Әр топ дұрыс жауабы үшін бір балдан алады

  3. Сайыс соңында жоғары ұпай жинаған топ пен белсенді қатысқан оқушылар анықталады

  4. Жеңімпаздар грамотамен марапатталады

- Сайыс ережелерімен таныс болсақ, сайысымызды бастаймыз! Барлықтарыңызға сәттілік!



- Бірінші сайыс: «Кім жүйрік»

Бұл сайыста өткенді қайталап, шынығып алу мақсатында 15 сұрақ оқылады. Қай команда бірінші болып қол көтерсе, сол команда жауап береді. Дұрыс емес жауап берген жағдайда басқа командалар жауап бере алады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.

  1. Қосалқы станция дегеніміз не?

  2. Электр желі түрлері?

  3. Кабель желілерінің артықшылығы?

  4. Электр желілер кернеуіне қарай нешеге бөлінеді?

  5. Жерлендіргіш дегеніміз не?

  6. Электр станциясы дегеніміз не?

  7. Пайдаланатын табиғи энергия көздеріне қарай энергетика қондырғыларының түрлері?

  8. Қосалқы станцияның құрамына кірмейтін электрлік таратушы құрылғы?

  9. Түрлендіргіш қосалқы станцияның атқаратын қызметі?

  10. Электр жүктемесінің қарастырылатын уақыт аралығы бойынша түрлері?

  11. Электр станциясы дегеніміз не?

  12. Пайдаланатын табиғи энергия көздеріне қарай энергетика қондырғыларының түрлері?

  13. Қосалқы станцияның құрамына кірмейтін электрлік таратушы құрылғы?

  14. Түрлендіргіш қосалқы станцияның атқаратын қызметі?

  15. Электр жүктемесінің қарастырылатын уақыт аралығы бойынша түрлері?



- Екінші сайыс: «Физикалық шамалар»

Әр топқа бірдей лабиринт беріледі. Лабиринтте әріптер шашыраңқы орналасқан. Әр топ 3 минут ішінде сол әріптерден физикалық шамаларды тауып, жазу керек. Әр бір дұрыс сөзге 1 ұпайдан беріледі.

с т р а н с ф о р м а т о р к е н н е у з а ф а

з а я р д а п м е р е р т м р и з е с о р т а в к а

к т а у к ш а у а қ а о т к е о с е р т т а н р в к

Жауаптары: кернеу, күш, ток, қуат, трансформатор, амперметр, резистор, фаза, заряд, катушка.

- Үшінші сайыс: «Әйгілі метрлер»

Метр сөзімен физикалық өлшеу аспаптары аяқталады және олар тек зертханаларда ғана емес, сонымен қатар үйде, көлікте, шеберханаларда қолданылады. Сіздер осы сөзбен аяқталатын өлшеу аспаптарын тауып, олардың нені өлшеуге арналғандығын айтуларыңыз керек. Дұрыс жауапқа 2 ұпай беріледі. Мысалы: термометр-температура

Жауабы: динамометр – күш, метр – ұзындық, спидометр – жылдамдық, барометр – ауа қысымы, манометр – қысым, гигрометр, психрометр – ауа ылғалдығы, электрометр – электр заряды, амперметр – ток күші, вольтметр – кернеу, ваттметр – қуат, омметр - кедергі





- Төртінші сайыс: «Дұрыс немесе бұрыс»

Бұл сайыста 9 ақпарат оқылады. Соның қайсысы дұрыс ақпарат, қайсысы бұрыс ақпарат екендігін табуларыңыз қажет. Бұрыс ақпараттың дұрыс жауабы айтылу керек.

  1. Электр энергиясын жеткізуге арналған және сымдардан, желілік арматурадан, тіректер мен фундаменттерден тұратын

  2. Арналымына сәйкес электр тораптары 1000 В дейін және 1000 В жоғары болып бөлінеді.

  3. Ағаш тіректердің қолдану мерзімі-5 жыл

  4. Жарықтандыру негізгі үш түрге бөлінеді

  5. Электр машиналары коллекторлы және коллекторсыз болып бөлінеді

  6. Трансформатор құрылғысы электр энергиясын алыс қашықтықтарға тасымалдауға арналған

  7. Электр энергия қабылдағыштары деп электр энергиясын өндіретін құрылғыларды айтамыз

  8. Объектінің сандық және сапалық сипаттамаларын эксперименттік анықтауды өлшеу деп атаймыз

  9. Тағайындалуына байланысты сынаулар зерттеуші, бақылаушы, салыстырушы, анықтаушы деп бөлінеді



- Бесінші сайыс: «Кім білгір?»

Бұл сайыста үш топқа үш түрлі формула беріледі. Сол формуланы түрлендіріп, басқа физикалық шамаларды анықтайтын формула жазу керек. Әр дұрыс жазылған формулаға 1 ұпай беріледі.

Мысалы: ρ= m/V, m= ρV, V=m/ρ





- Алтыншы сайыс: «Кім тапқыр?»

Әрбір маман өз мамандығының материалдық бөлігін жақсы білуі керек. Жабық көзбен немесе қараңғыда қандай құрылғы екендігін және оның кемшіліктерін анықтай алуы қажет. Сонымен осындай жағдайды тудырып көрейік. Ол үшін ортаға топ басшыларын шақырамыз. Сіздердің міндеттеріңіз қораптағы бұйымға қарамай, қолмен ұстап көру арқылы сипаттай отырып, қандай бұйым екендігін табу. Содан кейін шығарып көрсету. Дұрыс жауапқа бір ұпайдан беріледі.







- Жетінші сайыс: «Шебер қолдар»

Ал енді қолмен жұмыс жасайтын уақыт келді. Сіздерге электрлік жалғану сұлбасы көрсетілген бірнеше билеттер ұсынылады. Соның ішіннен әр топ біреуін таңдау қажет. Үстел үстінде сіздердің сұлбаларыңызға қажетті элементтер орналасқан. Солардың ішінен өздеріңізге қажеттісін алып, сұлбадағыдай жалғауларыңыз қажет тапсырманы орындау уақыты 5 минут. Дұрыс жалғанған сұлбаға 5 ұпайдан беріледі.





Қорытындысын шығару

Жеті сайыс барысындағы жинаған ұпайларды есептеу нәтижесінде, жеңімпазды анықтау











-75%
Курсы профессиональной переподготовке

Учитель, преподаватель физики и математики

Продолжительность 600 или 1000 часов
Документ: Диплом о профессиональной переподготовке
17800 руб.
от 4450 руб.
Подробнее
Скачать разработку
Сохранить у себя:
Алғыр электриктер (23.58 KB)

Комментарии 0

Чтобы добавить комментарий зарегистрируйтесь или на сайт

Вы смотрели